Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зіндік сана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.87 Кб
Скачать

1 Өзіндік сана

    1. Сана ұғымы

Сана туралы анықтамасына тоқталып, сонымен қатар жалпы түсінік беріп және өзіндік сана туралы мұғлұматтар жинау.

Сана - бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс ісәрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени ісәрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынасында қоғамдық еңбек іс-әрекеті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі. Сана адамға табиғат пен қоғамның заңдарын жан-жақты білуге көмектеседі.Осы заңдарды білуге сүйене отырып,адам қоршаған ортаға қажеттілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және бейімделеді.Демек,сана- бейнелеудің белсенді танымдық және өзгертуші түрі.

Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиет. Ол ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі. Ф. Энгелъстің анықтауынша, адам жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар – дыбысты тіл мен еңбек. Дүниетану теориясының даму жолдарын В.И.Ленин «Философиялық дәптерлерінде» баланың есеюі, жануарлардың жетілуі, тілдің даму тарихы («мұны айырықша ескеру керек» дейді де) бұл салалар бойынша психология мен сезім мүшелерінің физиологиясын қоса зерттеу қажет деген міндеттерді қосу белгісімен арнайы атап көрсетеді. Сондай- ақ, ол еңбегінде бұл салалардың бүкіл білім саласын қамтып, оның таным теориясы мен дижалетикалық қалыптасуына негіз болатындығын жазған.

Сана - психика дамуының жоғарғы сатысы. «Сана дегеніміз, - деп жазды К.Маркс, - ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады». Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бір - бірімен тығыз байланысты. Жеке адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Идеялық мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс бейнелейді. Экономикалық қатынастардың өзгеруіне ілессе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінік ғылымда детерминистік принцип деп атайды. Детерминизм тек сана құбылыстарының пайда болуы, даму жолдарын ғана түсіндірмейді, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі обьективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйретеді. Себептілік дүниенің заттары мен құбылыстарының өзара байланыстарының шексіз тізбегін, жан - жақты өзара әрекетін сипаттайды.

Сана объективті болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай- ақ болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. «Бір жерде орын алып отырған қандай да болсын қатынас,- деп жазды. К.Маркс пен Ф.Энгельс – мен үшін болып жатады; хайуандар ешнәрсеге де «қатыспайды » және жалпы «қатынас » емес; оның басқа хайуандарға деген қатынас болмайды». Сана адамның творчестволық қабілеттілігінен көрінеді. «Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды». Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Творчество адамның бүкіл жерді мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүмкіндік берді.

Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым – қатынас формасы ретінде көрінеді. Оларда белгілі бір субьективті шынайылық ретінде, сана болған жағдайдың субьективті ренжу, айналасындағылардың барлығына сананың қатынасы бар.

Жинақталған білімнің шынайы әрекеттермен қатынасы және адамның жеке тәжірибесін қосу болған жағдайдың саналы түрде шындықты ұғыну процесі болып табылады. Тұлға санасы сыртқы объектілерді ұғыну емес, сонымен қатар өзін және өзінің психикалық әрекеттерін түсіну болып табылады.

Сана айналадағы өмірдің барлық өзара байланысын бейнелейді, әлемнің бейнесі бірдей жүйе ретінде. Сондықтан сана — іс-әрекет бейнесінің жоғарғы формасы болып табылады. Сана арқылы адам қоршаған әлеммен қарым-қатынас формасы реттеледі. Сана іс-әрекеттің субьективті жағдайларында көрініс табады. Сана адам айналасындағы барлық жағдайларда тиісті болып келеді.

Сана қасиеті. С.Л. Рубинштейн сана қасиетін төмендегідей бөлді: қатынасты құру; тану; әсерленушілік. Сананың әр актісі тек тану арқылы немесе тек әсерленушілік немесе тек қарым-қатынас арқылы болуы сирек кездеседі; осы үш компонентті жиі қолданады. Бірақ осы компоненттің әрқайсысының көріну дәрежесі әр түрлі. Сондықтан сананың әр актісі осы үш маңызды психологиялық категориясын координат жүйесінің нүктесі ретінде қарастыруға болады.

Сананың механизмін талдай келе, ми метафорын жеңу маңызды. Сана жүйе іс-әрекетінің нәтижесі мен өнімі болып табылады, тек ми емес сонымен қатар оған индивид те қоғам да жатады. Сана «мүшенің функциялы суперпозициясы» ретінде болуы тиіс.

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.

Этностық өзіндік сананы тұлғалық деңгейде зерттеу ТМД елдеріндегі психология ғылымында әлі де жеткіліксіз. Зерттеулерде оның индивидтік деңгейде қалыптасуына О.Л. Романованың «тұлғаның этностық өзіндік санасы субьектінің өзінің ұлттық қатыстылығын, этностық қауымдастығы өзінің орнын, сонымен қатар этностық байланыстар мен қатынастар саласындағы мотивтерін, мүдделерін және сезімдерін саналы түсінуі» деген анықтамасы қолданылуда. Этностық өзіндік сана жалпы өзіндік сананың бір жағы болғандықтан, біз оның ғылыми-теориялық негіздерін психологиядағы өзіндік сананың құрылымы мен қалыптасуының, адамның адамды қабылдауының механизмдерінен (Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леоньтев, Б.Г. Ананьев, Б.М. Теплов, А.А. Смирнов, А.Г. Спиркин, А.Р. Лурия, М.И. Лисина, А.И. Силвестру, Л.И. Божович, В.С. Мухина, А.А. Бодалев) іздестіре отырып, оның индивидтік деңгейдегі психологиялық механизмі мен анықтамасын соған сәйкес түсініп, нақтыладық.

Этностық өзіндік сананың қалыптасуының психологиялық механизмі-индивидтің санасы мен іс-әрекетінің дамып, өзге ұлт өкілі мен өзінің этностық қыры туралы ұғымдық білімдердің жинақталуының арқасында айыру және біріктіру процесінің, эмоциялық-бағалау мен қабылдаудың, өз мінез-құлқы мен әрекетін реттеудің жоғарғы дәрежеде қорытылуы. Тұлғаның этностық өзіндік санасы дегеніміз-субьектінің этнофора (этностық сананы алып жүруші) ретінде өзінің нақты бір этностық топқа қатыстылығын саналы түсінуі мен оған қанағаттану сезімінің көрінуі, соның нәтижесінде этностық ішкі бағдары мен ұстанымының пайда болып, этностық дүниетанымының қалыптасуы, өзінің ойларын, мінез-құлық мотивтерін саналы ұғыну мен бағалай отырып, ұлтішілік және ұлтаралық қарым-қатынаста нақты ұлт өкілі тұрғысынан әрекет ету.

Ғылыми зерттеулерде этностық өзіндік сананың жеткілікті түрде толық қалыптасқанға дейін бірқатар кезеңдерден өтіп, әр кезеңде сапалы ерекшеліктерімен анықталатыны атап айтылғанмен, түрлі жас кезеңдеріндегі баланың этностық өзіндік санасының қалыптасуына бірдей өлшемдер мен қөрсеткіштер қойылады. Ғалымдар этностық өзіндік сананың немесе этностық сәйкестенудің қалыптасып дамуын кросс-мәдени тұрғыда зерттеп, әлеуметтік-саяси факторларға (этномәдени орта, этнобайланысты ортаның ерекшелігі, этносаралық өзара әрекеттесу, этностық топтың арасындағы мәртебелік қатынас, саяси жағдайлардың ерекшелігі т.б.) басым назар аударады. Ал этностық білім мен ынталандыруларға баланың белсенді бағытталуына, білім беру жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің ықпалына көңіл бөлмейді.

Кейбір зерттеулер бастауыш сынып оқушыларының этностық өзіндік санасы компоненттерінің өлшемдері мен көрсеткіштері көрсетеді ( Қ.Б. Жарықбаев, А.Т. Ақажанова, Б.П. Мырзатаева).

Когнитивтік (танымдық) өз халқының рухани және материалдық салт-дәстүрлері туралы білім көлемінің болуы -өз халқының ұлттық тұрмыстық заттары мен бұйымдарының атаулары мен қызметін білуі;

- өз халқының бала тәрбиесі және әлеуметтік-мәдени дәстүрлері туралы білуі;

- туған елі мен жерінің табиғаты туралы, ата кәсібі туралы білуі;

- өз халқының ұлттық қаһармандары туралы білуі;

- өзге мәдениетпен салыстырғанда, өзінің ұлттық мәдениетінің өзіндік ерекшелігін танып, ажыратуы

Аффективтік (эмоциялық бағалау) өз халқының рухани және материалдық салт-дәстүрлеріне деген қатынасының қалыптасуы -өз халқының мәдени мұрасын өзіне жақын қабылдап, одан жағымды әсер алуы;

- өз халқының ұлттық қаһармандарын мақтаныш тұтып, құрметтеуі;

- туған елі мен жеріне, оның табиғатына сүйіспешілік сезімінің көрініс беруі.

Реттеушілік (мінез-құлықтық) этностық дүниетанымның қлптасуы -өзінің және өзгелердің этностық әлеуметтік Менін түсінуі;

- ұлтішілік және ұлтаралық қарым-қатынаста өзінің ұлттық мәдениеті, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін басшылыққа алу;

- ұлтаралық қарым-қатынаста өзге ұлт мәдениетіне толеранттылық қатынаста болу.

Бастауыш сынып оқушыларының этностық өзіндік санасының аталған компонентерінің әрқайсысы оның нақты бір механизмдерін іске асырып,өзара тығыз байланыста ғана белгілі бір дәрежеде балада этностық өзіндік сананың қалыптасқандығының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Этностық өзіндік сананың ғылыми-теориялық негіздерін талдай келіп, оның бастауыш сыныпта ұлттық мәдениет арқылы қалыптасуының өзара байланысмты басты үш психологиялық механизмнен тұратын тұжырымдамалық кескінін құруға болады деп есептейміз.

а) этномәдени сәйкестену («ұлт», «ұлттық» ұғымдарын, ұлттық материалдық және рухани құндылықтар мен оларды этнобіріктіру және этноажырату белгілерін меңгерумен байланысты);

ә) этномәдени бағыттылық (белгілі бір ұлт өкілі ретінде өзіне, өзге адамдарға, қоршаған дүниеге, мәдениет құндылықтарына ерекше (жартылай ұғынылмаған және ұғынылған) эмоциялық-бағалу қатынасының, этностық автотаптаурындардың қалыптасуымен байланысты);

б) ұлттық мәдениетке сәйкес әрекет ету (танымдық, эмоциялық-мотивациялық және сезімдік саланың дамып, өз жас шамасына лайық дүниені түйсінуі мен этностық дүниетанымының қалыптасуымен байланысты).

Психология этностық өзіндік сана онтогенезін қарастыруда осы феноменнің құрылымдану ерекшеліктерін терең түсінуге, сонымен қатар ересек адам мінез-құлқының әлеуметтік механизмдер табиғатын түсінуге мүмкіндік алады.

Этностық өзіндік сананың онтогенетикалық динамикасының ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар келесі берілгендерден бастау алады:

— этностық өзіндік сана тұлғалық өзіндік сана дамуы арнасында қалыптасады;

— ол этномәдени ақпаратты саналанған және саналанбаған түрде игеру процесінде қалыптасады;

— отбасы және мектепте этностық өзіндік сананың қалыптасуының маңызы зор. Отбасы этномәдени құндылықтар мен нормаларды игертсе, ал мектеп этномәдени ақпараттарды таратушы болып табылады;

— этностық өзіндік сана қалыптасуы этнодифференциялаушы және этноинтеграциялаушы белгілерін қабылдау қабілетінің қалыптасуынан басталады. Бұл «Мен — Олар» қарама-қайшылығымен мәнделетін танымдық функциясының қалыптасу механизмінің жалпы теориясына енеді;

— этностық өзіндік сананың өзінің қалыптасу динамикасы бар және қалыптасқандық деңгейінде құрылымданудың нақты жағдайына бағынады. Зерттеушілердің көпшілігі этностық өзіндік сананы тұлғалық өзіндік сана құрылымында жалпы ұғым ретінде қарастырады. Оның қалыптасуы ақпараттың этномәдениеті интериоризациясы процесінде жүзеге асады. Кеңес психологиясында әлеуметтік субъекттердің психикалық өміріндегі өзіндік сана санамен үздіксіз бірлікте болады, алайда олар бірінен-бірі асып түсетін сапалы білім болып табылады. Өзіндік сананың ерекшелігі ондағы субъект екі рөлді болады: танымның объектісі және субъектісі. Өзіндік сана (рефлексивті «Мен») тұлға дамуының нақты бір деңгейінде пайда болады. Алдыңғы кезеңде тұлғаның қалыптасу процесі өзіндік сананың бағыттаушы рөлінсіз өз-өзінен жүреді және тек жеткіншек шақта «өзін саналайтын тұлға өмірге келеді».

Өзіндік сана мәселесі және «өзіндік сана» терминінің ғылыми интерпретациясы ресей психологтарының, бәрінен бұрын, Л.М. Божович, И.С. Кон, А.Н. Леонтьев, Б.Ф. Поршнев, А.В. Петровский, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркина, В.В. Столина, И.И. Чесноковалардың еңбектерінде терең теориялық зерттеуге ие болды. Өзіндік сана мәселесі ресей психологиясында соңғы уақытта конфликтілі «Мен» мәнді концепциясы (В. Столин), жеке тұлғалық семантикалық жүйесінде (Б.Ф. Петренко), өзіндік сананың интеграциялаушы сәті (В.С. Мухина) ағымында нәтижелі дамыды.

Кеңес ғалымы В.С. Мухина өзіндік сананың құрылымдық звеноларына табиғи, әлеуметтік және мәдени ортаның әсерімен онтогенездің түрлі деңгейлерінде қалыптасатын құндылықтық бағдарларға сияқты беталыс жасай отырып, өзіндік сананы психологиялық құрылым ретінде қарастырады.

Ғалымның көзқарасы бойынша, тұлғаның өзіндік санасы әлеуметте іс-әрекеттің маңызды құндылықты-бағдарлы сферасын бейнелейтін тұлға масштабында әлдеқайда келелі құндылықты бағдарларды білдіреді. Нақтырақ айтқанда, құндылықты бағдарлар әлдеқайда саналанатын, уақыт бірлігінде тұрақты және адамның іс-әрекет құбылысының құндылығына қатысты ішкі көзқарасының көрінуі және ол оның тұлғалық негізін жасайды.

В.В. Столиннің тұлғалық өзіндік сана табиғатына бағытталған зерттеуі А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясына негізделеді. Оның мазмұнында өзіндік сана сана объектісінің жай ғана ауысу жолымен жүзеге асуында емес, «Менді» басқаның орнына қоюында, өзіндік сананың даму сәті тұлғаның интеграциясымен, іс-әрекет түрткісінің байқалуы немесе расталуымен, «Меннің» қандай да бір жағынан арылумен байланысты ішкі шиеленіс болып табылады. Тұлғаның өзінің саналануының алғашқы формасы оның шиеленісті мәнін сезіну болып табылады, яғни тұлғаның қарым-қатынасының бірнеше жүйелеріне шынайы қатыстылығымен пайда болатын сол бір әрекеттің бірнеше мәндерінің санада қақтығысуы.

Кеңес ғалымы И.И. Чеснокова өзіндік сананы оның тұлғалық интегралды мінез-құлқының көрінуінде қарастырады. Өзіндік сана тұлғаның психологиялық іс-әрекетінің күрделі, интегративті қасиеті ретінде көрінеді. Бір жағынан, ол тұлғаның психикалық дамуының нәтижесін тіркейді. Екінші жағынан, өзіндік сана әрекетінің ішкі реттеушісі ретінде тұлғаның болашақ дамуына әсер етеді. Өзіндік сана – тұлға даму үздіксіздігінің ішкі жағдайларының бірі, ол сыртқы әсерлер арасындағы тепе-теңдікті, тұлғаның ішкі күйін және оның мінез-құлық формаларын қалыптастырады. Жалпы алғанда субъектінің әлемді, басқа адамдарды және өзін-өзі қабылдау ерекшеліктері психосемантикалық бағыт көзқарасымен тұлғалық-мәнділік жасалуларға немесе тұлғалық семантикалық жүйелерге байланысты. Ол әлеуметтік мәндердің интериоризацияланған жүйелеріне тұлғалық мәндер беру жолымен қалыптасады. Олар қабылдауға құштарлықты және қоршаған шындыққа, басқа адамдарға және өзіне-өзі қатынасын индивидуалды психика деңгейінде қарастырады.

Қазіргі таңда батыс психологиясында өзіндік сана түсінігі әр түрлі түсіндірмелерге ие. Біріншіден, индивидтің өзіне қатынасы ретінде және оның ой толғанысы болып анықталады. Екіншіден, өзіндік сана мінез-құлықты басқаратын және тұлғаның қоршаған ортаға бейімделуін анықтайтын психикалық процестер жиынтығы ретінде ұсынылады. Сонымен қатар, егер АҚШ- та «Мен» және «Мен-тұжырымдамасын» жиі қолданатын болса, ал батыс-еуропалық зерттеулерде «Мен бейне», «Мен қабылдау», «Мен репрезентация», «Өзіндік сана» сияқты терминдер жиі кездеседі. Шетел зерттеулерде «Мен-тұжырымдамасы» ұғымы өзіндік сана дамуының жоғарғы деңгейін бейнелейді, сондықтан ол тек ересектерге, кейде ғана жеткіншектерге қолданылады.