Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
rubezh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109.59 Кб
Скачать

1.Құрғақ жөтел кезінде ұзақ уақытқа созылған қан қақыру болғанда неден сезіктену керек//

Өкпенің кавернозды туберкулезінен//

Бронхтың қатерлі ісігінен//+

Бронхоэктатикалық аурудан//

Пневмокониоздан//

ӨСОА-нан

***

2.Құрғақ жөтел мен ангионевротикалық ісік қай дәрінің жағымсыз әсерінен болады//

АПФ ингибиторлары//+

Кальций антогонистері//

Альфа – адренорецепторлар блокаторы//

Бета-адреноблокаторлары//

Диуретиктер

***

3. Науқас 20жаста көп мөлшердегі, иісі бар, кілегейлі-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, қанқақыруға, дене қызуының 39 º С көтерілуіне,әлсіздік пен ентігуге шағым айтады. Бала кезінде жиі жөтел мазалаған. Соңғы жылдары өршуі жыл сайын қайталанып отырады. Ықтимал диагнозы//

Бронхоэктатикалық ауру//+

Өкпенің созылмалы абсцессі//

Созылмалы бронхит//

Өкпе поликистозы//

Өкпенің қатерлі ісігі

***

4. Науқас А., 50 жаста, 30 жылдай темекі шегеді, көп айлар бойы құрғақ жөтелге шағым айтады. Соңғы уақыттарда қатты жүдеген. Объективті: мойыны мен беті ісінген, еріннің цианозы. Пульс-минутына 100. АҚҚ-140/90мм.с.б., сол жағынын тығыз бұғанаүсті лимфатүйіндері пальпацияланады. ЭТЖ-70мм/сағ.,гемоглобин-175г/л, лейкоциттер-9000. Ықтимал диагнозы//

Өкпетуберкулезі//

Өкпенің эхинококкозы//

Өкпенің қатерлі ісігі//+

Пневмония//

Бронхит

***

5. Науқас әйел 40 жаста, көп уақыттан бері темекі шегеді, оральды контрацептивті дәрілер қолданады. Ентігуге, дене қызуының 38º С көтерілуіне, қан аралас қеқырықты жөтелге, оң жақ кеудесіндегі ауырғандыққа шағым айтады. Алдын-ала диагноз//

Созылмалыбронхиттің өршуі//

ӨАТЭ//+

Ошақтыпневмония//

Бронхоэктатикалықауру//

Митральдытесіктіңстенозы

***

6. Науқас 40 жаста, дәрігерге көп жылдан бері мазалайтын аздаған кілегейлі қақырықты жөтелге шағымданып келді. Сонғы кезде жүргенде, физикалық күш түскенде ентігу пайда болған. 15 жылдан бері темекі шегеді. Аускультация кезінде тыныс алудын дем шығаруы ұзарған және аздаған құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз//

Ауруханадан тыспневмония//

ӨСОА//+

Тынысдемікпесі//

Өкпесаркоидозы//

Бронхоэктатикалықауру

***

7. 40 жастағы, темекі тартатын науқаста бір жылдын ішінде үшінші рет оң жақ өкпесінің Ś 7 аймағында ошақты пневмония анықталып отыр. Ауру аралықтарында қатты шаршағыштық, қан аралас қақырықты жөтел мазалаған, жүдеген. Ықтимал диагноз//

Созылмалы бронхит//

Оң жақ өкпенің қатерлі ісігі//

Оң жақтық ошақты туберкулез//+

Инфарктті пневмония//

Бронхоэктатикалық ауру

*** 8. Науқас 60 жаста, физикалық күш түскеннен кейін тұншығумен,қызғылт көпіршікті қақырықты жөтелмен бірге жүретін ентігу пайда болды. Қараған кезде:өкпеде екі жағынан да әр-түрлі калиберлі ылғалды сырылдар, жыбыр аритмиясы, бауырдын ұлғаюы, аяқтарының ісінуі бар. Осы белгілер қандай патологияға тән//

Тыныс демікпесінің ұстамасы//

Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік//+

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы//

Спонтанды пневмоторакс//

Инфарктты пневмония

***

9. Тыныс демікпесін емдеуде қандай дәрілер базисті препараттарға жатады//

Бронходилататорлар//

Антибиотиктер//

Муколитиктер//

Антиоксиданттар//

Ингаляциялық глюкокортикостероидтар+

***

10.Тыныс демікпесінің ұстамасын басу үшін сальбутамол ингаляциясы қолданылғаннан кейін науқастың жағдайы жақсарды,бірақ ентікпе мен ысқырықты сырылдар сақталып қалды. Науқасқа қандай препараттар енгізу керек//

Интал//

Алупент//

Теофиллин//

Преднизолон//+

Тербуталин

***

11. Европалық респираторлық ұйымның ұсынысымен брохиальды обструкцияның ауыр дәрежесі 1минуттағы жалпы форсирленген тыныс шығару көлемі( ЖФТШ1) деңгейіне сәйкес//

Болуы керек көрсеткіштен 30% аз//

Болуы керек көрсеткіштен 70% аз//

Болуы керек көрсеткіштен 15% аз//

Болуы керек көрсеткіштен 40% аз//

Болуы керек көрсеткіштен 50% аз+

***

12. Көп жылдардан бері тыныс демікпесімен ауыратын 52 жастағы науқаста соңғы уақыттарда артериялық қан қысымы170/100мм.с.б.б дейін және одан да жоғары болуы байқалады. ЭКГде ол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Науқас ретті түрде ингаляциямен беротек қолданады. Бұл жағдайда қандай препараттар тобын тағайындауға мүлдем болмайды//

Кальций каналдарының блокаторлары//

АПФ ингибиторлары//

β-адреноблокаторлар//+

АТ ІІ рецепторларының ш//

Миотропты спазмолитиктер

***

13. Рентгенограммада өкпе мөлдірлігінің жоғарлауы, қабырғаралықтарының кеңеюі,диафрагма күмбезінің жазықтануы ненің белгісі//

Спонтанды пневмоторакс//

Өкпеден қан кету//

Кавернозды өкпе туберкулезі//

Өкпе эмфиземасы//+

Ауруханадан тыс пневмония

***

14. Стенокардиямен және созылмалы обструктивті бронхитпен ауыратын 65 жастағы ер адамда кенеттен кеудесі қысылып, тұншығу басталды. Тексеру барысында галоп ырғағы шашыранды құрғақ сырылдар, өкпенің төменгі сигменттерінде ылғалды сырылдар, АҚҚ 85/50мм.с.б.б. Нитроглицерин қабылдау жағдайын жақсартпады. Қандай диагноз сәйкес келеді//

Миокард инфаркты//

Миокард инфаркты кардиогенді шокпен асқынған//

ӨАТЭ//

Тыныс демікпесі//

Миокард инфаркты кардиогенді шокпен және өкпе ісігімен асқынған+

*** 15. 66 жастағы науқас ұзақ уақыттан бері артериальды гипертензия диагнозымен бақылауда. Гипотензивті препараттарды тұрақты түрде қабылдамайды. Бір аптадан бері жағдайы нашарлаған. Перкуторлы- жүректің сол жақ шекарасы солға ығысқан. Жүрек тондары тынықталған, ЖСЖ-88/мин.АҚҚ-150/85мм.с.б.б.Эхо-КГ сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Науқаста қандай диагноз//

Артериальды гипертония I дәрежесі, қауіп 2//+

Артериальды гипертония I дәрежесі, қауіп 3//

Артериальды гипертония IIдәрежесі, қауіп 4//

Артериальды гипертония IIдәрежесі, қауіп 3//

Артериальды гипертония IIIдәрежесі, қауіп 4

***

16. Артериальды гипертензияның II дәрежесімен ауыратын науқастарға келесі еңбек түрі көрсетілген//

Айтарлықтай физикалық күш түсетін жұмыс//

Айтарлықтай нервтік-психикалық күш түсетін жұмыс//

Түнгі кезекшілік//

Шу, вибрация //

Орташа физикалық күш түсетін жұмыс+

***

17. Жоғары диастолалық гипертензия тән//

Гипертиреозға//

Артериальды гипертензияға//

Аорта атеросклерозына//

Нефрогенді гипертонияға//+

Диэнцефальды синдромға

***

18. АГ бар жүкті әйелдерге гипотензивті дәрілердің ішінен қайсысын қолдануға болады//

Допегит//+

Лозартан//

Клофелин//

Гипотиазид//

Капотен

***

19. Тұрақты АГ емдеуде қайсысын тағайындамайды//

В-адреноблокаторлар//

Натрий нитропруссиді//+

Кальций антагонистері//

АПФ ингибиторлары//

Ангиотензина II рецепторларының блокаторлары

***

20. Пароксизмальды түріндегі артериальды гипертензия байқалады//

Феохромоцитомада//+

Альдостеромада//

Tүйіндіпериартериитте//

Иценко-Кушинга синдромында//

Aкромегалияда

***

21. АҚҚ 180/110мм.с.б.б. жоғары болатыны, глаукома,сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, көз түбіндегі өзгерістері анықталған АГ бар науқаста қауіптілік дәрежесін анықтаңдар//

Қауіп 4 (өте жоғары)//+

қауіп1 (төмен)//

қауіп2 ( орташа)//

қауіп 0//

қауіп3 (жоғары)

*** 22. Бірінші рет пайда болған стенокардияда дәрігердің тактикасы//

Емхана жағдайында емдеу//

Емханада күндізгі стационар жағдайында емдеу//

Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу//

Жедел түрде ауруханаға жатқызу//+

Емдеу жүргізілмейді

***

23. Кеудедегі семсертәрізді өсінді аймағындағы күйдіріп, кеуде клеткасының сол жағына,қолға берілетін , жатқан кезде пайда болып және вертикальды жағдайға ауысқанда жойылатын немесе азаятын ауырғандық кезінде қандай патология туралы ойлау керек//

Миокард инфаркты//

Перикардит//

Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы//+

Плевропневмония//

Қабырғаралық невралгия

***

24. 42 жастағы ер адам тез физикалық жұмыс жасағанда пайда болатын кеуде клеткасының сол жағындағы ауырғандыққа шағым айтады. Сол жақ қолын қозғағанда және терең тыныс алғанда ауырғандық күшейеді. Өкпе аускультациясында сол жағынан тыныс алу біршама әлсіреген. Перкуторлы-тимпанит.Қандай патология туралы ойлау керек//

ЖИА. Стенокардия//

Остеохондроз//

Қабырғаралық невральгия//

Спонтанды пневмоторакс//+

Экссудативті плеврит

***

25. Митральды қақпақшаның пролапсымен байланысты болатын кеудедегі ауырғандықтың диагностикасының негізгі әдісі не болып келеді//

Электрокардиография//

Эхокардиография//+

Коронарография//

Рентгенография//

Tомография

***

26. 52 жастағы ер адам екі айдан бері орташа темппен жүргенде 500м.ден кейін немесе 3-қабатқа көтерілгенде төс артындағы қысып ауырғандыққа шағым айтады. Кей кезде ауырғандық тыныштық кезінде де пайда болады. Стенокардияның бұл түрін қалай жіктеуге болады//

Тұрақсыз стенокардия//

Жүректің ишемиялық ауруының аралық түрі//

Тұрақты күш түсу стенокардиясы//+

Вариантты стенокардия//

Aлғашқы пайда болған стенокардия

***

27. 43 жастағы науқас дене қызуының 40°С дейін көтерілуіне,қалтырауға,кеуде клеткасының ауырғандығына, ентікпеге шағым айтып келді. Объективті: кеуде клеткасы оң жағы тыныс алғанда қалыңқы, перкуторлы оң жағынан тынықталған, өте әлсіреген тыныс. Рентгенграммада оң жақ төменгі бөлігінің гомогенді қарайған, кеуде ортасы органдары солға қарай ығысқан. Қандай ауру туралы ойлау керек//

Бөліктік пневмония//+

Ошақты пневмония//

Экссудативті плеврит//

Өкпе гангренасы//

Өкпе инфаркті

***

28. 46 жастағы темекі тартушының бронхитінің жиі өршуі болатын науқаста бүгін түнде өмірінде алғашқы рет тыныс алуға байланыссыз,мойынына берілетін,2-3сағ. созылған кеуде артының күйдіру ұстамасы, қатты әлсіздік және терлеу пайда болды. Ол ЖТД дәрігердің қабылдауында. Не туралы ойлау керек//

Мойын остеохондрозы//

Спотанды пневмоторакс//

Өкпетекті жүрек//

Миокард инфаркты//+

Өкпе инфаркты

*** 29. Кішкентай жүрек кезінде оң жақ жүрекшелік жетіспеушілік белгілері және жүрек ұшы соққысының болмауы неге тән//

Идиопатиялық кардиомиопатия//

Митральды қақпақшаның жетіспеушілігі//

Артериальды гипертензия//

Констриктивті перикардит//+

Аорта аневризмасы

***

30. Қан айналым жетіспеушілігі тек жүктеме жасаған кезде ентікпенің шаршағыштықтың, жүрек соғуының пайда болуымен сипатталады. Миокардтың гипертрофиясы бар. Жұмысқа қабілеті төмендеген. Стржеско-Василенко бойынша қан айналым жетіспеушілігінің сатысын анықтау

керек//

I сатысы//+

II А сатысы//

II Б сатысы//

III сатысы//

сатысын анықтау мүмкін емес

***

31. 68 жастағы М.атты постинфаркттық кардиосклероз және жүрек жетіспеушілігінің I- II сатысы

бар науқаста 4жыл бойы көбіне тахисистолалық түріндегі перманентті жыбыр аритмиясы

байқалған. Жыбыр аритмиясын емдеудегі дәрігерлік тактиканы таңдаңыз//

Синустық ырғақты қалпына келтіру үшін ритмиленмен немесе изоптинмен (немесе сол тектес

препараттармен) алдын-ала емдеу//

Стационар жағдайында(хинидин немесеЭИТ көмегімен)жыбыр аритмиясын синустық ырғаққа

көшіру//

Жүрек гликозидтерінің көмегімен жыбыр аритмиясының нормосистолалық түрін сақтау//+

Тұрақты электрокардиостимуляцияға көшіру//

Мұндай науқас тұрақты емді қажет етпейді

***

32. Науқаста кіші және үлкен қан айналым шеңберлерінің іркілісі белгілірі, бауырдың

ұлғаюы(іркілісті), периферияляқ ісіктер бар. Кардиальды және зәрайдау терапияларын

жүргізгенде қан айналым жетіспеушілігінің белгілері азаяды. Еңбекке жарамдылық жойылған

Стржеско-Василенко бойынша қан айналым жетіспеушілігінің сатысын анықтау керек//

I сатысы//

II А сатысы//

II Б сатысы//+

III сатысы//

Сатысын анықтау мүмкін емес

***

33. 72 жастағы жыбыр аритмиясы мен жүрек жетіспеушілігібар жүректің ишемиялық ауруымен

ауыратын науқаста жедел түрде жөтел мен қантүкіру басталды.Тексерген кезде оң жақ плевра

қуысында геморрагиялық сұйықтық табылды. Қандай диагноз қоюға болады//

Пневмококкты пневмония//

Жүйелі қызыл жегі//

Плевраның мезотелиомасы//

Инфарктты пневмония//+

Өкпенің қатерлі ісігі

***

34. Қарыншалардың дилатациясымен, жыбыр аритмиясымен, галоп ырғағымен сипатталатын

жүрек жетіспеушілігі және іркілісті сырылдармен асқынған жүректің созылмалы

ревматикалық дертімен ауыратын науқастың емдеу бағдарламасына не қосу керек//

Диуретиктер//

Кортикостероидтар//

β-адреноблокаторлар//

Кальцийантагонисттері//

Жүрек гликозидтері+

***

35. 40 жастағы науқасты ентікпе,тұншығу ұстамасы, ісіктер мазалайды. Объективті:өкпеде

дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек шекараларының кеңеюі;тондардың тынықталуы, жүрек

ұшында -систолалық шу; тахисистолалық түріндегі жыбыр аритмиясы. Эхо-КГ: сол жақ

қарыншаның ақырғы- диастолалық көлемі-8,2. Лақтыру фракциясы-21%. Дұрыс тактиканы

таңдаңыз//

Милдронат//

Преднизолон//

Пропранолол//

Перифериялық вазодилататорлар//+

АПФ ингибиторы

*** 36. Гемофилия А жетіспеушілігімен жүреді//

Тромбоциттердің//

Антитромбин Ш//

Кальций//

УШ ұюдың плазменді факторы//

1Х плазменді фактор

***

37. Геморрагиялық диатездің көрінуі//

Тромбоз//

Тромбоэмболия//

Қайталамалы қан кету//+

ТІҚҰ синдромы//

Тромбофилия

***

38. Бала 3жаста. Анасының айтуы бойынша үш аптадан бері әлсіздік, басы айналу,дене қызуының жоғарлауы, мұрын қанауы байқалған. Қарағанда: баланың жағдайы ауыр, терілік геморрагиялық синдром, гепатоспленомегалия, полилимфоаденопатия, интоксикация белгілері анықталды. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз//

Геморрагиялық васкулит//

Гемофилия А//

Tромбоцитопениялық пурпурасы//

Жедел лейкоз//

Апластикалық анемия

39. 70астағы науқас мұрын қанауына, әлсіздікке шағым айтып келді. Қанында жалпы белок

100г/л, М-градиент анықталады. Краниограммада-бассүйегінің сүйектерінде өзгерістер жоқ.Миелограммада плазматикалық клеткалар-5 %. Алдын-ала диагноз//

Mиеломды ауру//+

Вальденстрем ауруы//

Tромбоцитопиялық пурпура//

Cозылмалы миелолейкоз//

Жедел лейкоз

***

40. 18 жастағы науқаста соңғы 4айда қызыл иегінен және мұрнынан қан кету, сан аймағында терілік геморрагия. Қараған кезде: көрінетін тері және кілегей қабаттары бозғылт,аздап сарғыш реңкілі, лимфатүйіндері ұлғаймаған, бауыр мен талақ пальпацияланбайды.Қан анализінде: Нв-72 г/л, Эр-2,1х1012/л, L-2,0х109/л, п-1%, с-40%, л-53%, м-6%,Тр-40х109/л, ЭТЖ-48 мм/сағ. Ықтимал диагноз//

Апластикалық анемия//

В-12 дефицитная анемия//

Минковского –Шоффара ауруы//

Эритремия//

Виллебранда ауруы

***

41. Науқас К. 24 жаста, босану кезінде қан кету басталды, қан кетуді тоқтата алмағандықтан науқас қайтыс болды. Бала кезінен денесі көгеруге бейім болған,жылына 3-4рет мұрны қанау , 12жасында жарақаттан кейін санында бұлшықетаралық гематома болған. Каогулограммада: Дьюке бойынша қан кету ұзақтығы-16мин. VIII фактор концентрациясы -2%, Виллебранда-4%, IX-58%, тромбоциттер агрегациясы: спонтанды5%, индуцирленген: АДФ-22%, ристомицинмен-2%, тромбоциттер-190 мың. Науқас қандай аурумен ауырған//

Гемолитикалық анемия//

Апластикалық анемия//

В-12 дефицитная анемия//

Минковского –Шоффара ауруы//

Виллебранда ауруы

***

42. Гемофилия В жетіспеушілігімен жүреді//

Тромбоциттердің//

Антитромбин Ш//

Кальций//

УШ ұюдың плазменді факторы//

1Х плазменді фактор

*** 43. Қандай патологияда қызба процессіне кеуде аралығындағы лимфатүйіндерінің тез ұлғайуының қосылуы тән//

Бруцеллезге//

Лимфогранулематозға//+

Туберкулезге//

Іріңдеген бронхоэктаздарға//

Гематосаркомаларға

***

44. Қантүзілуінің мегалабласттық түрі, қандағы ферритин деңгейінің жоғарлауы, неврологиялық симптоматика неге тән//

ТЖА//

В12- дефицитті анемия//+

Аутоиммундыгемолитикалық анемия//

Минковского- Шоффара анемиясы//

Апластикалық анемия

***

45. 30 жастағы науқас 4 жылдан бері полиартритпен ауырады. 6 айдан бері лимфаденопатия,гепатоспленомегалия байқалады. Қанында: : Нв 85г/л, лейк. 3x10*9/л, ЭТЖ- 34 мм/сағ. Ваалера Розе реакциясы 1:128. Қандай диагнозды ең дұрыс деп санайсыз//

Фелти синдромы//

Жүйелі белгілері бар созылмалы белсенді гепатит//

Жүйелі қызыл жегі//+

Остеоартроз//

Стилл синдромы

***

46. 70 жастағы науқас мұрын қанауына, әлсіздікке шағым айтып келді. Қанында жалпы белок-100г/л, М-градиент анықталады. Краниограммада-бассүйегінің сүйектерінде өзгерістер жоқ.Миелограммада плазматикалық клеткалар-5%. Алдын-ала диагноз//

Миеломды ауру//+

Вальденстрем ауруы//

Тромбоцитопиялық пурпура//

Созылмалы миелолейкоз//

Жедел лейкоз

***

47. Емханада 42 жастағы Г., науқасқа лабараторлы-инструментальды тексеру жүргізген кезде айтарлықтай спленомегалия табылды. ЖҚА:Эр. 3,2 х 10 12 /л; Нв = 98 г/л, ТК = 0,9, лейкоциттер90 х 10 9/л, промиелоциттер = 10%, миелоциттер – 8 %, т/я – 10 %, с/я – 30 %, лимф. – 17 %, баз. – 6 %, эоз. – 7%. ЭТЖ – 38 мм/сағ.  Райта и Хеддельсонреакциясы– теріс. Сіздің диагнозыңыз//

Жедел лейкоз//

Созылмалы лимфолейкоз//

Созылмалы миелолейкоз//+

Созылмалы бруцеллез//

Эритремия

***

48. Жоғары лимфоцитозбен,тромбоцитопениямен,спленомегалиямен, іш қуысының лимфатүйіндерінің ұлғаюымен жүйке бағандарының аймағындағы лейкемиялық инфильтрациямен жүретін созылмалы лимфолейкозға қандай ем көрсетілген//

Плазмаферез//

Лейкоферез//

Спленэктомия//+

Талақты сәулелендіру//

Преднизолон

***

49. Жатыр мойынының рагінде метастазданудың кезеңінде қандай аймақтық лифатүйіндері зақымданады//

Белдің лимфатүйіндері//

Шаптың лимфатүйіндері//

Мықын лимфатүйіндері//+

Сан лимфатүйіндері//

Қолтықасты лимфатүйіндері

*** 50 Науқас Р. 36 жаста балтырдың және өкшенің ісінуіне байланысты дәрігерге қаралды. Анамнезінде – 10 жылдан бері бронхоэктатикалық аурумен ауырады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, бозарған, беті ісінген. Пульс 84 рет минутына. АҚҚ – 260/120 мм.с.б. Зәр анализінде: белок 2г/л, лейкоциттер 2 – 6 к/а. Эр.2 – 3 к/а; гиалинді цилиндрлер 30 – 40 к/а. Қандағы холестерин 6,5ммоль/л. Қан сарысуындағы жалпы белок 48,5 г/л.

Бұл жағдайда қандай болжам диагноз қоюға болады//

Микседема//

Квинке ісігі//

Бүйрек амилоидозы//+

Созылмалы гломерулонефрит//

Декомпенсирленген өкпе текті жүрек НIIБ

***

51. Науқас И. 44 жаста, бетінің ісінуіне, ұйқышылдыққа, әлсіздікке, есте сақтаудың нашарлауына, дауыс тембрінің өзгеруіне шағымданады. Объективті: беті ісінген, терісі құрғақ, қабыршақтанған, тілі ісінген, тырнақтары және шашы сынғыш. Пульс 56 рет минутына, ырғақты. АҚҚ 100 – 70 мм.с.б. Қанда холестерин деңгейі жоғарылаған.

Бұл жағдайда қандай болжам диагноз қоюға болады//

Микседема//+

Квинке ісігі//

Диабеттік нефропатия//

Бүйрек амилоидозы//

Созылмалы гломерулонефрит

***

52. Науқас К., 22 жаста. Бетінің, мойнының қызаруына және ісінуіне, тыныс алудың қиындауына шағымданады. Басы ауыруына байланысты 1 таблетка анальгин қабылдағаннан соң 20 мин. кейін осы өзгерістер пайда болған.

Бұл жағдайда қандай болжам диагноз қоюға болады//

Микседема//

Квинке ісігі//+

Бүйрек амилоидозы//

Декомпенсирленген өкпе текті жүрек НII//Б

ӨАТЭ (өкпе артериясының тромбоэмболиясы)

***

53. Науқас 22 жаста. Баспадан кейін жедел ауырған. Бетінде тез ұлғая бастаған ісіктер пайда болды, зәрдің түсі өзгерген ( «ет жуындысы» тәрізді ). Ентігу пайда болды, диурез азайған. Үш күннен кейін жағдайы кенеттен нашарлаған. Науқас есінен танып қалған, эпилепсияға ұқсас құрысулар пайда болды. Жедел жәрдем шақырған. Объективті: беті бозарған, ісінген. АҚҚ 210/120 мм.с.б.Бұл жағдайда қандай болжам диагноз қоюға болады//

Жедел гломерулонефрит, бүйректік эклампсия//+

Квинке ісігі//

Диабеттік нефропатия//

Бүйрек амилоидозы//

Созылмалы гломерулонефрит

***

54. Бала 9 жаста, 2 апта бұрын фолликулярлы баспамен ауырған. Облыстық балалар аурыханасының қабылдау бөліміне ауырсынуға, оң жақ балтыр-табан буынының ісінуіне, аяқбасының екі жақты симметриялы папуллезді-геморрагиялық бөртпелері, дене температурасының жоғарылауы шағымдарымен келіп түсті. Болжам диагноз қандай//

Геморрагиялық васкулит//+

Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура//

Гемофилия//

Апластикалық анемия//

Атопиялық дерматит

***

55. 13 жастағы науқас, Ыстық-көлдегі жазғы демалыстан кейін мынадай шағымдармен емханаға келді:ұзаққа созылған қызба, дене салмағын тез жоғалту, теріде периодты түрде пайда болатын бөртпелер. Жағында айқын эритемалар, білезіктің ұсақ буынында ісінулер, қатты таңдайда энантемалар, стоматит көріністері, шаштың түсуі, ентікпе, құрғақ жөтел анықталды. өкпеде тыныстың әлсіреуі, төменгі бөліктерінде үнсіз ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тынық, тахикардия. Қан анализінде: ЭТЖ тез жоғарылауы, лейкопения, анемия. Сіздің болжам диагнозыңыз//

Жүйелі қызыл жегі//+

Кавасаки ауыруы//

Түйінді полиартрит//

Ревматикалық қызба//

Жүйелі склеродермия

***

56. Науқас 28 жаста, ЖТД дәрігерге қабылдауына келді. Шағымдары: ертеңгі мезгілдегі беттегі ісінулер, бел аймағындағы ауырлық сезімі, зәр шығарудың жиелеуі, жүрек айну, енжарлыққа. Анамнезінде: 1 жылдан бері науқас. Обьективті: жалпы жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Бетінің бозаруы, ісінуі. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ-78 рет/мин, АД-130/85 мм.с.б.б. іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр, талақ ұлғаймаған. Нәжісі ретті, зәр шығаруы жие, ауырсынусыз. Аяқта ісік жоқ. Пастернацкий симптомы оң. ЖЗА: ашық-сары, салыстырмалы тығыздығы-1,005, белок-0,55г/л, эритр-0-1к/а, лейк-жоғары мөлшерде, циллиндр - 10-15к/а, бактеурия. Қандай ауру туралы ойлауға болады//

Созылмалы пиелонефрит//+

Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром//

Жедел пиелонефрит//

Жедел гломерулонефрит//

Бүйрек амилоидозы

*** 57. Диуретикке әсер етпейтін тұрақты асцит кездеседі//

Гепатомада//

Бадда – Киари ауруында//

Токсикалық гепатитте//+

Описторхозда//

Вирусты гепатит С-да

***

58. Жүректік генезі асциты бар науқасты тексергенде төменде берілгендердің қайсысы қате//

ЖҚА, ЖЗА//+

ЭКГ//

ЭхоКГ//

Өкпе және жүрек рентгенографиясы//

Құрсақ қуысының УДЗ

***

59. Науқаста өңештің варикозды кеңеюі, асцит анықталған. Қандай патология туралы айтылуда//

ЖИА.Созылмалы оң қарыншалық жетіспеушілік//

Созылмалы гепатит//

Бауыр циррозы//+

Нефрозды синдром//

Созылмалы бүйректік жетіспеушілік

***

60. Науқаста бауыр циррозы анықталады, айқынперифериялық ісінулер, асцит, гидроторакс, кахексия. Қан айналым жетіспеушілік симптомы айқын көрінеді және емге нашар көнеді.Стражеско – Василенко бойынша қан айналым жетіспеушілігінің сатысын анықтаныз//

I саты//

II Асаты//

II Бсаты//

III саты//+

сатысын анықтау мүмкін емес

***

61. Миокард инфарктісін алған және жүрек астмасының ұстамасымен ауырған науқаста бауыр ұлғаюы, ісінудің пайда болуы, асцит немен байланысты//

Қосалқы бауыр ауруының қосылуы//

Оң қарыншалық жетіспеушілік//+

Көмірсуды көп қабылдау//

Жіңішке ішек ауруы//

Мезентералды тамырлардың тромбозы

***

62. Асцитке тән//

Іштің айқын асимметриясы//

Созылған кіндік//

Флюктуация симптомы//+

Іштің тік бұлшық етінің жыртылуы//

Науқасты жатқызғанда іштің қаптал бөлігінде қатты тимпанит дыбысыныңестілуі

***

63. Науқас М. 62-жаста, жиі бас ауруына, іштің ауырлық сезіміне, метеоризм, іштің ұлғаюына шағымданады. ЖИА, инфарктан кейінгі кардиосклероз ҚЖ II диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Перкуссияда іштің қаптал бөлігінде тынықталу анықталады. Оң мәнді флюктуация симптомы. Бұл жағдайда лапароцентез қолдану дұрыс па//

Иә, себебі бұл асцитті емдеуде, диагностикасында жай және қауіпсіз әдіс//

Иә, себебі асцит сұйықтығын зерттеу дифференциалды диагностика жүргізу үшін қажет//

Жоқ, себебі пациент жағдайы нашарлауы мүмкін//

Иә, себебі алғаш анықталған асциті бар науқастарға лапароцентез көрсетілген//

Иә, себебі лапароцентезді қолданғаннан кейін науқас жағдайы уақытша жақсарады+

*** 64. II дәрежелі атриовентрикулярлы блокаданың Венкенбах – Самойлов кезеңдері бар I типі (Мобитц бойынша) сипатталынады//

PQ интервалының ұзаруы (0,2 сек жоғары)//

PQинтервалы біртіндеп ұзарып, PQRST кешендерінің түсіп қалуымен//

РQ 0,12 сек қысқаруы және QRST кешенінің түсіп қалуымен//

PQ интервалы қалыпты болуымен және Р тісшесінің периодты түрде түсіп қалуымен//

PQ интервалының біртіндеп ұзарып QRST кешендерінің периодты түрде

түсіп қалуымен +

***

65. 45 жастағы науқас жедел алдыңғы - пердеаралық миокард инфарктысы симптоматикасымен дәрігерге келді. 10сағ.кейін жүрек жұмысының «қатып қалғанын» сезеді, әлсізддік күшейген, бас айналу пайда болған. ЭКГ-да: синустық ритм, ЖСЖ 78 рет минутына. Периодты түрде ұзақтығы 0,18с-тан жоғары, бұрыс, полиморфты пішінді, 2-3 кең қарыншалық комплекс пайда болады, одан кейін толық компенсаторлы пауза бар. Миокард инфарктысының қандай асқынуы орын алған//

Толық атриовентрикулярлы блокада//

Қарыншалық тахикардия//

Түйінді экстрасистолия//

Суправентрикулярлы тахикардия//

Қарыншалық экстрасистолия+

***

66. 60 жастағы науқас жедел миокардтың артқы қабырғасының инфарктісі диагнозымен үйде қаралды. Қарау кезінде есінен танып қалған, денесін салқын тер басқан. Жағдайы ауыр. Терісі бозғылт, салқын. Жүрек тондары тынықталған, ырғақты. ЖСЖ 180 рет минутына. АҚҚ 80/40 мм.сын.бағ. Пульс әлсіз. ЭКГ – да: дұрыс емес пішінді, ұзақтығы 0,18 с кең қарыншалық комплекстер. Миокард инфарктісінің қандай асқынуы орын алған//

Қарыншалық фибрилляция//

Қарыншалық экстрасистолия//

Түйінді тахикардия//

Бөліктік атриовентрикулярлы блокада//

Қарыншалық тахикардия+

***

67. Науқас 65 жаста, жедел артқы – диафрагмальды миокард инфарктісі диагнозымен клиникаға келді . Мониторингтеу кезінде: P –Q интервалы 0,4 сек ұзарған, QRS комплексі түсіп қалған. Жүрекшелік толқындар мен QRS комплексі арақатынасы = 4:1. Жүрек соғу жиілігі 40 рет минутына. Болжам диагноз//

Aтриовентрикулярлы блокада ІІ дәрежесі, Мобитц ІІ//+

Фредерик синдромы//

Жыбыр аритмиясы, брадикардиялық түрі//

Атриовентрикулярлы блокада ІІ дәрежесі, Мобитц І//

Синоаурикулярлы блокада ІІІ дәрежесі

***

68. ЭКГ – мониторлы бақылаумен жүрген науқаста кенеттен естің жоғалуы, қарашықтың кеңеюі пайда болды. Тері жабындылары боз – сұр түсте. Ұйқы артериясында пульс пен тыныс анықталмайды. ЭКГ – да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары деформирленген. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 600 рет. Науқастағы мүмкін болатын себебі не//

Қарынша фибрилляциясы//+

Қарыншаның жыбырлауы//

Қарыншалық аритмиялар//

Қарыншалық тахикардия//

Жыбыр аритмиясы

***

69. 55 жастағы науқастың анамнезінде аяқтарының тромбофлебиті ауруымен ауырғаны анықталды. Қарау кезінде беті мен тұлғасының жоғары бөлігінің көгеруі байқалады. Мойын көктамырлары пульсирленген және ісінген. Өкпесінде әлсіреген везикулярлы тыныс, шектелген аймақта ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ – минутына 25 рет. Перкуторлы: жүрек шекарасы оңға қарай кеңейген. Тыныс шығарған кезде күшейктін эпигастральды пульсация байқалады. Аускультативті: өкпе артериясында 2 тонның акценті естіледі. ЖСЖ – минутына 100 рет. АҚҚ – 90/60 мм.сын.бағ. Науқастың ЭКГ – да өзгерістер болуы мүмкін бе//

Q тісшесі, ST сегментінің көтерілуі, Т тісшесінің инверсиясы//

ЭКГ – да S1, SIII, TIII оң бөлімдерінде жүктеме белгілері//+

Көптеген әкетулерде ST сегментінің көтерілуі//

ЖЭО (ЭОС) солға ығысуы, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы//

Тек ST сегментінің төмендеуі

***

70. Экстрасистолия- бұл//

Импульстен өткізгіштігінің толық бұзылуы//

Жүректің мезгілінен бұрын жиырылуы//+

Қозудың қайтадан жайылуы//

Импульс өтуінің қалыс қалуы//

Қозудың шеңберлік қозғалысы

*** 71. Грехем-Стилл диастолалық шуы бұл//

өкпе артериясы қақпақшасының салыстырмалы жетіспеушілігінің шуы//+

пульмоналды қақпақшаның жетіспеушілігінің шуы//

митралды тарылу шуы//

«жалған» митралды тарылу шуы//

«жалған» ушжармалы тарылу шуы

***

72. Дәрігерге айқын диффузды цианозы бар 16 жастағы науқас келді. Қарағанда: инфантилизм, «барабан таяқшалары», «сағат әйнектері» симптомдары. Аускультацияда жүректе төстен сол жақта ІІ қабырғааралықта қатты систолалық шу естіледі. Науқаста қандай ақау анықталған//

сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы//

қолқаның тарылуы//

Фалло триадасы//+

ашық артериальді өзек//

өкпе артериясы сағасының тарылуы

***

73. Науқас А. 19 жаста, емханаға ентігуге, қатты бас ауыруына, көз алдында «шіркейлердің» көрінуіне, аяқты сезбеу сезіміне, тез шаршағыштыққа шағымданып келді. Объективті: дене қалпы нормостеникалық, қолда қан қысымы 170/90 мм.сын.бағ. аяқта 100/70 мм.сын.бағ. Аускультацияда: Боткин-Эрба нүктесінде, жүрек ұшында паравертебральды аймаққа тарайтын әлсіз систолалық шу. Рентгенологиялық: қабырғалардың узурациясы.

Науқаста қандай ақау дамыған//

сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы//

Фалло триадасы//

митральді қақпақша пролапсы//

қолқа коарктациясы//+

қолқа сағасының тарылуы

***

74. Науқаста сол жақта 2 қабырға аралықта үздіксіз систола-диастолалық шу, тексергенде ЭКГ-да: сол жақ қарыншаға күш түсу белгісі. Рентгеноскопияда өкпе суретінің күшеюі, өкпе артериясының доғасының үрілуі, өрлеген қолқа пульсациясы, сол жақ қарынша және жүрекше ұлғаюы. Мүмкін ақау//

қолқа коарктациясы//

Эбштейн аномалиясы//

Лютембаше синдромы//

артериалық өзектің өспей қалуы //+

Өкпеартериясының тарылуы

***

75. Төстің сол жақ шегінен, науқас отырып алға қарай еңкейгенде жақсы естілетін жоғары жиілікті, үрлемелі диастолалық шу қандай жүрек ақауына тән//

митральді қақпақша жетіспеушілігі//

сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы//

қолқа сағасының тарылуы//

оң жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы//

қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі+

***

76. Науқас С. 27 жаста, жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Түскен кезде жағдайы ауыр, ортопноэ, акроцианоз. Өкпеде қатқыл тыныс фонында төменгі – бүйір бөлімдерде ылғалды сырылдар. І тон әлсіреген, жүрек ұшында қолтықасты аймаққа тарайтын қатты пансистолалық шу. ЖСЖ 120 рет минутына, ырғақсыз. АҚҚ 130/90 мм.сын.бағ. Бауыр шегі 2 см – ге шығыңқы, пальпацияда ауырсынады, аяқтарында аз ғана ісіктер. Науқаста қан айналым жетіспеушілігінің қай сатысы//

ҚЖ 0//

ҚЖ І//

ҚЖ ІІ А//

ҚЖ ІІ Б//+

ҚЖ ІІІ

***

77. Науқас Б. 34 жаста, бас ауыруына, бас айналуына, қысқа уақытқа есінен тануға шағымданады. Объективті: төстен оң жақта жүрек негізінде систола ортасында максимальді естілетін қатты систолалық шу. Шу мойын тамырларына тарайды, Вальсальва сынамасында шу тыныс алу кезінде азаяды және өзгеріссіз қалады. ЭКГ: сол жақ қарынша гипертрофиясы. Рентгенологиялық: жүректің «жүзген үйрек» түрінде конфигурациясы.Науқаста қандай ақау анықталған//

үшжармалы қақпақ жетіспеушілігі//

қолқа сағасы тарылуы//+

митральді қақпақ жетіспеушілігі//

өкпе артериясы сағасының тарылуы//

сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы

*** 78. Науқас И., 60 жаста, үйіне дәрігерді шақыртқан. Жалпы әлсіздік, мазасыздануға, бас айналуына шағымданады. Анамнезінде жиі есінен тану болған. Объективті: санасы анық, бозғылт, АҚҚ-100/70 мм.с.б.б. ЖСЖ-45 рет/мин. Аталған скринингтік тесттердің қайсысы сәйкес келеді//

Глюкометрия//

АҚҚ қайта өлшеу//

ЖСЖ-ны бақылау//

Пикфлоуметрия//

ЭКГ+

***

79. «Никтуриялықесінен тану»дегеніміз не//

күндіз зәр шығарғанда есінен тану//

таңертең зәр шығарғаннан кейін есінен тану//+

зәр шығару кезінде есінен тану//

түнде зәр шығарар алдында есінен тану//

түнде зәр шығару актісіне байлыныссыз есінен тану

***

80. «Талып қалудың» түсінігі//

біртіндеп басталатын және ұзаққа созылатын естен тану//+

құлап қалумен байқалатын кенеттен аз уақытқа есінен тану//

кенеттен басталған және ұзаққа созылған есінен тану//

айқын басының айналуы//

ретроградты амнезиямен байқалатын есінің қысқа уақытқа тануы

***

81. «Ортостатикалық коллапс» дегеніміз не//

дене қалпын тез өзгерткенде пайда болатын коллапс//+

гипертензвиті препараттарды қабылдағаннан кейін пайда болатын коллапс//

вазодепрессивті препараттарды қабылдағаннан кейін пайда болатын коллапс//

жүрек-тамыр препараттарын қабылдағаннан кейін пайда болатын коллапс//

диуретиктерден кейін пайда болатын коллапс

***

82. Науқас М. 27 жаста стрестік жағдайдан кейін кенеттен жүрек айну, көз қарауыту, әлсіздік, тершеңдік, бозару пайда болды. Артериялық қан қысымы 80/50 мм.с.б. РS-52 рет минутына. Қысқа уақытты құрысу ұстамалары және еріксіз зәр шығару пайда болды.

Сіздің диагнозыңыз//

эпилепсия ұстамасы//

қолқа артериясының аневризмасы//

Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы//+

миокард инфарктісі//

гипогликемиялық жағдай

***

83. Қысқа уақытқа естен танудың себептеріне төмендегілердің біреуінен басқа жатады//

Кардиальді//

Вазовагальді//

Ортостатикалық//

Цереброваскулярлық//

қан жоғалту+

***

84. «Беттолепсия» дегеніміз не//

каротидті синус қозғанда пайда болатын естен тану//

зәр шығарғанда пайда болатын естен тану//

жөтелген кезде пайда болатын естен тану//+

тіл-жұтқыншақ нервісінің невралгиясы//

жүрек аурулары фонында пайда болатын естен тану

*** 85. Өкпе артериясындағы орташа қысымның босаға деңгейінен жоғарылауында өкпе гипертензиясы диагностикаланады, мынадай жағдайда//

> 20 мм с.б//

> 25 мм с.б//+

> 30 мм. с.б//

> 3 мм с.б//

> 40 мм с.б

***

86. Савицкий-Эйлер-Лильестранд рефлексі дамиды//

Гипоксемияда//

Гиперкапнияда//

альвеолокапиллярлы мембрананың қалыңдауы//

альвеолярлы гиповентиляция //+

регионарлы қан ағыстың бұзылысы

***

87. Жүректің ишемиялық ауруындағы сол жақ қарынша жетіспеушілігі және артериальды гипертензиясы өкпелік гипертензияға осының нәтижесінде әкеледі//

сол жақ жүрекше және өкпе веналарындағы қысымның жоғарылауы//+

оң жақ жүрекшеде//

сол жақ қарыншада//

екі жүрекшеде//

оң жақ қарыншада

***

88. Өкпелік гипертензияның негізгі белгілеріне жатпайды//

тыныштық күйдегі ентігу//

құрғақ жөтел//

кеуде клеткасындағы ауырсыну//

аяқтағы ісіктер//

физикалық жүктеме кезінде кететін ентігу+

***

89. Өкпелік гипертензияның өкпелік емес себептеріне жатады//

жүрек ақаулары//+

өкпенің созылмалы обструктивті аурулары//

өкпе артериясының тромбоэмболиясы//

туберкулез//

саркоидоз

***

90. Өкпелік гипертензияны анықтайтын негізгі әдіс болып саналады//

Орталық венозды қысымды анықтау//

Өкпе артериясының катетеризациясы//

Оң жақ қарыншадағы қысымды анықтау//+

Поликардиография//

ЭКГ

***

91. Өкпе гипертензиясы анықтамасына жатады, біреуінен басқасы//

альвеолалардағы оттегінің парциальды қысымы азайған кезде прекапиллярлы өкпелік гипертензия пайда болады//

посткапиллярлы өкпелік гипертензия сол жақ жүрекшеде қысымның 20 мм.сын.бағ. асса пайда болады//

капиллярлы өкпелік гипертензия қан көлемі мен капилляр өзегінің сәйкессіздігінен//

кіші қан айналым шеңберіндегі қан көлемі жүректің соғу көлеміне тең//+

кіші қан айналым шеңберіндегі систолалық қысым қалыпты жағдайда 26 – 30 мм.сын.бағ тең

*** 92. Қызба, полиневрит, артериальды гипертензия, бронхообтурационды синдромы кандай ауруға тән//

жүйелі қызыл жегіге//

дерматомиозитке//

түйінді полиартериитке//+

жедел ревматизмға//

инфекциялық эндокардитке

***

93. Ер адам 37 жаста, фермер, жалпы тәжірибелік дәрігерге аралас сипатты ентігуге, қалтырау, дене температурасының 39 °С – қа жоғарылауына, аз қақырықты жөтелге шағымданып келді. Бұл симптомдар шіріген шөппен жұмыс жасағаннан кейін 6 сағаттан соң пайда болды. Қан сарысуында преципитатталған антиденелер.Болжам диагноз//

милиарлы өкпе туберкулезі//

пневмония//

экзогенді аллергиялық альвеолит//+

идиопатиялық фиброздаушы альвеолит//

тыныс тұншықпасы

***

94. Қабылдауда ер бала 10 жаста, денесіне тез таралған аяғындағы ұсақ нүктелі бөртпеге шағымданады. Дене температурасы субфебрильді. Анамнезінде тағамдық сенсибилизация, ЖРВИ – мен жылына 2 – 3 рет ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Балтырында, жамбасында, иығында, буындар айналасында, құлақ раковиналарында үлкен экссудативті – геморрагиялық бөртпе, симметриялы, кей жерлерде бірігіп кетеді. Таңдайдың шырышты қабатында петехиялар бар. Жүрек тондары тынықталған. АҚҚ 100/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен зәр шығару қалыпты.

Болжам диагноз//

жедел лейкоз//

жәншәу//

гемофилия//

геморрагиялық васкулит//+

тромбоцитопениялық пурпура

***

95. 6 айлық балаға үйге шақыру түсті. Бала жедел ауырған. Анасының айтуынша дене қызуы 39,5 °С көтеріліп, жөтелген, мұрнынан су аққан. Бір рет құсу болған. Қарағанда терісі боз, бала қозған, тырысу, анық емес менингеальды симптом байқалады. Болжам диагноз қандай//

серозды менингит//

ОРВИ, нейротоксикоз//+

токсикалық пневмония//

ішек токсикозы//

H1N1тұмауы

***

96. Бала 6 жаста. Қарағанда жағдайы ауыр, дене температурасы 39,8 °С, кенеттен ентігу, ТЖ – 60 рет минутына, мұрын – ерін үшбұрышының цианозы, мазасызданғанда жайылмалы цианоз пайда болады, мұрын қанатшаларының кернелуі, жиі азапты жөтел, қабырғааралықтың тартылуы. Перкуссияда – тимпанит. Өкпеде тұрақсыз құрғақ сырылдар. Рентгенограммада – прекорниальды бөлімдерде өкпе суретінің күшеюі.

Баланы стационарға қандай диагнозбен жолдау керек//

крупозды пневмония//

жедел пневмония//

интерстициальды пневмония//+

тыныс тұншықпасы//

обструктивті бронхит

***

97. Науқас 27 жаста. Шағымы: аз көлемді қақырықты жөтел, дене қызуы 37,5 °С жоғарлауы, тәбіттің төмендеуі, жалпы әлсіздік. Оң жақ бұғана астында ылғалды сырылдар естіледі. Қақырықта туберкулезді микробактериясы анықталмайды. Жалпы қан анализинде: ЭТЖ 22 мм\сағ. Көкірек клеткасының жалпы шолу рентгенограммасында: өкпенің оң жақ жоғарғы бөлігінде біртекті емес интесивтілігі орташа, шекарасы айқын емес фокусты көлеңке байқалады. Оң жақ өкпе түбірінде петрификаттар бар. Науқастың болжам диагнозын қойыңыз//

оң жақ өкпенің жоғары бөлігінің ошақты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ//

оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау және шашылуы, ТМБ//

өкпе туберкулемасы, тығыздалу фазасы, ТМБ//

оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, сорылу фазасы, ТМБ//

оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ТМБ+

***

98. 4 жастағы балада жедел респираторлы вирусты инфекция кезінде «үру» жөтел және инспираторлы демікпе пайда болды. Шешесінің айтуынша бала 2 күн ауырған. Дене қызуы 38 ºС көтерілгенде 1 рет парацетамол қабылдалған. Қарағанда бала әлсіреулі, тері қабығы сұрлы. Өкпесінде демі қаттылау, сырылдау жоқ. Ларингоскопияда қып-қызыл «төмпешіктер» бар, дауыс қатпарлары өзгермеген, дауыс қуысы тарланған. Болжамды диагнозы қандай//

жедел эпиглоттит//

жедел қатпарасты ларингит//+

шынайы круп//

көмейдің хондроперихондрит//

көмей ісігі

*** 99. Қан түзілуінің мегалбласттық түрі, қандағы ферритин деңгейінің жоғарлауы, неврологиялық симтоматика қайсысына тән//

Темір жетіспеушілік анемия//

В12- жетіспеушілік анемия//+

Аутоиммундыгемолитикалық анемия//

Минковский- Шоффар анемиясы//

Апластикалық анемия

***

100. Гипохромды макроцитарлы (пернициозды) анемиясы бар науқасқа қандай ем тағайындау керек//

Эр-масса құю керек//

Темір сахараты инъекциялары//

Темір сульфатын қабылдау//+

Цианкобаламин инъекциялары//

Аскорбин қышқылын қабылдау

***

101. Гем түзілуінің бұзылысына байланысты анемия мен темір жетіспеушілік анемия диагнозы үшін негізгі екшеу –диагностикалық белгісіне не жатады//

Науқастың жасы//

Қан сарысуындағы темір құрамы//+

Анемияның айқындығы//

Түстік көрсеткіш//

Науқастың жынысы

***

102. Темір жетіспеушілік анемия кезінде сүйек миына тән көрініс//

Лимфоциттердің басымдылығы//

Сидеробласттар көлемінің азаюы//

Мегакариоциттер көлемінің азаюы//+

Мегалобластоз//

Миелодты метаплазия

***

103. В-12жетіспеушілік анемияны В-12 витаминімен емдеуде тиімділік критерийлеріне жатпайды//

Бірінші күндері субъективті жақсаруы//

Ретикулоцитоз//

Эритроциттер мен гемоглобиннің өсуі//

Лейкоциттер мен тромбоциттер санының қалыпқа келуі//+

Түстік көрсеткіштің жоғарлауы

***

104. Толық клинико-гемотологиялық ремиссияның негізгі критериялары не болып келеді://

Гемограмманың қалыпқа келуі//+

Геморрагиялықсиндромныңболмау//

миелограммадалимфоциттерсаны 30%көп емес//

стернальдыпунктаттабласттыклеткалардың саны 5%дейін//

барлық клиникалық белгілерінің қалыпқа келуі

***

105. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде анемия не себепті болады//

Темір жетіспеуінен//+

В12витаминінің жетіспеуінен//

Аутоиммунды гемолизден//

Фолий қышқылының жетіспеуінен//

Эритрпоэтин синтезінің төмендеуінен және азотемияның токсикалық әсерінен

*** 106. А гастритінің патогенезінде маңызды роль атқарады//

Асқазанның жақтаулы жасушаларына антиденелер түзілуі//+

Асқазанның негізгі жасушаларына антиденелер түзілуі//

Асқазан бездерінің муциніне антиденелер түзілуі//

Асқазанның кілегейлі қабығында периартериальды иммунды жинақталулар түзілуі//

Простогландиндерге антиденелер түзілуі

***

107. 60жастағы ер адамда рентгенологиялық тексеру кезінде көлемі 2,5см асқазан жарасы анықталды. Қандай белгісі арқылы жараның қатерлі емес екенін болжауға болады//

Жара аймағында асқазан қатпарының конвергенциясын табу//+

Соңғы 2 айда дене массасының 5кг азаюы//

Жараның болуына қарамастан эпигастрий аймағында ауырсынудың болмауы//

Жараның асқазанның кіші иінінде срналасуы//

рН-метрия жасаған кезде асқазан сөлінде тұз қышқылының болуы

***

108. Қандай жағдайларда қатерлі ісікті жоққа шығару үшін міндетті түрде динамикалық ЭГДС көрсетілген//

Атрофиялық гастрит//

Пернициозды анемия//

Он екі елі ішектің жара ауруы//

Үлкен көлемді асқазан жарасы//+

Эрозивті гастродуоденит

***

109. Науқаста гастроэзофагеальды рефлюкс ӨСОА(ХОБЛ)мен бірге жүрген кезде нені қабылдау ұсынылмайды//

холинолитиктерді//+

Адреномиметиктерді//

Н-2-гистамин рецепторларыныңблокаторларын//

Сұйықантацидтерді//

протон помпасының ингибиторларын

***

110. Жара он екі елі ішекте орналасқанда эрадикация курсын аяқтағаннан кейін демеуші терапияның ұзақтығы қанша//

3 апта//

4 апта//+

5 апта//

6 апта//

8 апта

***

111. 36 жастағы хеликобактерлік инфекциямен байланысты он екі елі ішектің жара ауруымен ауыратын науқас14 күн стационарда эрадикациялық терапияның(омепразол, кларитромицин, метронидазол, де-нол) курсынан өтті. Осы жағдайда демеуші терапияның ұзақтығы қанша//

2 апта//

3 апта//

4 апта//+

5 апта//

8 апта

***

112. 52 жастағы созылмалы алкоголизммен ауыратын ер адамда 3 жыл бойы эпигастрииде және сол жақ қабырғастының ауырғандығы, метеоризм, үлкен дәретінің тұрақсыздығы байқалады. Бір жыл ішінде диареяға байланысты 6кг.арықтаған. Науқас толығымен майды шектеген диета сақтаған кезде жағдайы жақсарады. Қандай тексеру диагноз қою үшін айтарлықтай мәліметті//

ЭРПХГ//

ЭФГДС//

Копрограмма//+

Глюкозаға толеранттылық сынамасы//

Сутектік тест

*** 113. Чайлд-Пью шкаласы бойынша декомпенсирленген бауыр циррозының белгілері не болып келеді//

билирубин 2 мг%//+

альбумин 2,7 г% аз//

протромбин индексі 39 аз//

бауыр энцефалопатиясы III-Iv дәрижесі//

үлкен торпидті асцит

***

114. Бауыр циррозының қандай түрінде тәулігіне 5-10мг преднизолон тағайындалады://

Аутоиммунды гепатиттің соңғы сатысында дамыған цирроз//+

Созылмалы вирусты гепатитВ ның фонындағы цирроз//

Біріншілік билиарлы цирроз//

Гемохроматоз кезіндегі цирроз//

Алкогольды бауыр циррозы

***

115. Бауыр циррозының қай түрінде урсодезоксихол қышқылын қолдану тиімді//

Аутоиммунды гепатиттің соңғы сатысында дамыған цирроз//

Созылмалы вирусты гепатитВ ның фонындағы цирроз//

Біріншілік билиарлы цирроз//+

Гемохроматоз кезіндегі цирроз//

Алкогольды бауыр циррозы

***

116. Холестаз синдромының индикаторы болып келеді//

АЛТ//

АСТ//

Сілтілік фосфатаза//+

ЛДГ//

сорбитдегидрогеназа

***

117. Шектелген гепатомегалияның ең ықтимал емес себебі//

Фелти синдромы//+

Созылмалы гепатит//

Алкогольді цирроз//

Бауыркистасы//

Бауыргемангиомасы

***

118. Біріншілік билиарлы бауыр циррозының ең алғашқы белгісі не болып келеді//

Спленомегалия//

Диспепсиялық белгілер// +

Терінің қышуы//

Оң жақ қабырғастының ауырғандығы//

Геморрагиялық синдром

***

119. Гемолитикалық сарғаюда не орын алады//

Ретикулоцитопения//

тікелей билирубиннің жоғарлауы//

Спленомегалия//+

Сілтілі фосфотазаның жоғарлауы//

қан түзілуінің мегалобластты түрі

*** 120. Әйелдерде босанғаннан кейінгі кезеңде көп қан жоғалтудан және септикалық жағдайға байланысты дамитын гипоталамо-гипофизарлық жетіспеушілікті қалай атайды//

Симмондс ауруы//

Иценко-Кушинга ауруы//

Шиен ауруы//+

Аддисон ауруы//

Конн ауруы

***

121. Гипофиз бен гипоталамус белсенділігін төмендететін препаратты таңдаңыз//

бромкриптин//+

адам соматотропині//

дексаметазон//

питуитрин//

инсулин

***

122. Қалқанша безі қызметінің шеткі әсерін қандай гормондар жүзеге асырады//

ТТГ//

байланысқан Т4//

бос Т3 //+

байланысқанТ4//

кальцитонин

***

123. Қант диабетімен ауыратын науқаста шөлдеу, полиурия , жағдайы тез нашарлады, қандағы қант 19,6ммоль/л, зәрде ацетон, аузынан ацетон иісі шығады. Болжам диагноз//

кетоацидоздық кома//+

гиперосмолярлы кома//

гипогликемиялық кома//

гиперлактацидемиялық кома//

уремиялық кома

***

124. Жүкті әйелдерде тиреотоксикозды емдеудің қандай түрі қолданылады//

қалқанша безінің субтотальды резекциясы //+

тиамазолмен медикаментозды емдеу//

радиоактивті йод//

тек қана бета-блокаторлар қолдану//

босанғанша емдемейді

***

125. Токсикалық аденомада қандай ем көрсетілген//

тиреостатиктеоді қабылдау//

радиоактивті йодпен емделу//

оперативті ем//+

тиреостатиктержәне радиоактивті йодпен құрама терапия//

глюкокортикоидтар қабылдау

***

126. Постпрандиальды гиперинсулинемия//

тамақ қабылдау аралықтарындағы қандағы инсулин мөлшері//

ерте таңертеңгілік мезгілде инсулин деңгейінің жоғарлауы//

тамақ қабылдауға жауап ретінде инсулин деңгейінің жоғарлауы//+

түнде вагус тонусының жоғарлауына жауап ретінде инсулин деңгейінің өсуі//

тамақ қабылдар алдында инсулин деңгейі

*** 127. Сіңудің бұзылуы синдромына қандай белгі жатпайды//

Диарея//

Стеаторея//

Креаторея//

Полинейропатия//

артериальды гипертензия+

***

128. Жаралы диспепсияны жарасыздан екшеу үшін қандай препарат көмектеседі//

Маалокс//

домперидон//+

Цизаприд//

Дицетел//

Проглумид

***

129. Спецификалық емес колит кезінде тенезмдерненің зақымданғанын көрсетеді//

ас ішектің терминальды бөлігі//

мықын ішектің өрлеме бөлігі//

мықын ішектің талақтық иілімі//

сигмоватәрізді және тік ішек//+

Тік ішек

***

130. Сыртқы және ішкі жыланкөздер ненің асқынуына тән//

гранулематозды колит//+

спецификалық емес жаралы колит(НЯК)//

псевдомембранозды колит//

ишемиялық колит//

Крон ауруы

***

131. Қандай ауруда тоқ ішектің тоногенді дилатациясы жиі перфорацияға әкеледі//

спецификалық емес жаралы колит(НЯК)//

Крон ауруы//+

псевдомембранозды колит//

ишемиялық колит//

шигеллез

***

132. 20жастағы науқаста үлкен дәреті жиі , көп мөлшерде,сулы “күріш қайнатпасы”түрінде,бірнеше рет көп құсу, бұлшықет әлсіздігі, шөлдеу, аузының құрғауы. Науқастың жағдайы сусызданудың нешінші дәрижесіне сәйкес келеді//

I дәрежесі//

II дәрежесі//+

IIIдәрежесі//

Ivдәрежесі//

сусыздану белгілері жок

*** 133. Іш қату пайда болуының қауіпті факторы болып келеді//

Тұқым қуалаушы бейімділік//

Бір түрлі тамақтан//

Суды көп қолдану//

ОНЖ зақымдануы//

Дұрыс тамақтанбау+

***

134. Спецификалық емес колит кезінде тенезмдер ненің зақымданғанын көрсетеді//

ас ішектің терминальды бөлігі//

мықын ішектің өрлеме бөлігі//

мықын ішектің талақтық иілімі//

сигмоватәрізді және тік ішек//+

тік ішек

***

135. Сыртқы және ішкі жыланкөздер ненің асқынуына тән//

гранулематозды колит//+

спецификалық емес жаралы колит(НЯК)//

псевдомембранозды колит//

ишемиялық колит//

Крон ауруы

***

136. Қандай ауруда тоқ ішектің тоногенді дилатациясы жиі перфорацияға әкеледі//

спецификалық емес жаралы колит(НЯК)//

Крон ауруы //+

псевдомембранозды колит//

ишемиялық колит//

шигеллез

***

137. Бауыр циррозы кезінде дисбактериозбен күресу үшін қолданылмайды//

неомицин сульфат//

лактулоза//

декстроза//+

ампициллин//

Бактисубтил

***

138. Дюфалак жайлы дұрыс емес//

Дисахаридтергежатады//

ішектен токсиндерді сіңіріп,сыртқа шығарады//

эшерихий мен бактероидодтардың өсуін тоқтатады//

30 мл ден күніне 2 рет тағайындалады//

нәжістің жиілігі күніне 3-4 болуы керек+

***

139. Нәжістік массалардың жұмсарып ,олардың сырғанауына жағдай жасайтын іш босататын дәрі//

итшомырт(крушина)//

сенаде//

кастор майы//+

Кебек//

Карловартұзы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]