Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гтс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
221.14 Кб
Скачать

2. Топырақты бөгеттің есептері және құралуы

Бөгеттің көлденең қимасы трапециялы болуы керек және өлшемдер ғимараттың кез келген жұмыс жағдайында бөгет денесі мен оның негізінің орнықтылығын қамтамасыз етуі тиіс.

Қиманың негізгі элементтеріне жататындар: бөгет денесі, жағалаулары мен бекітулері, жоғарғы және төменгі беткейлер, қабыстырғыш элементтері мен табаны кәріздік және сүзілуге қарсы қондырғылар.

Топырақ бөгеті беткейлерінің кескіні. Биік бөгеттер үшін олардың көлемін азайту мақсатында беткейлердің кескінін сынықты қондырғы – берма салу ұсынылады. Ол биіктік бойынша 10-15 м сайын ені 2-3 м беткейлердегі жазықтық алаң. Аласа бөгеттер үшін Нбөгет 15 м беткейлер кескінін тіксызықты қабылдайды. Жоғарғы беткейдің сумен тұрақты түрде қанығып тұруына байланысты төменгіге қарағанда жайпақ етіп салады.

Бөгеттің беткейлері топырақ түріне және бөгет биіктігіне байланысты қабылданады.

1 – кесте

Топырақ бөгетінің беткейлерді салу коэффициенттері

Беткей аттары

Бөгеттің есептік биіктігі, м

5-ке дейін

5-10

10-15

Бөгет денесінің топырағы

Сазды

Құмды

Сазды

Құмды

Сазды

Құмды

Жоғары

2

2,5

2,5

3

3

3

Төменгі

1,5

2

1,75

2,5

1,75

2

Төменгі кәрізсіз

1,75

2

2

2,75

2,25

2,25

Бөгет денесіндегі топырақтың сүзілу коэффициентін Кс = 1,0 м/тәулік. 2 – кестеге сәйкес бөгет денесінің топырағы – таза құм. 1- кестеге сәйкес табылатыны: жоғарғы беткей m1=3,0 ; m2 = 2,0.

2 – кесте

Бөгет салудағы әр түрлі топырақтардың сүзілу коэффициенттерінің шамалас мәндері

Топырақтар

Кс

Қиыршық тастар, түйіршіктерінің өлшемі 4 -7 мм

3,5

Сондай, .... 2мм

3,0

Таза құм

1,0 - ,0,1

Саз араласқан құмды топырақ

0,01 – 0,05

Құмды – сазды топырақтар

5*10-3 ... 10 -4

Тығыз саз

10-4 ... 10-7

Бөгет беткейлерін әр түрлі факторлардың әсерінен қорғау үшін бекітулер мен жабындар жасалады.

Судың әсері (Н) мен жүзбе денелердің әсерінде болатын жоғарғы беткейлерде ең көп бекітулер қарастырылған. Бекітулердің типі мен конструкциялары құрылыс материалдарына, механикалық құралдарға (ҚНжЕ 2.06.05 – 84), (12,136 – 137 – беттер) сәйкес белгіленеді. Бекіту материалдары тасты, темірбетонды, бетонды, асфальт – бетонды , биологиялық және тағы сол сияқты болуы мүмкін. Курстық тапсырмаларда бекіту типі беріледі.

Жоғарғы беткейдің бекіту қалыңдығын биіктікке айнымалы қылып жасайды. Бекітудің максималды қалыңдығын толқын әсер ететін аймақта және белгілерден төмен жасайды. Онан әрі жалына дейін жеңіл бекітулер қойылады. Негізгі бекітудің төменгі шекарасы ӨКД-ден төмен осы деңгей жағдайына сәйкес. Толқынның екі есе биіктігіне тең тереңдікке белгіленеді.

Желдің, жаңбыр және еріген қар суларының әсерінен қорғану үшін төменгі беткейде майда тастан немесе қиыршық тастан жасалған қалыңдығы 0,2 м жеңіл жабындар жасайды. Тегіс шым төсеп немесе шөп егіп, өсімдікті топырақтар төсейді.

Бөгет жалын құрастыру, оның өлшемдері және топырақ бөгетінің белгісі

Топырақ материалдарынан бөгет жобалаудағы негізгі сұрақтардың бірі – орнықты әрі экономикалық тиімді қимасын анықтау. Көлденең қиманың өлшемі бөгеттің типіне, оның биіктігіне , негіз денесінің топырағының сипатына, сондай – ақ құрылыс және пайдалану жағдайына байланысты.

Бөгеттің жалын салу жұмыстарын жүргізуді, оны пайдалану жағдайына байланысты құрастырады. Жалдың енін жолдың категориясына байланысты, бірақ 4,5 м- ден аз қылмай қабылдайды.

3– кесте

Автомобиль жолдарының көлденең қималарының негізгі параметрлері

Жолдар категориясы

Ені,м

Жүретін бөлігі (А)

Жол жағалауы (Б)

Төселген топырақ

ІІ

7,5

3,75

15

ІІІ

7,0

2,5

12

ІҮ

6,0

2,0

10

Ү

4,5

1,75

8

Бөгет биіктігін анықтау

Бөгет биіктігін су қоймасының есептік су деңгейінен жоғары – жалдан асып, судың тасуы болмайтындай етіп белгілейді.

d = h + hн + а, (1)

d =0,00006+0,86+0,5=1,36

мұндағы h – желдің суды қуу биіктігі; hн – бөгет беткейіне жел толқындарының серпілу биіктігі; а – конструктивтік артық алу (0,5м ).

0,1* h1 - 1 ықтималдықтағы толқын биіктігі.

Есептеу екі жағдай үшін жүргізіледі: су деңгейі ӘІД – де және ТІД – де болғанда, судың желмен көтерілген биіктігін анықтау:

h= Kв * cos в =Kв , (2)

h= -6 = 0,00006 м

Мұндағы Кв – жел жылдамдығына байланысты коэффициент; W 10– су деңгейінен 10 м жоғары биіктіктегі желдің жылдамдығы, м/с.

W 10= W * 1.25

W 10= 22,3 * 1.25=27,87

W , м/с

20

30

40

50

Кв

2,1 * 10-6

3 * 10 -6

3,9 * 10 -6

4,8 * 10 -6

D – жел толқынының серпілу ұзындығы, м;

G – еркін құлау үдемелілігі, м/с2;

H – су қоймасындағы шартты есептік су тереңдігі;

Н1 = ZӘІД - Zд,т=111,1-100=11,1м

в – су айдынының ұзына бойы осімен басым соғатын желдің бағыты, градус;

h – Н шамасымен салыстырғанда өте аз болғандықтан нөлге тең деп аламыз.

Беткейге соғатын жел толқынының серпілу биіктігі:

h = * h (3)

9

h = * 2,26 =0,86 м

мұндағы Кш – жоғары беткейдің жамылғы типіне байланысты коэффициент; m = жоғары беткейдің салыну коэффициенті; h – 0,0208 * W 5|4 * D 1/3 – толқын биіктігі; λ – 0,304 * W *D ½ - толқын ұзындығы.

Есептік деңгейден жалдың биіктік жоғарылығын және бөгет биіктігін анықтаймыз:

Z жал = ZӘІД + d; Zбөг = Zжал – Zд.т – есептік биіктік.

Z жал = 111,1+1,36=112,46 Zбөг = 112,46-100=12,46

Сүзілуге қарсы элементтер, бөгеттің негізімен, жағалауларымен қабысуы, кәріздік қондырғы

Сүзілуге қарсы элементтердің типі және конструкциясы бөгеттің қабылданған типіне, бөгет денесі мен негізінің топырақ сипаттамасына, СНиП 2.06.05.84 [12,130-131бет. 13, 218бет] сәйкес нұсқалардың техника-экономикалық салыстыруларына байланысты белгіленеді.

  1. Экранды топырақты бөгет. Экран жоғарғы беткейдің ұзына бойы қойылады. Ол қату тереңдігінен кем емес қалыңдықта құмды-қиыршық тасты материалдармен жабылады. (сурет 2.6.).

Сурет 2.1. Экранды топырақты бөгет.

Экранның қалыңдығын жоғарысы және төмені бойынша қабылдаймыз:

10