Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.02 Кб
Скачать

Булдозерлер рамасын есептеу.

Булдозерлер, олардың құрылымы негізгі элементтерді есептеу әдісіне әсер етеді, бұрылмайтын отвалды булдозерлерге және әмбебап булдозерлерге бөлінеді. Бұрылмайтын отвалды булдозердің сұлбасы (сурет.186, [3], парақ.279), отвалдан 1, екі итеруші брусядан 2 және 3, горизонталды қиғаш тіреу 4 және 5 және вертикалды қиғаш тіреуден тұрады 6 және 7. бұл құрылым қатты құрылым түзе отырып герметикалық ьәуелсіз жүйе болады. Шарнирлердегі жеткілікті кең саңлаулар 187 серетте ([3], парақ. 280) көрсетлілген булдозердің қиғаш тіреуінің есептік сұлбасын қарастырады. Бұл сұлбада: Рх,Ру,Рz ішкі жүктемеге тең әсер ететін проекциялар. Сұлбаларды негізгі элементтерге бөле отырып және қиғаш тіреніштерді оған әсер ететін күштермен алмастыра отырып 188 суретте ([3], параұ.281) келтірілген сұлбаны аламыз. Көріп отырғанымыздай анықталуға жататын белгісіздердің жалпы саны 18. Осы кезде қиғаш тіреніштегі жүктеме күші берілген деп есептеледі. Үстіңгі және астыңғы қиғаш тіреніш шарнирлерінде орналасқан қауіпті қиылысу тексеруге тап болады. Қалыпты кернеудің жалпы қосындысын келесі тәуелділіктен тұрады.

(277)

Булдозердің бір есептік жағдайы булдозердің төменгі қиғаш тіренішінің орталық нүктесі болып табылады. Бұл жағдайда әсерлік сызығындағы сұрыптауда көрсетілгендей рама жазықтығына әсер ететін барлық жүктеме орталық шарнир арқылы беріледі. Горизонтал жазықтықтағы төменгі қиғаш тіреніш жұмыс істемейді. Бұл жағдайда раманың есептік жағдайы статикалық анықталмайтын жүйе ретінде қарастырылады. Қабылданған шарттарды сақтаған кезде есептік раманың сұлбасы 197, а суреттегідей болады ( , парақ. 291). Негізгі жүйеге 197, б суретіндегі ( , парақ. 291) жүйені қабылдаған ыңғайлы. Белгісіз күштер каноникалық теңдеуден табылады. Канондық теңдеудің коэффициенттерін, жүктік эпюрдің М (сурет.197, в , парақ.291) және бірлік эпюрасының (сурет.197 в , парақ. 291) табу үшін. Майысушы моменттердің эпюраларының қосындысы 197, д суретте ( , парақ. 291) салынған.

Скреперлер рамасын есептеу.

Скерепер рамасы ковштың екі жағын қамтиды және ковшқа бойлық балкалармен бекиді, ал алдыңғы бөлігімен тіркемелі құрылғыға тіреледі, ол скерепер өздігінен жүретін болса, онда тартқыштың орнықтыру құрылғысына бекиді, ал егер тіркемелі болса алдыңғы өске бекиді.

Жұмыстық жүктемелерді ковштың кесуші қиыршықтары қабылдайды. Алдында қарастырылған булдозермен автогрейдердің айырмашылығы жұмыстың қалыпты жағдайында бүйірлік жүктемелер скрепердің пышағында болмайды. Пышақтарға әсер ететін жүктемелердің әртүрлі жұмыс жағдайында әрқалай болады. Осылайша жұмыс кезінде пайда болатын кедергілерді анықтайтын бірнеше есептік қатар құрастырады. Ковш қиыршығындағы жүктемені берілген деп есептейміз. Скерепердің рамасына әсер ететін жүктемелерді анықтауды машинаға толық әсер ететін сыртқы күштердің анализінен бастаймыз. Жерді жинақтау үрдісінде келесі күштетр әсер етеді; күштік жүктемелер – тартқыштың және скрепердің салмағы (бұл жүктемелердің өлшемі және нүктесі белгілі болады). Ковштың пышағында қазуға кедергі күші пайда болады, ол жалпы жағдайда екі құрастырушыдан тұрады: тиісті күш Р және нормалды күш Р2.

Тарту күшінен жетекші доңғалақтарға әсер ететін шеңберлі күштерді табамыз Т1. қажетті итеруші күшті тарту күшінен ТТ тбамыз.

Сыртқы күштердің ішіндегі белгісіздері тек қана адыңғы және артқы доңғалақта пайда болатын вертикалды реакциялар R1 және R2. бұл реакцияларды А және В нүктелеріндегі моменттердің теңдеуінен табамыз.

Рамаға тікелей әсер ететін күшті анықтау кезінде бір тартқыштың тепе-теңдігін қарастыру қажет (сурет. 199 [3], парақ. 294). Таңдалған скрепердің әсерін тартқыштың отырғызушы құрылғысына әмсер ететін RE, RK, FK реакцияларымен ауыстыруға болады.

Ілінісу құрылғысындағы күштен басқа рамаға ковшты көтеру және түсіру механизімдеріндегі күштер әсер етеді. Бұл механизм басқару түріне байланысты арқанды немесе гидравликалық болуы мүмкін.

Барлық жағдайда көтеру механизіміндегі күштерді қарапайым түрде анықтайды. Ол үшін ковштың теңдігін қарастыру қажет (сурет. 200 [3], парақ.294). тәуелсіз болып көтеру механизіміндегі күш 2Рц және раманың ковшқа бекіту реакциялары есептеледі (нүкте Д).

201 Суретте ([3], парақ.295) өздігінен жүретін скрепердің құрылымы көрсетілген. Мұндай раманың сұлбасы 202 суретте ([3], парақ. 296) көрсетілген. Белгісіз күштерге О және В тіреніштеріндегі құрастырушылар жатады. Қалған күштер табылған. Бір статикалық теңдеуді Рц-ны табуға қолданғанын ескере отырып, алты белгісізді табуға бар жоғы бес теңдеу қалады т.б. жүйе бір рет статикалық табылмайтын. Z1 өсіне қатысты моменттердің теңдеуін құрамыз.

Roxb – (RE + RK)b/2 + Pцsin α (b1 + b – b2) = 0.

Roy және Rby реакцияларына раманың жазықтығында жатқан күштер әсер етеді. Бұл жағдайда 203, а суреттегідей ([3], парақ.297) болады. Х1 белгісіз күшін Х1= - Δ / δ11 канондық теңдеуден табу қажет.

Майысушы моменттердің эпюраларының қатынасы 203, д суретте ([3], парақ.297) келтірілген.

Осылайша рамаға әсер ететін барлық күштер, реакциялар анықталады, бұл барлық қауіпті қимадағы жүктемелерді анықтауға мүмкіндік береді. Оны сәйкес жүктемелердің эпюрасын құрағанда (сурет. 204 [3], парақ.298). Майысушы моменттерді екі жазықтықта анықтайды: рама және рамадан тыс жазықтықта.

Майысушы моменттердің эпюрасын қарапйым әдіспен құрайды, мысалы, I – I қиылысындағы майысушы моменттерді (сурет. 204, a [3], парақ. 298) тәелділік бойынша анықтайды.

.

Айналдырушы моменттердің әсеріне көлденең балкылер тап болады (сурет. 204, в [3], парақ. 298). Бұл момент: Мкр = Rbzl1 + Rbxl2.

Тартушы күштердің эпюрасын құрау үшін (сурет. 204, г [3], парақ. 298) балкінің бағытталған ауданындағы әсерлік күштерді жобалаймыз. Ьойлық тартқыштарды көлденең балкілермен жалғайтын түйін қауіпті қима болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]