Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мадениет тану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.4 Кб
Скачать

Музыкалық аспаптар

Қазақ музыкалық аспаптары: ішекті, үрмелі және соқпалы болып үшке бөлінеді. Ішекті аспаптың өзі шертпелі және ысқышты болып екіге бөлінеді. Шертпелі ішекті аспаптарға: домбыра, шертер, жетіген жатады. Ал ысқымен ойнайтын ішекті аспапқа қобыз жатады.

Үрмелі аспаптарға — сыбызғы, қамыссырнай, қоссырнай, мүйіз сырнай, сазсырнай, үскірік, тастауық, керней жатады. Осы топтың ерекше бір тілді аспабы — шаңқобыз.

Соқпалы аспаптарға — дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау жатады.

Домбыра — екі ішекті, 9—14 пернеге дейін болатын шертпелі аспап. Домбыраның ішегі, пернесі ешкінің, қойдың ішегінен жасалады. Домбыраның қазақта көптеген түрі болған. Негізі көп тарағаны екі түрі. Бірінің кеудесі томпақ та, ал екіншісінікі ұзынша текше. Томпақ кеуделі домбыра, негізінен, батыс аймақта, ал шығыста жайпақ домбыра көп таралған. Домбыраның осы формаларының өз ішінде әр түрлі пішіндері де кездеседі. Домбыраның кейде үш ішекті түрі де кездеседі.

Қобыз — екі ішекті, ысқышпен ойнайтын аспап, ішегі аттың қылынан есіп жасалады. Қобыз да өте көне аспап. Қобыз әу баста көбінесе бақсылар пайдаланған аспап болғандықтан, қазақ оны киелі санайды. Қобыз, әдетте, тұтас ағаштан шауып жасалады. Кеудесі жалпақ астауша құсап, мойны ішке қарай иіліп келеді. Қобыздың жалпы тұрқы бірдей болғанымен, тұрпатында кейбір өзгешеліктер кездеседі. Бақсылардың қобызының басына үкі, неше түрлі салпыншақ темір, ұсақ қоңыраушалар тағылады. Қобыздың кеудесіндегі ойыққа айна орнатылады. Бұл заттардың дәстүрлік және әуендік қызметі бар. Бақсы қобызымен сарнаған кезде қобыздың басын дірілдетіп-сілкіп, салпыншақ темірлерді сылдырлатады, айнаға қарап жынын шақырады. Мұндай бақсы қобыздарын қара қобыз, нарқобыз деп атайды.

Қорытынды

Еуразиялық Ұлы Даланы игеру туралы сөз болғанда, осы кеңістікті қоршап тұрған өркениеттердің (суперэтностардың) өрлеу-құлдырау ырғақтарын ескеру қажет. Қытай, Иран, Батыс және Ресейлік өркениеттер мен түрік халықтарының арасында талай тарихи процестер өткен. Ол тек мәдени сұхбаттасу деңгейінде болмай, осы этномәдени кеңістік үшін бақталастық және жаугершілік сипатында да болды. Орталық Азия өзінің кеңістікте орналасуына байланысты балға мен төстің арасында шыңдалды. Отты қару пайда болғанға дейін мындаған жылдық адамзат тарихында ат жалында өскен көшпелілер ең қаһарлы күш болғаны күмән тудырмайды. Бұл жерде А. Вебердің тарихтағы номадалардың рөлі туралы ілімін еске алып өткен жөн. Оның пікірі бойынша, техногендік өркениет (батыстық) пайда болғанға дейін көшпелілер кеңістікте мәдени катализаторлар қызметін атқарған. Ал айда А. Вебер осындай бағаны тек үндіеуропалық (арийлік) номадаларға ғана берген. Біз тағы да еурорталықтық мәдениеттанушылардың түріктік көшпелілердің мәдениетін кемсіте қарастыруының мысалын көріп отырмыз. Ал нақтылы тарих далалық өркениеттердің әлемдік дамудың бір қозғаушы күші болғанын дәлелдейді.

Жалпы алғанда, кеңістіктің этномөдениетке тигізетін әсерін дұрыс бағалау керек. Қысқаша айтқанда, Отаны жоқ халық болған емес. Бұған бүкіл тарих куә. Әрине, кеңістік ерекшеліктері(ландшафт, биоценоз, оқшаулық ж.т.б.) өркениетке үлкен әсер етті. Алайда, басқа мысалдар бұл қағиданың абсолюттігіне күмән келтіреді. Айталық, Солтүстік Американың прерийлерінде, Аргентинаның пампасында, Австралияның жайылымдарында номадалар пайда болмады. Яғни, өркениетті дұрыс түсіну үшін басқа да факторларды қарастыру қажет.