Бастауыш сыныпқа арналған орфографиялық тәртіп. Мазмұны
1.Дәптерлерді толтыру ережесі
2.Дәптерлердің мұқабасын толтыруды үйрету.
3.Қазақ тілінен жазба жұмыстарын хаттау.
4.Каллиграфиялық әдетті ұйымдастыру жұмыстарын хаттау .
5.Математика пәнінен жазба жұмыстарын хаттау .
6.Бастауыш сыныпта күнделік жүргізуді алға қою .
Орфографиялық тәртіпті бастауыш мектепке енгізу .
Дәптерді хаттау мен оларды дұрыс толтырылуын қадағалау .
Дәптердегі барлық жазулар каллиграфиялық ұқыпты жазумен жүргізілуін қадағалап ,бақылау .геометриялық фигураларды сызу жай қарындашпен жүргізіледі .
Бастауыш менктепте оқушылар оқу барысында барлық пәннен бақылау жұмысына және сыныпта орындылатын жұмысқа арнап дәптерлер бастайды
Математика және қазақ тілі:
№1 №2(ағымдағы жұмыстарға)
№3(сынақ бақылау жұмыстарына)
Мазмұндама мен шығарма шығармашылық сипаттағы жұмыс түрлеріне жататындықтан, толтыру барысында шығармашылық жұмыс дәптерлері ретінде толтырылады .
Әдеби оқу дәптерлері болуына байланысты шығармалар , суреттер , шығармаларға жоспарлар ,әдеби терминдерге анықтама шығармашылық жұмыстар осы әдеби оқу дәптерлеріне жазылады .
Айналамен танысу сабақтары үшін баспа негзіндегі дәптерлер қолдануға мүмкін ,бірақ көбінесе оқушылардың жұмыс дәптерлері бар .
Бағдарламаға сай ән-күй ,ағылшын тілі ,факультативтік курстарға дәптерлер арналады.Еңбектен ,дене тәрбиесінен , жолда жүру ережелері ,бейнелеу пәндерінен дәптерлер жүргізілмейді .
Дәптерлердің сыртын біркелкі толтыру:
сыныптың дәптерін мұғалім толтырады. Дәптердің сырты қапталмайды.
3-4 сыныптың дәптерін мұғалімнің бақылауымен оқушылар өздері толтырады .
Дәптердің сыртын каллиграфиялық дұрыс ,ұқыпты жазумен толтыру керек .
Жалпы білім беретін
№___ орта мектептің
2 «Ә» сынып оқушысы
Болатов Әділдің
қазақ тілі дәптері.
(математика дәптері, дүниетану дәптері, диктант дәптері, шығарма дәптері, т.б.с.,с.)
Дәптердің сыртындағы сандар араб сандарымен толтырылады .
Аты-жөні ілік септігінде жазылады. Балалардың сауаттылығын ашу мақсатында қатемен жұмыс дәптерлеріне жүйелі түрде өтуі керек .
Бастауыш сыныпта жұмыс дәптерлері міндетті түрде күнделікті тексерілуі тиіс .Бақылау жұмыстарының тексерілуі ертеңгі күні дайын болуы керек .
№3 бақылау дәптерлері уақытында тексеріліп ,ата-анаға үйге беріледі. Бірақ сыныпта оқу жылының аяғына дейін сақталады.
Балалар жұмысы қызыл түсті (қаламмен ) тексеріледі.Бағалау ережесіне сай бағаланады.
Қатемен жұмыс жұмыс дәптеріне орындалады.
Қазақ тілінен жазба жұмыстарын хаттау.
Үй жұмысы мен сынып жұмысынан кйін 2 жолға шегініп ,3жолға жазамыз .
Азат жолды сақтау кезінде оңға қарай (2 саусақ ) 2см кем емес жылжимыз. Бірінші сыныптан бастап азат жолды сақтау ,жаңа жұмыс түрлерін жүргізу кезінде жүзеге асырамыз .
Жұмыс барысында бос жол қалдырылмайды.
Жаңа (жол) бет ең жоғарғы жолдан басталады беттің ең соңына дейін жазылып бітеді.
Әрбір жолды жазар кезінде сол жақ шетінен 0,5 см шегінеді .
Оң жақта жол ең ақырына дейін жазылады .Сөзді тасымалдау ережесін міндетті түрде қолдану керек .
Жолда бос жер қалдырмау керек . Қазақ тілінен ,математикадан күнді тура ортаға жолдың ортасына жазылады .
1 сыныпта күн жоғарыда мұғалім не оқушы айдың бірінші әрпін және санды жазады. 7 қ
2-ші сыныптан бастап сандар мен айлар жазба түрінде жазылады .
Қыркүйектің жетісі.
Сынып жұмысы.
12-жаттығу.
Жұмыстың нұсқасы жаңа жолдан тура ортаға немесе дәптердің жиегіне жазылады .
Жаттығу деген сөз екінші сыныптан бастап толық жазылады .
Дәптердегі жаттығу реті саны толық жазылады .
Бағандап жазу кезінде сөздер бірінің астына бірі жазылып, арасына үтір қойылмайды.,бірінші сөз бас әріппен жазылады .
Сөздер тек қана дауыссыздарға қысқарады.
Септіктер бас әріппен жазылады. Сөздердің үстіне бірдеңе жазу қаламмен немесе үшкір қарындашпен жүзеге асады .
Балалардың назарын тиісті тыныс белгілеріне аудару қажет.
Математика пәнінде сөздер қысқартылғанда нүкте қойылмайды .
1-2 сыныптың оқушылары тар көз дәптерге жазса ,ал 3 сыныпта үлкен тор көзге жатады.
Бастауыш сынып мұғалімінің таза жазу уақыты бар.
сыныпта-1 жол
сыныпта- 2 жол
сыныпта-3 жол
сыныпта-4 жол
Балалардың назараын тақтадағы жазуларға,қаламды дұрыс ұстауына , отырыстарына дәптер лердің түр-сипатына назар аудару керек.
Оқушыларды дұрыс , қатесіз,таза жазғаны үшін марапаттап,мадақтап,сенің дәптерлеріңді тексеру сондай маған ұнайды .Сауатты жазамын 5 деген бағаға жазамын деген сияқты мақтаулар қаптың сыртына жазылса дұрыс болар еді.
