- •Мазмұны
- •Сапа менеджмент жүйесі туралы жалпы сипаттама
- •Сапа менеджментінің қазіргі заманғы концепциялары
- •Сапа менеджменті жүйесін құру мен дамытуды жоспарлау
- •Сапа мененджменті жүйесінің құжаттамасы
- •Сапа менпеджмент жүйесінің элементтері
- •Ет өндеу кәіпорынында сапа менеджмент жүйесінің элементтерін әзірлеу
- •Ет өндеу кәсіпорынында сапа менеджмент жүйесінің элементтерін зерттеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Сапа менеджментінің қазіргі заманғы концепциялары
Сапа менеджментінің қазіргі замандағы формасы нарық жағдайында сапаны басқару жүйелері болып табылады. Бұл жүйелер табыстарға сапа деңгейі тұтынушылар талаптарына сәйкес келетін өнімдерді шығару арқылы қол жеткізуге бағытталған. Сапа менеджменті теориясының негізін қалаушылардың бірі Э. Деминг тапқандай, өнімнің сапасы төмен болуының негізгі себептерді арнаулы (4 %) және жүйелік (96 %) деп бөлуге болады. Осының негізінде ол өнімнің сапасын тек жүйелік себептерді жою арқасында көтеруге болатындыгы туралы қорытынды шығарған. Сапа проблемасын шешуді тек арнаулы сапа менеджменті жүйелері қамтамасыз ете алады деп көрсеткен.
Әлемдік сауда нарығында үнемі ұлғайып келе жатқан бәсекелестік күресі фирмаларды өнімнің сапасын үнемі жетілдіріп отыруға мәжбүр етеді. Бұл жерде технологиялық аспектіге экономикалық аспектте қосылады және сапа жүйелерінде «сапаға жұмсалған шығындар» категориясының маңызы ұлғаяды.
Жаңа концепциялар, оның ішінде шет елдерде кеңінен тараған ТQМ және QS9000 концепциялары дүниеге келеді. Бұл екі концепция ИСО 9000 сериялыстандарттарга қайшы келмейді және сапаны басқару жүйесінің ары қарай дамуыжәне тереңдетуі деп қарастырылуы мумкін. Олардың алдындағы концепцияларданайрықша ерекшелігі - олар сапаны басқару мен бірге сапаны қамтамасыз етудіде ауқымдайды.
TQM (Total Qualiti Management) - бұл концепция әрекеттердің барлыкаймақтарында - зерттеп дайындаудан бастап сатудан кейінгі қызмет көрсетугедейін басқару жүйелері мен тәсілдерін жан-жақты және жақсы үйлестірілгентүрде қолдануды қарастырады. Сонымен бірге, бұл жұмысқа барлық деңгейдегібасшылар және қызметкерлердің қатысуы және техникалык ресурстардыңрационалды қолданылуы қарастырылады. TQM жүйесінде мақсаттарға сәйкес сапаны баскару әдістері қолданылады.
TQM ИСО 9000-ға қарағанда сапаны басқарудың кеңірек тәсілдемесі болыптабылады және өнімнің бәсекелестік қабілетін жоғарылатуга, бүкіл бизнестіөркендетуге мүмкіндік береді.
TQM -нің негізгі идеологиясы - «жақсартудың шегіболмайды». Сапаға қатынасты мыналарды ұмтылу қажет деп танылады:«0» ақауға ұмтылу; «0» өндіріске қатысы жоқ шығындарға ұмтылу;тура мерзімнің өзінде жеткізуге ұмтылү. Бұл жерде бұндай жағдайларга' жетумүмкін емес екендігі түсініледі, бірақ оған ұмтылу керек депесептелінеді. Бұндай идеологияга арнайы термин тағайындалған «сапаныұдайы жақсарту».
TQM -ға кіреді:
- жаңа өнімді зерттеп дайындау кезінде бақылау;
- тәжірибелік үлгінің сапасын бағалау, өнім және өңдірістік процестіңсапасын жоспарлау, сатып алынатын материалдардың сапасын бақылау жәнежоспарлау:
- шикізат және материалдарды енгізер алдында бақылау;
- дайын өнімді бақылау;
- өндірістік процестің сапасын бағалау;
- өнім және өндірістік процестің сапасын бақылау;
- арнаулыпроцестердіталдау (сапа облысындағыарнаулызерттеулер);
- өнім сапасы жөніндегі ақпаратты қолдану;
- өнім сапасы жөніндегі ақпарат беруші құралдарды бақылау;
- сапаны қамтамасыз ету әдістерін үйрету, персоналдың біліктілігінжоғарылату:
- кепілдік бойынша қызмет көрсету;
- сапа аясындағы жұмыстарду үйлестіру;
- жеткізушілермен бірігіп сапа жөнінде жұмыс жасау;
- РDCA циклын қолдану;
- сапа үйірмелерінің жұмысы;
- фирмада, жеткізуші фирмаларда, босату және қызмет көрсетубөлімшелерінде, акционерлер мен тұтынушыларда қанағаттандырарлық атмосфератудыру арқылы адам факторын басқару;
- сапа саласында функция аралық әдіс бойынша жұмыс істеу;
- сапа аясындағы саясатты қалыптастыру (сапа аясындағы саясаттыэкономикалық әрекеттердің жалпы стратегиясымен үйлестіру, әкімшілік,шаруашылық және экономикалық әрекеттердің барлық аспектілеріне сапаға қолжеткізу мақсатын енгізу, фирмада сапа аясындағы саясатты түсінудіқамтамасыз ететін шаралар қолдану;
- қызметкерлердің қаржылық әрекеттерге (пайдаға, акционерліккапиталға) қатысуы, сапаға ұғынысты көзқарасты тәрбиелеу, әлеуметтікатмосфераны және хабарлы болуын жетілдіру:
- сапа мәдениетін қалыптастыру жөніндегі шаралар жүргізу;
- сапа аясындагы әрекеттерді басқарушы кадрлерді әзірлеу (дайындау);
Сапа менеджменті жүйелерінің негізгі ережелеры.
ИСО 9000 стандарттар топшалары сапа менеджмент жүйелеріне талаптар және өнімдерге талаптар арасына өзгешеліктерді көрсетеді. Сапа менеджмент жүйелеріне талаптар ҚР СТ ИСО 9001 бекітілген. Олар қай категориядағы болмасын өнімнің өнеркәсіптің немесе экономиканың қандай да болмасын секторындағы ұйымдарға жалпы және қолданылатын болып табылады. ҚР СТ ИСО 9001 өнімге қандайда болмасын талаптар бекітпейды.
ИСО 9000 стандарттар жиынтығы барлық түрдегі және мөлшердегі ұйымдарға көмектесу және сапа менеджмент жүйелерінің енгізу және тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін әзірленген.
ИСО 9000 стандарттар 2008 жылда шыққан версиясы 4 стандарттардан турады.
1 ҚР СТ ИСО 9000-2007 СМЖ. Негізгі ережелері және сөздік (сапа менеджмент жүйелерінің негізгі ережелерін баяндайды және СМЖ үшін терминлогияны бекітеді).
2 ҚР СТ ИСО 9001-2009 Талаптар. (тұтынушылар талаптарын қанағаттандыратын және міндетті талаптарға қолданатын өнімдерді ұсына алатын мүмкіндігін көрсету үшін ұйымға керек болған жағдайда СМЖ-не талаптарды анықтайды және тұтынушыларды қанағаттандыруды жоғарылатуға бағытталған).
3 ҚР СТ ИСО 9004-2010 СМЖ. Ұйымның тұрақты жетістікке жетуі үшін менеджмент. Сапа менеджменті позициясынан тәсілдеме. (СМЖ-нің нәтижелігі, сонымен бірге тиімділігін қарастыратын нұсқаулықтарға ие. Осы стандарттың мақсаты болып ұйым әрекетін жақсарту және тұтынушылар мен басқа қызығушы тараптарды қанағаттандыру болып табылады.)
4 ИСО 19011-2002 СМЖ-ін және қоршаған ортаны қорғаудың аудиті (тексеру) бойынша әдістемеліәк нұсқаулықтарға ие.
