- •1 Вариант
- •22.Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •23. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •24. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •25. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •26. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •27. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •28. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •29.Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •30. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •31. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •32. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •33. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •34. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •35. Қандай диагноз болуы мүмкін?
- •36. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •37. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •38. Артқы риноскопия жасау кезінде қандай қателік жіберілген?
- •39. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •40. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •41. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •42. Бала өмірін сақтап қалу үшін хирург қандай жедел шараларды жүргізу қажет?
- •43. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •44.Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •45. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •46. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет?
- •47. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •48. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •49. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
- •50. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?
26. Қандай диагноз болуы мүмкін?
8 жасар бала жағажайда жеміс жеген. 2 сағаттан соң тынысы нашарлап, мойын тұсында қысылғандық, жұтынғанда ыңғайсыздық сезімі болған. Тұншығу үдей түскендіктен ауруханаға жеткізілген. Қарағанда: бөбешіктің тілшік беткейінде, ожау-бөбешік қыртысында ісіну байқалған.
А. көмей бөгде денесі;
В. жұтқыншақтың аллергиялық ісігі;
С. көмейдің аллергиялық ісігі;
D. жедел ларингит;
Е. жұтқыншақ арты абсцессі.
27. Қандай диагноз болуы мүмкін?
15 жасар науқас басын бұрғанда, жұтынғанда басының қатты ауыратынына, қалтырауға, терлеуге шағымданады. Ауру кенеттен дене қызуының 38 ге дейін көтерілуімен басталған. Қарағанда: мойын лимфатикалық түйіндері ұлғайған пальпацияда ауырсынады. Жұтқыншақ пен көмей кілегейі қызарып ісінген. Бөбешіктің тілшік беткейінде ұшында сары дағы бар домалақ пішінді томпаю байқалады.
А. бөбешік абсцессі;
В. көмей туберкулезі;
С. көмейдің аллергиялық ісігі;
D. жедел ларингит;
Е. жұтқыншақ арты абсцессі.
28. Қандай диагноз болуы мүмкін?
Науқас самай аймағына берілетін оң құлағының қатты ауруына, аурудың шайнағанда күшейе түсетініне, дене қызуының 37,4 дейін көтерілгеніне шағымданады. Объективті: оң құлақ қалқаны өзгеріссіз. Сыртқы есту жолының алдыңғы қабырғасында терісі қызарған конус пішінді өсінді томпайып байқалады. Оның ортасында іріңді нүкте орналасқан. Құлақ қалқаны алдында орналасқан лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Түйін белгісі оң. Естуі қалыпты-6 метр.
А. ортаңғы жедел отит;
В. сыртқы құлақ шиқаны;
С. отгематома;
D. құлақ қалқаны хондроперихондриті;
Е. құлақ қалқаны тілмесі.
29.Қандай диагноз болуы мүмкін?
Науқас оң құлағының ауруына, ірің ағып, естудің төмендеуіне, басының ауруына шағымданады. Ауырғанына 2 апта. Емханадан ем алған. Дене температурасы қалпына келгенмен құлақтың ауырсынуы басылмаған, құлақтан ірің ағу тоқтамаған. 2 күн бұрын оң құлақ арты ісіп ауырған, дене температурасы көтерілген-37,5, құлағынан аққан ірің көбейе түскен. Объективті: емізікше өсінді ісінген, оның контуры айқын емес, жұмсақ тіндер ісінген, пальпация мен перкуссияда ауырсыну бар. Отоскопияда: оң сыртқы есту жолында көп мөлшерде қоймылжың іріңді бөлініс анықталады. Сыртқы есту жолы артқы-жоғарғы қабырға салбырағандықтан тарылған. Сыбырлап сөйлеуді 2-2,5 метрден естейді.
А. ортаңғы жедел отит;
В. сыртқы құлақ шиқаны;
С. отгематома;
D. құлақ қалқаны хондроперихондриті;
Е. жедел іріңдіортаңғы отит. Мастоидит.
30. Қандай диагноз болуы мүмкін?
18 жасар науқас басының ауруына, әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына, дене температурасының көтерілуіне, құсқысы келуге, құсуға, сол құлағының естуінің төмендеуіне, сол құлағынан іріңді бөлініске шағымданады. Жалпы жағдайы ауыр. Терісі бозарған. Көз түбі іркіліс түрінде өзгерген.Кернига белгісі оң. Амнестикалық және сенсорлы афазия. Науқас заттардың атын айта алмайды. Сөзі түсініксіз, сөзі мағынасыз. Қанында лейкоцитоз, нейтрофилдер мен СОЭ жоғарылаған.Жұлын сұйықтығы: қысым жоғары, плеоцитоз. Отоскопия: сол құлақ – сыртқы есту жолы кең, бөлініс іріңді иісті. Дабыл жарғағы қызарған, тоталдытесілген.
А. созылмалы іріңді мезотимпанит оң жақты. Отогенді менингит;
В. созылмалы іріңді эпитимпанитоң жақты. Отогендімидың маңдай бөлігінің абсцессі;
С. созылмалы іріңді ортаңғы отит сол жақты. Отогенді мидың самай бөлігінің абсцессі;
D. созылмалы іріңді ортаңғы отит оң жақты. Отогенныймишық абсцессі;
E. созылмалы іріңді эпитимпанитоң жақты. Холестеотома. Отогенді сепсис.
