Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 1-15 менеджмент.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.94 Кб
Скачать

Лекция 15. Өнімділікті басқару. Менеджмент тиімділігі: ішкі және сыртқы параматерлері

Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру деп адамның еңбек етуі үшін қалыпты жағдай жасауды айтады және бұл кәсіпорынның табысын жоғарылататын факторлардың бірі.

Еңбек өнiмдiлiгi адамдардың өндiрiстiк iс-әрекетiнiң өнiмдiлiгiн бiлдiредi, бiр өнiмге келетiн жанды және заттанған еңбек шығынының шамасын анықтайды. Еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi тек тұтынылатын ресурстардың (ағымдағы шығындардың) қолданылуын көрсетедi, ал өндiрiс тиiмдiлiгi барлық шығындардың (ағымдағы және бiр мезгiлдiк) қолдануын бiлдiредi.

Еңбек үрдісі әрдайым белгілі бір уақыт ішінде жүреді, жұмыс уақыты еңбек шығынының өлшемі болып табылады.

Еңбек үрдісінің нәтижесі – осы үрдісте жасалынған өнімнің саны. Еңбек үрдісінің тиімділігін анықтау үшін сол үрдісте өндірілген өнім саны мен жұмыс уақытының шығынын салыстыру қажет. Белгілі бір жұмыс уақытының шығынында жасалған өнім саны еңбек өнімділігінің көрсеткіші болып есептеледі.

Жұмыс уақытының шығыны мен өндірілген өнім санының арасындағы қатыстың өзгерісі еңбек өнімділігінің қозғалысын көрсетеді.

Егер берілген өнім саны аз жұмыс уақыты шығынында өндірілсе, онда еңбек өнімділігі артады және керісінше, сол өнім санына кеткен жұмыс уақыты шығыны көбейсе, онда еңбек өнімділігі төмендейді.

Еңбек өнімділігі деген ұғыммен қатар еңбек интенсивтілігі деген бар. Егер еңбек өнімділігі уақыттың бір өлшемі ішіндегі өндірілген өнім мөлшерімен өлшенсе, еңбек интенсивтілгі өндіріс үрдісіндегі уақыттың бір өлшемі ішіндегі еңбек шығыны мөлшерімен сипатталады, яғни адамның дене – бұлшық ет, ақыл-ой, жүйке энергиясын жұмсауы.

Қалыпты еңбек интенсивтілігі адамның дене және жүйке күштерін дұрыс жұмсай білуі. Еңбек интенсивтілігін қоғамдық қалыпты деңгейде ұстау еңбек өнімділігін жүйелі арттыруға ықпал етеді, материалдық игіліктердің өндірісін өсіреді, айналып келгенде жұмыскерлердің қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Еңбектің өндіргіш күштерін жоғарылату нәтижесі болып табылатын еңбек үрдісіндегі өзгерістер оның элементтерінің күрделі де өзара іс – қимыл сипатына ие болады. Еңбек үрдісінің элементтері – жұмыс күші, еңбек құралы, еңбек заты.

Еңбек өнімділігін арттыруды қоғамның экономикалық дамуының жалпы заңы деп қарастыруға болады. Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны өндірістің қажетті шарты, қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени прогресінің маңызды алғы шарты болып табылады. Еңбек өнімділігін арттырудың әлеуметтік-экономикалық мәні бар:

  • Еңбек өнімділігін арттыру өндіргіш күштерін дамытумен тығыз байланысты және ол тұрғындардың тұрмыс дәрежесін жақсартуға әкеледі, өйткені біз материалдық және мәдени игіліктерді неғұрлым көп әрі арзан, сапалы, өндіретін болсақ, оларды көп тұтына аламыз.

  • Еңбек өнімділігін арттыру еңбектің үнемделуін қамтамасыз етеді.

  • Еңбек өнімділігін арттыру ұлттық табыстың көбеюінің және өнеркәсіптік өнімнің өсуінің негізгі факторы болып табылады.

  • Еңбек өнімділігін өсіру жұмыс уақытын қысқартуға және жұмыскерлердің бос уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.

  • Еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары болса, әрбір адамның өмірі соғұрлым ауқатты да мазмұнды бола түседі, жасы ұлғайғандарды асырап – сақтауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға жұмсалатын қаржыны соғұрлым көп бөлуге болады.

Еңбек өнімділігін өлшеу өндірілген өнім көлемін еңбек шығынымен, еңбек нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асады. Осы шамалардың тікелей немесе кері қатысына байланысты екі көрсеткіш қолданылады: өнімділік және еңбек сиымдылығы.

Өнімділік (сағаттық, күндік, айлық) - жұмыс уақытының бірлігінде (Т) өндірілген өнім саны (Q) немесе айдағы, тоқсан немесе жылдағы орташа тізім жұмыскеріне келетін өнім саны.

Өнімділік = Q/Т, яғни өндірілген өнім санының жұмыс уақыты шығынына қатынасы.

Кәсіпорындарда еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады.

Сонымен, еңбек өнімділігі – өндіріс нәтижесінің тікелей жанды еңбекке қатысын білдіретін еңбек үрдісінің тиімділік көрсеткіші, өнімнің бір мөлшерін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.

Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші - өнім шығару көлемі, оны белгілеуде әртүрлі өлшем бірліктері қолданылады: табиғи өлшем бірліктері – тонна, метр, дана, дара, және т.б. Нормаланған жұмыс уақыты қолданылған кезде өнім шығару норма/сағат бойынша алынады, құндық әдісте ақшалай өлшемде есептеледі, өлшем бірлігі – теңге.

Кәсіпорындарда әрқашан да еңбек өнімділігін артырудың ұйымдық- техникалық шаралары қарастырылып отырылады.

Еңбек өнімділігін арттырудың факторларын былай топтауға болады:

  • Ғылыми-техникалық прогресс, жаңа техниканы үздіксіз енгізу және қолдану, өндірісте қазіргі ғылым жетістіктерін кеңінен пайдалану, прогресті технологиялық үрдістер, жаңа материалдар мен энергия түрлерін енгізу.

  • Жұмыскерлердің мәдени-техникалық деңгейлерін жүйелі түрде көтеру, жалпы және арнаулы білімді көтеру негізінде жұмыскерлердің біліктілігін, кәсіби шеберлігін арттыру, еңбекке деген саналы ынтаны дамыту. Жоғары мамандық қызметкерлерге жаңа техниканы, шикізатты, материалды неғұрлым тиімді пайдалануға, өнім сапасын жақсартуға және осының негізінде ең жоғары еңбек өнімділігіне жетуге мүмкіндік береді.

  • Еңбекті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, алдыңғы формаларды енгізу, өндірістің құрылымын жақсарту, еңбекке деген ынталаушы құралды барынша дамыту. Қазіргі уақытта бұл бағыт шешуші бағыттардың бірі болып отыр. Техника мен адамдарды бірыңғай технологиялық процеске ұтымды біріктіру, еңбектің, өндіріс пен басқару ісінің ұйымдастырылуын жолға қою.

Менеджмент тиімділігі – басқару нысанындағы мақсатқа жетуде пайда болған тиімділікті, пайдаланған ресурстар мен шығындарды салыстыру арқылы анықталған әлеуметтік-экономикалық нәтижені қамтамасыз етуді білдіреді. Басқару тиімділігінің экономикалық мәні – басқаруға керекті қолда бар ресурстар (шығындар) арқылы басқару нысанында ең үлкен экономикалық нәтижені қамтамасыз ету.

Кәсіпорындағы экономикалық нәтиже таза табыс пен пайданың шамасы арқылы бейнелейді. Сонымен қатар менеджменттің экономикалық нәтижесін анықтағанда оның шамасын анықтаумен қатар оның бөлінуі мен тұтыну тиімділігі ескеріледі, яғни кэсіпорынды дамытуға және болашақта жаңғырту үшін әлеуетін қалыптастыруға бағыттау үшін қажетті пайданың мөлшерін анықтау болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық жүйе тұрғысынан әлеуметтік нәтиже жұмыскерлердің өмір сүру деңгейі мен сапасы арқылы байқалады.

Сыртқы байланысты тиімді іске асыру нарықтық және мемлекеттік реттеушіге, сонымен қатар олардың әрекеттестігіне әсер етеді. Осы облыстардағы әсер мен әрекеттесу қүралдарын таңдау әсер етуші факторлардың кешендігі және оның әр уақытта өзгеріп отыратына байланысты ол өте қиын мәселе болып табылады. Сондықтан да менеджерлер үшін осы немесе басқа жағдайлардағы сыртқы ортаның көрсеткіштерінің өзгеруін байқау маңызды болады.

Менеджмент тиімділігі келесі бағыттар бойынша бағаланады:

- бағалау мақсатын негіздеу және орнату;

- бағалау көрсеткіштерін іріктеу критерийлерінтаңдау

- осы өнімге деген қажеттілік пен фирманың мақсатының өлшемдестігін анықтау;

- мақсат пен қажеттілікті өлшемдестіру;

- негізгі нәтиже мен қажеттілікті өлшемдестіру;

- менеджмент нәтижелілігін анықтау;

- мақсаттың ресурспен қамтамасыз етілгенін анықтау;

- негізгі нәтиженің ресурстармен ара қатынасы;

- экономикалық нәтиженің пайдаланған ресурстардың әрбір түрінің шамасына қатынасы;

- экономикалық нәтиженің шамасын анықтау;

- экономикалық нәтиженің басқаруға жұмсалған шығындардың шамасына қатынасы;

- әрбір қолданылған ресурстардың тиісті әлеует шамасына қатынасы;

- стратегия, еңбек мотивациясы, басқаруды ұйымдастыру нысаны сияқты әсер ету құралдарын жасау және іске асыруға байланысты басқару үдерісінің тиімділігін анықтау;

- ресурстық, ұйымдастырушылық, ақпараттық, ғылыми-технологиялық, экологиялық, кадрлық сияқты әлеует түрлерін пайдалану мөлшерін анықтау;

- әлеуметтік ғылыми-инновациялық, экологиялық, ұйымдастырушылық нәтижелерін анықтау;

- әлеуметік-экономикалық жүйенің әрбір әлеуеттік түрлерін қолдану тиімділігін анықтау.

Қазіргі заманғы менеджмент теориясы келесі менеджмент тиімділігінің түрлерін көрсетеді:

  • әсер ету және әрекеттістік құралдары бойынша: мақсатты, мотивациялық, стратегиялық, техникалық, ресурстық, шығындық, жоспарлық, болжамдық, әлеуеттік, атқарымдық құралдары;

  • - нәтиженің мазмұны бойынша- экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экологиялық мазмұны;

  • - уақыт факторы бойынша - келешектілік, ағымдық, оралымдық уақыты;

  • - менеджментті дамыту жүйесінің сатысы бойынша – жасау, қалыптастыру, дағдарысқа қарсылық, жетілдіру, қайта қалыптастыру сатысы;

  • - басқару қызметінің түрлері бойынша – маркетингтік, инновациялық, инвестициялвық, өндірістік, қаржылық, коммерциялық, кәсіпкерлік түрлері;

  • - тиімділік нысаны бойынша – менеджмент жүйесі, басқару қызметі, басқару үдерісі, басқару жаңалығы, қызметкелер мен менеджерлер қызметтері.