- •1.Көмір кәсіпорнының құрылысын бастамас бұрын қандай ұйымдастырушылық шаралар жасалады?
- •2.Жер қойнауының ресурстары немесе георесурстар дегеніміз не?
- •3.Георесурстар қандай нысандар болып табылады?
- •4.Көмір кәсіпорындарын салудың дайындық кезеңдерінде атқарылатын жұмыстар?
- •5.Өндіріс алаңынан сырт жерде жүргізілетін жұмыстардың құрамы
- •6.Өндіріс алаңының ішінде жүргізілетін жұмыстардың құрамы
- •7.«Нольдік циклдің» құрамына кіретін жұмыстармен қатар не бекітілуі тиіс
- •8.Дайындық кезеңі кезінде өндіріс алаңында қандай ғимараттар мен құрылымдар салынады?
- •9.Дайындық кезеңінің ұзақтығы және ол кезде жұмсалатын қаржының көлемі қандай факторларға байланысты болады?
- •10.Оқпан негізінен қандай қызмет атқарады?
- •11.Дайындық кезеңінде оқпан құрылысын жүргізбес бұрын қандай құрылыс жұмысы орындалады?
- •12.Оқпан ауызы құрылысы қандай бөлімдерден тұрады?
- •13.Оқпанның технологиялық жабдықтарды орнату бөлімшесі туралы толық жазып беріңіз.
- •14.Тік опандарды өту технологиясының схемалары қанша түрге бөлінеді?
- •15.Жалпы оқпанды өту кезінде қандай негізгі жұмыстар орындалады?10
- •16.Жерасты жазық қазбаларының атқаратын қызметі?
- •17.Кен қазбаларын жүргізудің технологиялық үлгілері қанадай талаптарға сәйкес келуі керек?
- •18.Қандай жағдайлар қазба жұмыстарының жалпы ұйымдастыру әдістерін және технологиялық үлгілерді таңдап алуға үлкен әсер етеді?
- •19.Түйіспе деп нені айтамыз және оларды өтудің қандай түрлері бар?
- •20.Түйіспені қандай жыныстарда орналастыруға тырысады жане оның себебі?
- •21. Клетьпен жабдықталған оқпанның оқпан албарымен түйіспе қиылысын өту туралы жазыңыз, суретін салып беріңіз.
- •22.Түйіспе қиылыстарды жүргізудің қандай түрлері бар және олар калай жүзеге асырылады?19
- •23.Камераны салу жұмыстары қашан басталады және қандай сұлбалары бар?
- •24.Камераларды біріктірілген сұлбамен салу қалай жүзеге асырылады?
- •25.Жерасты көлбеу қазбалары дегеніміз не және оларға қандай қазбалар жатады?
- •26.Көлбеу қазбалардың көлденең қимасының ауданы (s) және периметр (р)қандай формулалар арқылы анықталады және таңдау ерекшеліктері?
- •27.Бремсберг дегеніміз не және оларды қалай жүргізеді?
- •28.Өндірісте қазба жүргізудің гидромеханизациялық әдісінің қанша түрі бар және әрқайсысына анықтама беріңіз?
- •29.Комбайндарды қолдану әдісімен қазбаларды салу.
11.Дайындық кезеңінде оқпан құрылысын жүргізбес бұрын қандай құрылыс жұмысы орындалады?
12.Оқпан ауызы құрылысы қандай бөлімдерден тұрады?
Оқпанның ауызы оның бас жағы (оголовник, воротник) 1, орта бөлігі 2 және тірек тәжі (опорный венец) 3 сияқты бөлшектерден тұрады. Оқпан ауызының бас жағы мен тірек тәжі тік бағытта түскен қысым-күштерді қабылдап алып, оларды өздерін қоршаған жыныс сілеміне береді. Оқпан ауызында көтерім діңінің балкасы еңгізілетін, желдету және жылу берілетін, кабель мен трубалар өтетін және т.с.с. оқпан жүргізудің технологиялық жұмыстарын атқаруға керекті қуыстар орналасады. Оқпанның ауызын әдетте, тұтас темірбетон және ішінара бетонмен, метал немесе темірбетон тюбинг бекітпелерімен бекітеді. Бекітпенің қалындығын және оқпанның бас жағымен тірек тәждерінің қалындықтарын оларға түсетін қысым-күштердің шамасына, оқпанның диаметріне және оқпанның ауызында қалдырылған қуыстардың өлшемдеріне байланысты анықтап алады. Оқпанға су кірмеуі үшін, оқпан ауызын жер бетінен 200 мм биік қылып салады.
13.Оқпанның технологиялық жабдықтарды орнату бөлімшесі туралы толық жазып беріңіз.
Оқпанның технологиялық жабдықтарды орнату бөлімшесі деп – оқпан ауызымен қиылысатын, кейде оның бір бөлшегі болып табылатын, оқпанның құрылысын әрі қарай толық тереңдігіне дейін жүргізуге қажетті технологиялық жабдықтар орнатылатын бөлімшені айтады. Бұл бөлімшенің тереңдігі (ұзындығы) оқпанды өтудің технологиялық үлгісіне байланысты болады. Егер, оқпан өту кезінде кейбір операциялар қатар жүргізілетін болса, онда 30-40 м, ал параллельді-қалқанды технологиялық сұлбаны қолданғанда 50-60 м болады. Жабдықтар орнатылатын бөлімшенің құрылысын жүргізу үшін оқпан ауызын салуға қолданылған жабдықтар қолданылады.
14.Тік опандарды өту технологиясының схемалары қанша түрге бөлінеді?
Шахта оқпаны дегеніміз –жербетіне тікелей қатысы бар және шахта алабы шегінде жерасты жұмыстарына қызмет етуге арналған күрделі қазба, басты көліктік, көтермелік, желдеткіштік, коммуникациялық магистралдық инженерлік жерасты ғимаратын айтамыз. Тау-кен кәсіпорындарын салу жұмыстарының ең күрделі, ең ауыр және ең ұзақ, процесстеріне оқпанды өту жұмыстары жатады. Тік қазбаны казу, бекіту және арқаулау (көтергіш ыдыстардың жүрісін камтамасыз ететін кергіштерді, бағыттауыштарды, кұбыр-кабель, баспалдақ бөлмшелерін монтаждау) жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты тік опандарды өту технологиясының схемалары төрт түрге бөлінеді: mізбекmi, параллельді, бірлескен және параллельді-қалқанды.
15.Жалпы оқпанды өту кезінде қандай негізгі жұмыстар орындалады?10
16.Жерасты жазық қазбаларының атқаратын қызметі?
Жерасты жазық қазбалары жүктерді тасымалдау жұмыстарының кедергісіз атқарылуын, адамдардың қауіпсіз жүріп-тұруын және қазбаны желдетудің тұрақты режімін қамтамасыз етуі керек. Жазық және көлбеу қазбалардың көлденең қимасының пішіндері қазба қиып өтетін массивтегі тау жыныстарының қасиеттеріне, қазбаларға түсетін тау қысымының мөлшері мен сипатына, қолданылатын бекітпенің құрылымы мен материалына, қазбалардың атқаратын міндеті мен тұру мерзіміне және оларды жүргізу тәсілдеріне байланысты қабылданады
