Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУКА оширме.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.95 Кб
Скачать

22.Түйіспе қиылыстарды жүргізудің қандай түрлері бар және олар калай жүзеге асырылады?19

23.Камераны салу жұмыстары қашан басталады және қандай сұлбалары бар?

Тиегіш тетіктері бар камералар, әдетте, скиптік оқпанның бір жақ бүйірінен салынады. Олардың жоспардағы өлшемдері 4х6 және 6х7 м, ал биіктіктері 20 метрге дейін болады. Осы камераларды салу жұмыстары біріктірілген немесе тізбекті әдістермен оқпан өтуші жабдықтарды қолдана отырып жүргізіледі. Біріктірілген әдісті қолданғанда оқпанды өту және камераларды салу жұмыстары қатар жүргізіледі. Тізбекті әдісті қолданғанда оқпан салынатын камераның түбіне дейін тереңдегеннен кейін ғана камераны салу жұмыстары басталады.

Камераларды тізбекті сұлбамен салу

Камераларды біріктірілген сұлбамен салу

Шанақты камераларды салу

24.Камераларды біріктірілген сұлбамен салу қалай жүзеге асырылады?

Бұл әдісті қолданғанда таужыныстарын жоғарыдан төмен қарай қабат-қабат етіп алады. Камераның тұрақты бекітпесін жоғарыдан төмен қарай немесе төменнен жоғары қарай орнатуға болады. Қабаттардың қалыңдығы 2-2,5 м болады. Камераларды салу кезінде таужыныстарын қазып алу және камераны бекітпелеу жұмыстары мына ретпен орындалады. Оқпанды жоғарғы қабаттың төменгі жиегіне дейін тереңдетеді (I кезең, 14.6-сурет), содан кейін жоғарғы қабаттағы таужыныстарын қазып алады (II-кезең) және қазбаға ағаш тіреулерге орнатылған уақытша сүйеуші бекітпелер қойылады немесе қазба анкерлермен бекітіледі.

25.Жерасты көлбеу қазбалары дегеніміз не және оларға қандай қазбалар жатады?

Жерасты қазбалары көкжиек жазықтығына 5о-тан артық бұрышпен жүргізілсе, онда олар жерасты көлбеу қазбалары деп аталады. Тау-кен өндірісінде оларға мына қазбалар жатады: көлбеу оқпандар; еңкіштер, бремсбергтер, сырғыма, пеш және т.б. Гидротехникалық құрылыстарда-көлбеу су құбырлары. Қалалық жерасты құрылыстарында: эскалаторлардың тоннельдерін және т.б. нысандарды жатқызуға болады. Тау-кен өндірісінде барлық күрделі жерасты құрылыстарының 25% осы көлбеу қазбалардың үлесіне келеді.

26.Көлбеу қазбалардың көлденең қимасының ауданы (s) және периметр (р)қандай формулалар арқылы анықталады және таңдау ерекшеліктері?

Көлбеу қазбалардың көлденең қимасының ауданы (S) және периметр (Р) мына формулармен анықталады:

1. Пішіні тікбұрышты болғанда:

S =

2. Пішіні трапеция тәрізді болғанда:

3. Пішіні арқалы күмбезді болғанда:

S=

4. Пішіні тікбұрышты күмбезді болғанда:

S= P=

мұнда: қазбаның ені, м. қазбаның жолтөсем қабатынан төбесіне дейінгі биіктігі, м.

қазбаның бекітпесінің маңдайша тұсындағы ені, м. қазбаның жолтөсем тұсындағы ені, м.

Егер қазбаның көлбеулігі 7-100 болса, онда адамдар жүретін өтпелердің бекітпе қабырғасының бойынша сүйеніштер орнатылады, 11-250 болса, онда өтпеге сүйеніші бар басқышпен (трап), 26-300 болса сатылы басқышпен және сүйенішпен, ал 31-450 болса, онда сүйеніші бар сатылы баспалдақпен жабдықталады. Қазбаның көлбеулік бұрышы 450 артық болған жағдайда адамдар жүретін өтпе тік оқпанның баспалдақ бөлімшесі сияқты жабдықталады.