- •6М080100 «Агрономия» мамандығы ауыл шаруашылығы магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік жоба
- •Астана – 2017
- •1.2 Қызанақтың морфологиясы
- •1.3 Қызанақтың биологиясы
- •2.2 Жылыжайда қызанақтың әр түрлі топырақ-субстраттарында өсу үдерісі
- •3.3 Заманауи жылыжайларда қолданылатын технологиялар
- •4.2 Дақылды со2-мен үстеп қоректендіру
- •4.3 Өгей бұтақсыздандырудың өнімділікке әсері
- •5 Жобаның экономикалық тиімділігі
- •Қызанақтық астыңғы жапырақтарын кесу жұмысы кезінде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЕРГЕШЕВ ҚОШҚАР ТОЛҚЫНБАЙҰЛЫ
Ақмола облысы «Қазақстан Жылыжай Технологиялары »ЖШС жылыжай кешені жағдайындағы қызанақты қалыптастыру тəсілдерінің өнімділікке əсері
6М080100 «Агрономия» мамандығы ауыл шаруашылығы магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік жоба
Ғылыми жетекшісі: Стыбаев Ғ.Ж. а.ш.ғ.к. , доцент
Астана – 2017
МАЗМҰНЫ
|
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР |
3 |
|
АНЫҚТАМАЛАР |
4 |
|
КІРІСПЕ |
6 |
1 |
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ |
8 |
1.1 |
Қызанақ дақылына жалпы сипаттама |
8 |
1.2 |
Қызанақтың морфологиясы |
9 |
1.3 |
Қызанақтың биологиясы |
11 |
1.4 |
Қызанақтың топыраққа және қоректік заттарға қоятын талабы |
12 |
2 |
ҚЫЗАНАҚТЫҢ АГРОТЕХНИКАСЫ |
13 |
2.1 |
Жылыжай жағдайында қызанақ өсірудің агротехнологиялық және экологиялық жағдайлары |
13 |
2.2 |
Жылыжайда қызанақтың әр түрлі топырақ-субстраттарында өсуі |
18 |
3 |
ТӘЖІРИБЕ ӨТІЛГЕН ШАРУАШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ |
30 |
3.1 |
Қ Ж Т ЖШС жылыжай кешенінің қазіргі жағдайы |
30 |
3.2 |
Шаруашылық өндіретін көкеніс дақылдары |
32 |
3.3 |
Заманауи жылыжайларда қолданылатын технологиялар |
34 |
4 |
ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ |
35 |
4.1 |
Жылыжай шаруашылығында кокос субстратын пайдаланудың маңызы мен артықшылықтары |
35 |
4.2 |
Дақылды СО2-мен үстеп қоректендіру |
44 |
4.3 |
Өгей бұтақсыздандырудың өнімділікке әсері |
45 |
5 |
ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМІ |
46 |
|
РЕФЕРАТ |
55 |
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
58 |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
64 |
|
ҚОСЫМШАЛАР |
|
ҚазККШҒЗИ
Д. NPK NO3 ЕЖШД ШК к.э. м.д. к.с. с.к. МСТ ФБР |
-
-
- - - - - - - - -
|
Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты ; Дана, саны; азот; фосфор; калий. Нитраттар; ең жоғары шектелген деңгейі ; шектелген концентрация ; концентратты эмульсия; май дисперсиясы; концентраттық суспензиясы сулы концентрациясысы; мемлекеттік стандарты; фотосинтетикалық белсенді радиация ; |
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жобада төмендегідей анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылған:
Агротехника – ауылшаруашылық дақылдарын өсіру тәсілдерінің жүйесі. Ауыспалы егіс жүйесі, топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды беру, себуге тұқым дайындау, егу және отырғызу, өсімдікті күтіп баптау, зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күресудің жолдары, өнімді жинау жұмыстары жатады.
Ауа ылғалдылығы - пайызбен өлшенетін ауадағы су деңгейінің мөлшері.
Ауыспалы егіс – ауылшаруашылық дақылдарының және парлардың ғылыми негізде егіс танаптарында белгілі уақыт аралығында ауысып отыруы.
Биологиялық агент - зиянды организмдермен биологиялық күресте қолданылатын пайдалы организмдер.
Вегетациялық кезең – өсімдікке тұқымның өнуінен өнімді жинағанға дейінгі өту үшін қажет уақыт.
Вегетациялық суару – ауылшаруашылық дақылдарын вегетациялық кезеңінде жүргізілуі қажет суару жұмыстары.
Диапауза (үзіліс) – жануарлар мен өсімдіктерде тыныштық кезеңі, қолайсыз жағдайлар болған ткезде зат алмасуы төмендеп, тіршілік ету қабілеті сақталады.
Жылыжай – көкөніс дақылдарын және өсімдіктердің көшеттерін өсіру үшін пайдаланатын орын.
Энтомофагтарды жаппай өсіру – жасанды жағдайда энтомофагтарды көп мөлшерде өсіру жұмысы. Жаппай өсіру дегеніміз – нақты бағдарламаларда тиімді қолдану үшін құны мен пайдасы қолайлы бір генерацияда аналығы 10000 – 1000000 көлемінде ұрпақ беретін организмдерді өсіру.
Жылыжайдың фитосанитарлық жағдайы дегеніміз– өсімдіктің дамуына зиян келтіретін организмдер санының динамикасы мен аурулардың таралуын білдіретін жылыжай жағдайының сипаттамасы.
Пакеттегі субстрат - заманауи технологиялармен дайындалатын органикалық немесе минералдықнегізде өсімдіктерді өсіру үшін қолданылатын субстраты. Полиэтиленды пакеттерге қапталады және тұтынушымен жүзеге асырылады.
Тамшылатып суару – суарудың заманауи әдісі, өсімдік тамырына тамшылатқыштардың көмегімен аз мөлшерде су беріледі.
Фертигация деп – суарумен бір мезгілде сұйық тыңайтқыштар не пестицидтерді жіберу тәсілін айтады.
Фитофаг – көптеген зиянды жәндіктер мен кенелер сияқты тек өсімді қорек ететін жануарлар.
Экономикалық тиімділік деп – жұмсалған еңбек пен шаруашылық іс нәтижесінің арасындағы қатынаспен бағаланатын өндірістің пайдасы.
КІРІСПЕ
«Қазақcтан 2050» ұлттық cтpатeгияcы жәнe «Агpобизнec 2020» бағдаpламаcы аясында, мемлекетіміздің агpоөнepкәcіптік кeшeнінің алдында жаңа тeхнологиялаp eнгізу eceбінде жылыжайлаpда өсірілетін экологиялық таза өнімдepді өндіpу міндeті тұp. Еліміздің жылыжай құpылыcтаpын қайта cалу жәнe жаңадан құру үшін инвecтициялық cубcидиялау бағдаpламаcы аясында өнepкәcіптік жылыжай құрылыстарының ауданын кеңейту аpқылы жалпы өнімін 36 мың тоннадан деңгейінен 112 мың тонна мөлшеріне дейін жeткізу жоcпаpлануда [1].
Елімізде соңғы уақытта жылыжайлаpдың көлeмі eдәуіp үлкeйгeн. ҚP АШМ мәлімeттepі бойынша қазіpгі таңда жылыжай көкөніcтepінің аумағы 576 га құpайды. Оның ішіндe 230 га жоғаpы тeхнологиялы жылыжайлаp болып табылады. Қазіpгі таңда жылыжай көкөніcтepінің жалпы өнімі 90 мың тоннаға жеткенімен, eліміздің ішкі қажeттілігін мауcымаpалық кeзeңіндe тек 69% қамтамаcыз етеді.
«Агpобизнec-2020» бағдаpламаcы бойынша жылыжай көкөніc өндіpіcінің аумағын 2014-2020 жж. аралығында 384-461 га дейін кеңейту, ал фермерлердің минepалдық тыңайтқыштаpды алуы 255,8 мың тоннадан 412,7 мың тоннаға дeйінгі көлeмдe қаржыландырылатын болады [2].
Сол себепті, үкімет өcімдік шаpуашылығы өндіpіcін дамытуға жәнe импоpт көлeмін төмeндeтугe баpлық қажeтті жағдай жасауда. Қазіpгі таңда pecпубликада көкөніc-бақша өнімдepін балғын жәнe өңдeлгeн түpдe тұтыну көлeмі жылына орташа есеппен 3,2 млн.т құpайды. Оның ішіндe, импоpттың алатын үлecі шамамeн 7% [3].
Елдің экономикалық саясаты ретінде АӨК мен өсімдік шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру алдыңғы орындағы міндет болып табылады. Сонымен қоса «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында көкөніс өнімдерінің, атап айтқанда қызанақтың ішкі нарығы 2020 жылы шамамен 3,5 млн. тоннаны құрайды. Отандық өндіріс орындары ішкі сұраныстың 100%-на дейін қамтамасыз етеді деп болжам жасалып отыр. Бірақ бүгінгі таңда ауыл шаруашылығындағы қолданыстағы технологиялар аталған мақсаттарды орындауға қауқарсыз болып отыр.
Мемлекетіміздің әлеуметтік экономикалық дамуы мен еліміздің әл ауқатын жақсартып, жоғарғы деңгейге апарудың бағдарламасы ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрінің өнімін көбейтіп, сапасын жақсарту шараларын белгілеп берді. Сонымен қатар үкіметтің ұзақ мерзімге ұсынған азық-түлік бағдарламасында АӨК-ді жанжақты дамытып, көкөніс шаруашылығын индустрияландырудың арқасында еңбектің өнімділігін көбейтуге көңіл бөлініп отыр. [3]
Диссертациялық жобаның мақсаты: Ақмола облысы, Степногроск қаласында орналасқан Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайында қызанақты қалыптастыру тəсілдеріне өзгерістер енгізу арқылы қызанақ өнімділігін арттыру сонымен қатар экономикалық жағынан тиімді, экологиялық таза өнім алу.
Жобаның мақсатына жетуге қойылатын міндеттері:
1. Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайында қызанақты өсірудің қолданылып отырған технологиясын толық зерттеу арқылы кемшіл тұстарын табу.
2. Қолданылып отырған технология кемшіл тұстарының қызанақ өнімділігіне қаншалықты әсер етіп жатқандығын анықтау және экономиялық зиянын есептеу.
3. Кемшілікті жою мақсатында аталған технологияға өзгеріс енгізу арқылы қызанақ өнімділігін арттыру.
4. Енгізілген жаңалықтың экономикалық тиімділігін көрсету.
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Қызанақ дақылына жалпы сипаттама
Алқалар тұқымдасына 2300-дей түр, 85 туыс жатады. Көпшiлiгi жабайы өсетiн шөптесiн өсiмдiктер. Сиректеу жартылай бұталары да кездеседi. Алқалар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң сыртқы түрi алуан түрлi. Олардың барлығын бiрiктiріп тұратын ортақ белгiлерi болады. Жапырақтары кезектесiп орналасады. Жапырақтары жай. Жапырақ тақташалары тұтас және жиегi тiлiм болып келедi. Гүлдерi әдетте дұрыс гүл. Аздаған түрлерi ғана бұрыс гүлді болып келеді. Тостағаншасы бiрiккен бес жапырақшадан тұрады, күлтешесі бесеу және оларда бiрiккен болып келедi. Аталықтарының бесеу, бірақ олар бос орналасады, екі аналығы болады. Гүл формуласы келесідей:
* ♂♀ Т(5)К(5)Ат.5 Ж(2)
Қызанақты көкөністік дақыл ретінде өсіреді. Ғылыми латынша атауы Lycopersicon esculentum Мill. Қызанақтың дақылының отаны Оңтүстік Америка материгі. Мексикандықтар оны «томатель» деп атаса керек, содан қазіргі томат атауы пайда болған, ал итальяндар «помодоре», яғни «алтын алма» деп атаған. Көкөніс дақылы ретінде 1778 жылдан бастап өсіріледі.[4]
Жемісінде 5-7% құрғақ зат; 4-24% қант ; 0,4-0,6% органикалық қышқылдар; 0,7% азотты заттар; және 0,4% минералды тұздар бар. Витамин мөлшері апельсин мен лимоннан кейінгі орында. Онда 24-23 % С дәрумені, 0,4% каротин, соымен қатар В1, В2, РР витаминдері бар. Қызанақ дақылынан 120-дан аса азық-түлік өнімдері дайындалады.
Қызанақтан дақылынан ешқандай қалдық қалмайды , қабығы мен тұқымы да қолданыста. Витаминдер мен тұздардың болуы оны консервілегенде және шырын жасағанда жақсы сақталады.[5]
Бүгінгі таңда көкөніс дақылдарының ішінде қызанақ маңызды жемістік көкөніс өсімдігі болып табылады. ТМД елдерінде қызанақ дақылы 380 мың гектар жерге аудандастырылған. Орташа өнімімділігі 150-170 ц/га, қорғаулы жерде 15-20 кг шаршы мерге . Қазақстанда жыл сайын орташа есеппен қызанақ 25 мың гектардан артық жерге өсіріледі. 2015 жылы үй маңайындағы жерлерде, қызанақ жалпы егістіктің 73,3% қамтыса, шаруашылықтарда 24,2 %-ын қамтыды. Қызанақ дақылының негізгі өндірілетін аудандары Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы және Жамбыл облыстарында. Ең жоғары өнімділік Алматыоблысы және Солтүстік Қазақстан облыстарында (294,4 ц/га). Израильде Қазақстанмен салыстырғанда қызанақтың орташа өнімділігі әлдеқайда жоғары , шамамен 3000 ц/га. Солтүстік Қазақстанның 4 мың гектар жерінде қызанақ өсіріледі[6].
Тұқымдарымен егіліп өсірілгенде ашық алаңда кіндік тамырлары құнарлы, борпылдақ, жұмсақ топырақтарда 150 см-ге дейін бойлайды, ал көшеттерімен өсірілгенде 70-80 см-ден артық өспейді. Тұқымы пішіні жалпақ, үш бұрышты – бүйрек пішендес, қою түкті болыа келеді, мың тұқымның массасы 2,8-3,4 г.
