- •6М080100 «Агрономия» мамандығы ауыл шаруашылығы магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік жоба
- •Астана – 2017
- •1.2 Қызанақтың морфологиясы
- •1.3 Қызанақтың биологиясы
- •2.2 Жылыжайда қызанақтың әр түрлі топырақ-субстраттарында өсу үдерісі
- •3.3 Заманауи жылыжайларда қолданылатын технологиялар
- •4.2 Дақылды со2-мен үстеп қоректендіру
- •4.3 Өгей бұтақсыздандырудың өнімділікке әсері
- •5 Жобаның экономикалық тиімділігі
- •Қызанақтық астыңғы жапырақтарын кесу жұмысы кезінде
5 Жобаның экономикалық тиімділігі
Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайында көкнөніс дақылдарын өсіруге кокос үгіндісін ұсынамын.
Мерлис буданы 2017 жылы 1,35 га жерге орналастырылды. Мерлис буданының өндірістік жоспарды орындауға жеткіліксіз өнім беретіндігін 3-кестеде көрсетілген.
Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайында қызанақты өсіру жұмысына 2017жылы1м2жерге 3658 теңге шығын кеткен. Бұл шығынды сол жерден алынған өнім мөлшеріне (42кг/м2) шаққанда 87 теңгені құрайды. Яғни 1кг қызанақтың өзіндік құны 87 теңге.
Кейінгі мәселе тауарды сақтау, тасымалдау шығындары болып табылады. Тауардың сақтау және тасымалдау шығындар тұрақсыз болып тұрады. Себебі кейде тауар қоймаға емес тікелей сатып алушыға жіберілуі мүмкін , ондай жағдайда сақтауға кететін шығын құны нөлденеді. Сақтауға қоймаға қойылған өнімнің қаншалықты ұзақ мерзімде сақталуына байланысты сақтауға кететін құн өзгеріп отырады. Қызанақты қоймада сақтаудың әр күнінде оның өзіндік құнына 8-10 теңге қосылып отырады. Ал тасымалдау шығынына келсек, ол тасымалданатын жердің қаншалықты қашықтықта орналасқанына байланысты ауытқып отырады. Мысалы Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені Степногорск қаласында орналасқан, сол жерден Астана қаласына тасымал құны қызанақтың өзіндік құнына кем дегенде 20-30 теңге қосады. Ал алыс қашықтыққа тасымалдау кезінде (Омск, Челябинск, РФ)100-150 теңге қосылуы мүмкін. Сонымен орташа есеппен алғанда сақтау мен тасымалдауға 85 теңгені құрайды. Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені қызанақты жаппай сатылымға қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір айларында шығарады.
Сонымен өзіндік құны 87 теңгені құраған қызанақтың 1 кг-на сақтаумен тасымалдау шығындары қосылып (85 теңге) , барлығы 172 теңгені құрады. Нарыққа Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені өзінің өнімін орташа есеппен қыркүйек айынан бастап шығарады. Өнімнің бағасы нарық талабына сай өзеріп отырады. Ең төмен бағамен сатылу уақыты күзде және көктемде болады. Себебі сол уақытта ашық топырақ жағдайында өсіріліп жатқан қызанақ өнімдері нарықта кең таралып бағаның түсуіне әсер етеді. Ең арзан баға 200 теңге қыркүйек айында тіркелеген. Ал ең жоғарғы баға көрсеткіші ақпан айында 730 теңгеге жеткен. Мамыр айында соңғы өнім жиналды, сол уақытта қызанақтың сатылым бағасы 210 теңгені құрады. Бұл жыл бойындағы екінші ең төмен көрсеткіш болып табылады. Жылыжайда қызанақты өсіру технологиясы өнімді сұраныстың деңгейінің шарықтауы болатын кезінде жоғары мөлшерде алуға негізделген.
Минералды мақтада отырғызылған қызанақ көшеттерінің тамыр жүйесінің толық жетілмей тұрған кезде қажетті су, ауа және қоректік элементтермен толыққанды қамтамассыз етілмеуі себепті әлсіз болып қалады. Бұл жағдай алдағы уақытта күтіліп отырған жоспарлы өнімділікті орындай алмауына себеп болады.
Минералды мақтаны сұйықтықпен (сумен) қанықтырғанда сұйықтық субстрат бойымен біркелкі таралмастан ауырлық күшінің әсерінен субстрат түбіне жинақталып қалады. Бұл жағдай жаңадан отырғызылған қызанақ көшеттерің қажетті су мөлшерін алу үшін біршама қиналуына әкеліп соғады.
Сонымен қатар голландиялық технология бойынша арнайы дайындалған барлық тыңайтқыштары құрамында болатын қоспаны суға тікелей араластырады, ал ауырлық күшінің әсерінен субстрат түбіне жиналған су өсімдік өміріне қажетті минералды тыңайтқыштарды минералды мақтаның түбіне жинайды. Соның салдарынан өсімдік өзіне қажетті қоректік элементтерді толықтай сіңіре алмайды.
Кокос субстратының артықшылығы сол, сумен қанықтырылған жағдайда сұйықтық субстрат бойымен біркелкі таралу арқылы көшеттің өзіне қажетті қоректік элементтер мен су мөлшерін оңай сіңіруіне жағдай жасайды. Қажетті қоректік элементтермен және су мөлшерімен қаныққан өсімдіктің дамуы қалыпты жүріп жоспарланған өнімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жоспарлы алынатын өнімді алдағы үш жылдық (2018 жыл) жоабалау арқалы өткен үш жылдық (2015;2016;2017 жылдар) көрсеткіштермен салыстырмалы түрде алатын болсақ нәтижесін 5-кестеден көруге болады.
Кесте 5. Мерлис будананың жоспарлы өнімділігінің нақты өнімділік көрсеткіштерімен жылдар бойыншасалыстырмалы көрсеткіштері, кг/м2.
Жылдар |
Орташа өнімділік |
Алынатын артық өнімнің %-дық көрсеткіші |
Күтілетін ең аз өнім деңгейі |
Алынатын артық өнімнің %-дық көрсеткіші |
Күтілетін толық өнім деңгейі |
Алынатын артық өнімнің %-дық көрсеткіші |
||||||
2015-2018 |
60 |
42,6 |
53,4 |
55 |
42,6 |
38,0 |
65 |
42,6 |
68,7 |
|||
2016-2018 |
60 |
42,9 |
28,5 |
55 |
42,9 |
15,7 |
65 |
42,9 |
41,4 |
|||
2017-2018 |
60 |
40,5 |
41,6 |
55 |
40,5 |
27,5 |
65 |
40,5 |
55,8 |
|||
Орташа |
60 |
42,0 |
40,5 |
55 |
42,0 |
26,4 |
65 |
42,0 |
54,5 |
|||
1 кг қызанақтың өзіндік құны 87 теңгені құрады. Бұл құнның құралуына кететін шығын көздері төмендегідей:
Электр энергиясы - 1276 теңге;
Су шығындары - 552 теңге;
Субстрат - 780 теңге;
Жылу - 305 теңге;
Пестицидтер - 294 теңге;
Тыңайтқыштар - 258 теңге;
Жалақы - 153 теңге;
Амортизация - 40 теңге;
Жалпы - 3658 теңге.
2016-207 жылдарда Мерлис буданынан алынған жалпы өнімнің өзіндік құны 6-кестеде көрсетілген.
Кесте 6. Мерлис буданынан жалпы өзіндік құны
Жалпы өнім , кг |
1 кг өнімнің өзіндік құны , теңге |
Жалпы өнімнің өзіндік құны, теңге |
546 750 |
172 |
94 041 000 |
Мерлис буданының рентабелдігі : Таза пайда/Жалпы шығын*100=%
255 841 000 – 94 041 000= 131 800 000 таза пайда
131 800 000/94 041 000*100=140%
Субстрат ретінде кокос стружкасын пайдалану кезінде бірқатар өндірістік шығындарды азайтады, мысалы су, пестицидтер мен тыңайтқыштар және амортизация шығындары азды көпті өзгеріске ұшырайды. Оның үстіне үстеп қоректендіру жұмыстары әрбір шаршы метрге 7-13 теңге шамасында шығын қосады. Сонымен кокос субстратын пайдаланған жағдайда қалыптасатын қызанақтың өзіндік құнының компоненттері келесідей:
Электр энергиясы - 1276;
Су шығындары - 480;
Субстрат - 800;
Жылу - 305;
Пестицидтер - 205;
Тыңайтқыштар - 258;
Жалақы - 153;
Амортизация - 40;
Үстеп қоректендіру - 10;
Жалпы - 3557.
Тауарды сақтау мен тасымалдау кезіндегі шығындар минералды мақтаны пайдаланған кездегідей , өзгеріссіз болады. 1 кг қызанақтың минималды есеппен алғанда(55кг/м2) 64,7 теңгені құрап отыр. Осыған өзгеріссіз қалып отырған сақтау мен тасымалдау шығындарын (85 теңге ) қосамыз , сонда 149,7 теңге болады. Мерлис буданының кокос субстратында өсіру кезіндегі өнім көлемі мен құны 7-кестеде көрсетілген.
Алынатын өнім деңгейі 812,7 тоннаны құрады. Жалпы өнімнің өзіндік құны 121 661 190 теңгені құрады. Ал жалпы табыс көлемі 376 771 000теңге.
Кесте 7. Мерлис буданынан жалпы өзіндік құны
Жалпы өнім , кг |
1 кг өнімнің өзіндік құны , теңге |
Жалпы өнімнің өзіндік құны, теңге |
812 700 |
149,7 |
121 661 190 |
Жобаның экономикалық тиімділігі:
376 771 000 – 121 661 190 = 255 109 810 таза пайда алынды
255 109 810/121 661 190 = 209,6 % рентабелдікті көрсетті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында АӨК алдына бір қатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды мақсат болып табылады. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестицияларды тартуды ұйымдастыру керек. Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық денгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан ары шаралар қолдану тапсырылды. [1]
Мемлекетіміздің экономикалық саясаты ретінде АӨК мен өсімдік шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру алдыңғы орындағы міндет болып табылады. Сонымен қатар «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде көкөніс өнімдерінің, оның ішінде қызанақтың ішкі нарығы 2020 жылы шамамен 3 млн. тоннаны құрайды. Отандық өндірушілер ішкі сұраныстың 100%-на дейін қамтамасыз етеді деп болжам жасалып отыр. Консервіленген көкөністердің ішкі өндірісін 85 мың тоннаға дейін өсіру жоспарлануда. Бірақ бүгінгі таңда ауыл шаруашылығындағы қолданыстағы технологиялар бұл мақсаттарды жүзегеге асыруға қауқарсыз болып отыр. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын дайындауға баса назар аударылып отыр. Маған бекітілген магистрлік диссертация жобасының тақырыбы - «Ақмола облысы Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайындағы қызанақты қалыптастыру тəсілдерінің өнімділікке əсері»
Аталған тақырып бойынша тәжірибелік іс-сана кезінде «Қазақстан Жылыжай Технологиялары» ЖШС жылыжай кешені жағдайында қызанақ дақылының өсіру технологиясына баса назар аударылды. Қызанақты жабық грунтта өсіру технологиясы жылыжайда өсіруге арналған сорттарды таңдаудан басталады. Жылыжай кешенінде арнайы шынылы немесе пленкалы жылыжайда өсіруге негізделген ауруларға төзімді, микроклиматтың өзгерістеріне тез бейімделе алатын, өнімділігі сәйкесінше жоғары әрі сапалы будан түрлері таңдалып алынады. Біздің жағдайда қызанақтың кең таралған Мерлис, Тореро, Томимаро Мучо және Кумато будандары өсірілуде. Аталған будандар өздеріне сай ерекшеліктерімен сипатталады. Кең көлемдегі өндіріске Мерлис және Тореро будандарын енгізген.
Қызанақты қалыптастырудың өнімділікке әсері үлкен болғандықтан вегетация кезеңінде күтіп баптау жұмыстарын қадағалаған жөн. Қызанақты қалыптастыру жұмыстарына тұқымды сепкеннен бастап өнімді жинап алғанға дейінгі шаралар жатады. Қызанақты қалыптастыру микроклиматтың ролі ерекше. Әр дақылдың қоршаған орта факторларына қоятын талабы болады, соған сәйкесінше температура, жылу, жарық және ылғалдылық пен су режимдерін реттеп отыру керек. Осы сияқты маңызды білімді дұрыс түсініп меңгеру және жүзеге асыру агрономдардың алға қойған мақсаты. Мамандықты толық меңгерген маман елііміздің ауыл шаруашылығының дамуына үлесін тигізеді.
Қазіргі уақытта жоғары әрі экологиялық таза өнім алу мақсатында гидропонды технологиялар кең көлемде қолданысқа енгізілген. Грунт ретінде бүгінгі таңда 20-дан астам түрлері белгілі жасанды орталар немесе субстраттар ( органикалық және минералдық) қолданылады. Оларға арнайы талаптар қойылады: олар ұзақ уақыттық қолданысқа төзімді болуы, экологиялық тұрғыдан қарағанда барлық дайындау сатысында және тасымалдау мен орнату кезінде қауіпсіз болуы, өзінің сапалық қасиеттерін ұзақ уақыт барысында сақтауы қажет және т.б.
Қазақстанның жылыжай кешендерінде кең қолданысқа енгізілгені Голландияда өндірілетін минералды мақта болып отыр. Қозғалып отырған тақырыпта өндіріске келгеніне көп уақыт өте қоймаған кокос субстраты негізге алынбақ. Жылыжай шаруашылығымен айналысатын көптеген елдер аталған субстратқа көшуде. Өзінің жылыжай кешендерімен және өндірістік технологияларымен мақтана алатын Голландия кокос субстратының қасиетін жоғары бағалап антуриум, роза, қызанақ пен қияр өсіруде грунт ретінде пайдалануда.
Кокос стружкасы сумен қанықтарылған кездеде өзінің қалыпты тығыздағын сақтайды, бұл қасиеті өсімдік тамрының жақсы дамуына әсер ету арқылы сәйкесінше өнімділікке оң ықпал етеді. Бұл қасиетін қызанақ пен роза гүлін өсіргенде анық байқауға болады. Кокос стружкасы су деңгейін басқа субстраттармен салыстырғанда жақсы сақтайды. Бұл қасиет жылыжай кешендерінде жоғары бағаланады. Торф және минералды мақтамен салыстырғанда кокос стружкасы ылғалды өте тез сіңіреді, торфтың көлемі кепкен кезде кішірейіп қалады және сумен қанықтырылғанда беткі қабатынан астыңғы жағына қарай қашып кетеді. Кокос стружкасындағы өсімдік субстрат көлемі бойынша тең таралған ылғалды тез арада сіңіріп алады. Кокос стружкасы жермен байланыспайтын болғандықтан әр түрлі аурулармен зиянкестердің және арамшөптердің ошағы болып саналмайды. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей кокос субстратында өсірілген өсімдіктер pythium және басқада тамыр ауруларына жоғары төзімділік танытқан.
Торфты өндіру және оны қолдану қоршаған ортаға қауіпті екені жалпыға мәлім. Кокосты сусбтрат ретінде пайдалану экологиялық тұрғыдан қарағанда тиімді болып саналады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. « Қазақстан-2050 атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы » - 2012ж.
2. «2010-2014жж. арналған мемлекетті индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» - 2010ж.
3. Қазақстан Республикасында АӨК-ні дамытуға арналған 2013-2020 жж. арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы.-2013ж.
4. Қыдырбек Таңнұр, «Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайында қызанақтың болашағы зоржәне жаңа шаруашылық құнды белгілері бойынша бағалау» Алматы 2014
5. Алиев Д. А. Фотосинтетическая деятельность, минеральное питание и продуктивность растений. - Баку: Элм, 1974. - 344 с.
6. http://group-global.org/ ru/ publication/ 5851-o-nauchnom-obespechenii-ovoshchevodstva-kazahstana
7. Юсупов М., Петров Е., Ахметова Ф. Овощеводства Казахстана. Алматы, 2000.
8. Дубенок Н. Н. Экологические аспекты создания мелиоративной системы нового поколения. Волгоград,2001.
9. Дудник С.А., Антонов A.B., Березкина П.Е. и др. Орошаемое овощеводство. Киев, 1990.
10. Рахымжанов Біржан, «Қазақстанның оңтүстік-шығысында көкөніс дақылдарын тамшылатып суарудың агроэкономикалық және экологиялық тиімділігі» диссертациялық жұмысы. Алматы, 2015
11. Портянкин А.Е., Томат от посева до урожая. Москва, 2010.
12. Щепетков Н.Г., М.Ә.Ысқақов. Жеміс-көкөніс шаруашылығы. Алматы, 2011.
13. Щепетков Н.Г., Өзбеков.Б., Ысқақов М.Ә., Көкөніс шаруашылығы. Астана, 1998 ж.
14. Курганская Н.В., Романова Л.И. Томат. Алматы, 2004.
15. Лукьянец А.Н. Справочник овощевода. Алма-Ата, 1978.
16. Габаев С.Г. Томат. Львов., 1992. - 215 с.
17. Вавилов Н.И. Происхождение и география томата. - Л.: Наука, 1997. - 49 с.
18. Ипатьев А.Н. Овощные растения мира. Минск., 1996. - 42 с.
19.Томат Казахстана– сегодня ., www. http: greenhouses.ru/ cucumber
20. Жученко А.С. Генетика томатов. Кишинев ,1993. - 465 с.
21. Абрамова В.К. Климат и культура томата. Ленинград, 1984. - 192 с.
22. Кампитова Г.А., Кусаинова Г.С., А.Ө.Өтешқалиев. Көкөніс дақылдарының сорт айырмашылық белгілері. Алматы, 2009.
23. Бойко С.Б., Кошман К.К.,Теплица. Алматы, 2011.
24. Мухин В.Д. Справочник овощевода любителя. Москва. 1991. - 76 с.
25. Ищенков Л.С. Влияние возраста и срока посадки рассады на урожай томатов под пленочными укрытиями . Ташкент, 1980.
26. Лукьянца В. Н. Пособие семеноводу-овощеводу . Алматы , 1993.
27. Епифанцев В.В. Влияние сроков посева и минеральных удобрений на урожайность томата в условиях гидропоники. Благовещенск, 1999.
28. Абзалов Р.Ф., Лукьянец 3. Н. Индустриальная технология возделывания томата и огурца. Алматы, 1997.
29. Фёдоров А.Л., Тутова Т.Л. Влияние вида подвоя на рост, развитие и урожайность томата. Ижевск, 2004.
30. Тутова Т.Н., Фёдоров А.В., Бухарина Т.Н. Совершенствование технологии возделывания томата. Ижевск, 2003.
31. Уклюдов В.А. Выращивания томата в гидропонных теплицах. Владивосток, 1998. - 38с.
32. Нацентов Д. И. Овощеводство защищенного грунта. Москва, 1991. - 238 с.
33. Ващенкова С.Ф. Овощеводство защищенного грунта. Омск, 1994.
34. Брызгалов В.А. Особенности выращивания томата в зимних блочных теплицах. Минск, 1998. - С.300-304.
35. Каплин Г.Т. Рассадные овощные культуры. Алматы, 1996. -58-63с.
36. Пичугин З.Г. Выращивание овощей в гидропонных теплицах. Хабаровск, 2007. -96 с.
38. Гринберг Г., Тулупова Ю.К., Литвинов С.С. Овощеводство России. - Москва, 1991. - 225 с.
38. Бровкова Г.Н. Агробиологическое обоснование ресурсосберегающей технологии выращивания томата в зимних теплицах. Москва , 2006. - С. 143-165.
39. Портянкин А.Е., Шамшина А.В. Томат: от посева до урожая. – Москва, 2011. - С. 256-257.
40. Лихацкий В., Тернавский А. Особенности технологии выращивания томата на шпалере. Москва, 2010.
41. Тернавский А. , Шамшина А.В. Овощеводство и тепличное хозяйство. 2010. С.13-14.
42. Гостель Т.В. Выращивание томата на высокой шпалере. Москва, 1997.
43. Матвиец Е. Г. Современная технология выращивания томата на опорной системе . Москва, 2010. - С. 46-50.
44. Петров Е., Юсупов М., Ахметова Ф. Овощеводство Казахстана. Алматы, 2000.
45 Матвенко В. П., Рубцов М. И. Овощеводство. Минск, 1995.
46. Григорова М.С. Режим орошения томата в зимних теплицах. Алматы, 2005. С. 20-21.
47. Овчинник А.С. Ресурсосберегающая технология капельного орошения томата. Алматы, 2009. - 23 с.
48. Коринец В.В. Состояние и проблемы орошаемого овощеводства на юге Казахстана. Алматы, 2002. - С. 26-28.
49 .Barrag J. Optimal scheduling of a micro-irrigation system under deficit irrigation. London , 2001. - Vol.70. - P. 201-208.
50. Daghari H. Analysis of several discharge rate-spacing-duration combinations in drip irrigation system. 2001.
51. Методические указания по изучению коллекции овощных культур. Львов,1997.
52. В.Ф.Белик , Методика опытного дела в овощеводстве и бахчеводстве. Москва, 1992. - 119 с
53. Разумова Н.П. Водопотребление и режимы капельного орошения томата в весенних пленочных теплицах. Саратов, 2006. - 165 с.
54. Борис А.Г., Крылов О.Н. Гибриды томата. Москва, 1996. - С. 27-29.
55. Johnson E. Anfallingkeet von Gurensorten gegenuber den beiden Erredern des Gurken mehltaus Erisiphe cichoracearum D.C. ex. Gartenbau-Wissenshaft, 1999. - С. 117-325.
56. Phronerny Keen, Dakseny P.O., Beden Curt . Observations on tomato fruit invasion by Pseudomonas Lachrymans. Pl. Disease Rep., 1998. - Р. 226-259.
57. Жученкова А.Ш. Эколого-генетические основы адаптивной селекции томата. Минск 2002. С.3-29.
58. http://businessnavigator.kz/ru/branch
59. Казахстан и тепличная отрасль // www.greentalk.ru.
60. Смитчиев X., Каназирская В. Тепличное овощеводство на малообъемной гидропонике. Москва 1995. - 264 с.
61. Кутченко А. Гидропоника в России. http://www.greentalk.ru
62. http://2497.agronationale.ru/
63. Кравцова Г.М., Королев В.В. Выращивание томата на малообъемной гидропонике // Гавриш. - 1999. - №2. - С. 13-14.
64. http://gtkstep.weebly.com/
65. https://kz.kompass.com/
66. http://greentechkazakh.pulscen.kz/
67. Самойленкова Р.С. Влияние длительного применения удобрений на продуктивность томата. Москва , 1992. - С. 105-153.
68. Бурибаев У.А. Влияние разных форм азотных удобрений на содержание нитратов в овощной продукции. Алматы, 1999. - С.83-86.
69. Бурибаева Л.А., Айтбаева Б.У. Продуктивность овощных севооборотов в зависимости от системы их удобрения в условиях гидропоники, Алматы, 1995.
70. Сагитов А.О. Защита овощных культур . Алматы, 2002. - С. 23-35.
71. Власова Ю.И., Власов Э.А. Защита овощных культур. Ленинград, 1986. - 114 с.
72. Прищепанова И.М., Вабищев Л.В. Основные бактериальные болезни томата защищенного грунта. Новосибирск, 2008. - 33с.
73. Степанов К.М. Грибные эпифитотии. - М., 1962. - 471 с.
74. 46 Петров С.Е., Петров Е.П. Сортоиспытание среднеспелого томата. Алматы , 2013. - № 3. - С.16-18.
75. Lare L. Eden, Olon U. Internal mycelium of Pseudo peronospora cubensis the cansal agent of cucurbita downy mildew comment. 1996. - P. 253-274.
76. Pauliz T., Park S., Baker R. Phytopatology. 1988.
77. Ирасимова Б.А., Терсимонян Г., Бегляров Б., Бущякова Т.Н. Защита овощных культур в закрытом. Москва, 1969. -175 с.
78. Бутенко К.О. Нематоды картофеля центрального региона России . Москва, 2004. - 21 с.
79. Гринькова П.Н., Титова В.Г. Интегрированная система защиты овощных культур от вредителей и болезней в защищенном. Краснодар, 1998. - 45 с.
РЕФЕРАТ
Ергешев Қошқар Толқынбайұлы
Магистерский проект на тему: «Влияние способов формирование томата урожайность в условиях тепличного комплекса ТОО Тепличные технологии Казахстана Акмолинской области»
Специальность: 6М080100 «Агрономия»
Магистерский проект состоит из 65 страниц, 7 таблиц , 4 рисунок. При написании диссертационного проекта было использовано 79 литератур.
Цел проекта: Рассмотрение путей повышение урожайности томата, внедрив изменение технолгию выращивание.
Задачи проекта:
Изучить технологию выращивание томата и разузнать минусы в условиях тепличного комплекса Тепличные Технологии Казахстана.
Определение влияниея существующих технологий на производительность томатов и расчетэкономического ущерба.
Повышение производительности томатов за счет внедрения новой технологии для устранения недостатков.
Показать экономическую эффективность внедренного технология.
ABSTRACT
Ergeshev Koshkar Tolkinbayuli
Master project : «The effect of a method forming on the yield of tomato under greenhouse complex LLP Greenhouse Thechnologies of Kazakhstan Akmola region»
Speciality : 6M080100 «Agronomy»
The master's project consists of 65 pages, 7 tables, 4 drawing. When writing the thesis project, 79 literatures were used.
Purpose of the project: Consideration of ways to increase the yield of tomato by introducing a change in the technology of growing.
Objectives of the project:
1. To study the technology of tomato growing and to find out the minuses in the conditions of the greenhouse complex of Greenhouse Technologies of Kazakhstan.
2. Determination of the influence of existing technologies on the productivity of tomatoes and calculation of economic damage.
3. Improving the productivity of tomatoes through the introduction of new technology to eliminate shortcomings.
4. Show the cost-effectiveness of the implemented technology.
ҚОСЫМШАЛАР
А қосымшасы
Қазақстан Жылыжай Технолгиялары ЖШС жылыжай кешенінің өндіретін өнімдері
В қосымшасы
С қосымшасы
Мен тәжірибеден өткен қызынық бөлімі
D қосымшасы
