Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
Жарықтың табиғаты
1.Френельдің тәжірибесі............................................................................................4
2.Тоғысатын сәулелер дифракциясы........................................................................5
3.Параллель сәулелер дифракциясы.........................................................................6
4.Дифракциялық решеткалар....................................................................................8
5.Дифракциялық тордың дисперсиясы және ажырату қабілеті...........................11
Қорытынды...............................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................14
Кіріспе
Оптика
— физика ғылымының дербес салаларының
бірі. Оптикада жарық пен рентген
сәулелерінің табиғаты мен қасиеттері
және олардың затқа ететін әсерлері
қарастырылады. XVII ғасырдың аяқ кезінде
жарықтың табиғаты жайында екі түрлі
ғылыми түсінік болды. Олардың біреуі —
жарықтың корпускулалық теориясы,
екіншісі — жарықтың толқындық теориясы.
Жарықтың корпускулалық теориясын
тұжырымды етіп баяндаған — ағылшынның
атақты ғалымы И.Ньютон (1672 ж.) Бұл теория
бойынша, жарық дегеніміз — жарқырауық
денелерден ұшып шыққан жарық бөлшектерінің
ағыны. Ньютонша, жарық бөлшектері инерция
заңына лайық түзу сызық бойымен қозғалады,
Сондықтан жарық біртекті ортада тузудің
бойымен таралады. Екі мөлдір ортаның
шекарасында жарықтың сыну себебі жарық
бөлшектері сындырушы ортаның бөлшектеріне
тартылады, соның салдарынан бірінші
ортадан екінші ортаға өткенде жарық
бөлшектерінің жылдамдығы өзгереді,
сонда бірінші ортадан гөрі екінші орта
тығыздау болса, жарық бөлшектерінің
жылдамдығы артады. Демек, бірінші
ортадағы жарық жылдамдығы
екінші-
ортадағы жарық жылдамдығынан (
-ден)
кем болады. Корпускулалық теория бойынша
жарықтың сыну көрсеткіші (n) жарықтың
екінші ортадағы жылдамдығының бірінші
ортадағы жылдамдығының қатынасына тең,
яғни
,
мұндағы
.
Бірақ Ньютонның тұсында бұл қорытынды
тәжірибе жүзінде тексерілген емес.
Демек Ньютонның жарық сыну көрсеткіші
жайындағы қорытындысы дұрыс емес. Бұл
теорияның бұдан да басқа кемшіліктері
бар. Сондықтан бұл теория кезінде
жарықтың бірден-бір теориясы бола
алмады. Сол кездің өзінде-ақ Голландия
ғалымы X.Гюйгенс (1678 ж.) бірқатар дыбыс
құбылыстары мен жарық құбылыстарын
салыстыра отырып, жарықтың толқындық
теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша
жарық дегеніміз ерекше серпімді ортада
таралатын толқындық процесс.
Толқындық бет жеткен әрбір нүкте элементар толқындардың дербес көзі болады; сол элементар толқындарды ораушы бет жаңа толқындық беттің орнын көрсетеді. Толқындық беттерге тік жүргізілген түзулер жарық таралатын бағытты көрсетеді.
Гюйгенс осы принципке сүйеніп жарықтың шағылу және сыну заңдарын, сондай-ақ жарықтын қосарланып сынуын да дұрыс түсіндірді. Толқындык теория бойынша жарықтың сыну себебі жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде оның жылдамдығы өзгереді.
