- •Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918).
- •12) Ұлттық мемлекет құру жолындағы қазақ интеллегенциясының қызметі. «Алаш» Қозғалысы және Екінші бүкілқазақ сьезі.
- •Алаш қайраткерлері[өңдеу]
- •13) 1918-1920 Жж. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан . Саяси күштердің қарсыласуы: ”қызылдар ” мен “ақтар”
- •22) Сталиндік казармалық социализм
- •23) Хх ғ 30-50жж. Ұлттық зиялы қауым өкілдеріне қарсы репрессиялар.
- •24) Мәдени революцияның мақсаты
- •25)Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы[өңдеу]
- •41) 1986 Ж Желтоқсан оқиғасы.
- •42)Невада-Семей қозғалысы
- •43) Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы 1917-1991
- •44) Президенттік институт – қазақстандық дамудың кепілі
- •51. 1995 Жылы 30 тамыздағы қр Конституциясы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының негіздері.
- •53. Егеменді Қазақстанның мемлекеттік шекараларын делимитациялау және демаркациялау Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.
- •54. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі. Қр-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •55. Қазіргі Қазақстанның халықаралық жағдайы. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы қызметі. Манифест. «Әлем. Ххі ғасыр».
- •56. Қазақстандағы қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар.
- •57) Қазақстан 2030
- •61)Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы
- •71) Қазіргі таңдағы мемлекеттік жастар саясатының жай-күйі
- •72) Қазақстан 2050
- •74)Қазақ хандығының өркениеттік негіздері
- •75)«Мəңгілік ел» идеясының тарихи дүниетанымдық негізі
25)Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы[өңдеу]
Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды:
қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы, т.б. мәселелерін қарастыру; І
ұлттық өнерді зерттеу;
қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;
қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру;
қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.
Қоғам құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М Міржақып Дулатұлы, Қ.Кемеңгеров, т.б. енді.
Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның Қазақстандағы өкілдері С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин жөнө т.б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм және пролетарлық интернационализм ұстанымына негізделді.
Сәкен Сейфуллин
1925 жылғы 18 мамырда Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы (ҚазАПП) құрылды. ҚазАПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды.
Мәдениеттегі кез келген құбылыс таптық, пролетарлық күрес тұрғысынан бағаланды. Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы, «Едіге», «Қобыланды батыр» реакцияшыл, ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті.
Басқа жанрлардың арасында бірінші орынға саяси лирика шығарылды. Кеңестік жарқын шындықты жабырқау өткен өмірмен салыстыру тәсілі кең қолданысқа енді. ҚазАПП қызметінде қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін жоққа шығару көзқарасы барған сайын белең ала бастады.
Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922—1923 жылдары, содан соң 1926-1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20-жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының — ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды.
1934 жылы 12—18 маусым күндері Қазақстан жазушыларының I съезі өтіп, онда идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал кеңестік әдебиет болуы керек екендігі баса айтылды.
Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846—1945 жылдары) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нұрпейіс Байғанин (1860—1945 жылдары) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900—1946 жылдары) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды.
Жамбыл Жабаев
20—30-жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. І.Жансүгіров«Жолдастар» романын жазды, С.Мұқанов «Байдың ұлы», «Достар», «Ботагөз» романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның есімімен тығыз байланысты.
Ресми билік құптаған негізгі тақырып — кеңестік қоғамның құрылуы және дамуы, қазақтардың туған өлкесін түлетуге қосқан үлесі, жергілікті халықтың социалистік еңбектегі ерлігі, т.б. болып саналды. 1934 жылы республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды.
Баспадан социалистік реализм рухындағы әр түрлі жанрдағы шығармалар жарық көре бастады. Бұл кезде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері — И.Шухов, П.Кузнецов, Г.Шарипов, т.б. жазушылар көпшілікке танылды. Д.Снегиннің «Шығыстан соққан жел», «Жетісу» жөне «Менің қалам» атты жинақтары жарық көрді. Латиф Ансари жас ұйғыр ақындарының «Таңғы сәуле» атты өлеңдер жинағын құрастырды.
Сонымен бірге Коммунистік партия тарапынан идеологиялық бақылаудың күшеюіне байланысты көптеген әдебиет өкілдері қудалауға түсе бастады. 1937—1938 жылдардағы қуғын-сүргін барысында қазақ әдебиеті өзінің бетке ұстар өкілдерінен айырылды.
Қазақ әдебиетінің ұлттық ағымының өкілдері — Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ө.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, т.б. қуғын-сүргінге ұшырады. Осы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері — С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б. да қудаланған болатын. Саяси қуғын-сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына айтарлықтай зиянын тигізді.
26) 1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ: Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. 1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1.1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2.1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды. Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер-техниктер саны 700-дай болды. Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85%-ын, көмірден 18%-ын, молибденнің 60%-ын, октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. 1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий -Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Соғыс жылдыры салынған құрылыстар: Мақат — Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы — Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б. Соғыс кезеңінде ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді. Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-дың орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз-келіншек қатысты. 1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды. Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды. Георгий Хайдин мыңдықшылар қозғалысының жетекшілері А. Семиволос мен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге әйгілі болды. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті. Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болды. -1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. -1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды. -1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды. 1945 жылғы 9 тамыз — одақтастық міндеттемелерге сәйкес КСРО соғыстың соңғы ошағы Жапонияға қарсы соғыс басталды. Қиыр шығыста Жапониянға қарсы соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында қазақстандық құрамалары да болды. Тынық мұхит флоты әскери-әуе күштерінің 12-шабылдаушы авиация дивизиясының звено командирі,көкшетаулық Михаил Янко 1945 жылғы тамыздың 10-ында Гастэллоның ерлігін қайталады. Жапонияға қарсы шайқастарға Ақтөбеде құрылған 74-жеке теңіз атқыштар бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизияның жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дәстүрінің даңқын шығарды. Забайкалье сонан соң 1-Қиыр Шығыс майдандары әскерлерінің құрамында қазақстандық 129-миномет полкі шайқас жүргізді. Қазақстан минометшілері батылдық және ерлік көрсеткені үшін 2027-жауынгерлік ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарына ие болды. Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды. 1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 1.Барлығы — 11600 адам; 2.Қазақстандықтар — 497, оның ішінде қазақтар — 97; 3.Қазақ қыздары — 2. Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский. Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі. Солдат ерлігі орденінің толық иегері — 142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар — 96638. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар. Міне, осылай Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері бұдан 69 жылдан астам бұрын адам баласының қас жауы фашизмді осылай талқандады. КСРО-ның Ұлы Отан соғысында өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды, Европа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып, жеңімпаз халық атанды. Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан да ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы тұсындағы талай ақын-жыршылар шығармашылығына арқау болды.
27) Қазақстан - майдан арсеналы Алғашында Ресей мен Украинадағы өнеркәсіп орындары, көмір кен орындарының, электр станцияларының гитлерлік армия қолына өтуі майдан үшін қатер болып төнді. Осыған байланысты Қазақстанды ірі әскери, экономикалық база қылып, ондағы өнеркәсіп орындарының куатын арттыру мақсатында көптеген шаралар қолданылды. 1942 жылы Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қарағандыда көмір өндіру ісін арттыру жөнінде шаралар қолдану туралы қаулы шығарды. Қарағанды шахтасына мемлекетіміз жан-жақтан қолдау көрсете бастады. Ембіде мұнай өндіру ісіне де көп көңіл бөліне бастады. Гурьевте мұнай өңдеу зауыты салынды. Ембіге Әзірбайжаннан 400-ге жуық мұнайшы келді. Ембіде және «Ақтөбенефть» кәсіпшілігінде майдан қажетіне артық мұнай өндірілді. 1943 жылы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешімімен Қарағанды металлургия зауыты салына бастады. 1943 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты іске қосылып, алғашқы өнімін бере бастады. Балқаш пен Алтайдағы түсті металлургиялық кәсіпорындардың қуатын арттыру туралы шешім қабылданды. 1943 жылы Жезқазған комбинаты іске қосылды. Бұл өнеркәсіп орны да құрылған күннен бастап майдан қажеті үшін еңбек етті. Ауыл шаруашылығы да майдан қажеті үшін жұмыс істеді. 1943 жылы егістік көлеміне 775000 гектар жер қосылды. Ауыл шаруашылығында еңбек еткен Ыбырай Жақаев, Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам есімдері соғыс жылдарында белгілі болды. 1943 жылы Ш. Берсиев бастаған тары өсірушілер әр гектардан 201 центнер өнім алып, әлемдік рекорд жасады. Ал Сырдария жерінде Ы. Жақаев күріштің әр гектарынан 1260 пұт өнім алды. Павлодарлық әйел А. Дацкова әр гектардан 52 центнер өнім алды. Республикадағы барлық кәсіпорын жұмысшылары «жеңіс қорына» өз үлестерін қосты. 1944-1945 жылдары Қазақстанда Белоусов байыту фабрикасы, Текелі қорғасын-мырыш комбинаты, Гурьев мұнай өндеу зауыты сияқты кәсіпорындар іске қосылды.
1.1)1941 жылдың маусымында Көкшетауда (сол кезде Кокчетавта) әскери бөлімшелерді жасау бойынша комиссия өз жұмысын бастаған. Аудандық әскери комиссариаттарға қазақ ұлттық кавалерия құрамы қатарына қабылдау туралы өтініштермен көп арыздар түскен. Нақты деректер бойынша, соғыста 1366164 қазақстандық шайқасқан, соның ішінде шамамен 60 мың көкшетаулықтар. Жан аямай тылда қалғандары да еңбек еткен. «Біз соғыс майданынан алыс аулақ жердеміз. Бұл бізді үкіметтің барлық тапсырмаларын он еселенген жігермен орындауға міндеттейді. Біздің жұмысымыз майдан мен Отанды қорғау мүдделеріне бағынуы тиіс» , деп сол кезде қала тұрғындары айтқан екен.
Кокчетав ауданының колхозшылары босатылған қалалар мен селолар үшін 364 мүйізді ірі қара малды, 722 - қой мен ешкі, көп ат көлігі мен мүлікті бөлген.
28) 1941 жылы Кеңес-Герман соғысы кезінде халықтарды жер аударудан Кеңес өкіметі, тоталитарлық жүйе ерекше «тәжірибе» жинақтады. Кеңес Үкіметі Президиуымының 1941 жылы 28 тамыз қаулысында Еділ бойында тұрып жатқан немістерді қоныс аударуға ұйғарды. Осы қаулыдан кейін Ленинград аймағынан 96000 мың адам немістер мен финдерді жер аудару көзделіп, олардың 15000 адамын Қазақстанға жіберуге ұйғарылған.1941 жылдың 6 қыркүйегінен басталған күштеп көшіруге бес күннің ішінде Мәскеу қаласынан және Мәскеу облыстарынан 8617 немісті және Ростов облыстарынан 21400 немісті Қазақстанның Қарағанды (8000 адам), Қызылорда (8000 адам), Оңтүстік Қазақстан облыстарына (10017 адам) жер аударды.1941–1945 жылдары КСРО-да 1,4 млн-дай неміс ұлтының азаматтары тұрған. Кейін соғыс басталғаннан кейін бұл этнос жан-жаққа күштеп таратылды және неміс автономиясы жойылды. 1941–1942 жылдары Қазақстанға немістердің 1 209 430 адамы қоныс аударылды
29)Қазақстан мәдениеті, білім беру жүйесі және ғылым. Сауатсыздықты жою. Жазу реформалары: араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу; кириллицаны енгізу. Кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы. Орта және жоғары мектептерді қалыптастырудағы ұлттық интеллигенцияның рөлі. С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, С.Сәдуақасов және т.б. қызметі. Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындары. Қазақстан ғылымының дамуы. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасының қалыптасуы (1932 ж.) және КСРО Ғылым Академиясы бөлімшесінің ашылуы (1938 ж.).
Қазақ әдебиеті. Қазақстан баспасөзі. Өнер. Көрнекті мәдениет қайраткерлері. Қоғамдық-саяси өмір. Партия құрылысы. Кеңестер қызметі, комсомол ұйымдары. Кәсіподақтар. Қазақ АКСР-нің Қазақ КСР-і болып өзгеруі (1936 ж.). Қазақ КСР-інің құрылуы, тарихи маңызы.
30)Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. КСРО экономикасын қалпына келтіру. Карточкалық жүйенің жойылуы. 1947 жылғы ақша реформасы. Мәдениет, ғылым мен білім. Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Жаңа идеологиялық науқандар. Өзгеше ойлайтындармен күрес. Гуманитарлық ғылымдар саласына бақылаудың күшеюі. Ғалымдарды қуғындау: «ар-ождан соты». «Е.Бекмаханов ісі». «Б.Сүлейменов ісі».
КОКП-ның ХІХ сьезі. И.В. Сталиннің өлімі. Л.Берияның тұтқындалуы және ату жазасына кесілуі. Н.С. Хрущевтің билікке келуі. Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай. Ж.Шаяхметовтің қызметі. Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер.
31) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі (1946-1953 жж.).Қ.станның экономикасын бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдық саяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. Республиканың қоғамдық саяси өмірінде Қазақ КСР ның мемлекеттік Гимінің 1946 жылы 26шы шілдеде енгізілуі зор оқиға болды. Оның текстін ақын жазушылар Ғ. Мұхамедханов, Ә. Тәжібаев және Ғ. Мүсірепов, музыкасын компазиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский және Л.Хамиди жазды. Гимннің осы музыкасын Егемен Қ.станның жаңа гимнінде де өзгеріссіз сақталып қалды.Соғыстан кейінгі жылдары Коммунистік партия халық шаруашылығын дамытуға және әлеуметтік мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарын барынша тартқанымен, олардың қоғамдық өмірде, халықпен жұмыс істеудегі дербестігі шектелді.Қ.станның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жң басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы әсіресе тигізді. Республика компартиясы Орталық Комитетінің 1947 ж. наурызда өткен пленумы төменгі партия ұйымдарынан Қ.стан арихын жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетіп, БК|б|П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелере жөніндегі қаулыларын сөзсіз орындауды талап етті. Соғыстан кейінгі жылдарда Қ.станда пісіп жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әкімшіл әміршіл жүйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушыларының шығармалары ҰЛЫ Отан соғысына арналған. Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», Ә. Нүрпейсовтың «Курляндия» т.б. Осы жылдары Әуезовтың «Абай жолы», С. Мұқановтың «Ш.Уалиханов»сияқты тарихи шығармалар жарық көрді.1946 ж. Қ.стан Ғылым академиясы құрылып, республикада ғылым мен ғылыми зерттеу мекемелерінің дамуында елеулі рөл атқарды. Онда 500 жуық асперанттар жұмыс істеді. Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 ж. Қ.станда жалпы білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы орта оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Қорыта келе сталиндік тоталитарлық жүйенің үстемдігі нәтижесінде көптеген қарама қарсылықтар, елеулі көлеңкелі жақтар орын алды. Бұл республикада демократиялық қатынастардың тежелуіне, қазақтың ұлттық мәдениетінің одан әрі дамуына үлкен зардаптарын тигізді.
1.1)14 тамыз 1946 жыл БКП (б) ОК "Звезда" мен «Ленинград" журналдары туралы" қаулысымен саяси қуғын-сүргіннің жаңа толқыны басталды. «Бекмаханов ісі». Орталықта, Мәскеу мен Ленинградта идеологиялық қарсыластықтың ушығуы космополитизммен күрес кампаниясында көрініс тапса, Қазақстанда ол ұлттық рух пен болмысты тұншықтырумен шұғылданды.
«Бекмаханов ісі» соның көрсеткіші болды. Тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов ғылым Академиясынан шығарылды. 1951-1952 жылдары ол Жамбыл облысы Шу ауданындағы орта мектептің бірінде жұмыс істеді. 1952 жылдың 4 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғары сотының коллегиясы Бекмахановты 25 жылға соттады. Ол тек Сталин өлгеннен кейін 1954 жылдың көктемінде ақталып, Қазақстанға оралды. .«Бекмаханов ісі» 1940-шы —1950-ші жылдардың басындағы жалғыз жазалау ісі емес еді. республиканың көрнекті ғалым-қоғамтанушылары А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сұлейменов, Е. Исмайылов, талантты жазушы Ю. Домбровскийлер саяси айыптаулардың құрбаны болды. Саяси және буржуазиялық-ұлттық қателіктер жібергені үшін Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекхожин, С. Бегалин және басқа да белгілі ғалымдар мен жазушылар негізсіз айыпталды. Қуғынға түскен Қазақ КСР ғылым академиясының Президенті Қ. Сәтбаев пен көрнекті жазушы және ғалым М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Космополитизммен айыпталған бірқатар биолог ғалым, медиктер мен геологтар да республика ЖОО-ларының кафедраларынан, ғылыми мекемелерден қуылды.
32)Хрущевтік «жылымық» жылдарындағы Қазақстан (1953-1964 жж.). Хрущевтік «жылымық» кезеңі, әлеуметтік-экономикалық сипаты. Индустриалды даму. Әскери-өнеркәсіптік кешеннің нығаюы.
Тың және тыңайған жерлерді игеру: жетістіктері мен тәжірибесі. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Республиканың қоғамдық-саяси өмірі.
Кеңестер, КОКП, комсомол, қоғамдық ұйымдар. «Хрущевтік жылымық» кезеңіндегі қарама-қайшылық. Жүйені жұмсарту әрекеттері. Волюнтаризм және субьективизм. 1950-1970 жылдардағы әлеуметтік шиеленістер. Республика қорларындағы жерлердің тартып алынуы. Республика халқының күнделікті өмірі.
33. Тың және тыңайған жерлерді игеру, қорытындылары мен зардаптары. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауылшаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауылшаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде теміржолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысындаТобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық теміржолдары іске қосылды. 1954-1955 жылдары 1млрд 100млн – 1млрд 200млн пұт астық алу белгіленді. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстары. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдіктер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді; әр отбасы басшысына 500-1000 сом, әр отбасы мүшесіне – 150-200сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді. Қазақстан КСРО-ның негізгі астықты аймағына айналды. Қазақстан көпұлтты мемлекет болды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бастартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі малшаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тыйым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.
34. ХХ ғ. 40-60 жылдардағы Қазақстанның мәдениеті. Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясының құрылуы. ¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңдаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды. Бұл елде адам ресурстарының тапшылығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халықшаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қалалар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда және Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, темір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы салаға жұмсалды. Бұған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақстан Кеңес Одағының әскери-өнеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды. Қазақ жерінде әскери өндірістің, Семейде атом полигонының, басқа да әскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосылды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды ұлғайтты. Ембі бассейінінде – Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мұнай өндіру соғысқа дейігі кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті. Қаратау тау-кен химия комбинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақстан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қалаларда 730 өнеркәсіпорны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Бірақ бұл Қазақстан экономикасындағы «Б» тобының артта қалуын білдіретін еді. Байланыс саласында Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақ тау теміржолдары салынды. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында автоматты телефон станциясы іске қосылды. 1960 жылы Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге көп өндірді. Ауылшаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. Ол өндірістік күші аз және ұсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жүзеге асырылды. Бұл колхоздардың санын 1945-1952 жылдары 3 есеге қысқартып, 2047-ге дейін төмендетті. Бұл кезеңде мал басы өсіп, суармалы егістік көлемі 16%-ға ұлғайды. Соғыстан кейінгі кезеңде білім, ғылым және әдебиеттің дамуында бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді.1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды. Оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді.1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді.
35. 1960 жылдардың ортасы – 1970 жж. Қазақстан . 1965 ж. экономикалық реформа (Косыгин реформасы). 1962-1969 жылдары реформашылдық дүрбелең кезеңі. Реформалар жүргізудегі жіберілген кемшіліктер:
- экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көрсетілмеді;
- проблемалар негізінен ұйымдық қайта құруға есептелген субъективтік әрекеттер жолымен шешілді;
- қайта құрулар шалағай ойластырылып, тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреу қаупін төндірді.1964 жылғы 14 қазанда КОКП ОК-нің пленумында партия мен ел басшылығы ауыстырылды.
- шаруашылық мәселесін шешудегі субъективтілік, волюнтаристік, өктемдікке әуестік айыпталды.
- КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына Л.И.Брежнев сайланды.
- кеңес үкіметінің басшылығына А.Н.Косыгин сайланды.
1964 жылы қарашада КОКП ОК-нің пленумы партия, кеңес, кәсіподақ ұйымдарының өндірістік ұстаным бойынша бөлінуін тоқтатып, аумақтық-өндірістік ұстаным бойынша бөлді. 1960 жылы ортасынан 1980 жылдың ортасына дейінгі кезең тоқырау жылдары деп атаған.
-жаңашыл үрдістер әлсіреді.
-қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады.
КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор түрінде көріне бастады. КСРО-дан іргесін аулақтатып әкеткен мемлекеттер: Югославия, Египет, КХДР, ҚХР.
Саяси өмір ұстанымдарына түзетулер енгізген бетбұрыстар кезеңі басталды.
1968 жылы тамызда Чехословакияда жаңару, дамудың жаңа бағытына құлшыну оқиғасы: «Прага көктемі» аталған бұл ұмтылыс 5 ел әскерлерінің Чехословакия территориясына енгізілуіне байланысты тоқтатылды. Идеологиялық науқан басталды.
36. Қазақстан тоқырау кезеңінде, 1970-1985 жж саясат, экономика, мәдениет. “Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды, дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен. Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1%-тен аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом, 1982 ж. – 1,0 млрд., 1983 ж. – 1,3 млрд., 1984 ж. –1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейін қалу күшейе түсті. Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін өндіріс орындары салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмса&
Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған кәсіпорын және оның басшыларының көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді. ІХ бесжылдықта жоспардың күрт төмендетілгеніне қарамастан өнеркәсіп көлемі 12,6%-ке орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25%-ке, ал он бірінші – 3,6%-ке орындалған жоқ. Соның салдарынан қаралып отырған жылдарда ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезінде экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін төмендеді. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70%-ке өсіру міндеті қойылса, ол іс жүзінде 36%-ке ғана орындалды. Республиканың көптеген шаруашылық қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің “жалпы саны” өскенімен, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да қуаттарды едәуір көп жұмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапония өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда шикізат пен энергияны 30-40% кем пайдаланды. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе осы себептен еді. Өндірісті көлемі жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген республика басшылығы үсті-үстіне жаңа шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетика салаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы, Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен қосылып шығатын газдың тек қана 8-10% ғана пайдаланылды. Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтін өндірісті тежеді, өңдеу, қайталап өңдеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды.
37. ХХ ғ. 70-80 жылдар ортасындағы қоғамдық-саяси жағдай. Диссиденттік қозғалыс.КСРО-да Новочеркасскідегі, Грузиядағы, Балтық республикаларындағы оқиғаларға қатысқандар қатал жазаланды. Қалыптасқан режимге наразылық түрі диссиденттік пайда болды. 1960жылдың 2 жартысында КСРО-да коммунизм құрудың негізгі үш мақсаты орындалмайтыны белгілі болды. Социализм жүйесі елдерінде социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы туындады. 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдыңына арналған мәжілісте: Л.И.Брежнев «еліміздегі тарихи жолдың басты қорытындысы – кемелденген социализмнің орнатылуы» деп мәлімдеді. Ерекшелігі: қоғам дамуында социализмнің ұзаққа созылатын кезең екендігін мойындау. Коммунизмге қарай «алып секіріс» жасау идеясынан бас тарту. Партия теорияшыларына коммунистік болашақты белгісіз мерзімге сырғыта салу мүмкіндігін ашып берді. 1977 жылғы мамырда КСРО Конституциясының жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. 1977 жылғы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Міндеттері: коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау. Социалистік қоғамдық қатынастарды жетілдіру және коммунистік қатынастарға айналдыру. Коммунистік қоғам адамын тәрбиелеу. «Кеңес қоғамының басты және бағыт беруші күші, оның саяси жүйесінің ұйытқысы – КОКП» екендігі айтылды. Компартия билігі конституциялық күшке ие болды. Коммунизмге өтер жолдағы кезең – кемелденген социализм, ал КСРО-ның саяси негізі – халық депутаттары Кеңестері деп танылды. Бұл кезеңнің экономикалық жүйесін мемлекеттік және ұжымшарлық-кооперативтік меншік түріндегі социалистік меншік құрайды.
38. 1979 жылғы Целиноград оқиғалары: сабақтары мен зардаптары. 1979 жылы көктемде КСРО МХК төрағасы Ю.Андропов ұсынысымен КОКП ОК-і Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы, Д.Қонаевтың бірінші орынбасары А.Коркин басшылық ететін арнайы комитет құрылып, мынадай шешім шығарды: неміс автономиясының әкімшілік орталығы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы болып қабылданды; автономия құрамына Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары кірді.
1979 жылы 16-19 маусымда Ақмола жастарының наразылығы болды. Демонстрацияға қатысушылар «Қазақстан бөлінбейді», «Неміс автономиясына жол жоқ» транспаранттарын көтерді. «Біз Кремльдің мұндай шешімін айыптаймыз» ұраны айтылды. Облатком төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов халық алдына шығып, Автономия құрылмайтындығын мәлімдегеннен кейін ғана наразылық білдірушілер тарады. Толқулар легі Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда болып өтті. Республика басшылығы және МХК бұл шерулер туралы хабардың таралып кетпеуі үшін барлық күш-жігерін жұмсады.
Ақмола оқиғасының нәтижесі: қазақ халқының мүдделерін аяққа басудың көрінісі. Орталықтың ұлтаралық қатынасты жергілікті халықпекн есептеспей, әміршілдік әдіспен реттеуінің мезгілі өткендігінің дәлелі. Кеңестік қоғамның саяси жүйесіне тән белгілер:
Демократияны шектеу;
Еңбекшілерді меншік пен билікке жақындатпау;
Адамның жеке басын аяқасты ету;
Қоғамдық ұйымдардың партиялық-мемлекеттік аппаратпен тұтасуы;
Сөз бен іс арасындағы алшақтық.
Бұл жағдайлар кеңес адамдарының бойында самарқаулық, сенімсіздік, маскүнемдік секілді жағымсыз қылықтар туғызды. Тоқырау кезеңінің идеологиясындағы басты бағыттардың бірі орыстандыру саясаты. Хрущевтік-брежневтік әкімшілік «тарихи жаңа қауымдастық кеңес халқын» жасауды көздеді.
39. 1970-1980 жж. Қазақ-ң мәдениеті. Ғылым, әдебиет және өнер салаларындағы жетістіктер мен қарама-қайшылықтар. Қоғамдық-саяси өмірдегі келеңсіз құбылыстардың етек алуы ХХ ғ. 70-80-жылдары республиканың қоғамдық-саяси өмірінде де күрделі жағдай қалыптасты. КОКП-ның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері ұлттық қатынастарға да әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық бұл салаларды мүлтіксіз әрі ешқандай проблема жоқ деп санады. Ұлт мәселесін шешудегі табыстарды асыра бағалау кемелденген социализм концепциясынан туындады. Нақ осы кезеңде ұлт мәселесіндегі проблемалар шешілуінен гөрі шапшаңырақ қордаланды. 1922 ж. федералдық мемлекет ретінде құрылған КСРО іс жүзінде унитарлық мемлекетке айналып кетті. Оның құрамындағы Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. КСРО-дан еркін шығу құқы болғанымен бірде-бір халық оны пайдалана алмады. Бұл жерде нақты өмір шындығы есепке алынбады, саяси демократияның бұрмаланғандығы салдарынан бұлайша ерік білдірудің өзі мүмкін емес еді. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдалды. Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Осы мағынада алғанда интернационалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды. Түрі ұлттық мәдениет, оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды. 70-80 жж. ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Қоғамдық-саяси өмірде европоцентризм басым еді. КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау етек алды. Біздің тарихымыздың бөліп алуға болмайтын бөлігі болып табылатын көшпелілік өркениеті мен шығыс мәдениетінің бүкіл қабаты жауып тасталды, адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүр етілді. Мұның керісінше Кеңес дәуірінің тарихы барынша дәріптелді. Ресми органдар мен насихат қазақ халқының және Одақтың басқа халықтарының нағыз тарихы тек 1917 жылдан басталады деп жұртты сендірді. Шұғыл интернационалдандыру, ұлттық мүдделерді есепке алмай бюрократтық және күштеп қудалау әдістерімен біртұтас совет халқының қалыптасуын шапшаңдатуға тырысу ұлт саясатында өрескел ағаттықтар мен елеулі қателіктер жіберуге әкеліп соқтырды. Ал шынайы интернационализм “өз” ұлтыңның да және басқа ұлттардың да ұлттық мүдделерін түсініп, мойындамайынша мүмкін емес еді. Ұлтшылдық ең алдымен ұлттық мүдделерді кемсітуден пайда болады. Қазақстанда тіл саясатында да кемсітушілік орын алды. Орыс тілін республикада қазақтардың 60%-і меңгерсе, қазақ тілін орыстардың 1%–нен де азы меңгерді. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95% орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70% эфирге орыс тілінде шықты. Бұрынғы КСРО-дағы империялық тіл саясаты ең алдымен орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді. Ұлт саясатындағы бұрмалаулар, саяси ахуалдың қаталдандырылуы, еркін ой-пікір айтуға өкіметтің төзбеушілігі, әсіресе, зиялылар арасында наразылық туғызды. Ол түрліше көрінді. Студенттер, шығармашылық және ғылыми интеллигенция арасында республиканы орыстандыру саясаты айыпталды, қазақ тілінің жағдайына, республиканың егемендік құқының жоқтығына алаңдаушылық білдірілді. Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж. басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне және патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың “АзиЯ” деген талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвардия”, “Москва”, “Звезда” және басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірді. Ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма және орысқа қарсы деп айыпталды. Кеңестік билік ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тиым салып отырды. Мысалы, 1976 жылы философия институтының авторлар ұжымы даярлаған “Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы” деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог О.Исмағұловтың “Қазақстанның этностық геногеографиясы” деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды. Авторға методологиялық қате жіберген, ру-тайпалық факторларды бүгінгі заманмен байланысты біржақты баяндаған деген айып тағылған. Кейінірек бұл айыптың бәрі алынып тасталды. 1979 жылы жазда Ақмолада болған оқиға ұлттық қатынастардағы ұлғая түскен қарама-қайшылықтардың көрінісі еді. Ол ұлттық қатынасты түпкілікті халықтың мүдделерін есепке алмай орталықтың әміршілдік әдіспен реттеуінің мезгілі өткенін көрсетті. Қазақстанда 1979 жылы неміс автономиясын құру әрекеті және оған қазақ тұрғындарының қарсы шығуы республиканың саяси тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім 1979 жылы көктемде КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мәжілісінде республиканың үкіметі мен Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз қабылданды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың куәлік етуіне қарағанда, қазақ жерінің қақ ортасынан неміс автономиялық облысын ашу туралы шешім қабылдауға КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ю.Андропов мұрындық болған көрінеді. Бұл автономиялы облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы жасалмақ болып белгіленді. Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Маусымның 16 күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қатарындағы қазақ жастары қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясы болмасын!” және басқа ұрандар жазылған транспоранттар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. 19 маусымда Ақмолада тағы бір демонстрация болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2 мыңнан 4 мыңға дейін адам қатысты. Демонстрацияға қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Ақмоладан кейін шағын митингілер мен демонстрациялар Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті. КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының бұл шешіміне республикада тұратын немістердің өздері де қарсы болды. Олар “Қазақстаннан шаңырақ сұрағанымыз жоқ, кеңес немістерінің ту тікпек жері Еділ бойы, автономия алсақ, о бастағы “ата” қоныстан ірге көтереміз”, - деп отырып алды. Бұл жерде еске салып кететін жағдай: бұрын Волга бойында, нақтырақ айтсақ Ресейдің Волгоград және Саратов облыстарының аумағында неміс автономиялық облысы бар болатын. Ол 1941 жылы Гитлерлік Германия әскерлері КСРО-ға басып кіргеннен кейін Кеңес үкіметінің шешімімен таратылып, оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне жер аударылған еді. Республика халқының наразылығының нәтижесінде орталық өз шешімін өзгертуге мәжбүр болды. Сөйтіп, Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру жөніндегі шешім іске аспай қалды. Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп жүргізілді (бұл тоқырау заманы үшін болмаған оқиға) және тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республиканың басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті демонстрация туралы хабардың кең тарап кетпеуі үшін барлық күш-жігерін жұмсады. Баспасөз беттерінде бұл оқиғалар туралы ештеңе жазылған жоқ. Осы жылдарда индустриялық дамудың, кәсіпорындардың көптеп салынуының нәтижесінде қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірілді. Сырдария және Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы азайды. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер, жер және су қорын есепсіз пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге басымдық беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта құрғап, жалаңаш қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 еседен астам өсіп, Арал өзінің балық өнеркәсібінен тұтастай айырылды. Оның үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, Арал аймағының климаты күрт нашарлап кетті. Айналадағы табиғи орта тепе-теңдігінің бұзылуы халықтың тұрмыс жағдайы мен денсаулығына қатер төндірді. Адам өлімі, әсіресе, балалардың шетінеуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-і әр түрлі сырқаттарға шалдықты. Бұл экологиялық апат іс жүзінде ұлттың генетикалық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселе көтеруге мәжбүр етті, өйткені Арал аймағы негізінен республиканың байырғы халқы - қазақтар мекендейтін аудан. Осындай ауыр жағдай Семей өңірінде де орын алды. Семей және басқа полигондарда барлығы 500-ден аса ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген зияны мен зардабы туралы ондаған жылдар бойы айтылмады. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды радиацияның сәулесіне ұшырады, әсіресе, онкологиялық сипаттағы аурулар көп шықты. 1975-1985 жж. бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті, бала туу азайғаны, жынданып ауру және өзін-өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей полигонынан басқа әр жылдарда Республика территориясында 27 жерде қуаты әртүрлі 38 ядролық жарылыс жасалды. Бұндай жарылыстар, әсіресе, Атырау облысында көбірек болды, мұнда жаппай қырып-жоятын қарудың 17-сі сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда, қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жарылған. Бактериологиялық қарулар сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында жүргізілді. 70-80-ші жылдары мәдениет саласын нығайтуда біраз жұмыстар істелді. Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті. Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы істеді. Ауыл-село тұрғындарының тұрмысына теледидар, радио, баспасөз, кино бұрынғыдан көбірек ене бастады. Қазақстанның село зиялыларының мәдени дәрежесі сан және сапа жағынан едәуір өсумен сипатталды. Орта есеппен бір колхоз бен совхозға 70-ші жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта білімі бар маманнан келді. 1970 жылға қарсы теледидар республиканың барлық облыстарына дерлік енді. Қазақстанда теледидардың 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ теледидар бағдарламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйелер істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді. 1976 жылдың аяғында 10282 кино қондырғысы болып, олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті. Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты. Мысалы, республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 млн. 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 млн. 266,1 мың бала оқыды. Мектептің оқу ісінің алдына 70-ші жылдары жаппай орта білім беру міндеті қойылды. 1984 ж. балаларды алты жастан бастап оқытуға көшу, еңбекпен ұштастыра оқыту үшін оқу-материалдық база жасау, оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосу жөніндегі мектеп реформасы басталды. Бірақ, осымен бірге мектептегі оқу ісін дамытуда кемшіліктер де орын алды. Мектептерге партиялық әмір күшейе түсті. Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырудың үстіне жалпы көрсеткішті қуалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқұрайды қарауы қосылды. Ұлттық мектептерді қысқарту тенденциясы күшейіп, орыс мектептерінің саны көбейді. Мектептегі оқу ісінің дағдарысы экономикадағы, саясат пен идеологиядағы бұрмалаулардың көрінісі еді. 1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды. Студенттер 160 мамандық бойынша әзірленді. Республиканың техникумдарында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы республикада жоғары оқу орындарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары оқу орындары мен техникумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбір 10 мың адамына 160 студенттен келді. ХХ ғ. 70-80 жж. қазақ әдебиеті І. Есенберлиннің, Ә.Нұршайықовтың, М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, О. Сүлейменовтың, М.Шахановтың, Қ.Мырзалиевтің, Ф.Оңғарсынованың, Ә.Кекілбаевтың, О.Бөкеевтің және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш.Қалдаяқовтың, Л.Хамидидің, Н.Тлендиевтің, Ә.Еспаевтың, І.Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді. “Ботагөз”, ”Аққан жұлдыз”, “Менің атым Қожа”, “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры”, “Транссібір экспресі”, “Бейбарыс сұлтан” кинофильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды. Қазақ киносының табыстары көбінше артистер Н.Жантуриннің, Ы.Ноғайбаевтың, А.Әшімовтың, Ә.Боранбаевтың, режиссерлар Ш.Аймановтың, М.Бегалиннің, С.Ходжиковтың, А.Қарсақпаевтың, Т.Теменовтың және басқалардың шығармашылық қызметтерімен байланысты. Ә.Қашаубаев негізін салып кеткен ән өнеріндегі игі дәстүрді Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, Р.Жаманова, Р.Бағланова, Р.Рымбаева т.б. жалғастырып байыта түсті. 70-80-ші жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті. Республика Ғылым Академиясының бірсыпыра ғылыми зерттеулерін дүние жүзі таныды. 1976 жылы биолог ғалым М.Ә.Айтхожин генетика мен микробиология саласында Лениндік сыйлыққа ие болды. Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маңғыстауда және Орал-Ембі атырабында мұнай мен газдың ірі кендерін игеруге, Ертіс-Қарағанды каналын салуға, егін шаруашылығында топырақ қорғау жүйесін енгізуге көмектесті. Осы жылдары бес томдық “Қазақ КСР тарихы”, он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі”, он бір томдық “Қазақстанның металлогениясы”, тоғыз кітаптан тұратын “Қазақстанның сүт қоректілері”, тоғыз томдық “Қазақстанның өсімдіктері” және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар мен зерттеулер жарық көрді. Әл-Фарабидің, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп басылып шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға болды. Алайда Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да болды. Машина жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып келді. Академиялық, жоғары оқу орындарындағы және салалық ғылымды нашар ұштастыру көп тақырыптылыққа, ғылыми күштердің шашырап кетуіне, олардың аса маңызды бағыттарды зерттеуге тиісінше шоғырландырылмауына, ғылыми жұмыстардың бірін-бірі қайталауына әкеп соқты. Ғылыми зерттеулердің тиімділігі күрт төмендеді. Мысалы, 1985 жылы өндіріске енгізілген бір зерттеудің экономикалық тиімділігі 1980 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеді. Республиканың бірде-бір ғылыми мекемесі елде құрылған ғылыми-өндірістік комплекстердің құрамына кіре алмады. Сөйтіп, экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның дамуына да салқынын тигізбей қоймады. Мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны “қалдықты” принцип бойынша бөлу республика мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің теріс әсерін тигізді. Сонымен, тоқырау өмірдің барлық салаларында: қоғамдық-саяси өмірде, идеологияда, мәдениетте, адамдар арасындағы қарым-қатынаста және т.б. орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, 70-ші жылдардың аяғы мен 80-ші жылдардың бас кезінде бұл жағдай барған сайын өрши түсті.
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
Горбачёв М.С.
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы Өңдеу
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн төртібіне кадр мөселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сөуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркөсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркөсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.[1].
Дағдарыстың себептері Өңдеу
Саяси саладағы белгілері Өңдеу
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі.
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салада дағдарыстың белгілері Өңдеу
- Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі.
- Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
- Бақылаусыз басқару аппараты.
- Инфляция.
- Товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері Өңдеу
- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
- Теңгермешілдік.
- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.
Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.
