- •1 Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс
- •2 Өсімдік шаруашылығы өнімдері шығындары есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
- •1Ц томаттың өзіндік құны: - стандартты (256780/820) - стандартты емес (70120/320)
- •3 Өсімдік шаруашылығында шығындар есебінің объектілері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат басқару есебі жүйесінде пайда болады.
Өнімнің өзіндік құнына шығындардың түріне қарай, отандық экономикалық әдебиеттерде оның келесідей түрлері бөліп көрсетілді:
- цехтық - тікелей шығындар және жалпы өндірістік шығындар енгізіледі; өнімді дайындаудағы цех шығындарын сипаттады;
- өндірістік – цехтық өзіндік құн және жалпы шаруашылық шығындардан құралды; өнімді шығарумен байланысты, кәсіпорын шығындары туралы мәлімет берді;
- толық өзіндік құн – өткізу шығындары сомасына көбейтілген, өндірістік өзіндік құн. Бұл көрсеткіш, өндіріс пен өнімді сатумен байланысты, кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктірді.
Толық өзіндік құнның құрылу процесі төмендегі схемада көрсетілген.
Еңбек күшіне тікелей шығындар + Жалпы өндірістік шығындар =
Қосылған шығындар + Материалдарға тікелей шығындар = Өндірістік өзіндік құн +Сату шығындары + Әкімшілік шығындар = Толық өзіндік құн.
Калькуляция (лат.тілінен calculation - есептеу) өзіндік құнды есептеуден тұрады.
Калькуляция бухгалтерлік есеп әдісінің элементі ретінде, әрдайым қолданылған жоқ және оның пайда болуы қоғамдағы өндірістік күштің дамуымен байланысты.
Калькуляция міндеті – ішкі қолдану және сату үшін бағытталған, өнімнің (жұмыс, қызмет) бірлігіне шығындарды анықтау.
Калькуляциялаудың соңғы нәтижесі болып калькуляция құру табылады, калькуляциялаудың мақсатына байланысты калькуляцияны жоспарлы, сметалық және фактілік деп бөледі.
Жоспарлы калькуляция - осы кезең басындағы әрекет ететін норма мен сметалар негізінде жоспарлы кезеңге құрылады.
Сметалық калькуляция – шығындар нормасы жоқ болған кезде қайтадан игерілетін өнімді конструкциялау және жаңа өндірісті жобалау кезінде есептеледі.
Фактілік (есептік) калькуляция – өндірістегі барлық шығындардың және өнімді сатудың барлық жиынтығын бейнелейді.
Сонымен калькуляция өндіріс процесінде алынған нақты өнімнің өзіндік құнын оқуға мүмкіндік береді.
Калькуляцияның қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңдестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлә міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарын болжауға мүмкіндік береді:
- өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігі;
- өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
- шығарылатын өнімнің түрлілігін оңтайландыру;
- жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркін жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
- басқарушылық қызметкерлерінің жұмыс сапасын бағалау.
Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын немесе жауапкершілік орталығы қабылдаған жоспарды бағалау негізіне сүйенеді. Нақты калькуляциялау мәліметтері өзіндік құн жүніндегі жоспарлы тапсырмалардан ауытқу себептерін талдау және өзіндік құнды кейінгі жоспарлау үшін, жаңа техника мен заманға сай технологиялық процестерді және т.б. енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу үшін қолданылады.
Калькуляциялау трансферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді. Трансферттік (ішкі) баға бір кәсіпорынның бөлімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пайдаланылады.
Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы қаржылық жағдайы трансферттік бағаны дұрыс қалыптастыруға байланысты болады.
Егер бөлімшенің өнімі (көрсетілетін қызметі) кәсіпорынның ішінде толығымен тұтынылатын болса, трансфертті бағаның шамасы таза есептік және тұтастай кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етпейді.
Сондықтан өндірістік есеп пен калькуляциялау өнімнің өзіндік құнын ғана емес тұтастай кәсіпорынның басқару жүйесінің негізгі элементтері болып табылады
Өнімнің (жұмыс,қызмет) өзіндік құнын есептеу калькуляция деп аталады.
Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілдерін үш белгі бойынша топтастыруға болады:
а) шығын есебі объектілері бойынша:
- процестік;
- бөлістік;
- тапсырыстық;
ә) шығын есебінің толықтығына қарай:
- толық өзіндік құнды калькуляциялау;
- толық емес өзіндік құнды калькуляциялау;
б) шығындар есебі мен бақылаудың оперативтілігі бойынша:
- нақты өзіндік құн есебі;
- нормаға сай шығындар есебі.
Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау үшін келесідей әдістер қолданылады:
Тапсырыстық әдіс. Тапсырыстық калькуляция бір экземплярлы немесе көп қайталанбайтын партиялы өнімді дайындау кезінде, жеке өндірісте қолданылады. Тапсырыстық калькуляция полиграфияда, ерекше құрылғыны өндірумен айналысатын, кәсіпорындарда және т.б. қолданылады. Тапсырыстық әдіс кезінде негізгі есеп объектісі болып, жеке өндірістік тапсырыс табылады. Олардың фактілік өзіндік құны тапсырысты орындағаннан соң анықталады. Сондықтан ай сайынғы өнімнің фактілік өзіндік құнды анықтау үшін, өндірістік тапсырыстар ай ішінде шығарылатын өнім санына есептелген, бағдарламамен шектелген болуы керек. Өндірістің ұзақ мерзімді технологиялық циклімен ірі өнімдерді дайындау кезінде , тапсырыстар толық өнімге ашылмайды, оның жеке бөлшектерін бітіріп алады.
Процестік әдіс. Бұл әдісте өңдеудің бірнеше процестерінен өтетін, бірдей өнімді сериялық және массалық өндіру қолданылады. Процестік әдісте шығындар өнімнің толық шығуына есептеледі және калькуляцияланады. Бұл әдісті қолданылатын, өндірістің көбісінде аяқталмаған өндіріс болмайды немесе шектелген көлемде болады, сондықтан өнім бірлігінің өзіндік құны шығындарды натуральды немесе шартты натуралды көрсеткіштердің жалпы көлеміне бөлу жолымен анықталады. Шығындар жалпы технологиялық процестің жеке баптары бойынша есептеледі.
Бөлістік әдіс, бірдей өнімді массалық өндіруде қолданылады. Олар бірнеше кезеңнен тұрады. Үлесті шығындарды анықтау үшін, жалпы шығындарды шығарылған өнім санына бөледі. Өнім бірлігі өңделіп болғанға дейін, олар бірнеше процестер мен бөлімшелер арқылы өтеді. Әрбір бөлімде шығындар өнімге апарылады. Өндірістік процесс соңында шығындар сомалық жинақталады және өнім бірлігіне жалпы шығындарды анықтайды.
Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретің, не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады, Шығындардың процестік калькуляциясын процесс деп аталатын өндірістік кезеңнің жеке бөлігін әрбір өндірістік бөлімше орындауын көздейтін технологиясы бар кәсіпорындар да қолданады.
Өндіріс шығындарын процестік калькуляциялауды сондай-ақ әр түрлі бұйымдарды жасайтын кәсіпорындар өндірістің барлық процесін тұрақты қайталанатын операцияларға бөлуге болатын жағдайда қолдана алады.
Процестік тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші және энергетика салаларында қолданылады.
Бұл салалар өндірістің жаппай түрімен, өнімнің шектеулі номенклатурасымен, өлшеу мен калькуляциялаудың ортақ белгілерімен, бітпеген өндірістің мүлдем жоқтығымен, не болмаса, шамалы мөлшерімен сипатталады.
Жинақтай келгенде шығарылатын өнім бір уақытта шығын есебі объектісі мен калькуляциялау объектісі құны есепті жыл ішіндегі жиынтық шығынды бұл кезенде өндірілген өнім санына бөлініп есептеледі.
Біртекті өнім шығаратын жерде өндіріске шыққан шығындардың негізгі мөлшерін калькуляцияның барлық баптары бойынша оңай анықтауға болады. Көптеген кен өндіретін және қайта өндеу өнеркәсібі орындарында жай тәсілді нормаға сай тәсілмен біріктіреді, осылайша өндіріс шығындарын бақылауды күшейтіп, өндіріс барысында шығындардың нормадан ауытқуын анықтайды. Көптеген кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі кәсіпорындарда нормаға сай тәсілдердің элементтерін өндірісті қарапайым ұйымдастырумен бірге қолданудағы дұрыстығы мен озықтығын дәлелдеді. Шығын есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым тәсілінің төрт нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа. Тікелей және жанама шығыстарды барлық шығарылған өнімнің шығындарына белгіленген баптар бойынша есепке алынады. Өнім бірлігінің өзіндік кұнын барлық өндірістік шығындардың дайын өнімнің саны бөлумен анықтайды. Бұл өндірісте бітпеген өндіріс, жартылай өнімдер (полуфабрикат) мен дайын өнімнің кұрамдас бөлігі (гидростанция, құм, балшық, қазу) болмайды.
Екіншісі - дайын өнім мен бітпеген өндіріс арасындағы шығындарды бөлуді қажет (мысалы, ағаш дайындаушы өнеркәсіптің өнделмеген ағаштың 1м өзіндік құнын калькуляциялаған кезде) ететін жерде, бітпеген өндірісі бар кәсіпорындарда қолданылады.
Үшінші - бір уақытта өнімнің бірнеше түрін шығаратын немесе қазып шығаратын: жылу мен электр энергиясын шығару; мұнай мен газ өндіру; балықтың сан түрін шығаратын кәсіпорындарға қолайлы. Мұндай жағдайларда шығындарға тұтастай кәсіпорын бойынша, яғни қарапайым тәсілмен есепке алады, ал өнімнің өзіндік құнын қисындастырылған әдіспен калькуляциялайды. Мұнай мен газды өндіргенде энергетикалық шығындар, амортизация, бұрғылардың жерасты жабдықтарын, жөндеуді, қабаттың берерін артыруға, мұнайды айдау мен сақтауға жұмсалатын шығындарды тікелей белгі бойынша мұнайға, ал газ жинау тасымалдау шығыстарын газға жатқызады. Қалған шығыстарды мұнай мен газ арасында кәсіпорынның орташа келісімді бағалары бойынша бағалау мен жалпы өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Төртінші нұсқаны шығындар есебін процестер немесе бөлістер бойынша бұл процестер немесе бөлістердін өнімнің (жартылай өнімнің) өзіндік құнын анықтамай жүргізетін кәсіпорындарда қолданады. Бұл вариантты химия өнеркәсібінде, құрылыс материалдары өнеркәсібі орындарында қолданады. Бұл жерде шығын есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік тәсілдері үйлеседі.
Процестік калькуляция жүйесі дайын бұйымдары азды-көпті ұксайтын өнеркәсіп салаларында әрекет ететіндігі бұрын атап өтілді. Бұл жүйені пайдаланғанда өндіріс шығындарын нақты тапсырыстармен, өнімнің жеке бірліктерімен байланыстыруға әрекеттену жасалмайды. Керісінше, бір бұйымның өзіндік құнын белгілі бір кезең ішіндегі өндірістің өзіндік құнын сол кезенде жасалған бұйым санына бөліп, есептеуге болады. Басқаша айтсақ, тапсырыстын өзіндік құны сол кезенде жасалған барлық бұйымдардың орташа өзіндік құнына тең алынады.
