Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gastro_zhauap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.05 Кб
Скачать

Есеп № 4

  1. Абдоминальды ауырсыну синдромы, асқазан диспепсия синдромы(жүрек айну, ауамен кекіру,іш кебу), ұйқы безінің сыртқысекреторлы жеткіліксіздік синдромы( үлкен дәрет күніне 2-3 рет, кашатәрізді, майлы жылтыр, сасықиісті, унитаздан қиын жуылады). Жетекші синдром – абдоминальды ауырсыну синдромы.

  2. Созылмалы алкогольды панкреатит, ауырсыну формасы, орташа дәрежелі ауыр лықта, өршуі, сыртқысекреторлы қызметінің бұзылысы. Клиникалық көрінісіне тән, қауіп факторларының болуы (емдәм сақталмауы, алкоголь қабылдау).

  3. Қанның биохимиялық анализінде гиперамилаземия және гипергликемия.

  • УДЗ мәліметтері бойынша - алкогольды панкреатит белгілері: ұйқы безінің ұлғаюы, құрылымы біркелкі емес эхогенділігі жоғары, Вирсунг өзегінің кеңеюі, майда конкременттердің болуы.

  • Копрограмма мәліметтері – ұйқы безінің сыртқысекреторлы жеткіліксіздік белгілері (амилорея, креаторея, стеаторея).

4. Дифференциальды диагноз СП ағымы ауырсыну синдромының өтуі асқазан мен он екі елі ішек жара ауруының, ұйқы безі ісігінің, холецистит, колит және басқа аурулардың клиникасына ұқсас жүреді.

1. Сол жақ қабырғаастының ауыру сезімі, мезогастрий миокард инфарктының абдоминальды формасына әкелуі мүмкін. Негізінде осы науқастардың анамнезінде стенокардия ұстамаларының нұсқауы бар.Обьективті жүрек тондарының тұйықтығы, тахикардия, артериальды қысымның төмендеуі, шокқа дейінгі жағдайға әкелуі назар аудартады, жүрек ритмі әр түрлі бұзылысы дамуы мүмкін. Міндетті түрде электрокардиограмма түсіру қажет. Қазіргі науқастың ЭКГ патологиялық өзгерістер анықталмады. Қан сарымуында трансаминазаның жоғарлауы миокард инфарктын дәлелдейді.

2. Өттас ауруы оң қабырғаастының сыздап ауырсынуымен, оң иыққа, жауырынға иррадиацияланады, жүрек айну, жағдайының периодтты түрде нашарлауымен құсу, жиі бауырлық коликамен сипатталады. Науқастарды зерттегенде Кер нүктесінде ауыру сезімі, кейде – оң қабырғаасты бұлшықеттерінің кернелуі, Ортнер,Мерфи,Мюсси-Георгиевский симптомдары оң болуы анықталады.

3. Асқазан мен он екі ішек жара ауруына жаралы анамнез, тынышталу кезеңі мен өршу кезеңінің алмасып көрінуі, ауыру мезгілділігі тән. Соңғысы жиі аш қарынға тамақ қабылдағанда пайда болады. Ауру гиперсекреция, асқазан сөлі қышқылдығының жоғарлауы, рентгенде – нишидің болуы, фиброгастроскопияда – жаралы ақау болумен сипатталады.

4. Созылмалы колитте ұйқы безінің ішкі және сыртқы секрециясының бұзылысы көріністері болмайды, сыздап спастикалық түрдегі ауыру сезімі, үлкен дәрет бұзылысы (іш қату) пайда болады. Ирригографияда спастикалық компонент көрініс береді.

5. Абдоминальды ишемиялық синдромға тән іштегі әр түрлі ауыру сезімі болуы, жиі тамақтан соң 15-45 мин кейін пайда болуы және спазмолитикалық препараттар мен наркотикалық препараттраға ауыру сезімі басылмайды. Науқастар іш қатумен іш өтуге шағымданады, жиі қан аралас болуы. Ауру жалпы атеросклероз көріністерімен жүреді(іш аортасының пульсациясы, іш аортасында систолалық шу), Блинов синдромы оң – максимальды және минимальды артериальды қысым 40-60 мм с.б. жоғарлауы.

6. Ішек туберкулезінде жиі жіңішке ішектің терминальды бөлігі мен соқыр ішек зақымданады.Аурудың бастапқы сатысында жалпы әлсіздік, тершеңдік, тез шаршағыштық, дене температурасы субфебрильді, іш өту анықталады. Туберкулездің бірінші ошағы үнемі өкпеде орналасады. Жиі оң мықын аймағында ауырмайтын инфильтратты пальпациялауға болады, жиі жедел ішек түйілуі пайда болады. Қан анализінде үнемі гипохромды анемия анықталады.

Диагноз: Созылмалы алкогольды панкреатит, ауырсыну формасы, орташа ауырлық дәрежеде, өршу сатысы, сыртқысекреторлы қызметінің бұзылысы. Екіншілік(панкреатогенді) қант диабеті. Клиникалық көрінісі негізінде, биохимиялық қан анализі мәліметтері (гиперамилаземия, гипергликемия),копрограмма мәліметтері – ұйқы безінің сыртқысекреторлы жеткіліксіздігінің белгілері, УДЗ мәліметтері – алкогольды панкреатит белгілері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]