- •3 Типті Френкель функциясының реттеушісі//
- •21 Тісті қалпына келтіруші сауытпен жабу//
- •3 Типті Френкельдің қызметін реттеушісі//
- •16, 26 Тістерді дистализациялап, төменгі жақты алға шығару//
- •12 Тіс аймағында серіппесі бар пластинка//
- •10 Жастағы балада ит тістердің супраокклюзиясы бар. Вестибулярлы доғаның м-тәрізді иілуін қолдануға көрсеткішті таңдаңыз://
- •1 Диспансерлік топтың шаралары//
- •8 Жастағы балада дистальды тістесу. Күрек тістер арасында сагиттальды саңылауды анықтау үшін өлшеуші нүктелерді таңдаңыз://
- •10 Жастағы балада төменгі жақтың ығысуы бар. Ажырату диагностикасы үшін қолданылатын клиникалық сынаманы таңдаңыз://
- •3 Жастағы балада мезиальды баспалдақтың болуы және төменгі жақты алға ығыстыру әдеті бар. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Жоғарғы еріннің кең үзбесі және оның төмен бекуі әкеледі://
жоғарғы тіс қатарының қысқаруына//
жоғарғы тіс қатарыны тарылуына//
+ диастемаға//
төменгі жақтың тарылуына//
төменгі жақтың алдыға шығуына
***
Ауыз сыртылық аппараттарға жатады://
персин аппараты//
жоғарғы жаққа винті бар пластинка//
+ бас киімі бар иектік праща//
брюкль аппараты//
итеруші серіппесі бар пластинка
***
Тіс-жақ сүйек жүйесінің негізгі қызметтері://
жұтыну, қозғалу, сору, тістеу//
тыныс алу, сөйлеу, шайнау//
тістеу, шайнау, майдалау//
+ тыныс алу, жұтыну, сөйлеу, шайнау//
тыныс алу, жұтыну, сөйлеу, майдалау
***
Қыз бала 5 жаста. Алдын ала қаралу кезінде - тілдің қысқа үзбесі анықталды. Осы себепті жоймау әкеледі://
жоғарғы тіс қатарының тарылуына//
+ төменгі тіс қатарының қысқаруына//
жоғарғы тіс қатарының кеңеюіне//
жоғарғы тіс қатарының ұзаруына//
апикальды базистің қысқаруына
***
Бала 9 жаста. Обьективті: беті симметриялы, мұрын-ерін қатпарлары қалыпты. Тіс жақ жүйесінің қызметтері бұзылмаған. Ауыз қуысында: жоғарғы күрек тістер төменгілерді сауыт биіктігінің 1/3-нен жоғары жабады, күрек тістер арасында контакт. Анамнезінен: үш жыл бұрын бүйір тістерін жоғалтқан. Ю.М.Малыгина жіктелісі бойынша алғашқы диагнозды болжаңыз://
дистальды тістесу, екінші түрі//
дистальды тістесу, төртінші түрі//
дистальды тістесу, үшінші түрі//
+ дистальды тістесу, бірінші түрі//
дистальды тістесу, бесінші түрі
***
Бала 6 жаста. Анасы тіс қатарлары арасына ұртын тістеу әдетіне шағымданады. Обьективті: беті симметриялы, мұрын-ерін қатпарлары айқын емес. Ауыз қуысында; тістердің ауысуы жасына сәйкес келеді. Барлық тістер сау. Жақ-бет аймағы функциональды бұзылыстарының симптомдарын болжаңыз://
тағамды тістеу//
+ шайнау тиімділігі//
сору қызметі//
жұтыну қызметі//
тыныс алу қызметі
***
Науқас 11 жаста. Сыртқы қараған кезде. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің қысқаруы, иек асты және мұрын ерін қатпарларының айқындалуы көрінеді. Жоғарғы ерін сыртқа қарай аударылған ауыз қуысында. Төменгі және жоғарғы алдыңғы тістері оралды қисайған, тістердің жақын орналасуы байқалады. Тістердің орталық окклюзияда түйіскен кезде төменгі жақ күрек тістерінің кесу қыры, қатты таңдайдың шырышты қабығына жетеді, ал жоғарғы жақ күрек тістері төменгі жақ күрек тістердің мойын аймағының альвеолярлы өсіндінің шырышты қабығын жарақаттайды. Жоғары жақтың алдыңғы бөлімінде альвеолярлы өсінділердің вертикалды көлемдерінің үлкеюі байқалады. Бүйір тістерінің қатынасы Энгль бойынша 1 класс. Алғашқы диагнозды және осы патологияның себебін болжаңыз://
+ терең тістесу, тұрақты үлкен азу тістерін ерте жоғалтуы//
терең тістесу, тұрақты күрек тістерін ерте жоғалтуы//
ашық тістесу, сүт күрек тістерін ерте жоғалтуы//
ашық тістесу, сүт ит тістерін ерте жоғалтуы//
айқас тістесу, ауыз қуысы кіре берісінің таяз болуы
***
Бала 14 жаста. 23 және 13 тістер тіс қатарының алдында және окклюзионды жазықтықтан жоғары орналасқан. Тіс қатарында оларға орын жеткілікті. Тұрақты молярлардың қатынасы дұрыс. Д.А.Калвелис жіктелісі бойынша алғашқы диагнозды болжаңыз://
13 және 23 тістердің вестибулярлы және оральды орналасуы//
13, 23 тістердің супрапозициясы және 33, 43 тістердің инфрапозициясы//
+ 13 және 23 тістердің вестибулярлы орналасуы және супрапозициясы//
23 және 13 тістердің медиальды және дистальды ығысуы//
33 және 43 тістердің латеральды және дистальды ығысуы
***
Рубинов бойынша функциональды сынаманы қолдану көмегімен анықтауға болады://
шайнау бұлшықеттерінің жиырылуын жазу// + шайнау тиімділігін// шайнау бұлшықеттерінің күшін//
шайнау бұлшықеттерінің биопотенциалын// шайнау қысымын
***
Науқас 12 жаста. Алдыңғы бөлімінде тістердің түйіспеуіне шағымданып, клиникаға қаралды. Анамнезінен: 10 айға дейін омыраумен емізілген, ұзақ уақыт төменгі ернін тістеп жүрген. Қарау кезінде бет конфигурациясының бұзылуы анықталды: беттің төменгі үштен бірінің ұзаруы, мұрын ерін және иек қатпарының тегістелуі, еріндерінің түйіспеуі. Жоғарғы жақ алдыңғы бөлімі ұзарған, төменгісі біраз жалпайған, альвеоляры өсінділері жоғарғы жақта аса дамыған. Алғашқы диагнозды және тіс жақ жүйесі қызметінің бұзылысын болжаңыз://
терең тістесу, тыныс алу қызметі//
дистальды тістесу, жұтыну қызметі//
мезиальды тістесу, сөйлеу қызметі//
айқасқан тістесу, шайнау қызметі//
+ ашық тістесу, тістеу қызметі
***
Қыз бала 9 жаста. Алдыңғы тістерінің түйіспеуіне шағымданады. Объективті: бетінің астыңғы үштек бір бөлігінің үлкеюі көрінеді. Еріндері қиыншылықпен түйісіп, еріннің шырышты қабығының құрғауы. Вертикалды саңылау бар 3 мм. Қандай этиологиялық фактор осындай ауытқуға әкелді://
жағымсыз әдет- басын шалқайтып уйықтау//
+ жағымсыз әдет- саусақты, тілді сору//
жағымсыз әдет- төменгі ернін сору, тістеу//
жағымсыз әдет- иек астына жұдырықты салу//
жағымсыз әдет- төменгі жақты шығару
***
Науқас 7 жаста. Объективті: бет ассиметриясы, иегі оңға қарай ығысқан. Еріндерінің түйісуі дұрыс емес. Ауыз қуысында: орталық күрек тістік сызық сәйкес емес, оң жақтағы тіс альвеолярлы қысқару. Оң жақтағы молярлардың түйісуі прогениялық түрде. Қарама қарсы жақтағы тістердің түйісуі бұзылмаған. Осы патологияның себебін болжаңыз://
омырау жасында жасанды тамақтандыру//
ЛОР-ағзаларының жедел созылмалы ауырулары//
+ шайнау және мимикалық бұлшықеттердің гипертонусы//
фронтальды сүт тістердің ерте жұлынуы//
тілдің ұзын немесе қысқа үзбесі
***
Бала 3 жаста. Профилактикалық байқауға келді. Объективті: ауыз қуысында 20 сүт тісі бар. Тістер тіс доғасында орналасқан. Барлық тістер интакті. Тіс аралықтарында тремалар жоқ. Тістесудің кезеңін таңдаңыз://
қалыптаспаған сүт тістесу//
қалыптаспаған тұрақты тістесу Сүт тістесудің қалыптасқан кезеңінде тремалардың симптомының//
+ қалыптасқан сүт тістесу//
қалыптасқан тұрақты тістесу//
аралас тістесу
***
Дистальды блокты тістесуде үстіңгі күрек тістерді вестибулярлы ығыстыруда винтті орналастырады://
таңдайдың куполында//
таңдайдың альвеолярлы өсіндісінің скатында//
+ пластинаның алдыңғы бөлігінде//
орналасу орнына қарамайды//
винт қолданылмайды
***
Балаларда жұтынудың соматикалық типіқалыптасады://
10 жастан кейін//
8 – 10 жас//
5 – 6 жас//
+ 3 – 4 жас//
1 жаста
***
Науқас 9 жаста. Объективті: иектің азғана алдыға шығуы, беттің төменгі 1/3 бөлігі өзгермеген. Ауыз қуысында: жоғарға тіс доғасының өзгеруі, алдыңғы бөлімінде тістердің үйіліп орналасуы. Күрек тістік жабылуы аздаған. Нақты диагноз қою үшін қандай функционалды сынаманы жүргізу қажеттігін көрсетіңіз және неге://
Эшлер –Битнер сынамасы -өйткені прогнатикалық тістесу диагнозын қою үшін қолданылады//
Хорошилкина сынамасы- өйткені прогениялық тістесу диагнозын қою үшін қолданылады//
+ Ильина – Маркосянның сынамасы - өйткені прогнатикалық тістесу диагнозын қою үшін қолданылады//
Кулаженко сынамасы- өйткені пародонтит диагнозын қою үшін қолданылады//
Шварц сынамасы- өйткені прогениялық тістесу диагнозын қою үшін қолданылады
***
6 жастағы қыз бала, прогнатиялық тістесу бойынша дәрігер-ортодонтта емделуде. Қосымша ем ретінде миогимнастика ұсынылды. Аталған жағдайда қай бұлшық еттер топтарына жаттығулар тағайындау қажет://
+ төменгі жақты алдыға шығаратын//
ауыздың айланбалы бұлшық еттері үшін//
шайнау бұлшық еттері үшін//
тіл бұлшық еттері үшін//
ым бұлшық еттері үшін
***
Бала 8 жаста. Объективті: беті симметриялы, беттің төменгі үштен бір бөлігі алдыға шығыңқы, төменгі ерін жоғарғының алдында орналасады. Мұрын ерін қатпарлары айқын. Бүйір тістердің қатынасы: 16, 26 тістердің алдыңғы ұрттық төмпешіктері төменгі тістердің ұзына бойы фиссурасында орналасады. Фронтальды бөлімде төменгі тістер жоғарғылардың алдында орналасады. Күрек тістердің ортаңғы сызығы сәйкес келеді. Энгль жіктелісі бойынша класты болжаңыз://
I класс//
II класс 1 подкласс//
II класс 2 подкласс//
+ III класс//
II класс
***
Бала 3 жаста. Бала-бақшада тәрбиешісі баланың қолын ұрт астына қойып, бір жағында ұйықтайтынын байқады. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
ортогнатиялық тістесу//
тіке тістесу//
мезиальды тістесу//
дистальды тістесу//
+ айқасқан тістесу
***
10 жастағы науқас. 22 тістің тортоаномалиясы бойынша емдеуде болды. 23, 22, 21 тістері ілмектері және жақты резиналы тарқыштары бар сауыттармен жабылғалған. Осы патологияны емдеу кезінде 22 тісті ығыстыру сипатын болжаңыз://
корпусты ығыстыру//
сауатты ығыстыру//
+ осі бойынша айландыру//
тістердің тамырларын ығыстыру//
тігінен ығыстыру
***
Бала 5 жастағ самай-төменгі жақ буыны қызметінің шектелуі бойынша диспансерлік бақылауда. Анамнезінде дүниеге келген кезде буынның жарақаты. Қарау кезінде ауыздың ашылуы шектеулі, беттің төменгі үштен бір бөлігінің дамымауы. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
төменгі жақтың контрактурасы//
екіншілік деформациялық остеоартроз//
жеделдеу остеоартрит//
+ сүйекті анкилоз//
буынның ауырсынулы дисфункциясы
***
Бала 10 жаста. Бетті қараған кезде: беті симметриялы, беттің төменгі үштен бір бөлігі алдыға шығыңқы, төменгі ерін жоғарғының алдында орналасады. Мұрын ерін қатпарлары айқын. Бүйір тістердің қатынасы: 16, 26 тістердің алдыңғы ұрттық төмпешіктері төменгі тістердің ұзына бойы фиссурасында орналасады. Фронтальды бөлімде төменгі тістер жоғарғылардың алдында орналасады. Күрек тістердің ортаңғы сызығы солға ығысқан. Осы патологияның себебін болжаңыз://
төменгі ерінді тістеу әдеті//
+ жоғарғы ерінді тістеу әдеті//
басын шалқайтып ұйықтау//
бүйір тістерді ерте жұлу//
фронтальды тістерді ерте жұлу
***
Бала 12 жаста, ойын кезінде 11 тістің жарақатын алды. Объективті: 11 тістің сауыты мойнына дейін жоқ. Осы тістің аймағында кілегей қызарған, ісінген. Рентгенограммада: 11 тістің түбірі қалыптасқан, өзгерістер жоқ. Протез құрылымын таңдаңыз://
11 тіске микропротез//
11 тіске пластмассалы сауыт//
11 тіс аймағында орын жасау//
+ 11 тіске Ильина-Маркосян бойынша штифтті тіс//
11 тіске металды сауыт
***
Науқас 12 жаста. Сөйлеудің бұзылысына шағымданады аузы жартылай ашық. Тіс қатарларын қараған кезде 6 мм сагиттальды саңылау анықталады. Фронтальды жоғарғы тістер төменгі алдыңғы тістерді толық жабады. Тыныс алуы ауыз арқылы. Бала төменгі ернін тістейді. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз://
+ катц тістеу пластинкасы//
эйнсворт аппараты//
бынин каппасы//
френкль қызметін реттеушісі//
брюкль аппараты
***
Қыз бала 6 жаста. Рентгенологиялық зерттеуден және мұқият тексеруден кейін 46 тістің жартылай адентиясы анықталды. Емдеу әдісін таңдаңыз://
+ миотерапия, тіс протездеу// винті бар пластинка//
миотерапия//
брюкль аппараты// шварц каппасы
***
5 жастағы бала. Беті симметриялы, бетінің төменгі бөлігінің биіктігі азайған. Ауыз қуысында: жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістерді сауыттары биіктігінде жауып тұр, екінші уақытша молярлардың дистальды беткейлері бірдей вертикальды жазықтықта орналасқан. Ортодонтиялық аппарат түрін таңдаңыз://
ретракционды доғасы бар пластинка//
+ мюлеман пропульсоры//
винті бар пластинка//
брюкль пластинкасы//
бынин каппасы
***
Жұтыну кезінде итеруші күш сатысында жақ-бет аймағы бұлшықеттерінің электромиографиялық зерттеу кезінде функциональды тапсырманы таңдаңыз://
төменгі жақты жанына қозғалту//
ауызды ашу және жабу//
төменгі жақты алдыға ығыстыру//
тілдің айналмалы қозғалыстары//
+ суды жұту
***
Науқас 11 жаста. Диагноз: 21 тістің таңдайлық орналасуы, антагонист-тіспен блокта. 3 ай мерзімінде секторальды қиығы, винті, бүйір тістерді ажыратылуы бар пластинканы қолданады. Тістердің ажыратылуын қамтамасыз ететін ортодонтиялық аппараттың элементі таңдаңыз://
иілу жазықтығы//
итеруші кламмер//
тірек-ұстап тұрушы кламмер//
+ окклюзионды бастырма//
ортодонтиялық винт
***
Тіс қатары тарылуының ерте симптомдары кезінде дәрігердің кірісу әрекетін таңдаңыз://
белсенді әсер ететін себепті жою//
+ аппаратуралы емдеу тағайындау//
дұрыс тыныс алуға үйрету//
миогимнастика өткізу//
ауыз қуысын сауықтыру
***
Науқас 12 жаста. Алдыңғы бљлімінде тістердің түйіспеуіне шағымданып, клиникаға қаралды. Анамнезінен: 10 айға дейін омыраумен емізілген, ұзақ уақыт төменгі ернін тістеп жүрген. Қарау кезінде бет конфигурациясының бұзылуы анықталды: беттің төменгі үштен бірінің ұзаруы, мұрын ерін және иек қатпарының тегістелуі, еріндерінің түйіспеуі. Жоғарғы жақ алдыңғы бөлімі ұзарған, төменгісі біраз жалпайған, альвеоляры өсінділері жоғарғы жақта аса дамыған. Диагноз қойыңыз және аталған патологияда тіс жақ жүйесінің қай қызметі бұзылған://
айқас тістесу, тыныс алу қызметінің//
терең тістесу, жұтыну қызметінің//
терең тістесу, сөйлеу қызметінің//
ашық тістесу, шайнау қызметінің//
+ ашық тістесу, тістеу қызметінің
***
Науқас 9 жаста. Сыртқы қарау кезінде: беттің төменгі бөлігінің қысқаруы, мұрын-ерін және иек қатпарларының айқындылығы. Жоғарғы ерін сыртқа қайырылған. Ауыз қуысында: төменгі және жоғарғы алдыңғы тістер оральды бағытта иілген, тістердің тығыз орналасуы анықталды. Тістердің орталық окклюзияда түйісуі кезінде төменгі күрек тіс кесу қыры қатты таңдай шырышты қабатына жетеді, ал жоғарғы күрек тістер төменгі жақтың күрек тістер мойын аймағындағы альвеолярлы өсінді шырышты қабатын жарақаттайды. Жоғарғы жақ альвеолярлы өсіндісінің алдыңғы бөлімінің вертикальды өлшемінің ұзаруы анықталды. Бүйір тістердің қатынасы Энгль бойынша 1 класс. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз://
3 Типті Френкель функциясының реттеушісі//
брюкль аппараты//
+ катц пластинкасы//
эйнсворт аппараты//
бынин каппасы
***
Бала 10 жаста. Жоғарғы орталық күрек тістің дұрыс емес орналасуына. Объективті: тіс қатарында орын болған кезде 11 тістің таңдайлық орналасуы. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз://
жоғарғы жаққа секторальды қиығы және окклюзионды бастырмасы бар пластинка//
+ жоғарғы жаққа итеруші серіппесі бар пластинка//
тістеу алаңы бар пластиналы аралас аппарат//
вестибулярлы пластинка//
жоғарғы жаққа ретрагирлеуші серіппесі бар пластинка
***
Науқас 8 жаста. Шағымы: косметикалық ақауға. Объективті: тістесу ортогнатиялық. Тістердің қатынасы қалыптыға жақын, 21 тіс ұзына бойы осі айналасында 90 градусқа бұрылған. Рентгенологиялық суретте: аса комлектті тіс жоқ. Емдеу әдісін таңдаңыз://
жоғарғы жаққа 21 тіске итеруші кламмері бар пластинка//
одан әрі протездеумен 21 тісті жұлу//
21 Тісті қалпына келтіруші сауытпен жабу//
+ резиналы күштері бар ортодонтиялық сауыттар қолдану//
хирургиялық әдіспен тісті сатылы бұру
***
Бала 6 жаста. Алдыңғы тістердің дұрыс емес орналасуына шағымданады. Объективті зерттеу кезінде - жоғарғы жақтың фронтальды бөлімінде тістердің тығыз орналасуы анықталады. Анамнезінен: бір ай бұрын 55 және 65 тістер асқынған тіс жегісі бойынша жұлынған. Тістердің жарып шығу мерзімі қалыпты. Ауыз қуысында: барлық 16, 26 және 36, 46 тістер жарып шыққан. 16 және 26 тістердің медиальды ығысуы байқалады. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз://
+ мойын тартпасы бар беттік доға//
төменгі жаққа тістеу алаңы бар пластинка//
брюкль аппараты//
жоғарғы жаққа секторальды қиығы бар пластинка//
бынин пластмассалы каппасы
***
Науқас 12 жаста. Сөйлеудің бұзылуына шағымданады, аузы жартылай ашық. Тіс қатарларын қарағанда науқаста 6 мм сагитальды саңылау анықталды. Алдыңғы жоғарғы тістер толығымен төменгі алдыңғы тістерді жауып тұрады. Тыныс алуы ауыз арқылы. Бала төменгі ернін тістейді. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз://
+ катц аппараты//
эйнсворт аппараты//
бынин каппасы//
френкельдың қызмет реттегіші//
брюкль аппараты
***
Науқас К. клиникаға ата-анасымен келді. Негізгі шағымдары жоғарғы жақты ит тістің жоғары жарып шығуы, жоғарғы күрек тістердің ерін жағына айқын иілуі. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз://
3 Типті Френкельдің қызметін реттеушісі//
эйнсворт аппараты//
бынин каппасы//
+ катц пластинкасы//
брюкль аппараты
***
Науқас 9 жаста. 11 және 21 тістер арасында саңылаудың болуына шағымданады. Ауыз қуысын қараған кезде диаметрі 5 мм саңылау анықталды. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз: лет. Жалуется на наличие щели между 11 и 21 зубами. При осмотре полости рта обнаружена щель диаметром 5 мм. Выберите вид ортодонтического аппарата://
аппарат Персин аппараты// + бағыттаушы түтігі бар ығысатын тіске сауыт// брюкль аппараты// андрезен-Гойпль аппараты// кеңейтетін винті бар пластинка
***
Науқас 9 жаста. Оъективті: иектің аз ғана шығуы, беттің төменгі үштен бір бөлігі өзгермеген. Ауыз қуысында: жоғарғы тіс доғасының өзгерісі, алдыңғы бөлімде тістердің тығыз орналасуы, үлкен күрек тістік жабылу бар. Диагнозды қою үшін функциональды сынаманы таңдаңыз://
+ Эшлер-Битнер сынамасы//
Хорошилкина сынамасы//
Ильина-Маркосян сынамасы//
Кулаженко сынамасы//
Шварц сынамасы
***
Бала 12 жаста, жоғарғы жақта бүйір күрек тістің дұрыс емес орналасуы бойынша клиникаға келді. Ауыз қуысында: жоғарғы алдыңғы тістер төменгі алдыңғы тістердің кесу жиектерімен жымдасады, таңдайлық орналасұан 12 тістен басқа. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз://
сагиттальды қиығы, вестибулярлы доғасы бар пластинка//
окклюзионды бастырмасығ сагиттальды қиығы бар пластинка//
секторальды қиығы, вестибулярлы доғасы бар пластинка//
+ окклюзионды бастырмасы және 12 тіске протракторы бар пластинка//
вестибулярлы доғасы және 12 тіске протракторы бар пластинка
***
6 жастағы бала анасымен төменгі алдыңғы тістердің дұрыс емес орналасуы бойынша клиникаға келді. Объективті қараған кезде төменгі фронтальды тістердің тығыз орналасуы анықталды, 31 және 41 тістердің сауыттары өз ұзына бойы осі айналасында бұрылған. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз://
+ дуга Энгль доғасы//
аппарат Персин аппараты//
каппа Шварц каппасы//
каппа Бынин каппасы//
аппарат Каламкарова аппараты
***
«Окклюзия кілті» ұғымына тән тіс жақ ауытқуларының жіктелісі болып табылады://
AДДҰ//
+ Энгль//
Калвелис//
Катц//
ММСИ
***
Тіс-жақ ауытқуларының постнатальды этиологиялық факторы болып табылады://
амниотикалық сұйықтықтың азаюы//
ұрықтың дорзальды орналасуы//
ұрықтың вентральды орналасуы//
физикалық факторлар//
+ жағымсыз әдеттер
***
Жасөспірім 13 жаста, аузын кең ашқанда буынында сықырдың пайда болуына шағымы бар. Сыртынан қарағанда бетінің асимметриялығы анықталады. Бетінің асимметриясының себебін анықтау үшін клиникалық сынама болып табылады://
Эшлер-Битнер//
Френкель//
Каламкаров//
Хорошилкина//
+ Ильина-Маркосян
***
Бала 9 жаста. Тіс қатарларының қатынасын үйреншікті окклюзия бойынша бағалағанда бірінші жоғарғы үлкен азу тістің мезиальды-ұртты төмпешігінің антогонист-тістің бірінші көлденең жүлгесіне қарағанда дистальды орналасқанын көрсеткен (Энгль бойынша III класс). Тістесу ауытқуларының клиникалық түрлерін ажырату диагностикасы үшін клиникалық функциональды сынама болып табылады://
төменгі жақтың алдыға жылжуы//
ауызды кеңінен ашу//
+ төменгі жақтың артқа ығысуы//
төменгі жақтың оңға ығысуы//
төменгі жақтың солға ығысуы
***
Жасөспірім 17 жаста. Шағымы жоғарғы тістердің алдыға шығуы және алдыңғы тістер арасында саңылау. Клиникалық тексеру: беті симметриялы. Профилі - дөңес. Ауыз қуысын қараған кезде: жоғарғы бірінші тұрақты молярдың мезиальды-ұрттық төмпешігі екінші премолярмен және төменгі бірінші тұрақты молярдың мезиальды-ұрттық төмпешігімен жымдасады. Жоғарғы фронтальды тістер алдыға иілген. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
мезиальды тістесу//
+ дистальды тістесу//
айқасқан тістесу//
ашық тістесу//
терең тістесу
***
Бала 5,5 жаста. Алдын ала қаралу кезінде: тістердің түйісуі кезінде төменгі фронтальді тістердің таңдайдың шырышты қабатын жарақаттайтындықтары анықталды. Күрек тістер сауыттары мөлшерінің пропорциональдығын анықтау үшін зерттеу әдісін болжаңыз://
Пон//
Тонн//
+ Долгополова//
Герлах//
Снагина
***
13 жастағы қыз бала. Дәрігер-ортодонтқа мектеп стоматологымен жіберілген. Объективті: беті симметриялы, профилі - тік, еріндерінің жымдасуы қалыпты. Ауыз қуысында: 75, 85 тістерден басқа барлық тістер тұрақты, бүйір тістердің қатынасы фиссуралы-төмпешікті, жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістер сауытын 1/3 биіктікте жауып жатыр. Бірінші ретті тексеру әдісін болжаңыз://
беттің антропометриялық зерттеуі//
беттің фотометриялық зерттеуі//
функциональды сынама//
бүйір проекциядағы телерентгенография//
+ ортопантомография
***
Қыз бала 11 жаста, эстетикалық жетіспеушілікке шағымданады. Ауыз қуысында жымдасу кезінде фронтальды бөлімде 2 мм сагиттальды саңылау, молярлар аймағында фиссуралы-төмпешікті контакт анықталады. Алғашқы диагноз болжаңыз://
+ фронтальды прогнатия//
еріксіз прогнатия//
дистальды тістесу//
шынайы прогнатия//
прогнатия
***
Бала 5,5 жаста. Бала-бақшада алдын ала қарағанда: жоғарғы алдыңғы тістер төменгі тістердің сауытының 3/1 бөлігінен көп бөлігін жауып тұратыны анықталды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
ортогнатикалық тістесу//
дистальды тістесу//
мезиальды тістесу//
+ терең тістесу//
ашық тістесу
***
10 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бетті тексергенде профильдің жоғарғы және ортаңғы бөліктері және жоғарғы ерін алға шыққан, төменгі ерін және иегі артқа ығыспаған. Төменгі жақты жылжытқанда беттің профилі жақсармайды. Дистальды тістесудің себебін таңдаңыз://
жоғарғы жақтың латерогениясы//
+ жоғарғы жақтың макрогнатиясы немесе прогнатиясы//
төменгі жақтың прогнатиясы немесе макрогнатиясы//
төменгі жақтың ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы//
жоғарғы жақтың ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы
***
10 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бет-әлпетін қарағанда төменгі ерні кіріңкі және иегі ығысқан, төменгі жақтың артта орналасуы анықталды, жоғарғы және төменгі ортаңғы беттің профилі және жоғарғы ерін өзгермеген. Төменгі жақты жылжытқанда беттің профилі жақсарады. Ажырату диагностикасы үшін клиникалық сынаманы болжаңыз://
Ильина –Маркосян//
+ Эшлер-Битнер//
Рубинов//
Агапов//
Гельман
***
Қыз 18 жаста. Эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданады. Бет көрсеткіштерін бағалағанда анықталды: жоғарғы ерін алға шыққан, иегі артқа ығысқан, жоғарғы күрек тістердің кесу қыры төменгі ерінде орналасқан.
Ауыз қуысын тексергенде: тістер қатарын үйреншікті түйістіргенде бірінші тұрақты азу тістің алдыңғы ұрт төмпешігі қарсы тістің артқы ұрт төмпешігімен түйіседі, алдыңғы бөлікте - 8 мм сагиттальды саңылауы бар протрузия. Энгль жіктелісі бойынша класты және подкласты таңдаңыз://
I класс//
II класс//
+ II класс Iподкласс//
II класс II подкласс//
III класс
***
Қыз бала 12 жаста, орта бойлы, екі бұғана сүйегінің гипоплазиясы, маңдайы шығыңқы, беттің ортаңғы бөлігі төмен түскен. Ауыз қуысында атипиялық формаға ие бірінші тұрақты азу тістерінен басқа барлық тістері уақытша. Қосымша зерттеу әдісін таңдаңыз://
телерентгенография//
диагностикалық мүсіндерді дайындау//
дентальды сурет//
СТЖБ томографиясы//
+ ортопантомография
***
Әрбір тістің функционалды құндылығын ескере отырып, шайнау тиімділігін анықтаудың статикалық әдісін таңдаңыз://
+ оксман//
рубинов//
гельман//
курляндский//
христиансен
***
Шайнау тиімділігін анықтаудың функциональды динамикалық әдісін таңдаңыз://
Агапов//
+ Рубинов//
Курляндский//
Оксман//
Габер
***
Бала 8 жаста. Ата-анасы төменгі ернін тістеуіне шағымданады. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз://
вестибуло-оральды пластинка//
вестибулярлы доғасы бар пластинка//
+ вестибулярлы пластинка//
винті бар пластинка//
тістеу аланы бар пластинка
***
Уақытша тістесуде дистальды тістесуді емдеу әдісін таңдаңыз://
аппараттық әдіс және массаж//
аппараттық және хирургиялық әдіс//
протетикалық әдіс және миогимнастика//
аппараттық және протетикалық әдіс//
+ зиянды әдеттерді жою және миогимнастика
***
Бала 10 жаста. Эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданады. Профилі дөңес, беттің ортаңғы бөлігі алға шыққан, еріндері күшпен түйіседі. Ауыз қуысында: сагиттальды саңылау – 4мм. Тұрақты азу тістердің аймағында төмпешікті түйісу. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасын жүргізгенде беттің профилі нашарлайды. Емдеу шараларының жоспарын таңдаңыз://
+ жоғарғы жақтың мөлшерін қысқарту//
жоғарғы жақтың өсуін қарқындату//
төменгі жақтың өсуін қарқындату//
төменгі жақтың мөлшерін қысқарту//
екі жақтың да өсуін қарқындату
***
Бала 8,5 жаста, ауыз қуысын сауықтырған соң дәрігер-ортодонтқа жіберілді. Сырт қарағанда профилі дөңес. Тістер қатарын түйістіргенде жоғарғы тістері төменгі ерінде орналасады. Ауыз қуысында: сагиттальды саңылау 4 мм. Төменгі күрек тістердің кесу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабатымен түйіседі. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз://
+ френкельдің қызметті реттеуші аппаратының І түрі//
френкельдің қызметті реттеуші аппаратының III түрі//
френкельдің қызметті реттеуші аппаратының ІV түрі//
френкельдің қызметті реттеуші аппаратының V түрі//
Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының IІ түрі
***
Қыз 18 жаста, тағам тістеп алуының қиындығына шағымданып келді. Объективті: профилі дөңес, иегі ығысқан. Ауыз қуысында: алдыңғы тістерінің арасында диастема, тремалар, сагиттальды саңылау 7 мм, азу тістердің түйісуінің бұзылуы – 3 мм. Емдеу шараларының жоспарын таңдаңыз://
+ жоғарғы алдыңғы тістерді артқа жылжыту//
жоғарғы алдыңғы тістерді алға жылжыту//
