Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК_1с.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.71 Кб
Скачать

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде.

Моральдық нормалар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлі. Адамзат өркениеті тарихында діни ілімге негізделген мораль нормалары тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық зұлымдық ретінде қоғамға ыдыратушы ықпал етеді. Сыбайлас жемқорлық адамдардың адуындығы мен арсыздығы, олардың адамгершілік құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік ұстанымдарын әлсіретеді. Егер адамгершілік ережелердің кешені жұмыс істемесе, қоғам азғындаған, ал мемлекет – әлсіз болады, егер социум өмірінде мораль тиісті орын алмаса, азғынданған қоғамның болашағы жоқ. Адамгершілік және қылмыстық идеология қақтығысы. Ең қауіптісі белгілі бір топтардың бай тап өкілдерінің санасында тоғышарлық элементтерінің тамыр жаюымен сән-салтанатта өмір сүретін, шамадан артық тұтынуға ұмтылуын жете бағаламау болып табылады. Бұл кемістік зиянсыз емес, ол адамдардың санасында өзіндік мінез-құлық стандарттарын қалыптастырады, кейіннен құқықтық түзетуге келмейді.

Осылайша, адамдардың түсінігінде қазіргі сыбайлас жемқорлық:

– қоғамдық санаға, тұрмыс пен қызметтік жұмысқа терең тамыр жайған зұлымдық;

– билік басындағы адамдардың жүзеге асыратын қылмыстық әрекеті;

– адамгершілік мінез-құлық шектеулері жоқ, бірақ қоғамдық процестерге кері ықпал ете алатын арам адамдардың өмір сүру қалпы сияқты көрінеді. Адамдардың позитивті адамгершілік бағдары болатын мінез-құлық ережелері бір мезгілде пайда болмайды, олар тарихи тәжірибенің нәтижесі болып табылады. Адамгершілік бастаулары тамыр жайған қоғамда заңдар сақталады, жемқор өзін қолайсыз сезінеді, оның іс-әрекеті шектелген және өзінің қылмыстық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды.

Адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы моральдық құндылықтар негізінде қалыптасатын түсінігін басты мәселе қойған жөн. Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша сипаттайды:

– өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін төнетін нақты қауіп;

– азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын тоқтатуының бір себебі;

– ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға сатып алу және заңсыз баюдың қылмыстық сызбасы;

– мемлекеттің құрылысына, өнегелік құндылықтарына қол сұғатын және бұқара санасына жалған құндылықтарды енгізу үшін жағдайлар жасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу;

– заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір.

Сыбайлас жемқорлықты жағымсыз құбылыс ретінде қабылдай отырып, оның әртүрлі көріністерін зерттей, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әдістерді әзірлей отырып, мемлекет жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелерін көрсеткен жөн. Оң нәтижелер бар екеніне құқық қорғау статистикасы мен сот практикасы дәлел бола алады. Оң өзгерістер туралы ауыз ашпау адамдардың құқықтық саясаттың тиімділігіне сенбеушілігін туғызады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына көмектеспейді.

1. Сыбайлас жемқорлық феномені не себепті құқықтық кеңістіктен бөлек зерттелуі тиіс?

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған тәрбие жұмысын қалайша жүргізген жөн?

3. Адамгершілік құндылықтардың қоғам өміріндегі рөлі қандай және олар мемлекеттік қызметтегі адамның мінез-құлқына қалай ықпалете алады?

4. Жемқорды қалай және қандай белгілері, мінез-құлық актілері бойынша анықтауға болады?

5. Нақты мемлекеттік органдарда (құқық қорғау органдарында, денсаулық сақтау, білім беру) сыбайлас жемқорлықтың ерекшеліктері қандай?

6. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекет жасаған адамға не шешуші ықпал жасайды: заңдық жауапкершілік, беделін жоғалту немесе қоғамдық айыптау?