Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКлит и седим каз с изм передел.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
630.78 Кб
Скачать
  1. Кесектердің мөлшері.

Жалпы кеуектілік кесектердің мөлшеріне байланысты емес. Ірі кесектерде кеуектілік ірі, бірақ саны аз. Өткізгіштілік кесектердің мөлшеріне байланысты. Ірі кесектер өткізгіштілікті ұлғайтады. Фильтрация ірі кеуектермен журеді. Үсақ кеуектермен фильтрация жүрмецді.

  1. Кесектердің пішіні мен жүмырлануы.

Бұл фактормен де кеуектілік байланысты емес, өткізгіштілік байланысты.

Кесектер изометриалық және жұмырланған болса, өткізгіштілік жоғары болады. Құмды-алевролитты тау жыныстардың құрамында слюдалар көп болса,өткізгіштілігі анизотропты болады. Қабатқа параллель өткізгіштілік-жоғары. Қабатқа перпендикуляр өткізгіштілік-төмен.

  1. Кесектердің сүрыпталу дәрежесі

Сұрыпталу дәреже коллекторлық қасиетке үлкен әсер тигізеді.

Сұрыпталу дәреже жоғары болса кеуектілікте, откізгіштілікте жоғары болады. Сұрыпталу дәреже төмен болса ірі кесектер арасы үсақ кесектермен толып кеуектілік төмендейді. Кубты орналасқан кесектерде кеуектілік 47,7% болады. Ромб тәрізді орналасқан кесектерде кеуектілік 22,7%. Ал егер кеуектер үсақ түйірлермен толса кеуектілік 10,8% ға дейін төмендейді. Бірақ үлкен тереңдіктерде сүрыпталу дәрежесі жоғары болсада тау жыныстарда өткізгіштігі төмендейді.

  1. Цемент мөлшерімен құрамы.

Тау жыныстардың коллекторлық қасиетіне үлкен әсер тигізеді. Цемент мөлшерінен кеуектілікте, откізгіштілікте байланысты. Цемент мөлшері ұлғайған сайын кеуектілікте өткізгіштілікте азайады. Базальды типте цемент мөлшері 40-45%. Кеуекті типте цемент мөлшері 20-35%. Пленкалы және контактылы типте 15%. Базальды және кеуекті цементте түйір ара кейде жаппай цементпен толады, сондықтан кеуектілік төмен болады. Пленкалы және контактты цементте түйір арасы бос қалады, сондықтан кеуектілік те өткізгіштілік те жоғары болады.

Цемент құрамы коллекторлық қасиетке әсер тигізеді. Төмен тереңдікте (1000-1500 метрде) сазды цементі бар террегенді тау жыныстарында кеуектер көлемі жоғары болады 20 % дейін. Үлкен тереңдікте сазды цемент тығыздалып,кеуектілігі төмендейді. Карбонатты цемент төмен тереңдікте тығыз кристалды болады, ал үлкен тереңдікте еру нәтижесінен кеуектілік ұлғаяды. Кремнийлі цемент үлкен тереңдікте пайда болып кеуектілікті төмендетеді.

5. Механикалық тығыздалу

Механикалық тығыздалу коллекторлық қасиетке үлкен әсер тигізеді. Тығыздалу ұлғайған сайын коллекторлық қасиет төмендейді.Сазды заты көп терригенды тау жыныстарда (вакктарда) тығыздалу тезірек өтеді 1-1,5км тереңдікте.Арениттерде тығыздалу 2,5- 3км. Тереңдікте ұлғайып кеуектілігі төмендейді.

6.Екінші қайта минералдану

Кварц пен кальциттың қайта пайда болуы кеуектілікті төмендетеді, себебі бұл минералдардың мөлшері жоғары болады. Кварц регенерациалық қайта өсу нәтижесінде кеуектілікті жаппай толтырған кезде таужыныс коллекторлық қасиетінен айырылады. Басқа аутигенді минералдар: альбит, серицит, каолинит, гидрослюда кеуектілікті үлғайтады, себебі олардың мөлшері өзгерткен минералдардан төмен болады.

7.Тұрақсыз минералдардың еруі

Тұрақсыз минералдардың еруі және олардың басқа жаққа шығарылуы коллекторлық қасиетті ұлғайтады. Құмды-алевритті тау жыныстардың цемент мөлшеріндегі ең тұрақсыз минералдарына кальцит, ангидрит,гипс жатады. Кейде кальциттің еруінен кеуектілік 2,5-3км тереңдікте 25%-ға дейін ұлғайады.Жалпы үлкен тереңдікте кеуектілік азаяды. Бірақ мұнаймен толған тау жыныстар тығыздалмайды. Катагенез процессі тоқтатылып,тау жыныстар консервацияға ұшырайды. Мұнай және пласт ішіндегі қысым тығыздалуға, екінші қайтара минералдардың пайда болуына, катагенезге кедер жасайды