- •1 Вариант
- •22.Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •23. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •24. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •25. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •26. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •27. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •28. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •29.Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •30. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •31. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •32. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •33. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •34. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •35. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •36. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •37. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •38. Артқы риноскопия жасау кезінде қандай қателік жіберілген?
- •39. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •40. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •41. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •42. Бала өмірін сақтап қалу үшін хирург қандай жедел шараларды жүргізу қажет?
- •43. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •44.Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •45. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •46. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет?
- •47. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •48. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •49. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •50. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
37. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
17 жастағы науқас 2 жыл қатарынан мұрын тынысының алма кезек бұзылуына шағымданады. Анамнезінде бірнеше жыл бұрын мұрнына соққы алған. Алдыңғы риноскопияда мұрын кілегейі көкшіл, мұрын жолдары тарылған. Мұрын пердесі солға ығысқан, қисаюы біз тәріздес.Диагнозы: Мұрын пердесінің қисаюы.
А. мұрын пердесінің кілегей асты резекциясы;
В. төменгі мұрын кеуілжерлері вазотомиясы;
С. аденотомия;
D. төменгі мұрын кеуілжерлері УЗД -сі.
Е. төменгі мұрын кеуілжерлерінің кілегей асты конхотомиясы.
38. Артқы риноскопия жасау кезінде қандай қателік жіберілген?
Анасының айтуы бойынша 5 жасар балада бірнеше жыл қатарынан мұрын тынысы бұзылған, кілегейлі бөлініс болып, құлағы бітеліп, естуі төмендеген. Түнде бала аузымен дем алып, қорылдайды, ойының жетілуі жағынан қатарындағы балалардан қалыңқы, жие салқын тиеді. Объективті: мұрын ерін қыртысы тегістелген, тісінің өсуі мен айқасуы дұрыс емес, жоғарғы «готикалық» таңдай. Артқы риноскопия жасау кезінде дәрігердің саусағын тістеп алған.
A. сол қолдың 2 саусағымен пациенттің ұртын тіс арасына енгізіп тұру керек;
B. тіл жотасына шпателмен басу керек;
C. мұрынды қысу керек;
D. тілдің түбіріне шпателмен басу керек;
E. дыбыстар шығару керек.
39. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
18 жасар науқас басының соның ішінде маңдай аймағының басымырақ ауратынына, әлсін-әлсін құсқысы келуге, тәбетінің жоқтығына, жалпы әлсіздікке, мұрын қуысының сол жақ бөлігінен бөлініске, мұрын тынысының тарылуына, иіс сезудің төмендеуіне шағымданады. Мұрнынан бөлініс болғанына 5 жыл. Аурудың соңғы өршуі 2 апта бұрын тұмаудан кейін басталған. Соңғы уақытта науқастың жағдайы нашарлаған: басының ауырсынуы күшейе түскен, құсу және айқын әлсіздік пайда болған.Объективті: жалпы жағдайы орташа ауыр. Пульсі 58 соққы минутына. Дене температурас 38,6˚С. Тері жамылғысы бозғылт. Тілі құрғақ. Психикасы өзгерген: үнемі эйфория күйінде, көп сөйлейді, орынсыз әзілдейді, киімдері таза емес, кейде бөлмесінде еденге дәретке отырады. Кохановский симптомы сол жақта және ұстау рефлексі(хватательный рекфлекс). Риноскопияда: мұрын қуысының шырышты қабаты аздап инфильтрацияланған. Мұрынның сол жақ жартысында көп мөлшерде іріңді бөлініс. Сол жақ қабақ үсті аймағы пальпацияда ауырсынады. Мұрын маңы қойнауларының рентгенограммасында – сол жақ маңдай қуысының гомогенді қараюы, ішкі қабырғасның деструкиясына күмән бар. Диагноз қойылды: Сол жақты созылмалы іріңді фронтит. Мидың маңдай бөлігінің абсцессі.
А. окулист және невропатологконсультациясы
В. КТ.
С. люмбальды пункция, КТ.
D. мидың маңдай бөлігін ашумен маңдай қуысының трепанопункциясы
Е. люмбальды пункция, окулист және невропатолог консультациясы, мидың маңдай бөлігін ашумен маңдай қуысының трепанопункциясы, мидың маңдай бөлігін пункциялау және абсцессті ашу, күшті антибактериальды терапия, дезинтоксикациялық, дегидратациялық ем, КТ.
40. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
Науқас 13 жаста тамағының оң жағында жұлып жатқандай сипатты және оң жақ құлағына берілетін ауырсынуға, бас ауруына, қалтырауға, дем алуының қиындауына шағымданады. Ауырғанына 5 күн болған. Салқын тиюден кейін тамағында ауырсыну пайда болып, дене қызуы 38 градусқа дейін жоғарылаған. Өздігімен үй жағдайында антибиотиктермен, сульфаниламидтермен емделген. 3 күні дене температурасы қалыпқа келген.Емін тоқтатқан. 5 ші күні дене температурасы 39 градусқа дейін бірден жоғарылаған, оң жақта жұтыну кезінде қатты ауырсыну, қалтырау пайда болған. Жалпы жағдайы орташа ауыр. Дене температурасы 38 градус. Фарингоскопияда: Бадамша бездері гиперемияланған,инфильтрацияланған, жамылғы жоқ.Оң жақты артқы доға қалыңдаған және инфильтрацияланған .Шайнау бұлшық еттерінің тризмі жоқ.Диагнозы: Артқы паратонзиллярлы абсцесс
A. дезинтоксикациялық терапия;
B. фурациллин ерітіндісімен аузын шаю;
C. инфекциялық бөлімшеге науқасты шұғыл жатқызу;
D. терапия бөлімшесіне науқасты шұғыл жатқызу;
E. ЛОР бөлімшесіне науқасты шұғыл жатқызу, антибиотиктер, абсцессті ашу,фурациллин ерітіндісімен аузын шаю,дезинтоксикациялық терапия;
