- •1 Аналитикалық бөлім
- •Оқытудың тарихы және олардың түрлері
- •Дерекқор модельдерінің түрлері
- •1.3 Дкбж Access-те
- •1.4 Деректер қорының архитектурасы
- •1.5 Дқбж негізгі түсініктері (дерекқорды басқару жүйесі)
- •1.5.1 Кесте
- •1.5.2 Сұраныстар
- •1.5.4 Макростар
- •1.5.5 Отчеттар
- •Жобалау бөлімі
- •2.1 Таблица құру
- •2.2.4 Есептелген қатарлары бар сұраныстар
- •2.2.5 Итоговый сұраныс
- •2.2.6 In және not in операторын қолданып сұраныс құру
- •2.3 Форма құру
- •2.4 Отчеттар құру
- •2.5 Кнопкалы формалар құру
Аннотация
Бұл курстық жұмыс «Студенттің үлгерімі және сабаққа қатысуы» атты деректер қорын жобалау тақырыбында жазылды.
Жұмыста «Студенттің үлгерімі және сабаққа қатысуы» атты деректер қорын жобалау тақырыбы бойынша деректер жобасын құру және қосымшалар туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру, қосымшаларды өңдеу барысындағы қолданылған технологиялар туралы түсініктер ұйымдастырылды. Жасалған деректер базасын мекеменің тұтынушылары жайлы мәліметтерді қамтитын, мәліметтер қорына тез және қатесіз енгізу және керекті мәліметтерді оңай табу мақсатында әртүрлі өзгерістер мен түзетулер енгізу, ыңғайлы формада көру, барша мәліметтермен танысу қарастырылған.
Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасы кіріспеден, 2 тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Беттер саны –
Суреттер –
Курстық жұмыстың бағдарламасын іске қосу үшін дисктегі мәліметтер қорын көрсетіп MS Access деректер базасын басқару жүйесінде орындалған.
Жетекші: Исмаилов Х. т.ғ.к. доцент
Орындаған: Нәлібай М. ИП-15-3к1 тобының студенті
Мазмұны
Нормативті сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартылған сөздер мен белгілеулер
Кіріспе
Аналитикалық бөлім
Оқытудың тарихы және олардың түрлері
Дерекқор модельдерінің түрлері………………………………...
ДКБЖ Access-те …………………………………………………..
Деректер қорының архитектурасы………………………………
ДҚБЖ негізгі түсініктері (дерекқорды басқару жүйесі)………
Кесте..........................................................................................
Сұраныстар...............................................................................
Формалар...................................................................................
Макростар.................................................................................
Отчеттар....................................................................................
Жобалау бөлімі........................................................................................
Таблица құру......................................................................................
Сұраныстар құру................................................................................
Тандауға арналған сұраныс....................................................
Сұрыптауға арналған сұраныс...............................................
Параметрлермен сұраныс жасаймыз....................................
Есептелген қатарлары бар сұраныстар.................................
Итоговый сұраныс....................................................................
IN және NOT IN операторын қолданып сұраныс құру......
Форма құру.........................................................................................
Отчеттар құру.....................................................................................
Кнопкалы формалар құру..................................................................
Нормативті сілтемелер
Курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтемелер қолданылады:
СТРК 34.006 - 2002 – «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар»;
СТРК 34.007 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар. Телекоммунациялық жүйелер»;
MECT UCO 8790 - 95 – «Ақпаратты өңдеу жүйесі. Есептеуіш жүйелердің конфигурация сұлбасы, шартты белгілері және символдары»;
MECT 28195 – 99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы.
Анықтамалар
Бұл курстық жұмыста сәйкес анықтамалармен келесі терминдер қолданылады:
Деректербазасы (франц. base, грек. basis - негіз) – ұзақ мерзімге сақтауға (әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің (мәліметтердің) реттелген жиынтығы.
Деректер қорының басқару жүйесі (ДҚБЖ) – бұл деректер қорынан ақпаратты сақтауға және алуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Мәліметтер қоры дегеніміз – құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы болып есептеледі.
Кестелер – жазулар жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрі оның кестелерінде сақталынады.
Сұраныс дегеніміз – мәліметтер қорынан өзімізге керекті информацияны бір немесе бірнеше кестелерден алуға мүмкіндік беру болып табылады.
Формалар – кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және т.б. мақсаттары үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады.
Отчеттар – бұл деректерді ұйымдастыру, және баспаға пайдаланушыға қажетті тұрде шығарудың ең тиімді құралы.
Макростар – бұл белгілі бір операцияларды орындайтын макрокомандалар жиынтығы. Ол базамен жұмыс жасауын автоматтандырудың құралы болып табылады..
Ақпарат - (лат. information – түсіндіру, мазмұндау) үғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым.
Кіріспе
Бізді қоршаған әлемдегі айналып жүрген ақпараттар ағыны үлкен. Уақытына қарай олардың көбеюге беталысы бар. Сондықтан кез келген ұйымда, үлкенінде де, кешісінде де осындай мәліметтермен басқаруды ұйымдастыру мәселелері туындап жатады. Ол нәтижелі жұмысты қамтамасыз еткен болар еді. Кейбір ұйымдар мұндай мақсатта папкалары бар сөрелерде жөн көрсе, көпшілігі компьютерленген әдістерді – мәліметтер базасын, яғни мәліметтердің үлкен көлемін тиімді сақтауға, құрылымын жасауға және жүйелеуге мүмкіндік беретінді тыңдайды. Қазіргі кезде мәліметтер базасынсыз көптеген қаржы, өнеркәсіптік, сауда т.б. үйымдардың жұмысын елестету мүмкін емес. Егер деректер қоры болмай қалса, олар ақпараттар көшкініне тұншығып қалар еді.
Қазіргі тағдағы ДҚБЖ – мәліметтер базасымен басқаруды көпшілік пайдаланатын жүйесі. Ол ақпараттар массивін басқаруды бір немесе бірнеше пайдаланушы бір мезетте жұмыс істегенде іске асыруға мамандандырылған.
Қазіргі кездегі ДҚБЖ қамтамасыз етеді:
кестелерді және бір-бірімен байланысты кестелер қатынасын сүйемелдейтін құралдар жинағын;
жоғары деңгейдегі бағдарламалау құралы, бұның көмегімен жеке өзінің (жекеменшік) қосымшасын жасап алуға болады;
Менің курстық жобамның тақырыбы: «Студенттердің үлгерімі» атты деректер қорын жобалау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Университеттің деректер жобасын құру және қосымшалар туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру, қосымшаларды өңдеу барысындағы қолданылған технологиялар туралы түсініктер, яғни Microsoft Office және соның Access бағдарламаларымен жұмыс.
Курстық жұмыстың міндеттері. «Кеңсе тауарларын сату» тақырыбы бойынша пәндің облысты талдау, группаға және студентке қажетті функционалдылықты анықтау;
Курстық жұмыстың тапсырмасы. Студенттің улгерімі және оның жоғарғы баллы немесе ең төмен баллы, сол мәліметтерді өңдеу, сақтау жұмысын іске асыру.
Курстық жұмыстың жаңалығы. MS Access бағдарламасында формалырды қолдану жұмысын көрсету.
Тақырыптың өзектілігі.
Дистанциялық оқыту - бұл кез келген жерде тұратын әр адамның кез келген колледж немесе университеттіңбағдарламасын оқуға мүмкіндік беретін білім технологиясы. Бұл мақсатты іске асыруы қазіргі заман ақпаратты технологиялардың бай жиынтығымен қамтамасы етіледі: оқулықтар және тағы басқа басылымдар, оқытылатын материалдарды компьютер телекоммуникациялар арқылы жіберу, видеосуреттер, компьютер телекоммуникациялар арқылы өткізілетін пікірталастар мен семинарлар, оқу бағдарламаларының ұлттық және аймақтық теледидардан және радиодан жүргізуі, кабельді теледидар және дауыс поштасы, екі жақты видеоконференциялары, және т.б. дистанциялық оқыту оқушыларға оқытудың орны мен уақытын, негізгі қызметін үзбей, оның ішінде алыс аудандарда тұратын адамдарға оқыту мүмкіндігін, пәндерді таңдау еркіндігін, ғылымның, білім мен мәдениеттің көрнекті өкілдерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
.
1 Аналитикалық бөлім
Оқытудың тарихы және олардың түрлері
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:
1. екі жақты сипаты;
2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;
3. оқыту жағынан басқаруы;
4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;
5. бүтіндік пен бірлік;
6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.
Міндетті оқыту - ағартушы саясаттың ұстанымы, осыған сәйкес заңнама тәртібінде белгілі бір жастың балалары белгіленген мөлшерде білім алуы тиіс. Барлығына жалпы және ақысыз білім - бірнеше жүзжылдықтар бойындағы халық массасы негізгі демократиялық міндеттерінің бірі.
Ашық оқыту - бірқатар шетелдердегі мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыру тәсілі. Ашық оқытуға сынып-сабақтық жүйеден және берілген мөлшерлер негізінде үлгерімді бағалаудан бас тарту, оқу кеңістігінің «ашық», икемді ұйымдастырылуы, оқу топтарының жылжымалы құрамы, сонымен бірге оқу жұмысының түрлері мен тәсілдерін баланың еркін таңдауы тән.
Оқыту тәжірибесі - табиғи тәжірибенің әр түрлілігі, ол психикалық құбыластардың (зерттеу мәнін құрайтын) шақырылумен қатар, оның тәжірибе жағдайларында қалыптасқанымен ерекшелінеді. Оқыту тәжірибесі психологияда тек зерттеу үшін ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның үйренушілік деген қасиетінің диагностикасын жасауында қолданылады.
Енгізілген оқыту - тәжірибелі нәтижеге жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылатын және жоспарланатын оқуәрекеті, ал бұл үшін қажетті білімдер жолшыбай игеріледі.
Дистанциялық оқыту - бұл кез келген жерде тұратын әр адамның кез келген колледж немесе университеттіңбағдарламасын оқуға мүмкіндік беретін білім технологиясы. Бұл мақсатты іске асыруы қазіргі заман ақпаратты технологиялардың бай жиынтығымен қамтамасы етіледі: оқулықтар және тағы басқа басылымдар, оқытылатын материалдарды компьютер телекоммуникациялар арқылы жіберу, видеосуреттер, компьютер телекоммуникациялар арқылы өткізілетін пікірталастар мен семинарлар, оқу бағдарламаларының ұлттық және аймақтық теледидардан және радиодан жүргізуі, кабельді теледидар және дауыс поштасы, екі жақты видеоконференциялары, және т.б. дистанциялық оқыту оқушыларға оқытудың орны мен уақытын, негізгі қызметін үзбей, оның ішінде алыс аудандарда тұратын адамдарға оқыту мүмкіндігін, пәндерді таңдау еркіндігін, ғылымның, білім мен мәдениеттің көрнекті өкілдерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Инклюзивті оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.
Контекстік оқыту - болашақ кәсіби еңбектің пәндік және әлеуметтік мазмұны байланысқан және бұл арқылы студенттің оқу қызметін маманның кәсіби қызметіне аударудың шарттары қамтамасыз етілетін оқыту. Контекстік оқыту кәсіби оқытудың негізгі қарама-қайшылығын, яғни маман қызметі сапа жағынан өзге оқу қызметінің құралдарымен қамтамасыз етілу қажеттілігін, өтеуге мүмкіндік жасайды. Бұл қарама-қайшылық контекстік оқыту студенттер қызметі қозғалысының динамикалық моделін іске асыру арқылы өтіледі: өзіндік оқу қызметінен (мысалы лекция формасында) квази кәсіби (ойын формалары) және оқу-кәсіби (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, өндіріси к тәжірибе және т.б.) арқылы өзіндік кәсіби қызметке.
Политехникалық оқыту - оқушылардың қазіргі заман өндірісінің жалпы ғылыми ұстанымдарын игеруге, өндірістің техникалық құралдарымен жұмыс істеудің тәжірибелік әдістері мен дағдыларын үйренуге және дамуына қарай қазіргі заман техникасы мен технологиясын білу қабілеттілігін қалыптасуына бағытталған оқыту. Қазіргі уақытта политехникалық оқыту техникалық кәсіптердің мамандарын дайындайтын арнайы оқу орындарында қамтамасыз етіледі.
Проблемдік оқыту - оқытылушылардың іздену қызметіне, олардың шынайы өмірлік және оқу қарама-қайшылықтарды айқындау мен шешуге негізделген белсенді дамыта оқыту. Проблемдік оқыту іргетасы мәселені (теориялық және тәжірибелік мүддедегі күрделі танымдық мақсатты) қозғау мен негіздеу болып табылады. Егер мәселе оқытушыларды қызықтырса, сонда проблемдік жағдай туындайды. Оқу үрдісінде мәселеліктің үш деңгейі болуы мүмкін: проблемалық мазмұндау, жартылай-іздену және зерттеу деңгейлері.
Бағдарламалы оқыту - алдын ала кұрастырған оқыту бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін оқытудың бір түрі, ол әдетте бағдарламалы оқулықтар мен оқыту машиналары арқылы іске асырылады. Бағдарламалы оқыту барысында оқытылатын адамның материалы мен қызметі өлшемдерге(дозаларға) және қадамдарға (оқыту кезеңдері) мүшеленеді; әр қадамды орындауы бақыланады, материалдың келесі өлшемін меңгеруге ауысуы өткенді игеру сапасына байланысты болады.
Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде қарастырылады
Барлық білім беру технологиясының тиімділігін, дұрыстығын және сапасын арттыру үшін оқыту және білімдерді бағалау үдерістері бөлінген. Білім алушылардың білім сапасын бақылауды ұйымдастыру үшін Тіркеуші Кеңсесі құрылды, ол тікелей президиумге бағынады.
Студенттерге емтихандық сессия өткізуге екі апта бөлінеді. Емтихандар кестесін Алшақтан Білім беру және Тестілеу Департаменті және Компьютерлік-Техникалық Орталық (АБТД-КТО), Тіркеуші Кеңсесі жасайды. Кесте емтихандық сессия басталғанға дейін ең кемінде 1 ай бұрын бекітіледі. Сессия бойы барлық мамандықтар мен даярлау бағыттары үшін 2–4 кешенді естихан өткізу жоспарланады. Пәндер кешенді емтиханға біртектілік және туыстық қағидасы бойынша біріктіріледі. Білімдер үлгерімін бағалау сессия кезінде ғана емес, семестр бойы да бағаланады. Ағымды және аралық бақылауды барлық түрлері және білім алушылардың білімдерін сәйкес бағалауды (рейтингілік бақылау) оқу жылы бойы 4 рет (әрбір семестрдің 8-ші және 15-ші аптасында) сабақтан кейін оқытушы өткізеді.
1-ші және 2-ші рейтингтер қорытындылары және қатысу көрсеткіштеріне қарай сессияға рұқсат рәсімделеді. Емтихандық сессия академиялық күнтізбеде көрсетілген мерзімдерде өткізіледі. Барлық пәндер бойынша қорытынды бақылау – емтихан өткізіледі. Емтихан келесі түрде өтеді: компьютерлік тестілеу, жазбаша емтихан, ауызша емтихан. Студенттерге емтихан тапсыру кезінде тілді таңдау мүмкіндігі беріледі (қазақ немесе орыс). Ауызша емтихан тек вице-президенттің рұқсатымен шектеулі шамада міндетті түрде негізделіп өткізіледі. Емтихан кешенді түрде, бірден логикалық сәйкестігі бар 2–3 пән бойынша өткізіледі. Емтиханды бір немесе төрт пән бойынша өткізу рұқсат етіледі. Бірінші курс студенттері әдетте бір ағынмен өтеді. Жазбаша немесе ауызша емтихан әр пән үшін жеке билеттер бойынша жүргізіледі. Билет сұрақтары түсінікті, әрі қысқа, ал оған берілетін жауап та мазмұнды әрі қысқа болатындай етіп жасалу керек. Емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін Тіркеуші өкілі жауапты болады. Емтиханда кешенді емтиханның негізгі пәндерін жүргізетін оқытушылар болу керек. Жазбаша емтихан аяқталған соң, ТК өкілі жауаптарды шифрлап, құрамында емтихан өткізген оқытушы бар комиссияға тексеруге береді. Қорытынды емтихан бағасы қойылғанда емтиханнан алынған баға және бірінші, екінші рейтинг нәтижелері бойынша семестр бойы ағымды үлгерімнің орташа баллы ескеріледі. Емтихан бағасын қою кезінде келесі ескеріледі: 60% емтихан кезінде алынған нәтижелер, 40 % - ағымды үлгерім нәтижелері. Емтихан нәтижелері және қорытынды бағалар келесі емтихан басталғанға дейін (соңғы емтихан үшін сессия аяқталғанға дейін) деканаттардың жанында ілінеді. Білім алушылар рейтингілік бақылау өткізілген соң үш күн ішінде апелляцияға бере алады, пәндік апелляциялық комиссия құрамы факультет деканымен бекітіледі. Рейтингілік бақылауға себепті қатыспаған тұлғалар факультет деканы (Колледж директоры) берген жолдама бойынша рейтингілік бақылаудан жеке өтуге құқығы бар.
Сырттай білім алушылар үшін аралық бақылау пәннің теориялық курсы аяқталғанда бір рет өткізіледі (Р=Рорт). Білім алушылар пән бойынша барлық зертханалық жұмыстар, бақылауар, есептеу-графикалық және курстық жұмыстар тапсырылған жағдайда емтиханға жіберіледі. Ақылы негізде күндізгі және сырттай білім алушылар оқыту келісімшартына сәйкес ағымдағы оқу кезеңі үшін оқу ақысы толық төленген жағдайда емтихандық сессияға жіберіледі. Емтиханға (емтихандарға) немесе барлық емтихандық сессияға себепті ықатыспаған жағдайда (жағдайын сәйкес құжатпен растаған жағдайда) білім алушы емтихандық сессияны тапсыру мерзімдерін ұзартуға құқылы. Өтініштер президент атына жазылады. Растаушы құжат ретінде медициналық анықтама ұсынылған жағдайда өтініш ем-шара аяқталған соң үш оқу (жұмыс) күннен қалмай жазылу керек. Емтихандық сессия аяқталғанға дейін білім алушы немесе оның заңды өкілі (өзі хабарлай алмаған жағдайда ата-анасы, жұбайы) сессиядан қалу себебі туралы ТК хабарлау керек.
Емтихандар нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады. Пән бойынша емтихан бірнеше топтан алынған болса, нәтижелерін келесі күні хабарлауға рұқсат етіледі.
Апелляцияға өтінішті білім алушы өзі Тіркеуші атына келесі мерзімдерде беру керек:
• компьютерлік тестілеу немесе ауызша емтихан – емтихан өткізілген күні;
• жазбаша емтихан – емтихан өткізілген күннен кейінгі үш күн ішінде.
Апелляция апелляциялық комиссиямен ауызша түрде емтихан билеті немесе компьютерлік тестілеу нұсқасы бойынша өткізіледі. Емтиханды қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
Пәндерді қайта оқу қысқы және жазғы каникулдар кезінде келесі білім алушылар үшін ұйымдастырылады:
• емтихандық сессия бойынша 1–2 пәннен "F" бағасы бар;
• келесі курсқа ауысу үшін жеткіліксіз GPA (СПБ) бар;
• семестр ішінде тілдік пәндер бойнша білімдерін бір деңгейге көтере алмаған;
• кәсіптік тәжірибе бағдарламасын орындамаған немесе емтихандық сессия қорытындылары бойынша тәжірибеден "F" бағасы бар;
• пән бойынша аудиторлық сағаттың 25%-дан астамына қатыспаған.
Бақылау кеңесі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Бақылау Кеңесі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің бастамасын еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ұжымдық басқарудың жаңа нысандарын енгізу бойынша сәтті жүзеге асыруда.
2014 жылдың 18 тамызынан №353 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының бұйрығы бойынша құрамы бекітілген және 2014 жылдың 3 қазанында университеттің Бақылау Кеңесінің бірінші мәжілісінде өткізілді.
Бұл Кеңестің құрылуы алқалы университетті басқарудағы жаңа кезеңін ашты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі отандық жоғары оқу орындарындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруға және кадрларды дайындауда маңызды мәселелерді шешу үшін жалпы қоғамның қатысуын қамтамасыз етуді іске асырылуда.
ОҚМУ Бақылау Кеңесінің құрамына атақты саясаткерлер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жергілікті атқарушы органдары және бизнес-ортаның қоғам қайраткерлерінің өкілдері кіреді.
Кеңес мүшелерінің көпшілігі біздің университетіміздің бітіруші түлектері болып табылады.
Бақылау Кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, академик Бишимбаев Валихан Козыкеевич, Кеңес төрағасының орынбасары ОҚМУ ректоры Мырхалыков Жумахан Ушкемпирович тағайындалды.
Бақылау Кеңесінің өкілеттілігі университеттің стратегиялық дамуы мәселелері, білім сапасын жоғарлату, барлық мүдделі тараптармен қарым-қатынас үйлестіруді қамтамассыз ету болып саналады.
