- •1 Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс
- •2 Өсімдік шаруашылығы өнімдері шығындары есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
- •1Ц томаттың өзіндік құны: - стандартты (256780/820) - стандартты емес (70120/320)
- •3 Өсімдік шаруашылығында шығындар есебінің объектілері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1Ц томаттың өзіндік құны: - стандартты (256780/820) - стандартты емес (70120/320)
Қорғалған топыраққа егілген көкөніс өнімдерінің өзіндік құны калькуляциясы. Қорғалған топыраққа егілетінкөкөністер маусымдық емес уақытта, ашық топыраққа егуге мүмкін емес жағдайларда өсіреді. Онда сол сияқты ашық топыраққа егу үшін рассаданы да өсіреді.өсімдік шаруашылығында шығындар есебі үшін қорғалған топыраққа егілетін көкөністерде келесідей аналитикалық шоттарда жүргізу ұсынылады: "Қыстық теплица", "Парниктер", "Көктемдік теплица", "Кленка астындағы жеміс шаруашылығы". өнімдердің өзіндік құнын келесідей түрде анықтайды: есепті жылдың астығына жататын шығындардың жалпы сомасынан тұқымға және отырғызылатын материалдарға тура шығындарды бөледі және сәйкес дақылға тікелей жатқызылады. Барлық басқа шығындарды жабық жерлерде өсірілетін дақылдар арасында таратады.
Әрбір дақыл бойынша өнім бірлігінің өзіндік құнын дақылға жатқызылатын шығындардың жалпы сомасын өнімнің жалпы шығарылымына бөлу арқылы анықталады. Көкөністерді қоймаға стандартты, стандартты емес және пайдалы қалдықтарға бөліп кірістейді.
Теплицадағы қорғалған топыраққа егілетін көкөніс өнімдерінің өзіндік құнын есептеу.
Көрсеткіштер аты томат қияр жуа редис Барл.
Көлемі, м2 өсіру ұзақтығы, күн
Кв.метр – күн саны (1гр*2гр)
Тұқым және отырғызылатын материалдар құны, тг
Тұқым отырғызылатын материалдар құнысыз көкөніс өсіру шығындары, тг
Квадрат метр-күн өзіндік құны, (412800/344000), тг 1,2
Дақыл түрлеріне жататын шығындар (стр.3*стр.6)
Тұқым және отырғызылатын материалдар құнымен шығындар барлығы (7+4), тг өнім шығуы, ц -1 ц. өнім өзіндік құны (стр.8/стр.9), тг
Бақша шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын мамандандырылмаған үлкен емес егілген алаңдарда түрлері бойынша бөлмей шығындардың жалпы сомасынан және өнімнің жалпы шығуынан есептейді.
Дақылдардың түрлері немесе жеке дақылдар бойынша 1 ц. өнімдердің өзіндік құны отырғызылатын өнімдер алаңына жататын шығындар сомасын тағайындалған коэффициенттер бойынша шартты негізгі және қосалқы өнімдерге ауыстыру жолымен алынған өнімдер санына бөлу арқылы анықтайды.
Келесі мысал негізінде бақша шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын есептеуді қарастырамыз. Мысалы, мамандардырылған бақша шаруашылығында алманы өндіру шығындары 1445600 теңгені құрайды. Есепті кезең ағымында 800 ц. алма алынды, оның 90ц. бұзылған, оны малдарға азыққа арнады. Бұзылған өнімдердің құнын өнімдердің сапасы есебімен тұқымдық тамыртүйекті дақылдардың орта өзіндік құны бойынша есепті бағамен анықтайды, ол 1ц. 450 теңгені құрайды.
Сорттауда дайын өнім стандарты 540ц. және стандартты емес – 170ц. бөлінді. Стандартты өнім үлес салмағы жалпы көлемде 76% (540/(800-90)*100), стандартты емес 24% (170/(800-90)*100).
Операция мазмұны Сомасы,тг
Есепті кезең ағымында өндірістік шығындар жиналды
Малға азыққа бұзылған алмалар кірістелді (90*450)
Есепті кезең ағымында есепті кезең бойынша дайын өнім кірістеледі: - стандартты алмалар - стандартты емес алмалар
Есепті кезең нәтижесі бойынша есепті құн іс жүргізуге дейін корректировкаланады – сторно: - стандартты алмалар (1445600-40500)*76%-1100000 - стандартты емес алмалар (1445600-40500)*24%-347000
Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларының бірі болып табылады. Ол тұрғындарды қажеттілігін, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етіп, мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз ете отырып, оның дамуына бірден бір негіз болып саналады.
Қазіргі күні Қазақстан Республикасының үкіметі ел экономикасын дамытуда ауыл шаруашылығы саласы, соның ішінде өсімдік шаруашылығын халықаралық тәжірибелерге неіздей отырып, дамытуды, жандандыруды көздеп отыр.
Сондықтан, агроөнеркәсіп кешені мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға байланысты қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен міндеттердің ойдағыдай шешілуіне осы саладағы дұрыс ұйымдастырылған шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау маңызды орын алатыны анық.
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекше сипатқа ие өндіріс саласы болып табылады. Өсімдік шаруашылығындағы қаражаттардың айналымдылығына өндірістің мерзімділік сипаты ерекше әсер етеді, соның ішінде өндіріске жұмсалынған шығындар кезеңі мен өнім шығымы кезеңі арасындағы айырмашылықтар. Өсімдік шаруашылығында өндірістік шығындар ұзақ мерзім бойы жұмсалады және жұмсалынған шығындар мөлшері бірқалыпты болмайды. Міне осы ерекшеліктердің барлығы осы салада шығындар есебін ұйымдастыруда ескерілуге тиісті.
Өсімдік шаруашылығында өндірістік процесс бірнеше есепті мерзім бойы жүргізілуіне және өнім өндірісіне шығындар екі есепті жылда жұмсалуына байланысты өндіріске жұмсалынған шығындарды әрбір жылға бөліп, бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетудің қажеттілігі туындайды. Сондықтан өсімдік шаруашылығына жұмсалынған шығындар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бухгалтерлік есебінде: есепті жылдың егісіне және болашақ жылдың егісіне жұмсалынған шығындар болып екі топқа бөлінеді.Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығындағы шығындар өнімнің нақты түрін дайындау бағытында арнайы өндірістік цехтар мен бөлімшелерде де жұмсалынады және бұл шығындар бухгалтерлік есепте бөлек көрсетілуге тиісті. Сондықтан өсімдік шаруашылығында шығындардың талдамалық есебін шығындардың жұмсалу орындарына байланысты өндіріс түрлері, өндірілетін және өңделетін дақыл түрлері бойынша ұйымдастыру қажет.
Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс – бір реттік процесс болып саналмайды. Өндірістік процесс жылдың әртүрлі мезгілінде орындалатын әртүрлі жұмыс түрлерінен тұрады. Өсімдік шаруашылығындағы өндірістік технологиялық процесс мынадай кешенді жұмыстардың жиынтығынан тұрады: егін егуге жерді, егіс алқабын дайындау, тұқым отырғызу, отырғызылған тұқымды бағып-күту, егін жинау. Осы аталған жұмыс кешендері өз алдына күрделі жұмыстардан тұрады. Мысалы: егін егуге жерді дайындау – жерді жырту, топырақты ұнтақтау (майдалау), тыңайтқыш себу сияқты ауқымды жұмыстардан құрылады. Осыған байланысты жұмсалынған шығындар бухгалтерлік есепте орындалған жұмыстардың түрлері бойынша бөлінуі қажет.
Өсімдік шаруашылығы өндірісінде жұмыстың нақты түрін орындау үшін әртүрлі шығындар жұмсалады: мұнай өнімдері, тұқым, тыңайтқыштар, өндірістік техникалардың амортизациясы, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы және т.б. Бұл шығындардың барлығы бухгалтерлік есепте бөлек жинақталуы тиіс. Соған орай, өсімдік шаруашылығында өндірістік шығындар есебі шығын баптары бойынша ұйымдастырылуы қажет.
Сонымен, өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп төмендегі міндеттердің шешілуін қамтамасыз етуі қажет:
- негізгі өндіріс, өнім түрлері мен топтары бойынша шығындарды дұрыс және экономикалық негізде бөлу қажет;
- негізгі және үстеме шығындар туралы қажетті мәліметтерді дер кезінде жинақтау;
- егіннен түскен ауыл шаруашылығы өнімін дер кезінде және толық есепке алу;
- өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару үшін қажетті мәліметтерді экономикалық негізде жүйелеп, қорытындылау қажет;
- болашақ жылда алынатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне тиісті шығындарды ажырата отырып, (күздік бидайға, көпжылдық шөптерге, шабындықты көтеруге байланысты шығындарды) аралас өндіріс жылдарына тиісті шығындарды дұрыс бөлу;
- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын тиімді басқару және жедел бақылау мақсатында әрбір құрылымдық бөлімшелер бойынша шығындар жөнінде қажетті мәліметтерді беру.
