Пәні Электр станциялары мен қосалқы станциялардың электржабдықтары
Тобы: ЭС-108
№7 МОДУЛЬ
Тақырыбы: Тәжірибелік сабақ №4 Алмастыру сұлбасының түрленуі
Жұмыстың мақсаты: ҚТ токтарын есептеу үшін электр қондырғыларының параметрлерін,релелік қорғаныс және автоматика тағайыншамасын таңдау немесе тексеру үшін: - алмастыру сұлбасын құруды үйрету
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1.Теориялық бөлім
2. Сұлбаларды сызу
3.Алмастыру сұлбасын түрлендіру
4.Бақылау сұрақтары
1.Теориялық бөлім.
ҚТ токтарының есебін электрқондырғыларының параметрлерін, сонымен қатар, релелік қорғаныс және автоматика тағайыншамасын таңдау немесе тексеру үшін жүргізеді.
Үш фазалы ҚТ-да есептеу келесі тәртіппен орындалады:
есептік сұлба құрылады;
электрлік алмасу сұлбасы құрылады
Алмасу сұлбасы әрбір қоректендіру көзі ҚТ нүктесімен нәтижелік кедергісі аз, К3 арқылы қосуға болатындай неғұрлым қарапайым түрге келтіріледі және нәтижелік кедергіге келтіріледі.
Алмастыру сұлбасы деп берілген мәндері бойынша есептік сұлбаға сәйкес келетін, бірақ барлық магнитті (трансформаторлық) байланыстар электрлік байланысқа алмастырылған электр сұлбасын атайды.Атаулы бірлікте есептер жүргізгенде сұлбаның барлық кедергілері Ом түрінде көрсетілуі керек және бір базистік кернеуге келтірілуі керек (электрлік сатының бір орташа кернеуіне).Егер есептеу салыстырмалы бірлікте орындалса, онда алмастыру сұлбасының барлық элементтерінің кедергілерін алдын ала бір базалық шарттарға келтіру керек. Базалық қуат ретінде 100,1000 немесе 10000 МВА мәндерін қабылдайды.Базалық кернеуге сәйкес орташа кернеуді қабылдайды.
Алмастыру сұлбасындағы әрбір кедергіге белгіленген номер тағайындалады, ол есеп соңына дейін сақталады. Алмастыру сұлбасы құрылғаннан соң және барлық элементтердің кедергісі анықталғаннан кейін ол неғұрлым қарапайым түрге келеді. Бұл кезде кедергілердің параллелді және тізбектелген қосылуы ережесі және үшбұрышты жұлдызшаға айналдыру немесе керісінше қолданылады.
Студентердің орындайтын тапсырмалары:
Әрбір сұлбаға сипаттама жазу және сызып орындау,қорытынды жасау
ҚТ токтарын есептедің бұтақ сұлбалары
Бақылау сұрақтары:
1 .ҚТ тогына анықтама беріңіз
2. ҚТ түрлерін атаңыз
3 . Үш фазалы ҚТ –ны есептеу тәртібі қалай орындалады
4. Алмастыру сұлбасы дегеніміз не
5.Алмастыру сұлбасын түрлендіру қалай орындалады
6.Берілген сұлбаларды түсіндіріңіз?
Суреттер интернеттен алынды
Пәні Электр станциялары мен қосалқы станциялардың электржабдықтары
Тобы: ЭС-108
№8 МОДУЛЬ
Тақырыбы: Тәжірибелік сабақ №5-6 Үш фазалы ҚТ токтарын есептеу.
Бір фазалы және екі фазалы ҚТ токтарын есептеу
ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУ ТОГЫН ЕСЕПТЕУ
Қысқа тұйықталу (Қ.Т.) электрқондырғылар мен энергожүйелердің қалыпты жқмыс режимін бқзуға әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі болып табылады. Станцияны жобалауда Қ.Т тогы – электржабдықтары мен ток жүретін бөліктерін тексеру және релелік қорғаныс тағайыншамасын таңдау мақсатымен есептеледі. Қ.Т. есептеу барысында есептеуге айтарлықтай қателік енгізбейтін жағдайлар ескерілмейді; оларға:
- генераторлардың тербелісінің болмауы;
- сқлбаның барлық элементтерінің сызықтық еместігі;
- жүктемелерді жуықтап ескеру;
- Қ.Т токтарын есептеу кезінде сұлбаның элементтеріндегі активті кедергіні ескермеу және Қ.Т тогының апериодты құраушылардың сөнуін анықтағанда активті кедергілерді ескеруі;
- желінің үлестірілген сыйымдылығын ескермеу;
- Қ.Т орнынан басқа жүйенің барлық элементтерінің симметриялылыңы;
- трансформаторлардың магниттелу тогын ескермеу.
Бұл жағдайларды ескермегенде Қ.Т тогының мәні рұқсат етілген шекте (10%) қателік енгізеді.
Қысқa тұйықтaлу тoғын eсeптeу элeктpлік жaбдықтapдың тepмилялық жәнe динaмикaлық қaбілeттіктepінe, peлeлік қopғaнысты жөнгe кeлтіpу мeн жepлeгіш құpылғылapды жoбaлaуғa кepeк. Қысқa тұйықтaлу тoқтapын дәл eсeптeу oның тұтaс бeлгілі мaқсaтынa бaйлaнысты. Элeктpлік aппapaттapды тaңдaғaн кeздe peлeлік қopғaнысқa қapaғaндa үлкeн aуытқулap бoлaтыны бәpінe бeлгілі. 1000 вoльттaн жoғapы кepнeуі бap жeлілepгe кeлeсі бaсты жopaмaлдap қoлдaнылaды: - eсeптік сұлбaғa кіpeтін ЭҚК энepгия көздepінің фaзaлapы eсeпкe aлынбaйды; - үш фaзaлы жeлі симмeтpиялы бoлып aлынaды; - жүктeмe тoғы eскepілмeйді; - сыйымдылықтap eсeптeлмeйді. Сoғaн бaйлaнысты aуa мeн кaбeльді жeлілepдeгі сыйымдылық тoғы eскepілмeйді; - мaгниттік жүйeнің қaнығуы қapaстыpылмaйды. Oл қысқaтұйықтaлу тізбeгінің бүкіл элeмeттepінің индуктивті кeдepгілepін тұpaқты жәнe тoққa тәуeлді eмeс дeп aлуғa мүмкіндік бepeді; - тpaнсфpoмaтopлapдaғы мaгниттaну тoғын eсeпкe aлмaймыз. Oны eсeпкe aлмaғaндa дәлсіздік 2,5% пaйыздaн aспaйды;
ҚТ тoғын eсeптeмeс бұpын, aлдымeн opынбaсу сұлбaсын құpуымыз қaжeт.
1-сурет. Қ.Т тогының есептік сұлбасы.
2Алмастыру сұлбасы
Кернеуі 1кВ дейінгі тораптар үлкен қзындықтарымен және коммутациялық қорғаныс аппараттары бар болуымен сипатталады. Кернеуі 1кВ дейінгі кезде шамалы кедергі қысқа тұйықталу токтарына әсер етеді. Сондықтан есептеулерде тұйықталған тораптың барлық кедергілерін, яғни индуктивті және активті кедергілерін ескереді. Бұдан басқа, берілген тізбектің барлық өтпелі контактілердің активті кедергілерін ескереді. Қуаты 1600кВА дейінгі трансформаторлары арқылы қоректенетін тораптарда ҚТ токтарын есептеген кезде ұсынылатын контактілердің және олардың өтпелі кедергілері жайында нақты мәндері берілмесе, онда олардың кедергілерін келесідей алуға болады: тарату құрылғылары үшін 0,015 Ом, тарату сатылары үшін ‑ 0,02 Ом, аппаратуралар қыспағында ‑ 0,025Ом[10]. Қысқа тұйықталу токтары атаулы бірлікте жүргізіледі.
