Телеграф
Телеграф (теле және граф) – 1) телеграф байланысының жалпы қабылданған қысқартылған атауы; 2) қабылдау нүктесінде міндетті түрде жазылатын әріпті-цифрлы хабарларды (телеграмманы) тарату, қабылдау және жеткізуді іске асыратын мамандандырылған байланыс кәсіпорны.
Қазақстанда телеграф байланысы 20 ғасырдың бас кезінде пайда болып, Морзенің телеграф аппараты қолданылды. Телеграф байланысы сым, оптикалық талшық және эфир (радиоарнасы) сияқты байланыс жолын құрушы орта арқылы іске асырылады. Телеграф негізінен ірі қалаларда, облыс орталықтары мен мемлекет астанасында орналастырылады. Барлық қалалық бөлімшелермен, ауданы байланыс тораптарымен, мемлекеттегі басқа телеграфтармен тікелей байланысады.
Телеграф телеграмма жіберушілерге қызмет көрсететін операция залынан, телеграммаларды беретін техникалық жабдықтардан (телеграф аппараты, телеграф коммутаторы, т.б.), энергетикалық қондырғылардан (аккумулятор батареялары, түзеткіштер, генераторлар, т.б.), сондай-ақ көлік құралдарынан, диспетчерлік қызметтен, т.б. тұрады. 20 ғасырдың 50 – 60-жылдарынан бастап Т. байланыс құралдары дерек тарату үшін де қолданыла бастады.
20-ғасырдың бас кезінен қолданысқа енген телеграфтың маңызды саласы – фототелеграфикалық телеграф желісі қазіргі дерек тарату желісінің негізі. Қазіргі кезде телеграфтың барлық қызметін компьютерлік желі атқарады. Компьютерлік желіні дерек таратушы желі, есептеуші немесе ақпараттық желі деп те атайды. Бұлар компьютер және байланыс технологиялары эволюциясы нәтижесінің туындысы болып саналады[1].
Телеграф байланысының даму тарихы
Дискретті хабар тарату адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Дискретті хабар таратусыз әр түрлі салаларда автоматталған басқару жүйелері құрыла алмайды. Дискретті хабар тарату техникасын қолдану қымбат, өйткені олар жоғары өнімді есептегіш техникасын пайдалануды талап етеді. Телеграф орталықтарының дамуы халықтың ақпаратпен алмасу қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Дискретті хабар тарату техникасы өндіріс, мекемелер жұмысының сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Көптеген уақыт адамзат ақпаратты аз уақыт ішінде алыс арақашықтықтан тез, минималды қателіктермен тарату мәселесін шеше алмады.
ІҮ ғасырда Ежелгі Грецияда суда орналасқан телеграф болды, оның хабар тарату үдерісі әлі де қолданылады. Ү ғасырдың соңында семафорлы телеграф пайда болған.Ежелде пайда болған телеграфтар ауа райының қолайсыз кездерінде хабарды тарату мәселесін шеше алмады. ХІХ ғасырда электротехниканың бірінші жетістіктері - ол ауа райының барлық жағдайында жауап бере алатын электрлік телеграфтар болды.
1832 жылы академик П.Л. Шилинг дүние жүзінде алғаш болып электромагнитті телеграфтық аппаратты сынақтан өткізді. Электрография саласын зерттейтін ғалым, физик Б.С. Якоби алғаш әріп басатын, электро қабылдағышы бар телеграфты аппарат ойлап тапқан. П.Л. Шилинг пен Б.С.Якоби еңбектері электромагниттік телеграфияның, яғни электротехниканың негізін қалады. Телеграф жүктемесінің өсуі әлемде бір сәтте бірнеше көздерден шыққан хабарды желілер арқылы тарататын жоғары өнімді телеграф аппаратын талап етті. Осындай аппараттардың бірі - француз инженері Бодо аппараты болды (1845-1905ж). 1866 жылы Атланта мұхиты арқылыкабель жүргізілді. Еуропа мен Америка телеграф арқылы байланыса бастады. Осы уақыттан бастап телеграфты желілер мемлекеттер мен құрлықтарды байланыстыра бастады.
Қазіргі кезде үлкен көлемді ақпаратты тарату үшін стартстопты телеграф аппараты қолданылады. Сонымен қатар, жылжымалы бейне тарату аппараты қолданылады[2].
Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Күнделекті қызмет барысында ақпарат немесе мәліметтің кей бірін екінші адамға я мекемеге жедел жеткізу қажет болатын жағдай жиі кездеседі.Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбаттау, оның үстіне біз чертеж я фотография жібермейтін болсақ факсты қолдану міндетті емес. Телефон арқылы жүргізілетін әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады. Жеделхаттың тағы мынадай артықшылықтары бар:
• Мекеменің кез келген қызметкері жеделхат мәтінін құрастырып жібере алады.
• Виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау сияқты формальды нәрселердің қажеттігі болмайды.
• Жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан әркез жіберуші мен алушы туралы мәліметті қамтиды.
• Қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады.
• Жеделхаттар қалай тез жіберілсе, солай тез жеткізіледі. Телеграфбайланысы басқа байланыс түрлерімен салыстырғанда арзан және сенімді. Жеделхат жібере отырып оның белгілеген жеріне ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса 1 сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады. Жеделхатты дұрыс жазу үшін мыналар есте болғаны жөн:
• Жеделхат мәтінінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды.
• Кейбір сөздерді қысқартып жазуға болады,керісінше шатасып
кетпес үшін цифрлар жазбаша беріледі.
• Мынадай ретпен жазылады – алушы мекен-жайы, мәтін, жіберуші мекен- жай.
• Жеделхат мәтіні анық оқылатындай болып жазылу керек және ешбір түзетулер (әсіресе мекен-жай мен цифрлар жазылған бөлігінде) болмағаны жөн.
Жеделхаттар- ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберіліп қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар «өкіметтік», «жедел», және «жай» болып үшке бөлінеді. Жедел белгісімен жіберілетіндерге өкіметтік және жедел жеткізілу үшін арнайы жоғары тарифпен төленген жеделхаттар жатады. Қызметтік жеделхат мәтіні 2 дана етіп дайындалады. Аралығы 1,5 интервал. Жеделхат мәтінің басы ғана азат жолдан басталады. Екінші азат жол тек қол қойылғанда ғана беріледі. Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категоиясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен мекен-жайы, мәтін, қол. Бұл реквизиттер сызықтың жоғарғы жағына жеделхаттың формуляр деп алатын бөлігінде жазылады. Сызықтың сыртына төленбейтін реквизиттер, яғни, жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі, дата, жіберушінің мекен- жайы. Әрбір мекемеде жеделхаттарды тіркейтін арнайы журнал (А4 форматты қатты мұқабалы дәптер) болуы керек. Журнал екі бөліктен тұрады. Бір бөлігі келіп түскен жеделхаттарға арналады, мұнда мекемеге келген жеделхаттар тігіледі я желімденеді. Төменгі жағына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, бұрыштама жазылады. Жіберілген жеделхаттар бөлігінде жеделхат мәтіні жазылады. Ол жіберушінің қолымен расталады. Мұнымен қатар жеделхаттың стандарт бланкілерінен тұратын арнайы журналдар болады. Бұл журналдар жеделхат стандарт бланкісімен және келесі беті мәтін көшірмесін қара қағаз арқылы қалдыру үшін таза беттен тұрады. Мұндай журналдың ыңғаылы жағы жеделхат мәтіні бірден мекемеге толтырылып, арнайы сызылған жерден жыртылып алынып, почта арқылы жіберіледі де көшірмесі қалдырылады.
Радио - алыс қашықтыққа сымсыз таралатын жоғары жиілікті электромагниттік тербелістерді пайдалануға негізделген техника саласы. Радио таратқыш жүйе (антенна) арқылы электромагниттік энергияны жан-жаққа тарату және оны қашықтан радио-қабылдағыштың антеннасымен қабылдау мәселелерін іске асырады. Біздің ел - радионың отаны. 1895 ж. 7 майда орыс гал. А. С. Попов өзі ойлап тапқан жай білдіргішті көшпілікке көрсетті. Бұл ең алғашқы радиоқабылдағыш еді. Алғашқы кездерде телеграф сигиалдарын тарату үшін радиода ұшңынды радиотаратқыштпр пайдаланылды. Бұлар өтетін тербелістер тудыратынды. Электрондық лампылардың шығуы радионың дамуына түбегейлі бот бұрыс жасады. Қысқа мерзім ішінде радио арқылы сөз бен әнді алысқа тарату - радиохабар тарату мәселесі іске асырылды. Алғашқыда байланыс құралы ретінде шыққан жоғары жиілікті электрлік тербелістер төхғикасының қазіргі маңызы ерекше. радионың кемелденуі арқасында радиолокация, радионавигация, телевизия т. б. жаңа салалар бөлініп шықты. Радиобайланыс — радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электр байланысы. Бұл үшін хабар беретін пункте радиотаратқыш пен таратқыш антенадан тұратын қондырғы, ал қабылдау пунктіндегі қабылдағыш антенна мен радиоқабылдағыштан құралған қондырғылар орнатылады. Белгілі бір тасымалдауышы (радиодиапазондық) жиіліктегі гармониялық тербелістер таратқыштан генерацияланып, берілетін хабарға сәйкес модуляцияланады. Модуляцияланған тербелістер радиосигнал ретінде таратқыш антеннадан кеңістіке таралады. Қабылдағыш антеннаға жеткен мұндай радиосигналдар онда электрлік тербелістер қоздырады. Қабылдағыш антеннаға таратылған энергияның өте аз мөлшері келуі себепті бұл сигналдар әлсіз болады. Сондықтан олар радиоқабылдағышта күшейтіледі де, кері модулянцияланады (детектирленеді). Осының нәтижесіде тасымалдауыш жиілікті модуляциялаған сигналға сәйкес келетін электірлік тербелістер алынады. Бұл тербелістөр арнаулы құрылғылар көмегімен (мыс, дауыс зорайтқыш) бастапқы хабарға пара-пар дыбысқа түрлендіріледі.
1906 ж. 29 мемлекет өкілдерінің қатысуымен Берлинде өткен 1 халықаралық әкімшілік конффенциясында радио регламенті және халықаралық конвеңция қабылданды. Ол 1908 жылдын 1 июлінен бастап күшіне енді. 1912 ж. жиілік диапазондары әр елдегі әкімшіліктерге бекітіліп берілді, радиомаяк, ауа райын хабарлау т. б. қызметтері құрылды. 1920 жылға дейінгі радицста толқын ұзындығы жүз метірден ондаған км арасындағы, ал 1922 жылдан декаметрлік толқындар пайдаланылады. 1930 ж. метрлік, ал 1940 ж. түзу сызықпен таралатын дециметрлік және сантиметрлік толқындар алқабы игерілді. Қысқа толқындар негізінде көп каналды байланыс орнатылып, телефон, радио, телевизия байланыстары арқылы өте көп информация қабылдау-тарату мүмкіндігі туды. Ретрансляция немесе байланыс спутниктері көмегімен радио қашықтығын күрт арттыру мүмкін болды. Байланыс спутниктері арқылы кез келген қашықтыққа бір мезгілде мыңдаған телефон байланысы мен ондағаи телевизиялық программалар орнатуға болады.
