Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арапайым матем.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.38 Кб
Скачать

Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық жоспары.

Білім беру саласы:«Таным»

Бөлігі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Тақырыбы:

Мақсаты:

Сағатсаны:

Өтілетін күні:

1

«1 саны»

Балалардың «біреу» және «көп» деген түсінігін бекіту, оң қолымен сол жақтан оңға заттарды қоюын үйрету. Д/о: «Біреу және көп»

1

2

«Шаршы»

Балаларды жаңа геометриялық пішін шаршымен таныстыру. Заттардың түр көлемін ажыратуын бекіту. Д/о: «Бұл не ойлан тап»

1

3

«Геометриялық пішіндер»

Балаларға шаршы - орындық, дөңгелек - доп, үшбұрыш-пирамида қоршаған өміріндегі осы заттарды салыстырып, осы геометриялық пішіндерге сәйкес заттарды өзін қоршаған әлемде таба білуін үйрету. Д/о: «Пішініне қарап ата»

1

4

«Күзгі бояулар»

Заттардың түр, түсі, көлемі әр түрлі болуы мүмкін туралы түсінік беру. «Бір» және «көп» деген түсінікті бекіту. Д/о: «Түсін ата»

1

5

«Дорбада не бар?»

Ұстап-сипау арқылы заттың көлемі мен пішінін ажырату. Сылап-сипау әдісімен заттарды тану.

(дорба, мұнара, машина, қуыршақ, т.б) Д/о: «Сипап сезіп тап»

1

6

«Таңертең және кеш»

Балалармен ересектердің әрекеттерінің мазмұны өзгеруіне байланысты тәулік бөліктерін ажыратуын үйрету. Балаларға дөңгелек, шаршы, үшбұрыш геометриялық пішіндерді атай және тани білуін бекіту. Д/о: «Бұл қай кезде болады?»

1

7

«Бұл қандай пішін»

Пішіндерді тану, әр пішінді ретімен қою.

(2 дөңгелек, 2 төртбұрышты заттар) «2-саны»

1

8

«Тар және кең»

Балаларға қолмен алу әдістерін, кең-тар сөздерін қолданып екі заттың енін салыстыруына үйрету.

1

9

«Шырша ойыншықтары»

Балаларға қою және алу әдісін қолданып биік-аласа биіктігі тең сөздер нәтижесін белгілеп екі заттың биіктігін салыстыруға үйретуін жалғастыру. Д/о: «Көлемін салыстыр»

1

10

«Не жетіспейді»

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту, пішіндерді атауға, айырмашылығын көруге үйрету.

1

11

«3 заттың ішінен пішіні ұқсас 2-затты табу»

Үш заттың ішінен пішіні ұқсас екі затты табу. (дөңгелек, төртбұрыш, тіктөртбұрыш) Д/о: «Ұқсасын тап»

1

12

«Оң және сол»

Балаларды көп, аз, тең, сонша-қанша деген сөйлемдерді қолданып бір қатарда тұрған екі топты заттардың тең және тең еместігін анықтауына үйретуін жалғастыру. Заттарды оң қолымен сол жақтан оңға қарай қойып әртүрлі заттардан топтар құрау. Д/о: «Керісінше айт»

1

13

«Ұйқасын тап»

Балаларды екі топтын зат саны мен көлемі айырмашылығын салыстыруын, бір топ заттарының басқа топқа қосу-алу әдісін қолдануы арқылы үйрету. Д/о: «Зат қандай пішіннен құралған»

1

14

«Күн көзі»

Қоршаған манайда бір және көп ұқсас заттарды таба білуін дамыту. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш

геометриялық пішіндерді атап және танып білуін жандандыру. Д/о: «Бұл қай кезде болады?»

1

15

«Жуан-жіңішке»

Балаларға жуан-жіңішке ұғымын түсіндіру. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білу. (жуан-жіңішке ағаштар) Д/о: «Көлемін салыстыр»

1

16

«Заттарды түсіне қарай салыстыру»

Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу. Түрлі - түсті жалаушалар: қызыл, сары, көк. (бала санына байланысты) Д/о: «Түсін атап салыстыру»

1

17

«Үлкен және кіші үйлер»

Балаларды қою және алу әдісін қолданып биік-аласа биіктігі тең сөздер нәтижесін белгілеп екі заттың биіктігін салыстыруға үйретуін жалғастыру. д/о: «Көлемін салыстыр»

1

18

«Осындай түсті тап»

Мақсаты: Түсіне қарай заттарды топтау. Түсіне қарай ажырату (бір түсті ойыншықтар-жалаушалар, ленталар, доптар, шарлар, кубиктер, себеттер т.б)

1

Барлығы:

18