Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУКА оширме.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.95 Кб
Скачать

27.Бремсберг дегеніміз не және оларды қалай жүргізеді?

Күрделі тұрақты (капитальный) және панельдік бремсбергтерді көбіне ені тар забоймен өтеді, ал участкелік бремсбергтерді ені тар немесе ені кең забоймен жүргізеді. Бремсбергтің басталар орнын қопарғанда қазба қабырғаларындағы жыныстардың бекемдігін және штректер мен бремсбергтердегі жыныс тасу амалдарын есепке ала отырып белгілейді. Көбіне оны бремсберг пен штрек қиыласын жерден бастайды. Егер ол орын көмір қабатының табанына орналасса, онда бремсберг бекем болады.Бремсбергтер мен адамдар жүретін жолдарды (өтпелерді) жүргізуге дайындық кезінде мынадай жұмыстар істеледі:

- маркшейдерлер бремсбергтер мен адамдар жүретін жолдардың(өтпелердің) штрекпен қиылысатын жерлерін белгілейді;

- жалғыз жолды штректің бремсбергпен қиылысатын жерін кеңейтеді және айырықтар орнатылады:

- шығыр қондырғысы (лебедка) орнатылатын камераны жүргізеді;

- бремсбергтерге немесе өтпелерге рельсті жол төселінетін болса, онда оларға кіретін қазба (заездь) өтіледі және жабдықталады;

- электроэнергия жүйелері мен сығылған ауа құбырлары және т.с.с. қазба өтуге қажетті құрылымдар мен саймандар жеткізіледі.

28.Өндірісте қазба жүргізудің гидромеханизациялық әдісінің қанша түрі бар және әрқайсысына анықтама беріңіз?

Көлбеу қазбаларды төменнен жоғары қарай жүргізудің тағы бір әдісі-ол гидромеханизация немесе механогидравликалық комбайнды әдіс. Көлбеу қазбаларды гидромеханизация әдісімен гидрошахталарда жүргізеді. Шахталардың құрылысын немесе қайта жарақтандыру жұмыстарын жүргізгенде, ол нысандарда суды үлкен қысыммен беретін гидрокомплекс және тау-кен жынысын қойыртпақтан (пульпадан) айырып алатын қондырғылар болғанда ғана гидромеханизация әдісін қолдануға болады. Өндірісте қазба жүргізудің гидромеханизациялық әдісінің үш түрі бар.

Бірінші түрі - гидравликалық, забойдағы тау-кен жыныстарын гидромонитордан үлкен қысыммен атылған судың көмегімен бұзады.

Екінші түрі – механикагидравликалық, забойдағы тау-кен жыныстарын комбайнның көмегімен бұзады.

Үшінші түрі – аттыру-гидравликалық, (взрывогидравлический), забойдағы тау-кен жыныстарын бұрғылап-аттыру әдісімен бұзады.

29.Комбайндарды қолдану әдісімен қазбаларды салу.

Кейінгі жылдарда көлбеу қазбаларды төменнен жоғары қарай жүргізуге көбіне комбайндық әдістерді қолданады. Бұл әдіс бұрғылап-аттыру әдісіне қарағанда қазбаларды жоғары жылдамдықпен жүргізуге мүмкіндік тудырады және еңбек өнімділігіде жоғары. Қазбаларды комбайндық әдіспен жүргізгенде ПК-3р, 4ПУ, ГЛКС, 4ПП-2 және басқа да комбайндар қолданылады. Құрылымдары қарапайым комбайндар көлбеулігі 100дейінгі қазбаларды жүргізуге қолданылады. Қазбаның көлбеулік бұрышы 100 артық болғанда комбайндарды ұстап тұру және оларды жылжыту үшін арнайы қондырғылар мен жабдықтар қолданылады. ТМД елдерінде көлбеулік бұрыштарының мәндері жоғары қазбаларды жүргізу үшін комбайн кешендерінің арнайы түрлері жасалынып шығарылды. Олардың қатарына ГПКСВ, ГПКСГ және «Кузбасс» кешені жатады.