- •1.Көмір кәсіпорнының құрылысын бастамас бұрын қандай ұйымдастырушылық шаралар жасалады?
- •2.Жер қойнауының ресурстары немесе георесурстар дегеніміз не?
- •3.Георесурстар қандай нысандар болып табылады?
- •4.Көмір кәсіпорындарын салудың дайындық кезеңдерінде атқарылатын жұмыстар?
- •5.Өндіріс алаңынан сырт жерде жүргізілетін жұмыстардың құрамы
- •6.Өндіріс алаңының ішінде жүргізілетін жұмыстардың құрамы
- •7.«Нольдік циклдің» құрамына кіретін жұмыстармен қатар не бекітілуі тиіс
- •8.Дайындық кезеңі кезінде өндіріс алаңында қандай ғимараттар мен құрылымдар салынады?
- •9.Дайындық кезеңінің ұзақтығы және ол кезде жұмсалатын қаржының көлемі қандай факторларға байланысты болады?
- •10.Оқпан негізінен қандай қызмет атқарады?
- •11.Дайындық кезеңінде оқпан құрылысын жүргізбес бұрын қандай құрылыс жұмысы орындалады?
- •12.Оқпан ауызы құрылысы қандай бөлімдерден тұрады?
- •13.Оқпанның технологиялық жабдықтарды орнату бөлімшесі туралы толық жазып беріңіз.
- •14.Тік опандарды өту технологиясының схемалары қанша түрге бөлінеді?
- •15.Жалпы оқпанды өту кезінде қандай негізгі жұмыстар орындалады?10
- •16.Жерасты жазық қазбаларының атқаратын қызметі?
- •17.Кен қазбаларын жүргізудің технологиялық үлгілері қанадай талаптарға сәйкес келуі керек?
- •18.Қандай жағдайлар қазба жұмыстарының жалпы ұйымдастыру әдістерін және технологиялық үлгілерді таңдап алуға үлкен әсер етеді?
- •19.Түйіспе деп нені айтамыз және оларды өтудің қандай түрлері бар?
- •20.Түйіспені қандай жыныстарда орналастыруға тырысады жане оның себебі?
- •21. Клетьпен жабдықталған оқпанның оқпан албарымен түйіспе қиылысын өту туралы жазыңыз, суретін салып беріңіз.
- •22.Түйіспе қиылыстарды жүргізудің қандай түрлері бар және олар калай жүзеге асырылады?19
- •23.Камераны салу жұмыстары қашан басталады және қандай сұлбалары бар?
- •24.Камераларды біріктірілген сұлбамен салу қалай жүзеге асырылады?
- •25.Жерасты көлбеу қазбалары дегеніміз не және оларға қандай қазбалар жатады?
- •26.Көлбеу қазбалардың көлденең қимасының ауданы (s) және периметр (р)қандай формулалар арқылы анықталады және таңдау ерекшеліктері?
- •27.Бремсберг дегеніміз не және оларды қалай жүргізеді?
- •28.Өндірісте қазба жүргізудің гидромеханизациялық әдісінің қанша түрі бар және әрқайсысына анықтама беріңіз?
- •29.Комбайндарды қолдану әдісімен қазбаларды салу.
6.Өндіріс алаңының ішінде жүргізілетін жұмыстардың құрамы
Өндіріс алаңының ішінде жүргізілетін жұмыстардың құрамына: өндіріс алаңын дайындау, оқпан және басқа да қажетті нысандарды жоспарлы әрі рациональді түрде жүргізуге керекті ұйымдастырушылық шаралар кіреді. Бұл кезде құрылысты жүргізуге керекті, триангуляциялық жүйеге енетін, геодезиялық жүйе де жасалады.
7.«Нольдік циклдің» құрамына кіретін жұмыстармен қатар не бекітілуі тиіс
«Нольдік циклдің» құрамына кіретін жұмыстармен қатар: керекті қоймалардың, құрылымдар мен жабдықтарды құрастыратын және сақтайтын арнайы алаңшалардың; құрастырылмалы ғимараттардың; өрт сөндіруге керекті жүйелердің құрылыстары да бітуге тиісті. Осы жұмыстардың жиынтығы жасалып болғаннан кейін, уақытша және тұрақты нысандар мен құрылымдарды салу жұмыстары басталады. Негізінен нысандарды бірден тұрақты ұзақ мерзімі қызмет ететіндей қылып салған жөн. Жалпы дайындық кезеңінде әкімшілік-тұрмыстық кешен (ӘТК) толық немесе оның бір бөлігі салынады. Әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрамына әкімшілік және жұмысқа тапсырыс беру бөлмелері, киініп-жуынуға керекті бөлімшелер және т.с.с. нысандар кіреді. Өндіріске қажетті зертханалар, ұстаханалар, электротехникалық, металл өндеу және бұрғыларды қайрайтын сияқты көптеген бөлімшелердің ғимараттары да осы дайындық кезеңінде салынады.
8.Дайындық кезеңі кезінде өндіріс алаңында қандай ғимараттар мен құрылымдар салынады?
Құрылыс материалдарын, жабдықтарды, темірбетон және металл құрылымдарды сақтау үшін қоймалар мен жаппалар салынады. Қоймалар мен жаппаларды, әдетте, теміржол бойына салады және оларды қажетті тиеп-түсіру механизмдерімен жарақтандырады. Құрылысқа қажетті бетонды екі әдіспен дайындайды. Құрылыс алаңынан 10 км-ге дейінгі қашықтықта бетон зауыты болса, онда бетонды сол зауыттан бетон таситын машиналармен тасиды. Егер жақын маңайда бетон зауыты болмаса, онда бетон дайындайтын кешенді осы құрылыс алаңына салады. Дайындық кезеңінде желдеткіштер, калориферлер және қазба өтуге керекті шығыр қондырғылары орналасатын уақытша жеңіл ғимараттар салынады. Оларды темірбетон іргетастарға орнатылатын тез құрастыралатын жақтаулы құрылымдардан тұрғызған тиімді.
9.Дайындық кезеңінің ұзақтығы және ол кезде жұмсалатын қаржының көлемі қандай факторларға байланысты болады?
10.Оқпан негізінен қандай қызмет атқарады?
Дайындық кезеңінде оқпанның ауызының құрылысы жүргізіліп, оған әрі қарай оқпан өтуге қажетті, технологиялық жабдықтар орнатылады. Оқпанның ауызының құрылысы жер бетінен басталатын болғандықтан, ол, көбінесе, жұмсақ шөгінді, кейде сулы, тұрақсыз, жыныстар сілемінде салынады. Мұндай жыныстардың қалыңдығы кейде ондаған метрге дейін барады. Оқпан ауызының тереңдігі жобаға сәйкес алынады. Оқпан аузының бекітпесінің құрылымы оның атқаратын міндетіне, қиып өтетін жыныстар сілемінің физика-механикалық касиеттеріне, бекітпеге тік және жазық бағыттарда түсетін қысым-күштерге және бекітпенің материалына байланысты болады. Оқпан ауызының бекітпесіне көтерім қондырғысының діңінен және оқпан ауызының бекітпелерінің өз салмағынан туатын қысым-күш тік бағытта түседі. Оқпанның ауызының бекітпесіне қысым-күш жазық бағытта оны қоршаған таужыныстарынан түседі. Егер оқпанның ауызына мұнаралы дің орнатылған болса, онда оның іргетастарынан бекітпеге кергіш күштер түседі. Атқаратын міндеттеріне, тау-кен-геологиялық, т.б. жағдайларға байланысты оқпан ауызының құрылымдары әр түрлі болады.
