Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
na_ruki_1_variant_Araly_1179_ba_1179_ylau_testileri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.16 Кб
Скачать

1 Вариант

1. Отоскопия жүргізуге қажетті инструментті көрсетіңіз:

A. құлақ воронкасы;

B. құлақ пинцеті, мұрын айнасы;

C. мұрын айнасы;

D. көмей айнасы;

E. мұрын жұтқыншақ айнасы.

2. Алдыңғы риноскопия жүргізуге қажетті инструментті көрсетіңіз:

A. мұрынжұтқыншақтық айна;

B. құлақ воронкасы;

C. мұрын айнасы;

D. көмей айнасы;

E. отоскоп.

3.Біріншілік сифилистік жара жұтқыншақтың қай бөлімінде жиі орналасады?

A. алдыңғы доға;

B. артқы доға;

C. бадамша бездер;

D. жұтқыншақтың артқы қабырғасы;

E. жұтқыншақтың артқы қабырғасыжәне бадалша бездер.

4. Созылмалы риниттің қандай түрінде риносокпияда кілегей көкшіл, ісінген, воячека дағымен, мұрын жолдары тарылған, мөлдір аз мөлшерде бөлініс болады:

А. жәйкатаралды ринит;

В. гипертрофиялық ринит;

С. атрофиялық ринит;

D. вазомоторлы ринит;

Е. аллергиялық ринит.

5. Гаймор қуысына пункция қай мұрын жолы арқылы жасалады:

А. төменгі;

В. ортаңғы;

С. жоғарғы;

D. жалпы мұрын жолы;

Е. жоғарғы және ортаңғы.

6. Риногенді бас ішілік асқынуларға аталған аурулардың кайсысы жатады:

A. персинуозды абсцесс;

B. кавернозды синустың тромбозы;

C. мишық абсцессі;

D. сигма синусы абсцесі;

E. диффузды іріңді менингит.

7. Флюктуациялы қызба, менингиалды белгілер, бас ауру, офтальмологиялық симптомдар: экзофтальм, хемоз, птоз, көз түбі іркілісі, көз қозғалту нервінің парезі мен параличіне тән:

А. персинуозды абсцесс;

В. кавернозды синус тромбозы;

С. мишық абсцессі;

D. сигма синусы тромбозы;

Е. диффузды іріңді менингит;

E. ми абсцессі.

8. Жұтқыншақ арты абсцессі көмей жұтқыншақпен шектеліп орналасқанда бірінші қандай белгі байқалады?

А. мұрын тынысының тарылуы;

В.емшектегі баланың емшек соруының бұзылысы;

С. дене қызуының көтерілуі;

D. шалқасынан жатқанда тыныстың тарылуының күшеюі, жұтынуыдың ауырсынуы;

Е. жұтынуыдың ауырсынуы;

9. паратонзиллярла абсцесске тән белгіні атаңыз:

А. дене қызуының көтерілуі;

В. құлақтың ауруы;

С. тамақтың бір жақты ауруы;

D. бас ауру;

Е. сілекей ағу.

10. Трахеостомия кезіндегі асқыну:

A. іріңді трахеобронхит;

B. аррозивті қан кету;

C. қан кету, асфиксия, өңештің жарақаты;

D. мойын флегмонасы;

E. паратонзиллярлы абсцесс.

11. Көмей тарылуының емдеу әдісін таңдау неге байланысты

А. көмей тарылуының деңгейіне;

В. көмей тарылуының сатысына;

С. көмей тарылуының себебіне;

D. науқастың жасына;

Е. науқастың жынысына.

12. ПаракузисВиллизи (paracusisWillizii) белгісі деген не

А. жүктіліктен кейінгі естудің нашарлауы;

В. шулы жерде естудің нашарлауы;

С. шулы емес жерде естудің нашарлауы;

D. шулы жерде бастың айналуы;

Е. ақ кабықтың көкшілденуі, сыртқы есту жолының кеңеюі.

13. Кохлеарлы имплантация ол:

А.есту қыртысына электродты енгізу;

B. бас сүйегіне имплантация;

C. ортаңғы құлаққа имплантация;

D. улуға электродты енгізу;

E. бағаналы имплантация.

14. Кеңірдек бөгде денесіне тән белгі:

А. теңселу (болотирование) белгісі;

В. ателектаз;

С. өкпе эмфиземасы;

D. шулы тыныс;

Е. қан аралас жөтел.

15. мұрынан жие қан кететін жер:

А. Киссельбаха аймағы;

В. мұрын қосалқы қуыстары;

С. мұрын қуысының сыртқы қабырғасы;

D. сына тәрізді сүйек;

Е. төменгі мұрын кеуілжері.

16. Жедел іріңді ортаңғы отитте зақымданады:

A. сыртқы есту жолы;

B. дабыл қуысы;

C. ішкі құлақ;

D. эндолимфа;

E. перилимфа.

17. Мастоидитте отоскопиялық көрініс қандай:

A. дабыл жарғағының қызаруы;

B. сыртқы есту жолы сүйекті бөлімінің артқы-жоғарғы қабырғасының салбырауы;

C. құлақ қалқанының алға ығысуы;

D. құлақ арты терісі өзгеріссіз;

E. құлақ арты аймағы тіндері ісіңкі

18. Гризенгер белгісі, қызудың көтерілу белгілері қандай басішілік асқынуға тән:

А. диффузды іріңді менингит;

В. артқы бас шұңқырының субдуралды абсцессі;

С. мишық абсцессі;

D. ми абсцессі;

Е. сигма синусының тромбозы

19. Белгілердің IV тобы ми абсцессінің қай сатысында айқын байқалады:

А. алғашқы;

В. латентті;

С. айқын;

D. терминалды;

Е. сауығу.

20. ЛОР мүшелерінің қайсысы туберкулезбен жие зақымданады

A. көмей;

B. жұтқыншақ;

C. құлақ;

D. мұрын;

E. көмей мен құлақ.

21.Қандай диагноз болуы мүмкін?

15 жастағы науқас клиникаға мұрын аймағының ауруына, дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуіне, қалтырауға, мұрын айналасы терісінің қызаруына шағымданып келген. Ауырғанына екі күн. Қарағанда: мұрын айналасы терісі шеттері айқын сызықпен шектеле қазарған, қызару көбелек тәрізді мұрын қапталына таралған, палпацияда ауырсыну байқалады. Алдыңғы риноскопияда: мұрын кілегейі қызарған, мұрын жолдары кең, бос, мұрын пердесі ортада, мұрын тынысы еркін.

А. мұрын пердесінің гематомасы;

В. мұрын пердесінің абсцессі;

С. мұрын шиқаны;

D.мұрын тілмесі;

Е. жедел ринит.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]