- •Алматы 2016 ж.
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1..3 Пререквизиттері:
- •1.7. Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
- •1.7.1. Негізгі әдебиеттер тізімі (орысша)
- •1.7.2. Қосымша әдебиеттер тізімі (орысша)
- •1.8. Білімді бағалау және бақылау
- •1.8.1. Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік ұпайларын бөлу
- •1.8.2. Оқу процесінің күнтізбелік кестесі
- •1.8.3. Студенттердің білімдерін бағалау
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •Дәріс сабақтарының конспектілері
- •Литология міндеттері.
- •Магмалық тау жыныстар мен шөгінді тау жыныстар химиялық құрамының ұқсастығы мен айырмашылығы. Шөгінді жыныстардың құрылысы.
- •Шөгінді таужыныстардың құрылысы.
- •Шөгінді таужыныстар түзлімдері.
- •I. Үстінгі беткей қабат түзлімі.
- •II. Орта қабат түзлімдері
- •III. Конкрециялар.
- •Шөгінді таужыныс құрлымдары
- •Сулы бассейндерде заттардың тасымалдануы мен шөгуі – мұнайгаз седиментологиясы.
- •In siti қалыптасқан 29олектор2929ну2929р.
- •Шөгінділердің бактериялар әсерінен 35олек қалыптасып өзгеруі.
- •4.Орнықты минералдың пайда болуы.
- •5. Шөгінді бөлшектердің кристалдануы және 36олек кристалдануы
- •Литогенез процессіндегі тектониканың ролі.
- •Лекция 10. Шөгінді тау жыныстардың жіктелуі.
- •Ірі кесекті тау жыныстар – псефиттер
- •Құмтасты түзлімдер.
- •Кесектердің мөлшері.
- •Кесектердің пішіні мен жүмырлануы.
- •Кесектердің сүрыпталу дәрежесі
- •Цемент мөлшерімен құрамы.
- •5. Механикалық тығыздалу
- •6.Екінші қайта минералдану
- •7.Тұрақсыз минералдардың еруі
- •Лекция 13. Сазды тау жыныстар
- •Сазды жапқыштар
- •Эвапориттер
- •Темірлі тау жыныстар
Дәріс сабақтарының конспектілері
Дәріс 1.
Литология пәні. Литология жөнінде жалпы мағлұматтар.
Литология – қазіргі түзлімдер туралы жєне шөгінді тау жыныстары туралы ғылым. Гректің “литос” тас және “логия” ғылым деген сөзінен шыққан. XX ғасырдың басында литология петрографиядан бөлініп, жас ғылымдар қатарына қосылды. Ол 3 бөлімге бөлінді.
Шөгінді таужыныстар петрографиясы
Шөгінді таужыныстар зерттеу әдістері
Жалпы литология.
Бірінші және екінші бөлім түбегейлі үйренуге негізделеді. Үшінші бөлім – жалпы литологиялық фацияларды, басқаша айтқанда ежелгі түзлімдердің генетикалық типін қарастырады.
Қазіргі кезде жалпы литологияны зерттеуде үш бағыт туындады:
1. Стадиялы немесе стадиялы – литологиялық бағыт. Бұнда шөгінді тау жыныстардың тарихы, яғни, шөгінді материалдардың туындауы, тасымалдануы, шөгуі жєне борпылдаќ тұнбаның шөгінді тау жынысына айлануы, тіпті оның метаморфизімі де қарастырылады.
2. Седиментациялық – генетикалық бағыт – шөгінді түзу процессінің алғашқы стадияларына көңіл бөледі, былайша айтқанда шөгінді, олардың түзілу факторларының механизімі мен тұнба жиналу жағдайын қарастырады. Алғашқы стадияда – бұл бағыт бірінші бағытқа ұқсас, алайда, акценті процесстер мен механизмдерге ғана емес, оның тұнба түзу шарты мен жағдайына байланысты. Сондықтан ол фациялды – генетикалық таралуына тығыз байланысты және оның қоймасы ретінде қызмет көрсетеді.
Фациялды талдау – бұл бұрынғы геологияның физикалық – географиялық жағдайын қарастырудың құралы болып табылады. Әлемдік мұхитты және оның шөгінділерін белсенді зерттеуге байланысты, литологияның бұл бағыты жедел түрде дамыды. Көптеген геологтар бұл бағытты с е д и м е н т о ло г и я деп атады.
Фациялды талдау бір жағынан жер қойнауындағы мұнайгаздылықты болжауға арналған болуы да мүмкін.
Тарихи – литологиялық бағыт – эволюцияны оның ішінде жер тарихында шөгінді тау жыныстардың пайда болуының сатысын зерттейді.
Шөгінді таужыныстары – литология зерттейтін негізгі объект. Шөгінді таужыныстары – экзогендік процесстердің нәтижесінде жер бетіндегі сулы орталардың түбінде минералдардың немесе органикалық қалдықтардың жиналымын ұсынады. Шөгінді таужыныстардың материалдары болып, ағзалардың қалдықтары, вулкандық әрекеттерден, атмосфералық газдар, еріген қосылыстары бар сулар т. б. факторлардың әсерінен көне ( магмалық, метаморфтық, шөгінді) жыныстардың механикалық үгілу мен химиялық ажырауының өнімдері болып табылады.
Таужыныс түзу процессіне әсер ететін күш – экзогенді және эндогенді күштер.
Экзогенді – бұл атмосфера, гидросфера жєне организмдер әрекеті.
Эндогенді - бұл тектоникалық қозғалыстар және космостық пайда болу (күн радияциясы, күн және ай ауырлық күші).
Литология міндеттері.
Шөгінді таужыныстар пайдалы қазбалардың қоймасы болып есептеледі. Шөгінді тау жыныстардан – мұнай, газ, көмір, жанғыш тақта тастар т. б. алынады. Қара металдардың көп бөлігі (темір, марганц) және алюминий, радиоактивті шикізат, тұздардың көп көлемі және т. б. алынады. Шөгінді тау жыныстардан құрлыс материалдары (гравий, құм, саз, әктас, мергель және т. б.) табылады. Шөгінді таужыныстар жер үстінде көп тарағанына қарамастан, сонымен қатар түбегейлі зерттелмеген. Жер бетінің тек 29,2 % бөлігін құрлық алып жатса, литосфераның 70-80% қалың қабаты теңіз бен мұхит астында жатыр. Біздің білімімізді 3-5 км тереңдік емес 7-9км тереңдіктегі шөгінді жыныстарды зерттеуге үлкен назар аударылып отыр яғни (мұхит түбіне).
Литологияның міндеті көп тармақты және жер қойнауындағы байлықты игеруге арналады:
Литогенез теориясын ары қарай мүлтіксіздендіру.
Катагенез саласында білімді тереңдету.
Шөгінді процесс эволюциясы мен сатыларын ұсынуды конкретизациялау мен дамыту.
Шөгінді жыныстардың бірыңғай генетикалық жіктелуін құру.
Ал берілген пәннің міндеті болып:
Қазіргі зертханалық әдістерімен шөгінді тау жыныстардың құрлымы мен құрамын жан – жақты зерттеу.
Геологияның тарихын қалпына келтіру және пайдалы қазбаларды іздеуді бағыттау мақсатында литологиялық – фациялдық және палеогеографиялық жағдайын зерттеу.
Коллекторлық қассиетін таужыныстардың литологиялық құрамына байланысты зерттеу.
Табиғи мұнайгаз резервуарларын игеру мен литологиялық негізде болжауды мұлтіксіздендіру.
Жер қыртысының заттық құрамы
Жер қыртысы магмалық, шөгінді және метаморфтық тау жыныстардан тұрады. Континеталды қыртыс мұхиттық құрамында Fe, Mg бар қыртысқа қарағанда, аз тығыздықтағы Si, Al, K, Na тұрады. Көптеген химиктердің қажырлы еңбектерінің арқасында жер қыртысының химиялық талдаулардан алынған нәтижелерінде, жер қыртысындағы элементерінің Кларк құрамы - деп аталатын орташа элементер процентілігі алынды.
Жер қыртысының химиялық құрамы.
O – 49,13 % Na – 2,4% Ti – 0,61%
Si – 26% K – 2,35% C – 0,35%
Al – 7,45% Mg – 2,3% Cl – 0,2%
Fe – 4,2% H – 1%
Ca - 3,25%
Басқа элементер үлесіне - 0,75% дан көп емес.
Жер қыртысындағы орта мөлшердегісі O, Si , Al - 85,58% келсе, Fe, Ca, Na, K, Mg – 14,55% жер қыртысыныњ массасын құрайды.
Осылайша жеңіл элементтер жер қыртысын құрайды да, онша көп емес тығыздықты себебші болады. “Неқұрлым жерге тереңдеген сайын тығыздық ұлғайады - деген заңдылық бойынша мантияға жақындаған сайын (әсіресе ядроға) ауыр элементер ролі артады” деп болжауымызға болады.
Негізгі әдебиеттер: 1- [10 -15], 2 - [7 - 12], 3 - [5 - 8].
Бақылау сұрақтары
Жалпы литологияны зерттеудің негізгі бағыттары қандай?
Жер қыртысының химиялық құрамы.
Дәріс 2
