- •Экскаватормен крандардың бұрылмалы платформасын есептеу.
- •Вертикалды жүктемеге платформаның жобалық есебі.
- •Платформаларды вертикал жүктемеге тексеру есебі.
- •Платформаны горизонтал жүктемеге тексеру есебі.
- •Автогрейдерлердің металқұрылымын есептеу.
- •Булдозерлер рамасын есептеу.
- •Скреперлер рамасын есептеу.
- •Қатты топырақты қопсытқыштың рамасын есептеу.
15-дәрістің тақырыбы: Метал құрылымы және жер қазушы машиналарды, крандарды есептеу.
Экскаватормен крандардың бұрылмалы платформасын есептеу.
Бұрылу платформасы толық бұрылысты экскаваторлармен крандардың бір негізгі тасмалдаушы метал құрылымы болып табылады. Оны екі немесе көптеген бойлық және бүйірлік балкалардан дәнекерлейді. Бұл балкаларды кей-кездері жоғары және төменгі жағынан жапырақшалармен жабады. Жүктемелерді беру үшін тіреніш-беріліс құрылғыларының алдыңғы бөлігіне домалақ балканы орнатады. Оған төменгші жағына төменгі релсті қысқа пайдаланған кезде бекітеді немесе жоғарғы сақинаны шарикті немесе роликті тіреніш бұрылу шеңберінде пайдаланады. Платформаны төменгі рамаға қатысты орталық цапфаның көмегімен орталықтандырады. Рликті немесе шарикті тіреніш-бұрылыс шеңберінде платформаны шеңбердің өзімен орталықтандырады және цапфаның қажеті болмай қалады. Роликті тіреніш-бұрылыс шеңберлері жер қазуда немесе жүк көтеруде платформаның тайып кетуінен сақтайды. Аунақты тіреніш-бұрылыс құрылғысында платформа орталық цапфадағы бұраманың немесе арнайы аумақпен-ұстағыштардың көмегімен тайғанауын болдырмайды. Крандармен экскаваторлардың платформасы орташа және үлкен қуаттылығымен құрамаға бөледі. Крандармен экскаваторлардың бұрылмалы платформасы күрделі құрылымнан тұрады, ал олардың дәл есебі айтарлықтай көлемді. Тәжірибеде әдетте есептің жкықталған әдісін пайдаланады. Оларды платформаны балкілі тор тәрізді балкілі құрылым ретінде қарастырады. Балкалардың параметрлерін анықтаған кезде төсемнің бар кезінде балкінің енін осы төсемнің қалыңдығымен 20÷30 тең деп алады. 168 ([3], парақ.258) Суретте қазіргі уақытта кең таралған Крандармен экскаваторлардың бұрылмалы платформасы Крандармен экскаваторлардың бұрылмалы платформасының сұлбасы көрсетілген. Есептік жүктемені және есептік сұлбаны таңдау жұмыс жабдығының түріне, сондай-ақ машинаның қозғалу механизіміне байланысты. Зерттеулермен анықталғандағыдай Крандармен экскаваторлардың бұрылмалы платформасына ең жоғарғы жүктеме қазумен көтеру кезінде болады. Бұрылыс платформаларын есептеу екі жеке бөліктерден тұрады: жобалық есебі, онда платформаның негізгі элементтерінің ең тиімді параметрлерін анықтайды, және тексеру есебі, онда платформаның негізгі элементтерінің қауіпті қимасындағы нүктелердің керенуін тексереміз.
Вертикалды жүктемеге платформаның жобалық есебі.
Вертикал жүктемелер платформаға әсер еткен кезде механизмдердің метал құрылымдарының жүктемесінен және бұрылу бөлігінің күштік қондырғысынан, жұмыстық жабдықтың реакциясынан, механизмдердің реттелуінен тұрады. Ковштың түзу күректерімен қазғандағы есептік жағдайына арқандар вертикал болғандағы және тетік горизонтал болғанда қабылданады (121, а [3] сурет, парақ.188). есептік сұлбаның түрі бойлық және бүйірлік балкілердің және оларға келтірілген жүктемелердің нүктелеріне байланысты. Осының өзінде жабушы балкалардың арасында осы тетікте олардың иілу теңдігін қамтамассыз ететін шарнирлі байланыс бар. Бұл жағдайда платформаны платформаны құрастырушы балкілеріне жатқызуға болады және балкілердің арасындағы байланысты ескере отырып оларды белгілі тізбекпен есептейді. Платформаның осындай есебін келтіре отырып, балкілердің қажетті параметрлерін қарастыра отырып, бұрылушы қондырғының ең үлкен ұзақ мерзімді жұмысын қамтамасыз етеді. 169 ([3], стр.260) Суретте платформаның негізгі түрлеріне есептік сұлбасы келтірілген, 168 ([3], стр.258) суретте салынған. Платформаға әсер ететін барлық жүктемелер бойлық және бүйірлік балкаларға келтірілген. Бұрылыс шеңберінің реакциясы платформаға оның бойлық және бүйірлік балкаларындағы қиылсу нүктелерінен аумақтық құрылғының жоғарғы тіреніш секторы немесе роликті шеңбердің тіреніш сақиналары арқылы беріледі. Бұрылу тіреніш құрылғысының алдыңғы бөлігіне өтетін қосынды реакцияларды үлестіру Rк = Rк2 + 2 Rк1, платформа балкаларының қаттылығына және орталық цапфадағы саңлауға, ұстағышқа, немесе роликті шеңбердің артқы бөлігіне байланысты. Бұрылыс тіреніш құрылғысының ең жақсы жағдайын жұмысқа ала отырыпяғни аумақтар немесе алдыңғы бөліктің шариктері теңдей жүктелген жағдайында есептік сұлбадан, 169, а және в ([3], стр.260) суреттен бойлық балка ¼ Rк, ал алдыңғы бүйірлік балка ½ Rк қабылдайынын табу оңай. Платформада (сурет.169, д [3], парақ. 260) Rк1 және Rк2 құрастырушылары, сондай-ақ, Rц аумақты ұстағыштағы немесе орталық цапфадағы саңлауды ескеріп статикалық анықталмайтындарды ескере отырып табуға болады. Бірақта бірінші жуықтауда Rк1 және Rк2 берілуі мүмкін. Нақты жағдайда олар жүктемелердің тең таралуынан алынуы мүмкін, алдыңғы аумақтағы жүктемелердің таралуы 1/3 Rк. Қатысты өлшемдерді және құраушылардың орнын біле отырып, платформаның болйық өсіне қатысты тең әсерді және моменттердің қосындысынан тең әсерлілерді Rц, Rзах, немесе Rк3, Rк4 анықтаймыз. Аумақтардың немесе шариктердің реакцияларын вертикал өстердің проекцияларының қосындысынан табамыз. Аз қуатты машиналарда әр балкаға түсетін қуатты табады және олардың қиылысуын таңдайды.
