Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TARIKh_BILET_osnov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
384.91 Кб
Скачать

72) Қазақстан 2050

"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.Бағдарламаның қарастыратын істері Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.[1]

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері Өңдеу

Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі

Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы

Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы

Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция

Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

Басты / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы екі жылдың аралығында әзірленді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы кезінде мәлімдеді. «Біз екі жылдың аралығында атақты дүниежүзілік сарапшылардың, Үкімет мүшелерінің және барлықтардың қатысуымен осы бағдарламаны әзірледік, бұл үлкен жұмыстың нәтижесі»,- деді Н. Назарбаев. Елбасы 2050 жыл - жай бейнелі дата емес екендігін атап өтті. «Неліктен дәл осы жыл? Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім. БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді. Қазір елдердің дені осындай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Ірі трансұлттық компаниялардың өзі 2050 жылға дейін даму стратегияларын әзірлеуде»,-деп түсіндірді Н. Назарбаев. Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық. Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді. 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды. Жаңа экономикалық саясаттың басты принципі - өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз. «Ертең толығымен баспаға шығатын «Қазақстан-2050» стратегиясының тек қана негізгі қағидаларын ұсынамын. Ол өте көлемді»,-деді Н. Назарбаев. Оның айтуынша жаңа стратегияға сәйкес әрбір он жыл бойынша стратегияның жеті басым бағыттарын орындау үшін жеке жоспарлар қабылданатын болады. Бірінші бастапқылық- жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм. ДӘЙЕКТІ ЖӘНЕ БОЛЖАМДЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ - ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ІЛГЕРІЛЕТУ МЕН АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУ. Осы сәтте ел Президенті «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауын алға тартты», деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Біздің басымдықтарымыз өзгермейді - көршілеріміз - Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен серіктестікті дамыту мәселесі болып табылады.Астананың жаңа опера және балет театрында Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты мәжілісте сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық қолданыстағы салық жеңілдіктерінің ревизиясын жасауды тапсырды. Осы сәтте ел Президенті «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауын алға тартты. «Барлық қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізіп, оларды мейілінше тиімді ету керек, ал ақша-несие саясаты саласында әрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ету, инфляцияның экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұру қажет. 2013 жылдың өзінен бастап бұл Ұлттық Банк пен Үкімет жұмысының басты мәселесі», - деді Н. Назарбаев. Президент Қазақстан-2050 стратегиясының бірінші басымдылығының шеңберінде жаңа технологиялар мен өндіріс саласында қолайлы салық режімін енгізу қажеттілігін атап өтті. 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіру керек, сондықтан да даярлау жұмыстарын қазірден бастау қажет. Осы сәтте ел Президенті «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауын алға тартты. «Біз мемлекеттік тілді дамыту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруды одан әрі жалғастырамыз. 2025 жылы қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру бойынша дайындық жұмыстарын қазірден бастау қажет. Бұл тілдің дамуына ғана емес, оны заманауы ақпараттың тіліне айналдыруға түрткі болар», - деді Президент. Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылғы қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу. Бұл жайлы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын алға тартты. «Он бес жыл бұрын, «2030-Стратегиясын» қабылданғанда біздің жаңа мемлекетімізде дүниеге келген қазақстандықтардың жаңа буыны енді ғана мектепке баруға даярланып жатты. Бүгінде олар еңбек етуде немесе жоғары оқу орындарын аяқтауда. Енді екі-үш жылдан соң Тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келе бастайды», - деді Н. Назарбаев. Сондықтан қазірдің өзінде оларға дұрыс бағдар нұсқау туралы ойланғанның маңызы зор. Оның айтуынша жастарға бұрын не болғаны қызықсыз, олар үшін бүгін не болатыны маңызды.«Сондықтан да осындай стратегиялар өте маңызды»,- деп қорытындылады Н. Назарбаев. «Бізге мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту қажет. Ел біртұтас корпорация секілді жұмыс істеуі тиіс, ал мемлекет оның өзегі болуға тиіс. Қазақстан - әлемдік ауқымда көлемі шағын экономика. Сондықтан оны өте тиімді басқару қажет»,- деді Н. Назарбаев. ҚР Үкіметі елді индустрияландыруды 2050 жылғы дейін Қазақстанның даму стратегиясының негізгі мақсаты деп есептеуі қажет.Елбасы табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет екендігін атап өтті. «Технологиялық революция шикізат тұтыну құрылымын өзгертеді. Мысалы, композиттер технологиясын және бетонның жаңа түрлерін енгізу темір кені мен көмірдің қорларын құнсыздандырады», - деді Н. Назарбаев. Президент үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасын кеңейту және дамыту қажеттілігі туралы айтты, өйткені мұнай-газ қорларынан тәуелсіз қуатты өнеркәсіптің болашағы жоқ. Сондықтан да өнеркәсіп үшін жоғары кәсіби мамандарды даярлау қажеттілігі туындайды. Үкімет елді одан әрі индустрияландырудың егжей-тегжей жоспарын әзірлеуі тиіс және оны жаңа стратегияның басты мақсаты деп білуі тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мамандарды мағынасы бәріне түсінікті интернационалды сөздерді аудармауға шақырды.«Терминологияда «музей» және «архив» секілді көне грек сөздері бар, біз оларды «мұражай», «мұрағат» деп аударып жүрміз. «Композитор» сөзі қазіргі кезде «сазгер», «пианино» «күйсандық» деп аударылады, ал бұл сөздер интернационалды»,- деді Н.Назарбаев.Елбасының айтуынша егер қазіргі ғылыми терминологияны латын тіліндегі сөздер құраса, ақпараттық технологиялардың даму ғасырында ағылшын тілі өзге халықтар тілдеріне жаңа сөздер мен жаңа ұғымдар арқылы күн сайын енеді. Сондықтан да қазақстандықтар осы процесстерден қалмауы тиіс.

«Кез келген тіл басқа тілдермен өзара әрекеттесіп дамып, жетілетінін түсіну қажет»,- деді Ұлт көшбасшысы

73)ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ҚАЗАҚСТАНИКА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЕСІМНАМА ҰЛЫ ДАЛА АТАМҰРА «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» Н. Ә. Назарбаев БҰЛ КҮН ТАРИХ БЕТІНДЕ 18 қараша Көрнекті ғалым, мемлекет қайраткері Сауық Темірбайұлы Такежановтың туылған күні (1931-2003) Басты бет Сарапшылардың пікірі Қазақстан республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ұсыныстар Қазақстан республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ұсыныстар Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын дамытудың негізгі тұжырымдамасы Қазақстанның геосаяси мүддесіне сәйкес келуі тиіс және зерттелетін тарихи объектілер туралы ақпараттардың дұрыстылығы мен толықтылығын қамтамасыз ететін, базалық принциптерді сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді жобалаудың қазіргі заманғы технологияларына сүйенеді. Соңғы жиырма жылдықта Қазақстанның тарих ғылымы біртіндеп құр тұжырымдамадан арылып келеді және тарихтың білімі шағын проблемаларды зерделеуде маңызды қозғалыстарды алға басуда. Саяси-мемлекеттік процесстердің көптеген аспектілерін түсіндіруде жаңа көзқарастар, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық қатынастарды жарақтандыру байқалуда. Қазақстан тарихындағы басқа да өзекті мәселелермен бірге қазақстандық мемлекеттіліктің және тәуелсіздіктің шығу тегін зерттеу тарих ғылымының бірыңғай тұжырымдамасына, ұлттық тарихтың жаңа бағыттарын дамытуға және зерттеу әдістеріне зерттеушілердің үңіле назар аударуын талап етті. Қазақстандық тарих ғылымының дамуындағы қазіргі кезеңде зерттеушілердің жүргізіп жатқан шықпалары ғаламдық деңгейге жеткендігімен байқалады. Оған ғылыми білімнің жаһандану және экологиялану процесстері, сондай-ақ тарихи зерттеулерге әртүрлі бағыттағы және елдердегі мамандардың қатысуы мүмкіндік туғызды. Аталған жағдай тарих ғылымының әдістемелік және ақпараттық базасын кеңейтуге айтарлықтай ықпал етеді. Терроризм, діни фундаментализм, ұлтшылдық және бүгінгі шынайы өмірдегі басқа да процесстер тарихи түсіндірмені талап етеді. Қазақстанның бүгінгі ұлттық тарихы – бұл ғылымдағы ең проблемалық сала. Қазақстанның тарихтағы өткен кезеңі қоғамдық сана-сезімнің – саясаткерлердің саяси тілінен халықтың күнделікті өміріне дейінгі әртүрлі деңгейлердегі гуманитарлық кеңістіктің маңызды бөлігін құрайды. Біріншіден, ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуға тиіс. Екіншіден, біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиіс. Үшіншіден, Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинақтауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлу қажеттілік десек, алда тарихи артефактілердің барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерттеу және тарихи материалдарды Қазақстанға қайтару міндеті тұр. Еліміздің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану процесі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруды талап етеді. Соңғы екі жыл бойы жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту бағдарламасын қысқарту немесе тіптен алып тастау туралы қозғалып жүрген пікірлер көпшілікті алаңдатқаны белгілі. Қазақстан тарихын оқу жүйесінен қысқартуға болмайды. Біз мемлекетіміздің одан әрі дамуы үшін ұлттық тарихымыз бен өткенімізді зерделемей оны жоғары оқу орындарында оқытпай, мықты мемлекетке айнала алмаймыз. Қазақ халқының кеңестік дәуірде тарихи танымы өзгеріске, тіпті дағдарысқа ұшырады. Ұлттық тарихты жасауды, ұлттық санамызды қалыптастыруды енді ғана қолға алдық. Ал, осындай кезде білім жүйесінде Отан тарихын қысқарту мемлекеттігімізге сын. Елі мен жерін сүйетін қазақстандық жастарды даярлаймыз десек, онда оқытуды жаңа сапалық дәрежеге көтеруіміз керек. Ол үшін ғалым мен оқытушы әдіскер бірлесе отырып әр жас деңгейіндегі балалардың ерекшеліктеріне сай оқулықтар жазуы қажет. Ұлттық тарихты халықтың игілігіне айналдыру өте маңызды. Ол үшін жаңа әдістерді қолдану қажет. Әсіресе тарихтың ақтаңдақтарын терең зерттеу қажеттігі байқалып отыр. Кез келген мемлекеттің негізгі тірегі және басты байлығы сол елді құраған халқы болып табылады. Ал сол халықтың алға қарай адымдап дамуында тарих ғылымының алар орны ерекше. Себебі, тарих халықтың өзін-өзі тануына жәрдемдесіп, ұлттық намыс, ел бірлігі және мемлекеттік мүдде деген ұғымдарды қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға үйретеді. Ұлттың шынайы тарихы ұлттық идеологияның қалыптасуының да негізгі қайнар көзін құрайды. Қазақстан Республикасындағы ұлттық тарихтың негізгі басым бағыттары: - Тәртіпаралық тарихи зерттеулерді дамыту (әлеуметтану, демография, география, саясат, философия, геоинформатика және т.б.); - Тарихи өңіртанудағы картографиялау әдістерін жетілдіру. Тарихшылардың қолына компьютер тиген кезден бастап картографиялау әдістері үлкен өзгерістерді бастан кешірді. 1995 жылы Президенттің тапсырмасымен жасалып, Президент жанындағы мем­лекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің мақұлдаған «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» өз қызметін атқарды. Бұл тұжырымдаманың басты міндеті – тарих ғылымының басты мәселелерін және оны шешудің мүмкін бағыттарын белгілеу, тарихи білім мен ағартушылыққа реформа жасау жолдарын қарастыру еді. Осы уақыт аралығында гуманитарлық сала ғалымдары аз жұмыс атқарған жоқ. Әсіресе, жаңа ғылыми-зерттеу тақырыптарына байланысты жобалар, «қазақ» этнониміне, қазақ халқы этногенезіне, қазақ мемлекеттілігінің қа­лыптасуына, көшпелі қоғам эволюциясына қатысты зерттеулер жүргізілді.Ежелгі және орта ғасырлар тарихына мамандардың жеткіліксіздігіне қарамастан көңіл бөлінді. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша араб, парсы, қытай, орыс және т.б. тілдеріндегі деректер жинақталды. Бірақ табылған деректер негізінде кешенді саралау мен зерделеу жұмыстары жүргізіл­ген жоқ. Қазақ тарихының тарихи кезең­де­рінің тұтастай объективті көрінісін ай­шықтау мен жұртшылыққа түсінікті қа­лыпқа түсіру жұмысы өз авторларын кү­туде. Уақыт талабы – заманауи тарихи са­наны жаңғыртуға қалың көпшіліктен бастап ғалымдарға дейінгі жұртшылық ат­салысуы қажет екендігін ескертуде. Сон­дықтан да бұл өмірлік мәні бар тапсырманы әрбір отаншыл қазақ пен қазақстандық менің болашағым үшін қажет дегенде ғана жүзеге асыра алады. Бұл мәселеде кәсіби тарихшыларға жауапты жүк артылып отыр. XX ғасырдың басында зиялылар тағдыр сынын қалай көтерсе, XXI ғасыр басында да жаһандық мәселелер ортасында қиын­дықты жеңіп шығатын, әлемдік тарихтағы Қазақ елінің орнын ойып көрсете алатын ойшыл ғалымдар ғана жаңа тарих сахнасынан көрінері хақ. Ал халық талай рет тарихтың толқынды дауылына шыдас беріп келеді. Үкімет басшысының атап өткен ұлттық тарихтағы шешілмей келген ауқымды міндеттерін шешуде ғылыми талдауларды жаңаша көзқараспен дүниеге әкелу үлкен жауапкершілікті талап етуде.Төл тарихын білмейтін ел жаһанданудың доңғалағына жаншылып қалады. Тарихты жетік білетін адам қашан да еңсесін тік ұстап жүреді. Ал еңсесі тік адам кез келген қиыншылықты жеңіп, көздеген мұрат-мақсатына жететіні анық. Бүгінде қазақтың қазақ болып қалуы тарихшыларға байланысты болып тұр. Біздер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихшыларға жасап отырған қамқорлығын барынша пайдаланып, мемлекетіміздің іргесін бекемдей түсуіміз керек. Осы ретте жас тарихшылар өздеріне зор жауапкершілік артылғанын түсінуі тиіс. Жастар ұлттық тарихты ұлықтауда тынбай ізденіс жасауымыз керек. Өз басым айына бір мақала жазбайтын ғалым тарих ғылымына үлес қосады деп айта алмаймын. Мемлекет тарихшыларға Отан тарихы методологиясының қазығын мықтап тұрып қағуды тапсырды. Алдағы уақытта біздер осы үлкен сенімнің үдесінен шыға білуіміз керек, – деген Х.Әбжанов тарихқа өмірін арнаған азаматтардың адами өмір тәжірибесі болуы керектігін де атап өтті. Яғни, білікті тарихшы үлгілі әке, өнегелі ана ретінде де айналасына шарапатын тигізуі шарт. Ғалымның «тарихшы өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезінуі тиіс» деген ойы жастардың көкейіне қона кеткені анық. Сондай-ақ, аға буын атынан сөз алған ғалым жастарға бір ғана тақырыптың аясында қалмай, ой-өрісін кеңірек ұстаудың маңызы зор екенін де ескертті. Қазіргі таңда тарихи өлкетануда мынадай ғаламдық проблемалар бар: - Әлемдік-тарихи процесс контекстіндегі өңір тарихы: өңірді игеру және қалыптастыру тарихы, оның әлемдік тарихтағы рөлі; - Халықтардың этникалық құрамы және өңірдегі діни өмірдің ерекшеліктері; - Мемлекеттік және аумақтық құрылым: жалпы қауымның әкімшілік-аумақтық бөлінісіндегі өңірлік жерлер; - Аумақтық басқару органдарының жүйесі, өңір мен орталықтың өзара қарым-қатынас жасау сипаттары (тік қарым-қатынастар, өңірді дамытудағы орталықтың рөлі); - өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жүйе – шаруашылықтың үлгісі мен принципиалды ерекшеліктері; - өндірістің аумақтық орналасуын сипаттайтын өңірлердің экономикалық-географиялық жағдайы; - Шекаралас өңірлердегі өңірлік және геосаяси проблемалар; - Өңірді дамытуды оңтайландыру мақсатында тарихи-өңірлік зерттеушілердің халықаралық ынтымақтастығы мен үйлесімі; - Тарихи оқиғаларды өңіртанулық оқшаулау; - Жаңа жерге орналастыру проблемалары және аумақты шаруашылықты игеру, коммуникация тарихы; - Тарихи геоэкология; - Өңірлік тарихи-географиялық зерттеулер; - Туризмді дамыту үшін тарихи-өңірлік зерттеулер және т.б. болып табылады. Тарихи өңіртану жөніндегі зерттеулердің болашақтағы мақсаты, яғни, тарихи зерттеулерді тәжірибеде іске асыру атластар, анықтамалықтар, энциклопедиялар және карталар жасау болып табылуы мүмкін. Осылайша қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын дамытудың негізгі тұжырымдамасы Қазақстанның геосаяси мүддесіне сәйкес келуі тиіс және зерттелетін тарихи объектілер туралы ақпараттардың дұрыстылығы мен толықтылығын қамтамасыз ететін, базалық принциптерді сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді жобалаудың қазіргі заманғы технологияларына сүйенеді.

Источник: http://e-history.kz/kz/expert/view/38

© e-history.kz

Қазақстанның Мәдени мұра жобасы

Бұл бетте кейбір сұрақтар бар

Қазақстанның мәдени мұрасы Өңдеу

Еліміздің мәдени мұрасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.

Мемлекеттік рухани бағдарлама Өңдеу

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың инициативасы бойынша әзірленді.Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.

Бағдарламаның мақсаты Өңдеу

Облыс кітапханаларында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар атқару арқылы насихаттау: - «Мәдени мұра» қорын қалыптастыру; - Мәдени – әдеби мұраларды сақтау және оны насихаттау; - Сирек кездесетін және құнды әдебиеттерді насихаттау; - Заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін дамыту; - Тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттерді насихаттау; - Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену; - Жастарды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу;

Қазақстанның «Мәдени мұра» бағдарламасының ерекшеліктері Өңдеу

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.

«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: - ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; - археологиялық зерттеулер; - қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар; - ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]