- •1.Көмір кәсіпорнының құрылысын бастамас бұрын қандай ұйымдастырушылық шаралар жасалады?
- •2.Жер қойнауының ресурстары немесе георесурстар дегеніміз не?
- •3.Георесурстар қандай нысандар болып табылады?
- •4.Көмір кәсіпорындарын салудың дайындық кезеңдерінде атқарылатын жұмыстар?
- •5.Өндіріс алаңынан сырт жерде жүргізілетін жұмыстардың құрамы
- •6.Өндіріс алаңының ішінде жүргізілетін жұмыстардың құрамы
- •7.«Нольдік циклдің» құрамына кіретін жұмыстармен қатар не бекітілуі тиіс
- •8.Дайындық кезеңі кезінде өндіріс алаңында қандай ғимараттар мен құрылымдар салынады?
- •9.Дайындық кезеңінің ұзақтығы және ол кезде жұмсалатын қаржының көлемі қандай факторларға байланысты болады?
- •10.Оқпан негізінен қандай қызмет атқарады?
- •11.Дайындық кезеңінде оқпан құрылысын жүргізбес бұрын қандай құрылыс жұмысы орындалады?
- •12.Оқпан ауызы құрылысы қандай бөлімдерден тұрады?
- •13.Оқпанның технологиялық жабдықтарды орнату бөлімшесі туралы толық жазып беріңіз.
- •14.Тік опандарды өту технологиясының схемалары қанша түрге бөлінеді?
- •15.Жалпы оқпанды өту кезінде қандай негізгі жұмыстар орындалады?10
- •16.Жерасты жазық қазбаларының атқаратын қызметі?
- •17.Кен қазбаларын жүргізудің технологиялық үлгілері қанадай талаптарға сәйкес келуі керек?
- •18.Қандай жағдайлар қазба жұмыстарының жалпы ұйымдастыру әдістерін және технологиялық үлгілерді таңдап алуға үлкен әсер етеді?
- •19.Түйіспе деп нені айтамыз және оларды өтудің қандай түрлері бар?
- •20.Түйіспені қандай жыныстарда орналастыруға тырысады жане оның себебі?
- •21. Клетьпен жабдықталған оқпанның оқпан албарымен түйіспе қиылысын өту туралы жазыңыз, суретін салып беріңіз.
- •22.Түйіспе қиылыстарды жүргізудің қандай түрлері бар және олар калай жүзеге асырылады?19
- •23.Камераны салу жұмыстары қашан басталады және қандай сұлбалары бар?
- •24.Камераларды біріктірілген сұлбамен салу қалай жүзеге асырылады?
- •25.Жерасты көлбеу қазбалары дегеніміз не және оларға қандай қазбалар жатады?
- •26.Көлбеу қазбалардың көлденең қимасының ауданы (s) және периметр (р)қандай формулалар арқылы анықталады және таңдау ерекшеліктері?
- •27.Бремсберг дегеніміз не және оларды қалай жүргізеді?
- •28.Өндірісте қазба жүргізудің гидромеханизациялық әдісінің қанша түрі бар және әрқайсысына анықтама беріңіз?
- •29.Комбайндарды қолдану әдісімен қазбаларды салу.
1.Көмір кәсіпорнының құрылысын бастамас бұрын қандай ұйымдастырушылық шаралар жасалады?
Тау-кен кәсіпорнының құрылысын бастаудың алдында бір қатар дайындық және ұйымдастырушылық шараларын жасау керек. Олардың құрамына: инженерлік-геологиялық зерттеулер (оқпан қиып өтетін тау-кен жыныстарын барлау); құрылыс алаңын инженерлік тұрғыдан дайындау; оған көлік жолдарын салу, электр энергиясы, су, канализация және байланыс жүйелерін тарту, құрылыс кезінде пайдаланылатын уақытша немесе тұрақты ғимараттар мен құрылымдар салу; құрылыс жүргізуге қажетті машиналарды, механизмдер мен жабдықтарды құру; керекті тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық нысандарды салу сияқты шаралар кіреді. Бұл жұмыстар – тау-кен кәсіпорнын салудың бірінші дайындық кезеңінде атқарылатын жұмыстар.
2.Жер қойнауының ресурстары немесе георесурстар дегеніміз не?
Жер қойнауының ресурстары немесе георесурстар – табиғи ресурстардың құрауыштарының бірі. Олардың ішінде жер қойнауындағы табиғи және жасанды (техногендік) жерасты қуыстарының (кеңістіктерінің) орны ерекше. Оларға үңгірлер, негізгі мақсаттары орынданған бірақ қайтадан пайдалануға жарайтын тау-кен қазбалары және әр түрлі мақсаттарға сәйкес арнайы салынған құрылыстар жатады. Бұл тұрғыдан қарағанда өндірістік, шаруашылық, қорғаныс және басқа да мақсаттарда жер қойнауында салынған нысандарда георесурстар болып табылады.
3.Георесурстар қандай нысандар болып табылады?
Жер қойнауында әртүрлі мақсаттағы ғимараттарды салу георесурстарды пайдаланудың әсерлігін жоғарылатумен қатар, жер бетінің белгілі бір ауданын үнемдеу және экологиясын жақсартумен қатар бұл нысандарды жылытуға немесе салқындатуға кететін шығындарды үнімдеуді және табиғи құбылыстарының оларға тигізетін әсерлерінен қорғайды. Энергетикалық және материалдық ресурстарды үнемдеу, сонымен қатар қоршаған ортаның сапасын жақсарту, кәзіргі заман талабы.
4.Көмір кәсіпорындарын салудың дайындық кезеңдерінде атқарылатын жұмыстар?
Дайындық кезеңінде жүргізілетін жұмыстар өте күрделі және әрқилы болғандықтан, кеніштің техникалық және жұмыс жобаларын негізге ала отырып, құрылысты жүргізудің жобасын жасайды. Бұл жобада құрылыс алаңында және одан сырт алаңдарда жүргізілетін жұмыстардың кезегін, технологиясын және ұйымдастырушылық шараларын белгілейді. Сонымен қатар, бұл жобада қаржының қай нысандарға, қашан және қандай шамада бөлінетіндігін, құрылыс-монтаж жұмыстарының жоспарлы түрде жүргізілуін, қай нысанда, қанша адам жұмыс істейтіндігін, өрт және еңбек қауіпсіздігінің шараларын сақтау және т.с.с. қажетті мәселелер шешіледі. Дайындық кезенінде жүргізілетін барлық құрылыс-монтаж және қазба жұмыстары өндіріс алаңының сырт жерінде (внеплощадные) жүргізілетін және өндіріс алаңының ішінде (внутриплощадные) жүргізілетін жұмыстар болып екіге бөлінеді.
5.Өндіріс алаңынан сырт жерде жүргізілетін жұмыстардың құрамы
Өндіріс алаңынан сырт жерде жүргізілетін жұмыстардың құрамына теміржолдар мен автокөлік жолдарының, электрэнергиясының жүйелері және олардың подстанцияларының, байланыс жүйелерінің, су құбырларының, тазарту құрылымдары бар канализация жүйесінің және т.б. керекті нысандар мен қондырғылардың құрылыстары кіреді. Тау-кен кәсіпорнына дейін мемлекеттік теміржол торабымен қосылатын өндірістік теміржол салынады. Кейде жақын жерде орналасқан, бұрын теміржол торабымен қосылған өндіріс болса, мүмкіндігінше, сол жолға дейін теміржол салынады. Салынатын теміржолдың ұзындығы кәсіпорын мен теміржол торабының арақашықтығына байланысты болады.
