- •1.Көмір кәсіпорнының құрылысын бастамас бұрын қандай ұйымдастырушылық шаралар жасалады?
- •2.Жер қойнауының ресурстары немесе георесурстар дегеніміз не?
- •3.Георесурстар қандай нысандар болып табылады?
- •4.Көмір кәсіпорындарын салудың дайындық кезеңдерінде атқарылатын жұмыстар?
- •5.Өндіріс алаңынан сырт жерде жүргізілетін жұмыстардың құрамы
- •6.Өндіріс алаңының ішінде жүргізілетін жұмыстардың құрамы
- •7.«Нольдік циклдің» құрамына кіретін жұмыстармен қатар не бекітілуі тиіс
- •8.Дайындық кезеңі кезінде өндіріс алаңында қандай ғимараттар мен құрылымдар салынады?
- •9.Дайындық кезеңінің ұзақтығы және ол кезде жұмсалатын қаржының көлемі қандай факторларға байланысты болады?
- •10.Оқпан негізінен қандай қызмет атқарады?
- •11.Дайындық кезеңінде оқпан құрылысын жүргізбес бұрын қандай құрылыс жұмысы орындалады?
- •12.Оқпан ауызы құрылысы қандай бөлімдерден тұрады?
- •13.Оқпанның технологиялық жабдықтарды орнату бөлімшесі туралы толық жазып беріңіз.
- •14.Тік опандарды өту технологиясының схемалары қанша түрге бөлінеді?
- •15.Жалпы оқпанды өту кезінде қандай негізгі жұмыстар орындалады?10
- •16.Жерасты жазық қазбаларының атқаратын қызметі?
- •17.Кен қазбаларын жүргізудің технологиялық үлгілері қанадай талаптарға сәйкес келуі керек?
- •18.Қандай жағдайлар қазба жұмыстарының жалпы ұйымдастыру әдістерін және технологиялық үлгілерді таңдап алуға үлкен әсер етеді?
- •19.Түйіспе деп нені айтамыз және оларды өтудің қандай түрлері бар?
- •20.Түйіспені қандай жыныстарда орналастыруға тырысады жане оның себебі?
- •21. Клетьпен жабдықталған оқпанның оқпан албарымен түйіспе қиылысын өту туралы жазыңыз, суретін салып беріңіз.
- •22.Түйіспе қиылыстарды жүргізудің қандай түрлері бар және олар калай жүзеге асырылады?19
- •23.Камераны салу жұмыстары қашан басталады және қандай сұлбалары бар?
- •24.Камераларды біріктірілген сұлбамен салу қалай жүзеге асырылады?
- •25.Жерасты көлбеу қазбалары дегеніміз не және оларға қандай қазбалар жатады?
- •26.Көлбеу қазбалардың көлденең қимасының ауданы (s) және периметр (р)қандай формулалар арқылы анықталады және таңдау ерекшеліктері?
- •27.Бремсберг дегеніміз не және оларды қалай жүргізеді?
- •28.Өндірісте қазба жүргізудің гидромеханизациялық әдісінің қанша түрі бар және әрқайсысына анықтама беріңіз?
- •29.Комбайндарды қолдану әдісімен қазбаларды салу.
17.Кен қазбаларын жүргізудің технологиялық үлгілері қанадай талаптарға сәйкес келуі керек?
- Әрі түрлі тау-кен геологиялық жағдайларда жұмыс істей алатын тау-кен жабдықтарының ең алдыңғы қатарлы құрылымдарын (комбайндар, тиеу және тасымалдау машиналары) қолдану керек;
- Қазіргі талаптарға сәйкес жасалған, сериялы шығарылатын және еңбек өнімділігі жоғары, электрқозғағыштармен жабдықталған, бағасы арзан, пайдалануға ыңғайлы және төзімді жабдықтарды қолдану қажет;
- Қазбаны жүргізу кезеңіңде қолданылатын жүк тасымалдау көліктері мен құрылымдарын, кейін тазартпа жұмыстарын жүргізгенде де қолдануға болатындай қылып таңдап алу керек. Сонымен қатар забойда қолданылатын көліктер мен құрылымдар жалпы кеніштік жүк тасымалдау жүйесімен де технологиялық тұрғыдан сәйкес болуы керек;
18.Қандай жағдайлар қазба жұмыстарының жалпы ұйымдастыру әдістерін және технологиялық үлгілерді таңдап алуға үлкен әсер етеді?
Қазбаны жүргізу кезінде белгілі бір мерзімде және кеңістікте атқарылатын негізгі және көмекші жұмыстардың жиынтығы және оларды механикаландыру тәсілдері технологиялық үлгінің түрін және еңбекті ұйымдастырудың әдістерін таңдап алуға әсер етеді. Олардың бір-бірімен байланыстарына сәйкес қазба жүргізудің технологиялық үлгісінің негізінен екі түрі болады: үздіксіз және циклдік. Негізінен кен қазбаларын жүргізудің техологиялық үлгісін таңдап алуға тау-кен–геологиялық және өндірістік-техникалық жағдайлар (шарттар) әсер етеді.
19.Түйіспе деп нені айтамыз және оларды өтудің қандай түрлері бар?
Оқпан қазбасын толық тереңдігіне дейін өтіп болғаннан кейін, оның оқпан албарымен қиылысатын жерін қазуды бастайды. Оқпан албарының оқпанмен қиылысатын жерінде орналасқан жазық қазбаны түйіспе деп атайды, ал осы түйіспені қазу жұмыстарын түйіспе қиылысты тілу деп атайды.
Клетьпен жабдықталған оқпанның оқпан албарымен түйіспе қиылысын өту
Түйіспе қиылыс қазбасын біртұтас забоймен өту
Түйіспе қиылыстарды жоғарыдан төмен қарай қабат-қабат өту
Түйіспе қиылыстарды бүйірлік қазбаларды жүргізу арқылы салу
Түйіспе қиылысты құрама сұлбалар әдісімен салу
Скиптік оқпандардың таужыныстарын тиегіш тетіктері бар камералар және шанақтармен түйіспе қиылыстарын салу.
20.Түйіспені қандай жыныстарда орналастыруға тырысады жане оның себебі?
Түйіспе қиылыстарды, әдетте, тұрақты орнақты таужыныстарының сілемінде орналастыруға тырысады, себебі олардың екі жақ кеністігі ашық, оқпан жағынан және оқпан албарындағы жазық қазбалар жағынан, сондықтанда оларға бүйірлік қысым-күштер түседі. Осы бүйірлік қысым-күштердің әсерінен түйіспе қиылыстардың бекітпелеріне түсетін қысым-күштердің шамаларыда әртүрлі. Сонымен қатар түйіспе қиылыстар орналасқан таужыныстарының сілемдері бұрғылап-аттыру жұмыстарының әсеріне екі рет душар болады. Бірінші рет оқпан қазбасын жүргізгенде, ал екінші рет жазық қазбаларды жүргізгенде.
21. Клетьпен жабдықталған оқпанның оқпан албарымен түйіспе қиылысын өту туралы жазыңыз, суретін салып беріңіз.
Түйіспе қиылыстың пішіні мен өлшемдері клеттің түріне (бірқабатты, екіқабатты), таужыныстарының тұрақтылығына, қабаттарға түсірілетін материалдар мен жабдықтардың өлшемдеріне байланысты қабылданып алынады. Түйіспе қиылыстың пішіні тау қысымының мөлшері онша көп болмаған жағдайда күмбезді, ал қазбаның бүйірінен және табанынан түсетін тау қысымының мөлшері үлкен болғанда таға тәрізді болады. Егер түйіспе қиылыс қазбасы тұрақсыз таужыныстарының сілемінде орналасатын болса, онда оның қабырғалары мен төбесін құрама темірбетон бекітпелермен бекітеді.
