- •Мазмұны
- •Сапа менеджмент жүйесі туралы жалпы сипаттама
- •Сапа менеджментінің қазіргі заманғы концепциялары
- •Сапа менеджменті жүйесін құру мен дамытуды жоспарлау
- •Сапа мененджменті жүйесінің құжаттамасы
- •Сапа менпеджмент жүйесінің элементтері
- •Ет өндеу кәіпорынында сапа менеджмент жүйесінің элементтерін әзірлеу
- •Ет өндеу кәсіпорынында сапа менеджмент жүйесінің элементтерін зерттеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Сапа менеджмент жүйесі туралы жалпы сипаттама
Өнімнің сапасы ― тағайындалу мақсатына сәйкес белгілі бір қажет-тіліктерді қамтамасыз ету үшін өнімнің жарамдылығын өзідеріне шартты түрде тәуелді ететін оның қасиеттерінің жиынтығы. Ол өнідірістің түрлі сатыларында қалыптасады және бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: сенімділік, ұзақтөзімділігі, функционлдығы, эстетикалылығы.
Сапалы өнім жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие, көтеріңкі ұсыныс пәніне йналады, қажеттіліктерді толық қанағаттандырады. Сапа көрсеткіш-тері өнім өндірушілердің де, тұтынушылардың да сәйкес келмеуі мүмкін мүдделерін қозғайтын болғандықтан, басымдылық тұтынушы жағында болғанда ол қоғамның мүдде-ықыластары жағынан алғанда бағалануы тиіс. Қоғам сапаны тек шынайы жоғарылатуды ғана, яғни тұтынуда өткізілетін сапаны танып мойындайды. Мысалы, машинаның бір буынының функциялану мерзімін ұзарту бағытында шексіз жұмыс істеу бекер, егер жалпы алғанда машинаның ұзақтөзімділігі басқа буындарының жетілмеуінен өспесе.
Өнімнің қандай да бір түрінің сапасын көтеру мәселесін шешу жеке бір кәсіпорынға қиын, өйткені бұл процеске тек ішкі (ішкіөндірістік) факторлар ғана емес, «қоғам сапасы» деп аталатын сыртқы факторлар да ықпал етеді. «Қоғам сапасы» блогына кіретін барлық элементтерді жетілдірусіз өнімнің жоғары сапасына сенім арту қиын. Бірақ жоғары сапалы өнім кәсіпорынға жетістікті кепілдік етеді, ал кәсіпорынның жетістігі қоғамның жетістігіне әкеледі. Бұл процесті «сапа пирамидасы» түрінде ұсынуға болады
Университеттің сапа менеджменті жүйесі (СМК) — жоспарлау, басқару, сапаны қамтамасыз ету және жақсарту көмегімен сапа саласындағы саясатты іске асыруға қажетті ұйымдық құрылым, әдістеме, үдерістер мен ресурстар жинағы.Сапа саласындағы саясат СМЖ негізгі құжаты болып табылады. Ол СМЖ құрылуы мен қызметінің мақсатын айқындайды. Мақсаттарға қол жеткізілгеннен кейін саясат қайта қаралады. СМЖ Университеттің білім беру, ғылым, әкімшілік, шаруашылық сияқты қызмет салаларын қамтиды. Аталған салалар өзара тығыз байланысты. СМЖ қызметі барлық қызметкерлерді тарту есебінен жүзеге асырылады, осы ретте жоғары басшылық (университет ректоры) сапа саясаты саласындағы мақсаттарға жетуде барлық жауапкершілікті өзіне жүктейді. СМЖ әкімшілік ықпал ету нақты көрсеткіштер бойынша үдерістерді басқаруға негізделеді. Үдерісті үздіксіз жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті жағдайлар жасау оның басты мақсаты болып табылады.
Сапа менеджмент жүйесін ендіру ерекшеліктері мен мақсаттары:
- қызығушы жақтардың қажеттіктерін есепке ала отырып ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту;
- кез келген жағдайда өнімнің сапалы шығуына ұмтылыс жасау;
- өндірісте өнім сапасына ұдайы жақсартуды қамтамасыз ету;
- алдыңғы жыл көрсеткіштеріне қатынасы бойынша өнімнің деңгейін қадағалау;
- өнім шығаруда ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту үшін әзірленген менеджмент жүйесін үнемі жұмысшы қалыпта ұстау;
Сапа менеджмент жүйесінің міндеті. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге және бұл сапаны тұтынушылардың болжамына сәйкестендіруге бағытталған. Мұндағы СМЖ-нің басты мақсаты – жекелеген қызметтерді бақылау емес, нашар сападағы қызметтердің туындауына жол бермейтін жүйені құру.
СМЖ-ны құру үшін өнеркәсіп басшысының стратегиялық шешімі қажет, себебі бұл өнеркәсіпті басқаруда және жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды ықпал етеді. СМЖ басқарушы жүйе, яғни бұл жүйені кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын менеджменті ішкі басқару тапсырмаларын шешуде қолданады. Ол сол кәсіпорынға сай ұйымдасу структурасы, әдістемесі, ресурсы және процесі болуы керек. СМЖ бұл басқа кәсіпорынға тәуелді емес және өзгеріске ұшырамайды. СМЖ кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі, ол сол кәсіпорында жасалнып, кәсіпорынның өз ішінде өсуі, дамуы керек. СМЖ жүйесін мұқият ойлап, жоспарлы түрде ұйымдасып дайындау керек.
СМЖ жүйесінің қазіргі таңдағы басты принципі тұрақты жақсару, сонымен қатар сапа негізіндегі басқаруға философиялық көзқарасы. Талаптардың орындалуының қабілеттілік әрекетінің жоғарлауының қайтымдылығы тұрғысында түсіндіріледі.
