- •Сызба бөлігі а1 форматында 2 сызуды құрайды.
- •1 Технологиялық үрдістің басқару обьектісі ретінде талдауы
- •1.1 Технологиялық басқару объектісін жұмыс істеуінің физика–химиялық негізі
- •1.2 Технологиялық басқару объектісінң жұмыс істеу принципі және конструктивтік пішімделуі
- •1.3 Технологиясық басқару объектісінің басқару жүйелерінің жазбасы
- •2 Басқару жүйесінің жүйе-техникалық синтезі
- •2.1 Тпа жүйесін құру мақсаты, басқару критериялары мен оған қойылатын талаптар
- •2.2 Тпа жүйесінің ақпараттық функцияларын таңдау негіздеу
- •2.3 Қорғау және тежеу параметрлері мен алгоритмдерін негіздеу
- •3.1 Құрастырылған классификациялау және кодтау жүйесінің жазбасы
- •3.2 Технологиялық басқару объектісі туралы ағымдағы ақпарат көздерін кодтау
- •3.3 Тпабж есептерін кодтау
- •3.4 Өлшенетін параметрледің паспортын құрастыру
- •3.2 Атп жүйенің алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыздануы
- •Циглер-Никольс әдісі бойынша бірконтурлы арж-нің баптауларды аналитикалық анықтау
- •Объектің афс мен фжс аналитикалық жолмен анықтау
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.2 Тпа жүйесінің ақпараттық функцияларын таңдау негіздеу
Оператордың тиімді жұмыс істеуі үшін шарттар құру қажет, нәтижесінде процестің параметрлері монитор дисплейіне берілуі керек. Сонымен қатар процестің өту бойынша белгілі бір параметрлер жөнінде ақпарат алу қажет. Оператор әрдайым аппараттың өнімділігі, шикізат сипаттамасының сапасы және дайын өнім туралы ақпарат қабылдап отыруы керек. Қосымша параметрлер жөнінде ақпаратты авариялық және аварияларға дейінгі жағдайларда береді.
Жоғарыдағыларды ескере отырып П-1,2 пештердегі температураны, ораш. сұйық температурасын, К-1 вакуумды колоннадағы қысымды, барометрлік ыдыстағы қысымды, қабылданатын ыдыстардағы деңгейді және маңызды параметрлердің технологиялық процестерден ауытқуларын сигнализациялау керек.
Технологиялық процестің параметрлерін сандық реттеу, есептеу техникасы құралдарын пайдаланып тұрғызу өндірісті басқару мәселесін жаңадан сапалы түрде шешуге мүмкіндік берді.
Технологиялық процестің реттеуде тікелей сандақ басқару (ТСБ) қолданылады. тікелей басқару (ТБ) жүйесінде локалды аналогты реттегіштер жоқ, ал сигнал басқарушы есептегіш комплекстен (БЕК) түрлендіргіштер арқылы орындауыш механизмге барады.
Сурет 2.9 - Екіконтроллердегі БЕК
ОБҚ-объектімен байланыс құрылғысы;
ОПБҚ-оперативті персоналмен байланыс құрылғысы;
ЕК-есептегіш комплекс.
Ақаулар болғанда жүйенің жұмыс істеуі бұзылады, сол кезде жұмыс істеуі қосымша есептегіш комплекс арқылы ұсталады.
ТСБ жүйесінің негізді артықшылығы ол программалық қамтамасыздандыру әдісінің көмегімен контурларды басқару алгоритмдерінің өзгерісі болып табылады. Яғни бұл жүйелер икемді және аппараттың өзгеруінсіз дами алады. Осылайша ТСБ монтаждық жұмыстардың қолданылып жүрген бөлігіктерін аустыруға мүмкіндік береді. ТСБ қолдану комплекстен техникалық құралдар: екіншілі приборлар мен реттегіштерді алып тастауға, яғни шығындарды азайтуға септігін тигізеді.
2.3 Қорғау және тежеу параметрлері мен алгоритмдерін негіздеу
Реверисивті қозғалтқыштың блокирлеуін екі тізбекті кнопкалы өшіргіштің (выключатель) көмегімен іске асыруға болады. Кез келген SB1 немесе SB2 өшіргіштерін басқан кезде сәйксінше КМ2 немесе КМ1 магнитті қосқыштың тізбегі үзіледі. Мұндай блокирлеу алдын-ала тоқтаусыз электр қозғалтқыштың реверсирлеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда магнитті қосқышта механикалық блокирлеу қажет.
Сурет 2.10 - Реверсивті қозғалтқышты басқарудың принципиалды электрлі схемасы
Химиялық технология объектілерін қорғау кезінде қандай да болмасын заттардың объектіге берілуін қосу немесе өшіру қажет. Бұны бірнеше әдістермен іске асыруға болады. Магистралда реттеуіш орган орналастырылуы мүмкін.
Қорғау схемалары іске қосылғаннан кейін объектінің қалыпты функционалдауының автоматты қайта құрылуы мүмкін емес сондықтан да позициялық реттегіш және реле 1 арасына (2.11,а-сур) КО кері клапан мен инелік вентильді түтік ВИ орналастырылады. Схема жұмысының қалыпты режимін қалыптастыру үшін қорғау құрылғылары іске қосылғаннан кейін ауаны шығыру үшін ВИ вентилін ашып содан соң оны жабу керек.
Позициялық реттегіштің қысқа мерзімді іске қосылуы кезінде қорғау схемаларының іске қосылуын алып тастау үшін, уақыттық релені пайдалану қажет.
Қорғау схемасының өшірілуін қамтамасыз ету үшін, схемаға қолмен істейтін ауыстырып-қосқыш 3 енгізіледі (2.11,б-сур.). Ауыстырып қосқыштың 3
жағдайы бар: «Авариялық автоматты іске қосылу», «Қорғау өшірілді», «Қолмен іске қосу».
Егер объектінің авариялық жағдайында заттың шығуын болдырмау үшін, көбінесе реттегіш орган жабық тұрған кезде, магистралда реттегіш органның жолына қиылған клапан орнатады. Магистралда реттеуіш орган болмаған жағдайда да осылай жасайды.
Өлшегіш түрлендіргіштен
Cурет 2.11 - Реттеуіш органды пайдаланып қарапайым объектіні қорғау: 1-ауыстырып-қосқыш реле; 2-пневматикалық сызықтар; 3-ауыстырып-қосқыш; 1а,2а-позициялық реттегіштер
Егер заттардың берілуі жеке насостармен жүзеге асырылса, онда оның тоқтауын насостың электр қозғалтқыштарының магнитті қосқышына әсер ететін, электр контактілі прибордың көмегімен насостың жетегін өшірсе жеткілікті.
Бір мезетте бірнеше магистралдардарға әсер ету үшін (бір параметрдің қауіпті ауытқуы кезінде) келесі схеманы қолданады. (2.12-сур.) Мысалы, объектте қысым көтерілсе позициялық реттегіш 1б бірлік сигналды үш жүрісті клапанның 1в орындауыш механизміне жібереді [6].
Сонымен қатар реттеуіш клапандар және қиылған клапандар олардың түріне байланысты (НЗ не НО) толық жабылады немесе ашылады. Қорғау схемасы қосылғанда 3-ші вентиль жабық, ал 1 мен 2 ашық болу керек.
Сурет 2.12 - Күрделі объектті қорғау: 1-3 - тығынды вентильдер; 1а-түрлендіргіштер; 1б-позициялық реттегіштер; 1в-үш жүрісті клапан
Авариялық сигналдау құралы УАС-20 және УАС-50. УАС-20 құралы датчиктерден келетін сигналды қабылдау үшін және кейін ол сигналды өшіп-жанатын жарықты пайдаланып сан немесе жазу түрінде берілетін құрылғыларының ішіне орнатылған мониторда бейнеленеді. Бір мезгілде үзіліп келетін дыбысты сигналда беріледі. Оператор процестің бұзылуын байқап кнопкалы өшіргіштің (выключатель) көмегімен өшіп-жанатын сигналды тұрақтыға ауыстырып дыбысты сигналды өшіреді. Құрылғының 20 өртқауіпсіз кірісі бар. Ал УАС-50 жұмыс істеу принципі УАС-20 ұқсас, бірақ ол сигналды кернеу түрінде береді 24В., 100 өртқауіпсіз кірісі бар.
Қорғау және сигналдау құрылғысы УЗС-10 процестегі түрлі авриялық жағдайларды хабарлайды және арнайы өтпелі реле блогінің көмегімен әртүрлі орындауыш механизмнің жұмыс істеуі үшін командаларды береді.
МЗС жүйесі қорғау, сигналдау және мнемосхемалар комплексін құрайды. Бұл жүйені үздіксіз санды басқару режимінде жұмыс істейтін басқарушы есептегіш машинамен ТПАБЖ-ға қосуға болады. Жүйені өздігінен пайдалануға да болады. МЗС жүйесі БЕМ-нен де тікелей датчиктерден келетін сигналдардың қабылдауын да қамтамасыз етеді.
3 АБЖ–нің ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыруын жобалау
