Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатикадан дстрлі емес сабатарды ткізу дістемесі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.72 Кб
Скачать

1 Дәтүрлі емес сабақ

1.1 Дәстүрлі емес сабақтың түрлері

Дәстүрлі емес сабақ дәстүрлі сабақтан тағы да қандай айырмашылықтар бар: мұғалімнің іс-әрекеті.

Дәстүрлі емес сабақта оқушыларға нақты БІД дамыту мақсаты арқылы, болатын психикалық процестерін (ойлау, зейін, ес) дамытады, онда сабақ рәсмі педагогикалық техникалық функцияныатқарады. Дәстүрлі емес сабақ мұғалім оқушылардың жан-жақты оқу іс -әрекеттерін басқарып, оларды өз еркін бетімен жұмыс жүргізуге, үйретеді шығармашылық ойлауын қалыптастырады. Мұғалімнің оқушыларды ұйымдастырмайды осы оқу үрдісінің қатысушысы болады, ол оқушыларға көмек етеді, көрсетеді, түсіндіреді, естеріне түсіреді; кейбір кезінде өзі де қателеседі; оқушылармен ақылдасады; керек кезінде мұғалім өзі әр түрлі педагогикалық жағдайларды жасайды; оқушылардың ынталандыраду, сенім білдіреді, қызықтырады, оқу мативтерін қалыптастырады, беделін көтерер. Осы немесе басқа мұғалімнің іс-әрекеттерінің негізі – оқу үрдісін тұтас және бағытталған тұрғыдан ұйымдастыру.

Дәстүрлі емес сабақ үстінде оқушының да позициясы өзгереді. Дәстүрлі емес сабақ бала мұғалімнің тапсырмаларын орындап отыратын оқытудың объектісі болады, сабақта артық сөз айтуға тиім салынады,. Көбінесе мұғалім сабақты өзі жүргізеді, ал оқушылар оның тапсырмаларын ғана орындағаннан сабақта ынталары төмендейді. Осындай жағдайда оқушының жеке тұлғалығы дамымайды, алған білімдері көбінесе күр жаттау, мұғалімнен қорққаннан болады. Сондықтан дәстүрлі емес сабақта алған білімдерін көбі тез уақытта ұмтылады. Осы себептен, оқушылардағы сабаққа деген қызығушылығының төмендеуі пайда болды.

Дәстүрлі емес сабақта оқушының жағдай мүлдем басқа. Дәстүрлі емес сабақ оқушының жағдайы мүлдем басқа. Дәстүрлі емес сабақ оқушы – оқыту үрдісінің субъектісінің - белсенді іс-әрекеттін, шығармашылықтын, ізденімпаздықтың иесі. Ол оқушы емес, ол білімді алдымен бірге өзін-өзі дамытуға бағытталған адам. Сабақтын идеясы, қызығушылығы дәстүрлі сабақта мұғалімнен болса, дәстүрлі емес сабақ оқушыдан, білімді игеру үрдісі оқу үрдісіне айналады. Сабақтын мақсаты: алған теориялық білімдерін іс-әрекет, белсенділік, шығармашылық арқылы игеру.

Дәстүрлі емес сабақ мұғалім мен оқушының арасындағы қарым қатынас та мүлдем өзгереді. Дәстүрлі емес сабақта мұғалім мен оқушының арасындағы қарым қатынас авториторлық қарым қатынас (стиль) жиі кездесетін болса. Дәстүрлі емес сабақ қарым қатынасы өзгередіоқушылармен ресми қарым қатынас жасалмайды, бұнда оқушылармен «тен» тұрғыдан қарым қатынас жасайды. Мұғалім қарым қатынас дәстүрден тыс түрлі формаларын іздестіреді, сабақта топтық, ұжымдық оқыту түрлері жиі қолданылады. Осы жағдайда мұғалімнің педжагогикалық позициясы, шығармашылығы үлкен роль атқарады. Оқушылардың іс-әрекеттерін белсенділікке айналдыру үшін, ол өзі сабақтқа оқушылармен мең болып қатысады, сабақтың «ішінен» оның жағымды, жағымсыз жақтарын көреді, керек кезінде өз ұсыныстарын оқушылардың көңіл-күйлеріне тізбей айтады, түзейді, көмек етеді. Сонымен дәстүрлі емес сабақта мұғалімнің авториторлық позициясы жойылады да, оның орнына іскерлік қарым қатынас позициясы орындалады.

Қазіргі заманға сай оқытудың негізгі түрі дәстүрлі емес сабақ болса, онда мектептін орта буында қолданылатын дәстүрлі емес сабақтардын көптүрлілігіне тоқтап кетейік. Соңғы жылдары мұғалімдердің дәстүрлі емес сабақтарға қызығып, жиі өткізетін тағы да себептердің бірі – оқытуда оқу – тәрбие мақсаттарды тиімді және интенсивтік шешуге арналған жаңа педагогикалық қарым қатынастар.

Бұрынғы кезде әр сабақ оқушы үшін бұрында көрмеген, естімеген жаңа ақпарат болса, қазіргі оқушыларды қызықтыру өте қиын. Қазіргі оқушылар сабақты (тақырыпты) өтпеседе, көөп нәрсені теледидар, компьютер т.б. естіген, терең білімдерді болмаса да, «естідім», «бәлемін» деп, мұғалімді тыңдамайды осы тұрғыдан қарағанда дәстүрлі емес сабақ өзінің ерекшеліктерімен мектепте қажет те, тиімді де әдебиет мұғалімі.

Ойын элементтерін қолдану арқылы қазіргі кезеңдегі оқытудың түрлері.

Ойын баланын іс-әрекетінің негізгі түрлерінің бірі. Ойын-баланың әлеуметтік ортадағы табиғи қарым қатынастың түрі, әлемді тану жолы, өмірлік тәжірибені жинау жолы, қоршаған ортаға, жанындағы адамдарға, құбылыстар мен өздік көзқарасты қалыптастыружолы. Ойын арқылы өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларды ойластыруға, олардан өтуге, өзіне қажетті қарым қатынас жасауға үйренеді. Көптеген жетістіктері мен қатар ойынның әдістемелік мүмкіндіктер де аз емес:

  1. Ойын – оқытуды ынталандырудың күшті ынтасы;

  2. Ойын арқылы пәнге деген танымдық қызығушылығы жиі орнатылады;

  3. Ойын барысында баланын психикалық процестері (зейін, есте сақтау, ойлау, елестету) тез дамиды.

  4. Ойынның «эмоционалдық» жоғы алған ақпараттарды «өмірлендіруге» көмек етеді, оны қызықты оқыған айналдырады. Ойын кезінде пассивті балалар да өз орнын тауып, ойынға қатысуға тырысады.

  5. Ойын баланын шығармашылығын дамыпты үшін жағдай жасайды.

Ойын кезінде бала өзі ізденеді, ойынға қатысушыларға қызығушылығын білдіреді, өзінде бар қабілеттері мен мүмкіндіктерге назар аударады.

Белгілі педагогы Д.Б. Эльконит ойыннын құндылығын осылай бағалаған: «Ойын бала үшін өте маңызды, ойында бала басқалардың көмегісіз өзінде бар табиғи мүмкіндіктерін көріп, үйренеді». Бұл реалдық әлемде, ортада, уақытта, жануарлар мен адамдарға арасында өзін-өзі бағыттау, өзін-өзі зерттеп, көру тәсілі. Ойын арқылы бала біздің символдық әлемімізде тұруға үйренеді. Әдістемелердің байқауынша ойынға оқу ойыннан 2 жағы көзге түседі:

  1. диолы (тікелей қарым қатынас, сөз, әңгіме), 2) елестетілген жағдай оқытуда ойынның дидактикалық, рөлдік, іскерлік ойындары қолданылады.

  2. Дидактикалық ойындар – оқушыларға сабаққа ойын арқылы

сабақта білім беру, б) тексеру б) бекіту тәсілі, сабақтын барлық кезеңдерінде жиі қолдануға болады, әсіресе бастауыш сыныптарда. Жоғарығы сыныптардағы сабақтарда да қолданылды. Қазақ тілі сабағындажеке элемент ретінде кезінде оқушыларға викторияналық сұрақтар, «Кім бұрын үй тапсырманы тексеру» ойыны арқылы сұрақтарға жауап бере отырып оқушылардың белсенділігі қалыптасады, ойлау қабілеттері жылдам өтеді.

Рөльдік ойындар оқушылардың дүниетанымының, эмоционалдық көңіл-күй қалыптастырады; оқу материалы сырттай ғана емес, іштей білуге көмек етеді, оқушылардың жалпы мәдениеттілігін, коммуникативтік қарым қатынастарын қалыптастырады. Рольдік ойындар көбінесе бастауыш және орта жастағы оқушылармен өтеді. Рольдік ойындарды қолданудың ең тиімді сабағы қазақ әдебиеті сабағында қолдануға болады. Онда, мұғалімнің шығармашылығына қарай сабақта кейіпкерлердің дауыстары мен сөйлеу, әрекеттерін көрсету, көрінісі көрсету, музыкалық аспаппен ойнау т.б. арқылы сабақты түрлендіріп, оның білімділік мақсатын орындайды.

Іскерлік ойындарды қолданғанда мұғалім түрлі оқиғаларды бейнелеу үшін жағдайларды жасайды. Оқушы санын ішіне кіріп, рөлін ойнап, оқиғанын куәгері болып оқу материалын игереді. Іскерлік ойындар көбінесі жоғары сыныптарда, әсіресе мамандық таңдау байланысты сабақтардағы оқиғаларды бейнелейді (мұғалім, инженер, дәрігер, заңдар т.б.)

Қазіргі оқушылар теледидарға бейім, сондықтан, соңғы жылдары оқыту үрдісінде түрлі теледидарлық ойындарды қолдауда мұғалім оқушылардың сабаққа дейін қызығушылықтарын арттырады, білім көлемін кеңейтеді. «Лидер ХХІ века», «Таңғажайып аланы», «Алтын сақа», т.б. ойындар қазіргі оқушыларға өте жақын түсінікті, қызықты теледидарлық ойындарды қолдану кезінде мұғалім көбінесі ойын шарттарын бұзбайды өз тапсырмаларын енгізеді. Осы типті ойындарды барлық сабақтарда қолдануға болады. Мысалы 9 сыныптағы әдебиет сабағында:

Теледидарлық ойындар жеке пән, немесе пәндер бойынша өтеді, соңғы жылдар мектеп аралық ойындар да өтетін болды.

Дидактикалық ойындар оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып оқытудың, тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятып, танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады. Дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу кезінде мынадай жайыттарға есепке алу қажет:

  • ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;

  • білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы;

  • ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.

Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.

  1. сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтын мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;

  2. тапсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет;

  3. ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек;

  4. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.

  5. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.

  6. Дидактикалық ойындар таңдауда нәтижелері объективтің тұрғыдан бағалауы тиіс.

Дидактикалық ойындартаңдауда оқытудың білімділік тәрбиелік және

дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық – ынталандыру жағына сүйену керек. Айтқанда олар:

  • оқушылардың жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдынын көлемі, оқушылардың даму деңгейі мен психологиялық жай – күйі.

  • Оқып-үйренілетін материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың мақсаты;

  • Нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктері;

Осы өлшемдерге сәйкес мысалы бастауыш сыныптарда түрлі

дидактикалық ойындарды қолдануға болады, математика сабағында: санамақ-ойындар жанылпаш ойындар, жұмбақ ойындар: «Тізбек», «Поезд», «Орынды тап», «Мынау кімнің үйі?», «Дүкен», «Керекті санды қой», «Қасқыр мен қой», «Теңге алу», «Орамал тастамақ», «Аң патшасы» т.б. Осы және көптеген мұғалімнің шығармашылық әрекеттеріменшығарған ойындар арқылы оқушылардың білімсанасына тез жетіп, есінде ұзақ сақталады, оқушылардың білім, іскерлік, дағды сапасына тиімді әсер етеді.

1.2 Оқыту үрдісінің негізі бағыты

Информатика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар «Бұл қай аң», «Күн мен түн», Кім күшті», «Тап – таза», т.б. балалардың ой -өрісін кеңейтеді, өз бетімен ойланып, заттармен құбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай заттар мен құбылыстарды дұрыс атап табуға үлкен септігін тигізеді.

Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында дидактилық ойындар бір неше топқа келтіру қажет, онда:

  1. сөйлем, сөз, олардың өзара байланысы туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған дидактикалық ойындар:

  2. Дыбы және әріп ұғымдарын бекітуге бағытталған дидактикалық ойындар: «Бұл қалай өзгерді», «Біл кімнің дауысы», «Кім жылдам».

  3. Буын, тасымал туралы білімдерін бекітуге бағытталған дидактикалық ойындар: «Қай сөз жоғалды», «Дамино», «Не қажет», «Орамал тастамақ», «Бәйге», «Ойланып тап», «Сақина салу» т.б.

  4. Заттын атын, қимылын, көрсететін ойындар: «Суретті лото» «Сұрақ қою», «Жеті қазына», «Ғажайып алаң», т.б. саналық ойындары мен жұмбақ ойындар. Осы және көптеген басқа ойындар мұғалімдер тіл сабағының алдына қойылған мақсаттарын шешеді.

Тренинг сабақтары мұғалімдерге оқушыларды жан-жақты және тереңірек ойлауға, оларға бағыт-бағдар беріп әсер етуге, оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Мұндай сабақтарды ұйымдастыру базасында мұғалім мақсатты нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан қарап, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып, ой-өрісін дамытуға баса назар аудару тиіс. Тренинг сабақтарының дамытуға баса назар аудару тиіс. Тренинг сабақтарының негізге критерилері (өлшемдері):

  • рөлдердің түрлері;

  • елестету жағдайдың шарттары;

  • сценарий бойынша қойылған талаптар.

Тренинг ойындардың түрлері:

  1. үстел ойындары: лото, дамино, таңғажайы аланы.

  2. Танымдық ойындар: ребус, кроссворд,

  3. Сюжеттік ойындар: «қателермен жазылған мәтін»,

әдебиет сабағында әр жазушының өмірі мен шығармашылық жасына байланысты жасауға болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші - адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс. «Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда. Инновация – бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы. Қазіргі педагогиканың негізгі тенденциясы оқытуды өнеркәсіптік-технологиялық процесске айналдыру үшін дидактикалық жолын және құралын табу болды. Бұл ізденіс «педагогикалық технология» деген ұғымға әкелді.

ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп пен ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар табылады. Сауатты өмір – дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері өкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.

Тренинг сабағында мұғалім мынадай рөлдерінде ойнай алады:

  • ойын шарттарын түсіндіретін инструктор;

  • ойын шарттарының дұрыс (қате) орындалуын бақылап отыратын әділқазы;

  • әр жағдайда көиек етуші тренер;

  • ойынды басқарып отыратын, қорытындысын жасайтын жүргізуші (төрайым).

Оқушылардың ролдері: актерлар, эксперттер, көрермендер.

Тренинг сабақтарда оқушы өзіне еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын

күшейтеді. Өзі өзгеге көмектессе, кейде өзіне көптеген көмегі қажет болады. Оқушылардың, тұлғалық дамуына бағытталған осы ойын түрі оқушылардың белсенділігін арттырады шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Пікірталас сабақтары - жоғары сыныптарда, әдебиет, тарих қоғамтану сабақтарында жиі қолданылады. Пікірталас негізгі ерекшелігі:

  • сабаққа қатысушылардың тақырыбп бойынша өз ойларын, пікірлерін айтқызу;

  • тақырып не арнайы мәселе бойынша толық, жан-жақты талдау қажет;

  • оқу материалын толық меңгереді;

  • шешендік қабілеттері қалыптасып дамиды;

  • пікірталасты жүргізу үйренеді.

Соңғы жылдары педагогикалық іс-тәжірибеде топтық жұмыс

түрлерінде өтетін пікірталастар кен орын тапты. Онда оқушылар пікірталасты белгілі тән, тақырып бойынша, өткізу үшін көп ізденеді, өз ойын өз уақытын тез ортаға жеткізуге талпынады. Болашақта осындай оқытудың түрі оқушыларды осындай оқытудың түрі оқушыларды нақты, дәл, мазмұнды сөйлеуге, өз ойын анық, терең жеткізуге үйретеді.

Пікірталас сабақтарының түрлері:

  1. регломенті (уақыты) шектелген дискуссия оқушыларға алдын ала әр кезінің уақыт нақты белгіленген жоспар беріледі. Топ топшаларға бөлініп, проблема ең алдымен сонда талқыланады да кейіннен бүкіл сыныптан алдында талқыланып, шешіледі.

  2. Ойын элементтерін пайдаланып өтетін пікірталас онда, оқушылар іскерлік ойын элементтерін пайдаланып, кейіпкердің атынан сөйлейді, сол заман, тарихи кезеннің «образына» кіріп, типті киіміне дейін, дауысын келтіріп, пікірталас жүргізеді.

  3. Проекттік пікірталас мұғалімнің тапсырмасы бойынша алдын-ала белгілі тақырып бойынша проект (жоба) жасалады сабаққа дейінгі уақытында (1-2 апта бұрын) негізгі жоспар сценары құралады. Сабақты оқушылар проблеманын пайда болуын іздестіреді, оны шешу жолдарын табуға тырысады. Проект гипотезаны шығару және оны шешу жолдарын іздестіру мен шешу болып табылады.

Топтық пікірталас (дебат) - соңғы жылдары жоғары сынып оқушылар

арасында сабақта және сабақтан тыс уақытында оқушылардың көзқарасы қалыптастыратын жиі қолданатын оқыту формасы. Талқылауға нақты тезис қойылады, оны бір команда қорғайтын (жағымды жақтарын көрсетін), қарсылас коммпоненттер оны жоққа шығарады (жағымсыз жақтарын көрсетеді). Әр бір топта 3 спиктер эксперт). Тезисты қорғау топта (команда);

1-спикер – жағымды жақтарын қорғайтын аргументтерді келтіреді;

2-спикер – аргументтерді дәлелдейді;

3-спикер – қарлық команданы айтқанын жоққа шығарады.

Қарсылас команда өз позициясын қорғайды, ол үшін әр түрлі аргументтерді дәлел келтіреді. 3 спикер қарсылас командаға тезис бойынша өз тұжырымын дайындайды. Таймер регламентін сақталуына қарап отырады. Жюри хаттама жүргізіп, екі командаға баға қояды.

Топтық пікірталас («вертимка»). Пікірталастың мақсаты – оқушыларды қойылған мәселелі (проблем) талдауға тарту.

Екі шеңбер жасалады: ішкі және сыртқы. Қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы отырады. Ішкі шеңбер тұрақты, қозғалмайтын болса, сыртқы – қозғалмалы оқушылар арнайы белгі (сигнал) бойынша орны ауыстырады (немесе келесі орындыққа отырады). Пікірталас оқушылардың өздік дәлелін дұрыс қойып, шығаруға үйретеді, коммуникативті қарым қатынас жүргізуге тәжірибе жинақтайды.

«Дөңгелек үстел» пікірталас мәселені шешуге сыныптың жартысы ғана қатысады, қалған топша – көрермендер болады. Пікірталасты эксперттік топ, ғылыми симпозиум т.б. формаларды құрым түрлендіруге болады.

Пікірталастың т.б. түрлеріне «мозговой штурм», сот сабақтары, дискуссия сабақтары т.б. жатады.

Мұғалімнің шығармашылық қабілетіне қарай жоғары сынып оқушыларының білім деңгейлерін жетістіру үшін релейдік есеп (зачет) сабақтарын қолдануға болады. Тарауды немесе тақырыпты өткен соң, оқушыларға есептің негізгі сұрақтары беріледі. Құрастырылған билеттер блоктарға бөлініп 2-3 сұрақтан тұрады.

«О» - блогі – жоғары деңгейдегі, қиын сұрақтар

«۟  » - блогі – орташа деңгейдегі сұрақтар

«П» - блогі - қарапайым, жеңіл сұрақтар.

Билеттер блоктары бойынша мұғалімнің үстелінде деңгейіне сай блогінан билет алады да жауап беруге дайындалады. Билет ұнамаса, немесе басқа себептерге байланысты, билетті басқа блогтың билетіне ауыстыруға болалды, ал блогтан басқасын алуға болмайды, сонда 3 билетке дейін ауыстыруға болады. Әр блоктің бағалары да бірдей емес:

«О» - блогі жоғары баллы «5»

«۟  » - блогі орташа баллы «4»

«П» - блогі төменгі баллы «3»

Төменгі блогтің билетіне «5» бағаны алса, балл жоғары блок билетін алуға құқығы, онда жаңадан дайындалып, қайтадан жауап береді.

Билетке жауап беруге дайындыққа 10-15 минут уақыт беріледі. Дайындық кезінде бала мұғаліммен 1 конеульт алуға құқылы. Есептің тапсырмалары ауызша, жазбаша, аралас болуы мүмкін.