- •Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918).
- •12) Ұлттық мемлекет құру жолындағы қазақ интеллегенциясының қызметі. «Алаш» Қозғалысы және Екінші бүкілқазақ сьезі.
- •Алаш қайраткерлері[өңдеу]
- •13) 1918-1920 Жж. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан . Саяси күштердің қарсыласуы: ”қызылдар ” мен “ақтар”
- •22) Сталиндік казармалық социализм
- •23) Хх ғ 30-50жж. Ұлттық зиялы қауым өкілдеріне қарсы репрессиялар.
- •24) Мәдени революцияның мақсаты
- •25)Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы[өңдеу]
- •41) 1986 Ж Желтоқсан оқиғасы.
- •42)Невада-Семей қозғалысы
- •43) Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы 1917-1991
- •44) Президенттік институт – қазақстандық дамудың кепілі
- •51. 1995 Жылы 30 тамыздағы қр Конституциясы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының негіздері.
- •53. Егеменді Қазақстанның мемлекеттік шекараларын делимитациялау және демаркациялау Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.
- •54. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі. Қр-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •55. Қазіргі Қазақстанның халықаралық жағдайы. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы қызметі. Манифест. «Әлем. Ххі ғасыр».
- •56. Қазақстандағы қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар.
- •57) Қазақстан 2030
- •61)Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы
- •71) Қазіргі таңдағы мемлекеттік жастар саясатының жай-күйі
- •72) Қазақстан 2050
- •74)Қазақ хандығының өркениеттік негіздері
- •75)«Мəңгілік ел» идеясының тарихи дүниетанымдық негізі
24) Мәдени революцияның мақсаты
Мәдени революцияның жүзеге асырылуы — социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бip тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды.
Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған-ды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.
Мәдениет саласындағы жұмысқа басшылық жасау және бақылау жүргізуді партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде бұл істі партия комитеттері мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылы 6 қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мәдениетке байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді.
Мәдени революцияның міндеттері[
Қазакстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет болды:
жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру;
Қазақстандағы оқу-ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу;
рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту;
кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін — театр, кино, бейнелеу өнерін, т.б. қалыптастыру;
Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін
құру;
жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу;
социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау;
Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.
Осылайша 1920—1930 жылдары партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана қалыптастыру ісіне бағытталды. Мәдени саясат дегеніміз — түпкі мақсаты. Біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін партия, бір жағынан — шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан — халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін көтеруді ұсынды. Мұндай көзқарас әр түрлі ұлттық мәдениеттер қызметінің өрісін айтарлықтай тарылтты. Көп ұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру беталысы кейінірек ондағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді.
Мектептік білім[
Жаңа мектептер ашу Кеңес өкіметінің алғашқы айларында-ақ қолға алынды. 1918 жылдың 21 қаңтарында РКФСР ХКК-нің «Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату» туралы Декреті шықты. Қазақстанда мектептерді басқару жергілікті кеңестердің қолына көшті. 1921 жылы 18 қаңтарда Орынборда халыққа білім беpy жөніндегі Бірінші жалпықазақтық конференция болып, онда республикадағы халыққа білім беру ісін ұйымдастыру міндеттері айқындалды.
XX ғасырдың 20-жылдарының ортасына қарай Қазақстанда төмендегідей білім беру жүйесі қалыптасты:
Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар:
мектеп үйлерінің жоқтығы;
арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі;
2-3 ауысыммен оқыту;
ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану;
көшпелі қазақ ауылдарында мектептер ашу ерекше мәнге ие болды.
Осы өзекті мәселені шешу жолында республикада бірқатар шаралар қарастырылды:
қалаларда мектепке жарамды деген үйлер мемлекет меншігіне алынды;
жаңа мектеп үйлерін салу қолға алынды;
Қазақ АКСР Ағарту халкомының академиялық орталығы оқулықтар мен бағдарламалар жасауға кірісті;
педагогтік курстар мен мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында оқытушы кадрларын даярлау қолға алынды;
ауыл кедейлерін оқыту мәселесін шешу үшін интернат түріндегі коммуна-мектептер құрылды;
қазақ ауылдарында жылжымалы маусымдық жартылай жабдықталған мектептер ашылып, олар оқу жылы қысқартылған және жеңілдетілген оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілді.
Мектептердің әр типтілігін жою үшін КСРО СИК БК(б)П ОК 1934 жылғы 15 мамырда «Бастауыш және орта мектептер құрылымы туралы» қаулы қабылдады. Осы құжатқа байланысты бүкіл КСРО аумағында жалпы білім беретін мектептердің бірыңғай түрі енгізілді.
Бірыңғай мектеп жүйесі бірыңғай оқыту бағдарламасын, бірыңғай әдістемелік жүйе, бірыңғай оқулықтар болуын талап етті.
1935 жылы қаңтарда БК(б)П Өлкелік комитеті мен республика үкіметі «Қазақстан мектептері құрылымын жетілдіру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулы ұсақ мектептерді түпкілікті жойып, жетіжылдық және орта мектептерді дамыту, сондай-ақ әр оқушының сыныптан сыныпқа өтуін қамтамасыз етуге арналған бірқатар шаралар қарастырды.
Халыққа білім беруге арналған шығын мөлшері республикада жылдан жылға өсе берді. Өз ісінің үздік шеберлері С.Көбеев, О.Колкенова, Ш.Сарыбаев, Л.Добрянская, Х.Казиев, И.Волков, А.Ақатов, т.б. республикадағы білім саласында тұңғыш еңбек сіңірген мұғалімдер атанды. Шығармашылық ізденіс пен күнделікті тәжірибеге сүйенген кеңестік педагогика қалыптасты.[1]
