- •Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918).
- •12) Ұлттық мемлекет құру жолындағы қазақ интеллегенциясының қызметі. «Алаш» Қозғалысы және Екінші бүкілқазақ сьезі.
- •Алаш қайраткерлері[өңдеу]
- •13) 1918-1920 Жж. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан . Саяси күштердің қарсыласуы: ”қызылдар ” мен “ақтар”
- •22) Сталиндік казармалық социализм
- •23) Хх ғ 30-50жж. Ұлттық зиялы қауым өкілдеріне қарсы репрессиялар.
- •24) Мәдени революцияның мақсаты
- •25)Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы[өңдеу]
- •41) 1986 Ж Желтоқсан оқиғасы.
- •42)Невада-Семей қозғалысы
- •43) Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы 1917-1991
- •44) Президенттік институт – қазақстандық дамудың кепілі
- •51. 1995 Жылы 30 тамыздағы қр Конституциясы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының негіздері.
- •53. Егеменді Қазақстанның мемлекеттік шекараларын делимитациялау және демаркациялау Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.
- •54. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі. Қр-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •55. Қазіргі Қазақстанның халықаралық жағдайы. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы қызметі. Манифест. «Әлем. Ххі ғасыр».
- •56. Қазақстандағы қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар.
- •57) Қазақстан 2030
- •61)Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы
- •71) Қазіргі таңдағы мемлекеттік жастар саясатының жай-күйі
- •72) Қазақстан 2050
- •74)Қазақ хандығының өркениеттік негіздері
- •75)«Мəңгілік ел» идеясының тарихи дүниетанымдық негізі
61)Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.
1-нші құрылтай Өңдеу
1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
фҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:
Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.
Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.
Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.
Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай
2-нші құрылтай
2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.
3-нші құрылтай
2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.
Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мә
Нұрлы көш
«Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама.
Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.
Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.
Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.
Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шекараға іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға көңіл бөлінбек.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді
Билет номер №63
Мемлекеттік білім беру мекемелерін немесе олардың жекелеген сатыларын бітірген адамдарға білім беру министірлігі белгілеген үлгіден олардың білім алғандығын куәландыратын құжат беріледі. Мемлекеттік емес білім беру мекемелерін бітірген адамдарға мұндай құжат осы мекемелер берген білім мемлекеттік стандартқа сай болған жағдайда беріледі. Білім беру мекемелерін бітіргені туралы құжаттарды (атестаттар, дипломдар және басқалар) нострификациялау және білім беру министірлігі белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиленушілерді басқарушы болып есеп беретін педагог – тәрбиелешілер оларға жетекшілік етеді, ал, тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан, да басшының, тәрбиешінің мұғалімнің моралдық, әдептілік кейпіне жоғарғы талапты қолдайды.
Қазақстанда білім беру жүйесінде белсенді қайта құрулар жүріп жатыр. ҚР –ң құрылымында 2007 жылы аспирантура мен докторантура алынып, оның орнына магистратура, PhD докторантура. 2010 жылы ҚР –ң Мемлекеттік бағдарламасына қайтадан өзгертулер кірді. ҚР-ң егемендік алғаннан бері жоғары білім беру жүйесінің стратегиялық бағыттары айқындалды.
Ғалым З.А.Исаева ҚР- ң жоғары білім беру жүйесінің қайта құру процестерін төрт дейгейге бөліп қарастырады:
Бірінші бөлімі- (1991-1994жж) Жоғары білім берудің нормативтік құқықтық базасының құрылуы.
Екінші этап- (1995-1998жж). Жоғары білім берудің модернизациясы, мазмұнының жаңаруы;
Үшінші-(1999-2000жж) білім беру жүйесін ұйымдастырудың академиялық еркіндігінің кеңеюі, қаржыландыру мәселелері.
Төртінші этап (2001 ж ...) білім беру жүйесінің стратегиялық даму бағыты. ҚР –ң білім беру жүйесінің құқықтық базасы негізінен ҚР –Конституциясы, «Білім заңы», және басқа да құқықтық заң актілері. ҚР-ң Конститутциясының 30-шы бабына сәйкес Қазақстан азаматтары міндетті орта білім және жоғары білім алуға құқылы.
ҚР-ң білім заңының реформасына сәйкес үш деңгейлік өзгерісін қарастыруға болады:
1982ж. ҚР «Білім заңы» 1999ж ҚР «Білім заңы» 2007ж ҚР «Білім заңы»
1993ж ҚР-ң «Жоғары білім заңы »
Қазақстандағы білім беру жүйесінің артықшылық жақтары: мемлекеттік білім стандарттары мен Мамандықтардың Классификаторлары бар.
• 1990ж Қазақстанда бірінші білім стандарттары бекітілді, 310 жоғары кәсіби білім берудегі мамандықтарға арналған.
• 1996 ж ҚР-ң жаңа 342 мамандықтарға арналған Классификаторы бекітілді.
• 2001ж Халықаралық білім беру стандарттары бойынша жаңа Классификатор енгізілді, оның 283 арнайы мамандықтар үшін, 70 магистрлік және 46 бакалавр бағыттарын дайындауға арналған.
• Қазақстанда кредиттік жүйе бойынша оқыту белсенді жүргізілуде. Атап айту керек, барлық білім саласында жүргізіліп жатқан қайта құрулар, жаңа дамулар, мемлекеттік саясатқа және халықаралық тенденцияларға қайшы келмейді.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».
Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді
Билет номеры 64
Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы он жылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды.
Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштер — туу, өлiм-жiтiм, өмiр сүрудің орташа ұзақтығы тұрақтандыруға қол жеткiздi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр.
Дене тәрбиесі- тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.
Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл - әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі – ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Спорт - Ажырамас дене тәрбиесі бөлігі, сондай-ақ құралдар мен дене әдісі әр түрлі жарыстар ұйымдастыру мен өткізу білім беру жүйесі физикалық жаттығулар дайындау сыныптар. Тарихи анықтау арнайы сала ретінде бірыңғай жаттығу деңгейі жекелеген түрлерін адамдардың жетістіктерін салыстыруға олардың физикалық дамуы. Спорт кеңінен дұрыс қамтиды осы үшін арнайы оқытылған бәсекеге қабілетті қызмет, (спорт оқыту), бұл туындайтын нақты әлеуметтік қарым-қатынас іс-шаралар, оның әлеуметтік маңызы нәтижелері. Спорт Әлеуметтік мәні ол ең тиімді факторы болып табылады дене белсенділігін ынталандыру, адамгершілік ықпал етеді, рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Билет номеры 65
Ақпараттық саясат - қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды, ақпараттық жүйелерді немесе бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, барлық түрдегі - іскерлік, ғылыми-танымдық, хабарламалық және т.б. сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды. Ақпараттық саясатты бұлайша түсіндіру ақпарат индустриясының әрқилы секторларының арасындағы кедергілерді жоя отырып, қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникацияларды, компьютерлік технологияларды жаңалау үрдісіне, ақпараттарды цифрлау ісіне негізделіп отыр. Мемлекет өзінің экономикалық, әлеуметтік-саяси, ұлттық мүдделеріне сәйкес Ақпараттық саясат ұстанады. Мемлекет тарихындағы түбірлі реформалық өзгерістерге орай дұрыс таңдап алған Ақпараттық саясат қоғамның мүдделі мұраттарына жол бастап, өзіндік материалдық-рухани құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге қызмет етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдары төртінші билік болып табылады.Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық.Себебі,бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз,яғни сөз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.Демек,тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерделеуге тиіспіз.Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты –елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.Сөзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының халық пен үкіметтің арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі өзара құбылмалық жөнінде халықты хабар етеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізінде болып өткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі тәжірибелі түсінік алынады. Және де бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі,төртінші билік-бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір туғызып,қалыптастыратын ықпалы бар,халық пен билік арасындағы ерекше байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік институтқа тән зор күші бар құрал болып табылады.Мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен ақпараттық саланың іргесін мығымдап алғаны дұрыс. ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, жекелеген ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті. Солардың бәрінде ең әуелі белгілі ақпарат көзі арқылы жалпыға таратылатын ойдың еркіндігі жайлы қазып айтылады.
Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ақпарат құралдары бостандығының кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарың құруда болған қиындықтарға тоқталсам:қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытты БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісі -жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы. Екінші кезең - ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы. Үшінші кезең – еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін көтерудің мүмкін жолдарының бәрін қарастырды. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік туды. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келді.
Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Соған орай Елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен 1999 жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осы заңдардың қай - қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек.
Жетістігің бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалауларып айтсаң да жарасады.
Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты. Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді: 1. Ақпарат саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру.
2. Отандық және мемлекеттікбұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін дамыту.3.Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту. Сандық теледидарды енгізу.
Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ-тың
одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етті.
Билет номер№66
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.Астана қаласының Бас жоспары Толық мақаласы: Астана қаласының Бас жоспарыАстана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.Табиғаты және табиғи қоры
Жалпы мәлімет
Бүгінгі заман қаласы-өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық - географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын , әлеуметтік - экономикалық күрделі жаратылыс. Антропоэкологиялық тұрғыдан алғанда - ол, ең алдымен, адам өз қолымен жасаған ортада оның тығыз қауымдастығы. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы "қала" ұғымымен астатыс жатыр , алайда қалаға шоғырланған өркениет адам баласына тек игілік сыйлай бермейді. Техногенді қалалық орта адамның әлеуметтік басты сапасы- оның денсаулығына зор әсерін тигізеді. Қарқынды қала құрылысы , соған орай тұрғындар санының артуы жылу мен су қорына, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға деген сұранысты үдете түседі, осыдан келіп ауаны ластанудан тазарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып отырудың жүйелі жолын қарастыру мәселері туындайды. Табиғи ортаның басты көздері -су, ауа, жер атаулы, қалың көпірдің қолданысына түсіп, үлкен өзгеріске ұшырайды. Мұндағы басты мәселе , ауа мен су көзінің қашанда жаңарып , тазарып отыруы, табиғатты қоқысқа толтыратын қалдықтардың мөлшерін мүлде азайту ғана қала өмірін жақсартуға мүмкіндік әкеледі. Қаланың топырақ жамылғысы да ерекше күтімді қажет етеді.
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 8 сәуіріндегі №381 қаулысымен Астана қаласының болашақтағы дамуы ескеріліп, қала маңы аумағын қарқынды игеру жағдайына орай аумаққа Целиноград, Шортанды және Ақмола облысының Аршалы ауданы жерінің бір бөлігі және Вячеслав бөген іаймағы енгізілді.
Астана қаласының аумағ ыҚР Үкіметінің 2000 жылдың 8 тамызындағы №432 жарғысымен Промышленный , Железнодорожный, Көктал, Интернационал, Мичурин кенттері мен Күйгенжар, Пригородный, Тельман атындағ ыауылдардың және Цилиноград пен Шортанды аудандары жерінің бөлігін қосу есебінен ұлғайтылды.
Бүгінде Астана -71014 га (1998 ж. -25,8 мың га болған) аумақты алып жатқан ірі мегополис, соның ішінде Алматы ауданы- 46257 га; Сарыарқа ауданы 24757 га аумақты қамтиды. Тұрғынының саны 2007 ж. 574,4 мың адамнан асты.
Бүгінгі таңда Астана - мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, ол жаңаны кейіптейтін , Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, біздің тәуелсіз республикамыздың нышаны. Статистикалық деректер бойынша Астананың аймақтық жалп ыөнімі (АЖӨ) 2007 ж. 830,7 млрд теңгені құрады. Елдің жалпы ішкі өнімінің 10% Астана қаласының үлесіне тиесілі.
Билет номер№67
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Отбасы және балалық шағыНұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
Қызмет жолы1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]
2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[2]
2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[3]
Егемендік. Президент
Билет номер№68
Ғылыми еңбектері Кітаптары
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
«Тарих толқынында» (А., 1997),
«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),
«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
«Сындарлы он жыл» (А., 2002),
«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
«Қазақстан жолы» (А., 2012).
«Тәуелсіздік белестері» (А., 2012).
«Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» (А., 2012).
Тарих толқынында
Қоғамдағы болып жатқан терең өзгерістерге байланысты бізді қайтадан тарихқа үңіліп, сол уақыттан бүгінгі күннің мәселесінен шығу жолын іздеп және болашаққа сабақ алуға итермелейді. Либералдық-демократиялық идеялар қоғамдық-саяси өмірде елеулі орынға ие болып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда тарихтағы отандық либерализмге және парламентаризмге деген қызығушылық өте жоғары. Қазақ халқының демократия идеясының, либерализмнің айнасы ретінде Қазақстанда ұлттық саяси элитасын һәм зиялы қауымды танимыз. Бірақ тағдырдың қаталдығына байланысты бұл адамдар өз елінің азат болу және бақытты өмір сүру қалауы, тілегі немесе үміті үзіліп қалды. «Халық жауы» деп айыпталып 70 жылға тарих қойнауына кетті.
Еліміз алдымен егемендігін жариялап,одан кейін тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрынғы идеялық шырмаулардан толықтай арылғаннан соң тарихымыздың «ақтандақ беттерін» қайтадан қарастыру мүмкіндігі туды. Бұл мәселені зерттеу біздің ойымызша өзіне белгілі бір жүелікті және жан-жақтылықты талап етеді.
Ресей монархиясы ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап елде орын алған үздіксіз саяси дағдарыстың нәтижесінде құлады. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүенің жоғары сатысы- республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызып, ұлттық езгінің күш-қуатын әлсіретуге мүмкіндіктер берді. Осы кезде жаңа бір билік жүйесі қалыптасып келе жатқанын сезінді. Билік басына бірінен соң бірі ауысып, түрлі ұйымдар ашылып жатты. Әр біруі өзіндік даму жолын ұсынды. Күрделі саяси жағдайда немесе саяси орманда адасып қалмау басты міндетке айналды. Осындай арпалыс уақытында саяси күрес аренасына шыққан зиялы топтардың іс-әрекеттеріне тоқталуды жөн көрдік, өйткені олардың жасаған жұмыстарына қарап сол кездің толық тарихи суретін жасауға мүмкіндік бар. Әрине зиялы қауып болып аталуына белгілі себептер бар; көкірегі ояу, көзі ашық, жоғары-орта білімдері бар, саяси көз-қарастары қалыптасқан азаматтар болды. Бұл төңіректе Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында келесідей көрсетеді: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясые жасау міндетін өз мойынына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақттар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал. Ол тұста ой еңбегімен кәнігі түрде шұғылдану атадан балаға жұғысты болып отырған.
Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Әлихан Бөкейханов (оқымысты-ғалым, Ресей Конституциялық демокатиялық партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, І және ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты), Ахмет Байтұрсынов ( ақын, аудармашы, лингвист, «Қазақ» газетінің редакторы), Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Бахытжан Қаратаев, Халел және Жанша Досмухамедовтер және басқалары – негізінен Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері»[1. 156 б.].Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған[1. 157 б.].Басқа сөзбен айтқанда қазақтың тұңғыш интелегенттері сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына жауап беруге тырысты. Ә.Бөкейхановтың төңірегіне жиналған азаматтар патша үкіметіне оппазицияда болған кадеттерді үлгі тұтқан. Бұл екі топтың саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық көз қарастары бастапқы уақытта бір-біріне сәйкес келіп отырды.Сонымен 1917 жылғы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде ұлттың өзі-өзі билеу проблемасын шешу мәселесін қоюға, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндіктер туды. Бірден қазақ зиялылары Уақытша Үкіметімен тығыз байланыс жасап, сол арқылы түп мақсаттарын жүзеге асырмақшы болды. Бұл үкіметке тиген сенімдерінің негізінде, оның демократиялық бағытта жасаған қадамдары болды. Мәселен, сөз бостандығы саяси партиялар құру, бапасөз бостандығы, халықтың өз еркін білдіру құқұқтары т.с.с.[2. 25 б.]. Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының әр түрлі дәрежедегі басқару жүйесінің чиновниктері болып Ғалиасқар Қуанышев, Балға Құрметов, Біләл Молдыбаев, Айдархан Тұрлыбаев, Мұхтар Саматов және басқалары тағайындалды. Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқайұлы қазақ халғқының либералдық-демократиялық оптарының өкілдері ретінде танылды.[3. 89 б.]. Айта кететін бір жәйт, дәл осы үш қайраткер Ақпан революциясы жеңіске жетісімен қазақ интелегенциясы өкілдерінен кімдерді, қай орындарға тағайындауды ұсынып отырды.1917 жылғы 7 сәуірде кадет Н.Щепкин басқарған Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. Оның құрамына басқалармен бірге Ә.Бөкейханов пен Мұхаметжан Тынышбаев енді. Көп кешікпей Ә.Бөкейханов Торғай облысындағы, ал халықшыл О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу облысындағы Уақытша Үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Ал М.Шоқаев, А.Бірімжанов, А.Кенесарин сияқты қазақ зиялылары Түркістан мен Қазақстандағы Уқытша Үкіметтің органдарында жауапты қызметтерге ие болды[4]. Ә.Бөкейханов өзі басқарған Торғай өңірінде Уақытша Үкіметтің шығарған заңдарының орындалуын талап етті. М.Тыншбаев пен Мұстафа Шоқайұлы бүкіл Түркістан өлкесіндегі барлық басқару жүйесінің жұмысын жолға қойып, оны үйлестіру ісімен тікелей шұғылданды[4]. Барлық жұмыстар бір сарынды, ешбір кедергісіз өтті деп айтсақ қателесерміз. Өйткені жергілікті болыстар мен ауылнайлар орнығып алған жағдайдан айырылғысы келмеді (бұл заңды құбылыс), сол себепті қалыптасып келе жатқан жаңа билік жүйесіне өздерінің қарсылықтарын білдірді. Соған қарамастан Уақытша Үкіметтің әкімшілік органдары 1917 жылдың көктем мен жаз айларында қалыптасу фазасынан өтіп, қалыпты жұмысын жасау жалғастырды. Қазақстанда Уақытша үкіметтің әкімшілік-мемлекеттік құрылымдары және алғашқы ұлттық қоғамдық-саяси ұйым қазақ комитеттері құрыла бастады. Қазақ комитеттерінің құрылуы қазақ қоғамындағы үлкен жаңалық болды. Аталған үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі болған. Түпкі мақсаты – ұлттық мақстат-мүддені қорғайтын, автономиялық мемлекеттік құрылымға жету жолында қазақ халқының ұлттық ұйымы ретінде қарастыру еді[2. 23 б.]. Бұл комитет болашақ Алаш қозғалысының қайраткерлерінің, соның ішінде тікелей ұсыныс жасаған, ұлттық интелегенциясының көпшілік тыныған жетекшісі Ә.Бөкейханов және қазақ қоғамының белсенді азаматтарының бірлескен еңбектерінің нәтижесінде құрылған. Қазақ комитеттері 1917 жылдың наурыз айының екінші жартысынан бастап облыстық, уездік және болыстық деңгейде құрыла бастады. Қазақ комитеттері барлық дерлік аймақтарында құрылған[5]. Қазақ комитеттерінің пайда болуын ғалым М.Қойгелдиев орынды түсіндіреді: «...Қазақ комитеттері ұлт-азаттық қозғалыстың ақпан революциясынан кейінгі кезеңдегі даму нәтижесі, оның өзінің түпкі, негізгі мақсаты- мемлекеттік еркіндікке ұмтылысының табиғи көрінісі, ұлттық мемлекет болуға жасалған алғашқы қадамдары.»[6. 219 б.] Түртіп, айта кетсек, барлық облыстарда Қазақ комитеттері жоғарыдан төмен қарай құрыла бастайды. Құрылу процесін туралы хабарларды «Қазақ» газеті таратты. 1917 ж. 17 наурызда Орал қаласында облыстық комитет құрылды. Алғашқы төрағасы Ғ.Әлібеков болды. Мүшелері ретінде Д.Көсемғалиев пен Б.Қаратаевтар аталды[2. 24 б.]. Сол секілді Семей облыстық Қазақ комитеті 7 наурызда өлкеде қалыптасқан саяси хал-ахуалға байланысты шұғыл түрде құрылды. Комитеттің төрағасына Р.Мәрсеков, төраға серіктері болып Х.Ғабасов пен И.Тарабаев, қазынашылыққа Ә.Молдабаев және хатшылыққа Ә.Ермеков тұрды.[2. 24 б]. Бұдан басқа Ақмола облыстық Қазақ комитеті (төрағасы алғашқы да Е.Итбаев, кейін А.Тұрлыбаев), Жетісу облыстық Қазақ комитеті (төрағасы И.Жайнақов), Сырдария облыстық Қазақ комитеті (төрағасы Ә.Көтібаров). 1917 жылдың көктем айынан бастап Қазақ комитеттері араласпаған істер болмады десек артық айтпаймыз. Бұл жағдай, саналы түрде саяси элита қалыптасып, нақты іс-шараларға көшкенін аңғартады.
Жаңа билік жүйесін жергілікте жерлерде орындау, оның даму перспективаларымен таныстыру тағы да, қазақ зиялы қауымының мойынына түсті. Ең басты іс-шара съездер ұйымдастыру. Ә.Бөкейхановтың тікелей бастамасымен 1917 жылғы көктемде шақырылған ауылдық, селолық, болыстық және уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің съезі Торғай облысындағы аса маңызды оқиға болды. Съезд аяқталғаннан кейін ауылдық азаматтық комитеттерді құру ісіне жетекшілік жасау үшін облыстық басқарма құрған комиссия Ә.Бөкейхановпен келісе отырып Ахмет Қадырғалиевты белгіледі[3. 91 б.]. Сонымен қатар, Оралда, Орынборда, Ақтөбеде, Ташкентте өткен өазақ съездерінде аграрлық және ұлттық мәселелер баса назар аударылса, А.Тұрлыбаев, Е.Итбаев және М.Дулатовтың басшылығымен Омбыда өткен қазақ ұйымдарының облыстық съезінде оқу-ағарту, қаражат (финанс), дін, әйелдер теңдігі мен земство қызметі жөніндегі кеңінен талқыланды. Ж.Ақпаев, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов жетекшілік еткен Семей облыстық қазақ съезінде әлеуметтік-саяси мәселелер сөзге тиек етілді[3. 92 б.]. Аталған съездер қабылдаған қаралардың барлығында дерлік Уақытша Үкіметке сенім білдіріп, оның «соғысты толық жеңіске жеткенше» жүргізу жөнінде саясаты қолдау тапты. Ерекше аталып, қарастырған мәселелер ауқымды болған съезд- Орынбор қаласында 1917 сәуірдің 2-8 аралығында өткен съезд. Бұл съезді дайындап, оны басқаруға сол жылғы шілдеде құрылған «Алаш» партиясының жетекшілерінің бірі болған Ахмет Байтұрсынов белсенді түрде араласты; съездің жұмысы А.Байтұрсынов, Сейітәзім Қадырбаев, Уәлихан Танашев, Омар Алмасов сияқты Алашорда қозғалысының белсенді қайраткерлерінің ықпалымен өтті және онда келешектегі «Алаш» партиясының кейбір бағдарнамалық тұжырымдары оған қатынасушылардың талқысына түсті, бұл біріншіден. Екіншіден, бұл съезд қабылдаған қарарлардың бір ған Торғай облысына қатысты болған жоқ, олар бүкіл Қазақстандық мәнге ие болды. Съезге жалпы алғанда 300-ден астам адам қатысты[3. 93 б.]. Сондықтан да Торғай оьлыстық қазақтар съезі қабылдаған қарарлар басқа өңірлеріндегі осындай бас қосулар үшін белгілі дәрежеде үлгі болды.
Халықты тыныштандырып, белгілі бір саяси тұрақтылыққа жұмыс істеген қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері 1917 жылдың жазына қарай Уақытша Үкіметке деген сенімі әлсіреді Өйткені сайып келгенде Уақытша Үкімет Қазақстандағы жүргізген әлеуметтік-саяси мәселелер шешу саясаты, патша үкіметі кезіндегі саясатымен пара-пар болды.Мысал келтіре кетсек, басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-территориялық автомия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтеру деген үмітті Уақыттша Үкімет аяқ асты етті[3. 115 б.].Осы жағдайды ұлт элитасы дер кезінде түсініп, жаңа әрекеттер жасауға көшті. Ә.Бөкейхановтың Кадет корпусына деген көз-қарасы күрт өзгеріп, партиядан шығып кетеді. Себептерін Ә.Бөкейханов өзі «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 23 желтоқсанындағы 256 нөмірінде жарияланған «Мен кадет партиясынын неге шықтым» атты мақаласында көрсетеді. Нәтижесінде, Бірінші Бүкілқазақтық съезді ұйымдастырып, оны 1917 жылы 26 шілдеде Орынбор қаласында өткізді. Халел Досмұхамбетовтың төрағалымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Әлмұхамбет Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен съезде 14 мәселе қарастырылды[4]. Осы мәселелердің ішінен ең маңызды деп ұлттық автономия, жер, құрылтай съезіне дайындық және қазақтың саяси партиясын құры деп санады. Сонымен толық элитамыз қалыптасып тәуелсіздік жолына түсіп, азаттық үшін күресін бастады. Тарих беттерінде Алаш арыстары деп аталып, Алаш һәм Алаш орда қозғалысын құрды. Өзгермелі қоғамдық-саяси өмірде Алашорда қайраткерлері саяси тарих сахнасына бірінен соң бірі көтерілген Сібір облыстық советі(Сібір автономиясы, желтоқсан 1917 ж.-қаңтар 1918ж.), Самара құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті (колуч, маучым-тамыз 1918 ж.), Уфа дерикториясы (қыркүйек-қараша 1918 ж.), Колчак үкіметі(қараша 1918 ж.-желтоқсан 1919 ж.), Кеңес үкіметі(наурыз-сәуір 1918 ж. және 1919 ж.- наурыз 1920) сияқты ресейлік саяси күштермен байланыстарында Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін ресми мойындатуға алдыңғы кезектегі міндет етіп қойды.Осы кезде қазақ зиялылары басқа да партиялар мен ұйымдарға бірігіп жатты. 1917 ж. қараша айында Омбыда «Үш жүз» атты социалистік партия ашылды. Сонымен қатар жалпы жергілікті жерде мәдени ағарту жұмыстарымен (сауық кештерін қою, жазба газет шығару, т.с.) айналысқан ұйымдарды атап кетсек: Омбыда «Бірлік», Қызылжарда «Талап», Ақтөбеде «Жас тілек», Павлодарда «Ғылым», Орынборда «Еркін дала» тағы басқа.Уақыт призмасынан қарасақ шынында да ақпан революциясы Ресей империясының құрамында болған қазақтар, титульды ұлтпен тең терезе принципін заңдастырды, олардың ресми үкімет органдарында қызмет қылуына мүмкіндіктер тудырды. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары динамикалық түрде дамыды бірақ, империялистік құрсаудан босанған Ресейлік саяси күштердің 1918-1919 жылдардағы қызметі алғашқы кезеңде демократиялық сипатта өрбігенмен бірте-бірте әскери-саяси сипаттағы диктатураға қарай бет бұрып кетуі ұлттық аймақтардағы, соның ішінде қазақ өлкесіндегі саяси күштердің ұлттық-демократиялық бағытты дамуына жасаған қызметтерің баянды етуге кедергі болды.Бүкіләлемдік саяси жүйеге өзгеріс әкелген осынау кезеңде зиялы қауым халқының болашағы үшін қарулы күрес жолында да батыл қадамдарымен көзге түсті. Елі мен жері үшін күрескен қиын саяси жағдайда таңдаған жолынан тайынбай өзіндік тән қасиеті отаншылдық рухы бар – зиялы қауымын Қазақ елінің жауы мен досы мойындағаг. Бір сөзбен айтқанда, тарих беттерінде шыңдалып, елеулі орынға ие болғанына көзіміз жетіп отырНұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
Тарих толқынында
Қоғамдағы болып жатқан терең өзгерістерге байланысты бізді қайтадан тарихқа үңіліп, сол уақыттан бүгінгі күннің мәселесінен шығу жолын іздеп және болашаққа сабақ алуға итермелейді. Либералдық-демократиялық идеялар қоғамдық-саяси өмірде елеулі орынға ие болып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда тарихтағы отандық либерализмге және парламентаризмге деген қызығушылық өте жоғары. Қазақ халқының демократия идеясының, либерализмнің айнасы ретінде Қазақстанда ұлттық саяси элитасын һәм зиялы қауымды танимыз. Бірақ тағдырдың қаталдығына байланысты бұл адамдар өз елінің азат болу және бақытты өмір сүру қалауы, тілегі немесе үміті үзіліп қалды. «Халық жауы» деп айыпталып 70 жылға тарих қойнауына кетті.
Қазақстан жолы
Басты бет Тұңғыш Президент Еңбектері Н.Ә. Назарбаев Қазақстан жолы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан жолы 17.11.2016 Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.
69)Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Ассамблеяның негізгі міндеттері
этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
Ассамблеяның парламенттік өкілдігі
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық бастамашылық құқығын жиі пайдаланады. Этносаралық қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң жобалары депутаттардың тиісті сараптауынан өтеді.
Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болады. Доктринаны жүзеге асыру Қазақстанның жедел дамуы үшін, әрқайсымыздың лайықты өмір сүруіміз үшін елдің адами, интеллектуалдық әлеуетін жандандыру мен жұмылдыруға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқығы мен бостандығын сақтау және қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйыстыру үдерісінің басты құралы болмақ. Ұлт бірлігін қамтамасыз ету - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құрудың маңызды шарты. Мемлекеттің экономикалық өсуі, әлеуметтік ілгерілеуі, демократиялық дамуы қоғам бірлігі ұйысқан және сақталған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Бұл міндетті шешу үшін тәуелсіз, егемен, барлық әлем мойындаған мемлекет ретінде Қазақстанда саяси ерік және қажетті экономикалық, әлеуметтік ресурстың бәрі бар. Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту, мүмкіндіктер теңдігін және азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау, интеллектуалды ұлт құру және ұлттық рухты дамыту - біздің ұлттық бірлігіміздің басты ұстанымы әрі әрбіріміздің өмірлік қағидаттарымыз болуы шарт. Осының бәрі алдымыздағы жылдарда еліміздің қарқынды дамуының негізін қалайды.
70) Дін қоғамның ажырамас бір бөлігі болып табылады. Сондықтан тарихтағы дінге қарсы күресуге жасалынған мүмкіндіктердің барлығы сәтсіз аяқталды деп айтсақ болады. Салыстырмалы түрде жақын арада біздің елде қоғамдық жүйе шеңберінде дінге орын жоқ деген пікір қалыптасты. Барлығына белгілі марксизм дінге қарсы болды.Осыған байланысты саясат пен діннің өзара байланысы, оны зерттеу мәселелері ғылыми сараптаманың пәні болмады. Қазіргі күннің өзінде мемлекеттік билік пен діни институттар арасындағы қатынастар аясындағы ішкі заңдылықтарды анықтауға бағытталған зерттеулер аз болып отыр.Ең алдымен, мемлекеттегі діни жағдайдың жалпы бейнесін алып қарастырайық. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасы елдің экономикалық дамуындағы емес, сонымен қатар, азаматтардың діни-мәдени өміріндегі басымдықтарды күрделі өзгертті. Президент Н. Назарбаев конфессионалдық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатта ойланған бағытты таңдап алды. Тәуелсіздік жылдарында қоғамдық қарым-қатынастар мемлекеттің этникалық және конфессионалдық салаларындағы саясатпен нығайтылды. Өз кезегінде ол қоғамдық сананың радикализмге қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастырды. Либералды заңдар, діни толеранттылық және плюрализм осы саясаттың негізі болып табылады. Мемлекеттің конституциясында елдің зайырлы екендігі, азаматтардың ар-ождан бостандығы құқықтарына кепілдік, қандай да бір дінге қатысты протекционизмнің болмауы, конфессияларға байланысты толерантты қатынастар бекітілген.Конституцияның бірінші бабына сәйкес Қазақстан демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылады. Ар-ождан бостандығы конституциямен мойындалған адам құқықтарының ең маңызыдларының бірі.Қазіргі таңда мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың үлгілері көп емес. Олардың ішіндегі ең танымалдарын атап өтетін болсақ, оларға келесілері жатады:Біріншіден, елдегі барлық конфессиялардың теңдігі үлгісі. Мән берілуі керек мәселе ол конфессиялардың заңды және іс жүзіндегі теңдігі.Екіншіден, оның негізіне бір діннің мемлекеттік болып танылуы салынған үлгі. Мемлекеттік болып танылған дін елдегі басқа да діндердің алдында артықшылықтарға ие болады. Артықшылықтар заң жүзінде және де-факто болуы мүмкін. Бұл үлгінің басқа да нұсқалары бар: мемлекеттік дін ресми мемлекеттік болып танылуы мүмкін, сондай-ақ, қарапайым мемлекетітк мәртебеге ие бола алады.Үшіншіден, мемлекет бір немесе екі ресми дінге бағдар ұстайтын мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастардың үлгісі құрылады. Мысалы, Германияда мемлекеттік қолдауға, дін қызметшілеріне қаржылай көмек беруге және т.с.с. байланысты басқалардан жоғары деңгейде екі конфессия тұрады – католицизм және протестантизм.Төртіншіден, мемлекет барлығына (немесе конфессиялардың көпшілігіне) тең заңдық мәртебе береді, бірақ салықтық жеңілдіктер діни бірлестіктердің барлығына бірдей көрсетілмей, тек мемлекеттік тіркеуден өткен және заңды тұлға мәртебесіне ие болғандарға беріледі.Бесіншіден, шаруашылық және білім беру қызметтерінің құқықтары мәртебесі тек өмір сүру ұзақтығымен және елдің тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесімен мақұлданған конфессияларға рұқсат берілетін үлгіні айтуға болады.Мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың әр түрлі үлгілері бірден пайда болмады. Олар мемлекет пен діни қауымдар арасындағы ұзақ уақыт бойғы өзара қатынастардың дамуының нәтижесі болды. Қазіргі таңда осы үлгілер кеңінен таралған, бірақ жоғарыда көрсетілгендері ең жиі кездесетіндері.
Соңғы кездері елде орын алған қауіп-қатерлерге қатысты мемлекеттік органдар тарапынан бірнеше қадамдар жасалды. Оның қатарына дін істері агентттігінің құрылуын жатқызуға болады. Осы агенттік енді тікелей діни мәселелермен айналасатын болады. Оның ең алғашқы қолға алған қадамдарының бірі діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізу болды. Осы арқылы сенушілер саны өте аз немесе тіпті жұмыс істемейтін діни бірлестіктер тіркеуден өткізілмеді.2011 жылдың 1 қаңтарына мемлекетте 4551 діни бірлестік жұмыс жасаған болатын. 2012 жылдың 25 қазанында аяқталған қайта тіркеуден кейін олардың саны 3088-ге дейін қысқарды. Агенттік төрағасы Кайрат Лама Шарифтің айтуынша, қысқару негізінен жаңа занда көрсетілген сенушілер санының талаптарын орындай алмаған діни бірлестіктердің жұмыстарын тоқтатумен байланысты. Осының алдында жұмыс жасаған кейбір діни бірлестіктер құжаттарға байланысты діни сараптамада жағымсыз қорытынды алды. Қайта тіркеу діни бірлестіктердің діни нанымдарын анықтауға мүмкіндік берді. Осыған дейін елде 46 конфессия болса, енді оның саны 17-ге дейін кеміді. Агенттік төрағасының пайымдауынша, «Мемлекет пен қоғамның діни бірлестіктердің жұмыстарына жоғары талаптар қоюға құқығы бар екендігіне сенімдімін. Олардың бірқатарының қаржылық ашықтығы күмән тудырады. Заңға сәйкес барлық діни бірлестіктер бейкоммерциялық ұйымдар болып табылады. Сондықтан олардың табыс құрылымдары, мүліктің көлемі мен құрамы, шығындар, жұмысшылардың саны мен құрамы, жалақы мәселелері құпия бола алмайды». Сондай-ақ, Қазақстандағы экстремистік, деструктивтік ұйымдардың жұмысы қауіп төндіруде. Олардың арбауларына ілігіп жатқан негізінен жастар болып отыр. Сондай топтардың жұмыстарына тосқауыл қою мемлекет алдындағы маңызды шаралардың бірі болып табылады [4].Қазақстан елдің ішіндегі конфессионалдық тұрақтылықты сақтау және нығайтумен қатар, әлемдік бейбітшілікті орнатуға деген өз үлесін қосып отыр. Оған осыған дейін төрт рет Астанада өткізілген дүниежүзілік дәстүрлі діндер басшыларының съезі мысал бола алады. Соңғы рет 2012 жылы өткен осы жиын көптеген әлемдік дінбасшыларының басын қосты. Әлемдегі мұсылман мен христиан қауымдары өкілдерінің көп жағдайда шиеленісті қарым-қатынастарда екендігін ескерсек, Қазақстандағы осы екі конфессияның тату өмір сүруі бүгінгі таңда мән берілуі тиіс мәселе.Қазіргі таңда конфессионалдық мәселелерді шешуде біздің мемлекет әлемдік қауымдастыққа өз ұсыныстарын жасай алады. Болашақта да тиімді жасалынып отырған саясаттың арқасында Қазақстан осы саладағы көшбасшылардың бірі болып қалу ықтималдығы көп.Қазіргі Қазақстандағы конфессиялық жағдайТәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасында қандай дінге және этномәдениетке қатыстылығына қарамастан, барлық қазақстандықтардың жалпы ұлттық бірлігі мен келісімінің ерекше формуласы қалыптасты.2015 жылғы 10 маусымда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V-ші Съезінің ашылуында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ширек ғасырға жуық тәуелсіздігімізде Қазақстанның рухани қайта өрлеу дәуірін бастан өткергендігіне дінбасылар мен саяси қайраткерлердің назарын аударды.2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 3601 діни бірлестіктер тіркелген және діни бағыттағы 70-тен астам бұқаралық ақпарат құралдар басылып шығарылады (5 басылым БАҚ-тарда, 63-і интернет-ресурстарда, 4-і діни телеарналарда).Елімізде 505 миссионерлер қызмет етеді, олардың 413 шетелдік миссионерлер.Қазақстан Президенті: «Елімізде жұмыс істейтін барлық діндердің паствалары – бір үлкен қазақстандық отбасының мүшелері. Біздің бәріміз бірлесіп, дүрдараздық пен ұрыс-керіске жол бермейтін жаңа ел құрудамыз», – деп атап өтті.Елбасы V Съезге қатысушыларға бүгіндегі қауіпсіздік пен дамудың жаңа парадигмасын қалыптастыру үшін кең көлемді үнқатысуды жолға қоюдың маңызы зор екендігін атап айтты.ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «оның негізінде тең құқылық, өзара құрмет, бір-бірінің мүдделерін мойындау, ынтымақтастық, толеранттылық және өзара түсіністік қағидаттары болуы тиіс. ХХІ ғасырда барлық салалардағы – саяси, экономикалық, мәдени, рухани салалардағы үнқатысуға балама жоқ.Бүгінде адамзат үлкен материалдық, ғылыми-техникалық және интеллектуалдық мүмкіндіктерге ие. Егер адамдар бір-бірімен бейбітшілік пен рухани келісімде өмір сүріп үйренбесе, ешқандай прогресс болмайды» - деп, атап өтті.Қазақстан халқы – өзінің даналығының арқасында тату. Барлық конфессиялардың арасындағы достық пен өзара түсіністіктің, келісім мен бірліктің, толеранттылықтың арқасында біздің халқымыздың даңқы мен күші – мәңгілік.Бұл – біздің еліміз де қатарына қосылуға ұмтылатын дамыған алдыңғы 30 елдің ең жоғары құндылықтары. Біз осы ізгі мақсат үшін «Қазақстан-2050» стратегиялық жобасын жүзеге асырудамыз және бес институционалдық реформаларды іске асыруға кірістік.Біздің Қазақстанды жаңартуға байланысты Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» этникалық және діни айырмашылықтарына қарамастан, барлық қазақстандықтардың жарқын өмір сүруіне бағытталған.Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасында қоғам тарихи және мәдени тұрғыда екі дәстүрлі дінге негізделгендігін ерекше өзектендіру қажет және олар: сунниттік ислам (Ханафи мазхабы) және православиелік христиан діні.Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы – ғибадат ететін мешіттерінің саны жағынан ең басым діни бірлестік (2507).Аталған мешіттердің жамағаты болып табылатын мұсылман діндарлардың саны елдегі барлық дінге сенушілер санының үштен екі бөлігін құрайды.Қазақстанның Православиелік шіркеуінің (ҚПШ) құрамына Қазақстандағы дін ұстанушыларының саны жағынан екінші орынды алатын 295 діни объекті кіреді.Рим-католик шіркеуі (РКШ) Қазақстандағы көп тараған келесі діни бағыт болып табылады және оның 107 діни ғимараты бар.Қазақстанның конфессиялық кеңістігінде протестанттық діни бірлестік ауқымды орын алып отыр, қазіргі уақытта оның 600-ден астам шіркеулері мен храмдары бар.Жоғарыда көрсетілген діни бірлестіктерден басқа елімізде 6 иудейлік қауымы, 2 буддистік діни бірлестік, сондай-ақ Қазақстан үшін дәстүрлі емес 18-ден астам діни бірлестіктер («Мормондар», «Кришнаиттер», «Бахаи», «Муниттер» және т.б.) қызмет етеді.Қазақстанда діни жағдайға талдау Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы - 40 -тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және келісімде өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы.Қазақстан тарихи тұрғыдан Шығыс пен Батыстың түрлі дін, мәдениет және өркениеттер кездесуі мен келіссөзінің қиылысқан жері болды.Қазақтардың мәдени - этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың жақсы негізі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан барлық мұсылман, православиеліктер, католиктер, протестанттар, иудейлердің дін уағыздау еркіндігін қамтамасыз етті. Діни институттардың елеулі сандық және сапалық дамуы басталды. Бүгінгі күні діни қоғамдастықтар саны 4173, ал 1990 жылы олардың саны небәрі 670 болатын.Ислам бірлестіктерінің саны 46-дан 2441-ге дейін өсті. Орыс Православие Шіркеуінің саны бес есе артты (62-ден 293-ке дейін). Рим-Католик Шіркеуінің бірлестіктер саны (42-ден 86-ға дейін, Евангелиелік христиан - баптистер қоғамдастықтары (168-ден 362-ге дейін), Жетінші күн адвентистері (36-дан 66-ға дейін) екі есе өсті. Иегова Куәлары бірлестіктерінің саны 27-ден 78-ге дейін, ал жаңа бағыттағы протестанттық бірлестіктер 13-тен 540-қа жетті.Діни бірлестіктер өз иеліктерінде 3129 табыну құрылымына ие, олардың 2229-ы мұсылман мешіттері, 258 - православие және 93 - католик шіркеулері, 6 - синагога және бес жүзден астам протестант шіркеуі мен намаз оқу үйлері.Қазіргі уақытта Республикада 384 миссионер жұмыс істейді, олардың 20-нан астамы шет елдерден, ал 1990 жылы олардың саны 12 адам болатын.Діни бірлестіктермен 38 кезеңдік баспа басылымдары шығарылады.Құрбан айт пен Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған.Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003 жылы және 2006 жылдары әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екі съезі өтті. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісінің тиімділігінің куәсі болды.Конфессиялар арасында өзара қарым қатынасты нығайтудағы келесі бір қадам және Қазақстанның өркениеттердің жаһандық келіссөзіне үлесі 2009 жылы Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің үшінші съезі болады.Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынас үлгісі діндарлардың құқығы мен еркіндігін құрметтеудің демократтық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің теңгеріміне,серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген. Бұл Елбасы Н. Назарбаевтың мақсатты саясатының қорытындысы.Діндарлар құқығы саласында міндеттемелер тұрғысынан Қазақстан ОБСЕ - нің Демократтық институттар мен адам құқығы бюросымен (БДИПЧ) тиімді өзара әрекет етеді.Алматы қаласындағы ОБСЕ Орталығымен тығыз ынтымақтастық елде барлық азаматтардың діни және этникалық тиістілікке қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндік теңдігіне бағытталған нормативтік - құқықтық азаны құруға көмектесті.Діни сенім еркіндігі мен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1992 жылы қабылданды және діни сала мен мемлекеттік - конфессионалдық қатынастарда туындайтын түрлі проблемаларға қарамастан елеулі өзгерістерге түсе қойған жоқ.Қазіргі уақытта Парламентте бірқатар депутаттармен осы жылғы көктемде бастама алған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім еркіндігі мен діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау аяқталды. Заң жобасы 2008 жылғы 26 қарашада Елбасына қол қоюға жіберілді.Осы заң жобасының адам құқығын қорғаудың халықаралық стандарты шегінде және әлемдік тәжірибені есепке алып діни салаларды реттеу мәселелерін ретке келтіруге бағытталғандығы заңды.
