- •Мазмұны
- •1. Су торабының жармасын таңдау
- •2. Топырақты бөгеттің есептері және құралуы
- •2.1 Сүзгілік есептеулер
- •Сенімділік коэффициенттерінің мәндері, Кс
- •Арынның орташа алмағайып градиенттерінің мәндері
- •2.2 Топырақты бөгеттердің беткейдің орнықтылығын есептеу
- •Сырғу қиысығын тұрғызу үшін
- •Топырақты бөгеттің беткейіне әсер ететін күшті есептеу
- •Және с-нің рұқсатты мәндері
- •2. 3 Топырақты бөгет негіздеріндегі топырақтардың шөгуін есептеу
- •3. Су жіберу құрылымының есептері және құралуы
- •4.Су тастау құрылымының есептері және құралуы
- •Сурет4.2.Орлы су қашыртқының есептік схемасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлі технологиялық факультет
«Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:«Өзендік су қоймасының жобасы»
Орындаған: Мроз-14-1 оқу тобының студенті- Ө.Ә Қараман
Қабылдаған: т.ғ. докторы, профессор- А.Ә.Шомантаев
Қызылорда-2016
Мазмұны
|
|
|
КІРІСПЕ...........................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................
|
|
|
Кіріспе
Гидротехника, гидротехникалық құрылым, су жүйесі, су торабы – олар туралы жалпы түсініктер. Гидротехнкиалық құрылымдарды топтастыру. Гидротехникалық құрылымдардың жұмыс атқару ерекшеліктері, оларға түсетін күштер мен әсерлер. Гидротехникалық құрылымдардың жер табанына қойатын талаптары. Гидротехникалық құрылымдарды жобалау, қажетті алғашқы мәліметтер, жобалау сатылары, экологиялық жағдайларды ескеру. Гидротехникалық құрылымдарды жобалағанда ғылыми жұмыс жүргізудің керектілігімен маңыздығы.
Гидротехникалық ғимараттарды пайдалану кезінде оған әсер ететіндер:
ауа атмосферасы; сулы орта; толқындар; қабыршақ мұз; ауа температурасы; атмосфералық жауындар; жел және борандар; кун радиацияы; сейсмикалық күштер және басқалар. Бұдан басқа ғимараттар мен оның негіздерінің арасында өзара әсерлер болады.
Гидротехникалық ғимараттардың беріктілігі дегеніміз – ғимараттардың немесе бөлек элементтерінің қалыпты пайдалану жағдайында қызмет ету мерзімі ішінде өз міндетін тоқтаусыз орындау қабілеті. Гидротехникалық ғимараттардың беріктілігі тоқтаусыздығымен, өміршеңдігімен және жөндеуге жарамдылығымен анықталады.
Су торабының пайдалану қызметі бақылау, зерттеулерді, ғимараттың жұмысы жайлы қорытындыларды талдау негізінде жыл сайын ғимарат жұмысын жақсарту, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, егер қажет болса қайта құру іс-шаралар жоспарын жасайды.
Су қоймасындағы қажетті судың сапасын ұстап тұру үшін ең тиімді шаралар- жыл бойына ең кемінде 10 рет жаңарып тұратын беріктік жасау; құмды және шөпті жағажайлардан сүзілуді болдырмау; судың таяздануынан қорғау. Тереңдігі 2 м-ге дейінгі таяз су көгеру және су өсімдіктерінің қарқынды пайда болу аймағына айналады. Оларды қазу жолымен жояды.
Шаю кезінде алдымен шайғыштардың тесіктерін ашады. Сосын су қабылдағышқа жақын орналасқан бөгеттің тесігін ашады. Шаю уақыты өзендегі өтімділікке қарамастан 0,5-1,0 сағатты құрайды. Су аз кезде тосқындарды шаю үшін табанында жиналған шөгінділерді тазалаған дұрыс.
4
