- •Алматы 2016 ж.
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1..3 Пререквизиттері:
- •1.7. Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
- •1.7.1. Негізгі әдебиеттер тізімі (орысша)
- •1.7.2. Қосымша әдебиеттер тізімі (орысша)
- •1.8. Білімді бағалау және бақылау
- •1.8.1. Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік ұпайларын бөлу
- •1.8.2. Оқу процесінің күнтізбелік кестесі
- •1.8.3. Студенттердің білімдерін бағалау
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •Дәріс сабақтарының конспектілері
- •Литология міндеттері.
- •Магмалық тау жыныстар мен шөгінді тау жыныстар химиялық құрамының ұқсастығы мен айырмашылығы. Шөгінді жыныстардың құрылысы.
- •Шөгінді таужыныстардың құрылысы.
- •Шөгінді таужыныстар түзлімдері.
- •I. Үстінгі беткей қабат түзлімі.
- •II. Орта қабат түзлімдері
- •III. Конкрециялар.
- •Шөгінді таужыныс құрлымдары
- •Сулы бассейндерде заттардың тасымалдануы мен шөгуі – мұнайгаз седиментологиясы.
- •In siti қалыптасқан 29олектор2929ну2929р.
- •Шөгінділердің бактериялар әсерінен 35олек қалыптасып өзгеруі.
- •4.Орнықты минералдың пайда болуы.
- •5. Шөгінді бөлшектердің кристалдануы және 36олек кристалдануы
- •Литогенез процессіндегі тектониканың ролі.
- •Лекция 10. Шөгінді тау жыныстардың жіктелуі.
- •Ірі кесекті тау жыныстар – псефиттер
- •Құмтасты түзлімдер.
- •Кесектердің мөлшері.
- •Кесектердің пішіні мен жүмырлануы.
- •Кесектердің сүрыпталу дәрежесі
- •Цемент мөлшерімен құрамы.
- •5. Механикалық тығыздалу
- •6.Екінші қайта минералдану
- •7.Тұрақсыз минералдардың еруі
- •Лекция 13. Сазды тау жыныстар
- •Сазды жапқыштар
- •Эвапориттер
- •Темірлі тау жыныстар
II. Орта қабат түзлімдері
Орта қабат түзлімдері үш топқа бөлінеді: 1) Қабаттастық, 2) Сутуро – стилолитті беткейлі, 3) Биогендік.
1) Қабаттастық түзлім (слоистость) деп - қабаттардың алмасып келуін айтады. Қабаттастық морфологиясына қарай горизонталды жєне қиғаш қабатты болып бөлінеді.
Горизонталды қабаттастық - шөгінді таужыныстарда ең көп тараған. Бұнда қабатшалар бір – біріне парареллель орналасады. Мұндай қабаттастық ағыны жоқ су алаптарында, көл мен теңізде қалыптасқан шөгінділерде болады. Шөгінді қабатшалардың қалыңдығы бірнеше сантиметрден метрге дейін болады.
Қиғаш қабаттастық – қысқа қабатшалар қатарлары қабаттар шекараларына қиғаш орналасқан. Жаралуына қарай олар мынадай түрлерге бөлінеді: арналық, теңіз жағалық, эолдық, тасқындық.
Арналық қабаттастық бір бағыттаѓы қиғаш қабатшалар қатарлары бірінің үстіне бірі орналасады. Қиғаш қабатшалардың табан жағында ірілеу түйірлер шоғырланады.
Қатарлар қалыңдығы бірнеше метрлерге, қабатшалардікі – бірнеше сантиметрлерге барады. Арналық қабаттастық өзен құмдардың тасымалдауынан пайда болады.
Теңіз, көл жағалаулық қабаттастық қабатшалар қиғаш және әртүрлі бағытта еңкіш қатарлар құрайды. Қабаттар ұсақ және орта түйірлі құмнан тұрады. Қабатшалардың еңкіштігі мен бағытуының өзгеруі ағынның жылдамдығы мен бағытына байланысты.
Эолдық қабаттастықта қабатша қатарлары қиғаш, еңкіштігі тікеден жайпаққа, түзу не ойыс-дөңесті қабытшалардан тұрады. Қатарлар қалыңдығы бірнеше метрге, қабатшалардікі бірнеше сатиметрлерге барады. Эолдық қабаттастық құмдардың желмен жылжуының нәтижесінде пайда болады.
Тасқындық қабаттастықта қиғаш және горизонталь қабатшалар қатарлары алмасып келеді. Қиғаш қатарлардың еңкіштігі бір бағытта және тіктеу келеді. Олар ірі, зор түйірлі материалдардан тұрады. Горизонталь қабаттары ұсақ материалдардан тұрады, кейде алевролиттер және саздардан. Қатар қалыңдығы бірнеше метрге дейін, қабатшалардікі сантиметрлерге барады. Мұндай қабаттастық тасқындардың нәтижесінде пайда болады.
2) Сутуро-стилолитті беткейлі түзілім жоғары жатқан қабаттардың салмағының әсерінен карбонатты жыныстардың еруінен пайда болады. Еру әрқилы болғандықтан тіс сияқты сызықтар пайда болады. Сутура – ұсақ сызықтар, стилолит – ірі. Сутура – стилолиттік арасында сазды еріген зат болады.
3) Биогендік (фукоидты) түзлім. Фукоидтар - бұл өсімдік қалдықтары және әртүрлі организмдер қозғалысының іздері, соның ішінде құрттардың іздері басымрақ. Фукоидтар флишті және флишойдты шөгінділер де басымырақ. Кей жерлерде құрттар шөгінділерді аралыстырып жібергені сонша, тіпті қабаттылық толық жоғалып та кетеді.
III. Конкрециялар.
Конкрециялар деп – шөгіні таужыныстар арасындағы аутигенді түзілімдерді айтады. Конкрециялар мөлшерлері бірнеше мм-де біренше метрге дейін болады. Олар - шар, сопақ, линза тәрізді немесе дұрыс пішінсіз болады. Конкрециялар - фосфатты, карбонатты кремнийлі, темірлі және марганецты болып кездеседі. Олардың ішкі құрылысы радиалды - сәулелі болып келеді. Конкрециялар ерітінді коллоидтарының коагуляциясының әсерінен сингенез жєне диагенез сатысында пайда болады. Катагенез сатысында жарылып, жарықтары басқа минералдармен толтырылынып, кристалданады.
Негізгі әдебиет: 1-[102-120], 2 -[82 -85], 3 - [23-32], 4 - [30-34].
Бақылау сұрақтары:
Қандай белгілеріне қарап шөгінді тау жыныстарды жіктейміз?
Түзлімдік белгілер жєне олардың генетикалық типтері?
