ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының фитосанитарлық жағдайы.
Тексерген: Райымбекова Б |
Орындаған: Серғазиева Ұ.
Топ: ЗР-408(Қ)
Алматы 2017
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізігі бөлім
Қазақстан Республикасындағы өсімдік карантині.
Қазақстан Республикасының фитосанитарлық заң тәртібі.
Қазақстан Республикасының фитосанитарлық бақылау бекеттеріндегі атқарылатын қызметтер.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
I.Кіріспе
Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн),уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды,өсімдіктерді жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік,медициналықсанитариялық,ветеринариялықсанитариялық,фитосанитарлық кешенді шаралар жүйесі.«Карантин» атауы quarante giorni (қысқаша quarantine)деген итальян сөзінен шыққан. Ол Италияның теңіз жағалауындағы қалаларына шығыс елдерінен келген кемерейдтерін 40 күн бойы қашықта ұстай тұру мерзімін білдіреді. Бұл ереже «қара ажал» - обаның әкеліну қауіптілігіне байланысты белгіленген.
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы ж әне ішкі карантин болып екіге бөлінеді.Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары,т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді.Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет.Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады.Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып,бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капрқоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан– үнді қаракүйесі,күріштің бактериоздары,жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б.жатады.
II.Негізігі бөлім
1.1. Қазақстан Республикасындағы өсімдік карантині.
Қазақстан Республикасында карантиндік және аса қауіпті өсімдіктер зиянкестері, аурулары, арамшөптерін қорғау үлкен маңызға ие. Шет елдерден келген және таралып кеткен осы зиянды организмдер елімізге орасан зор экономикалық зиян келтіреді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін елімізде өсімдіктер карантині жүйесі құрылып, арнаулы өсімдіктер карантині заңымен бекітілді.Сонымен қатар ҚР-сы территориясын карантиндік және аса қауіпті зиянкестерден қорғау мақсатында шекара бекеттерінде,кедендерде және облыс аудан орталықтарында мемлекеттік бақылау органдары жұмыс істейді және осы зиянды организмдерді анықталғанжағдайларда жою үшін Фитосанитария мекемесі құрылып республикамыздың әраймақтарында республикалық карантиндік сараптама зертқаналары жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта ҚР-да оннан астам карантиндік организмдер таралып үлгерген. Қазақстан Республикасына таралып кетуіне жол бермеу мақсатында және таралған зиянды организмдерді жою мақсатында карантиндік шаралар жүйесі іске асырылды. Жыл сайын төмендегі объектілер тексерістен өтуі тиіс: Территориялар, қоймалар,элеваторлар өңдеу өнеркәсіпорындары ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары Тұқым шаруашылықтары питомниктер ғылыми зерттеу мекемелері, тұқым учаскілері себу және отырғызу материалдары,барлық ауыл шаруашылқ дақылдары егістер және шеттен әкелінгенген тұқымдары. Республикамыздың халық шаруашылығына едәуір нұқсан келтіретін карантиндік және тағы басқа кауіпті зиянкестердің, өсімдіктің ауру қоздырғыштары мен арамшөптердің шет елдерден Қазақстан Республикасының территориясына енуінен қорғау жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі – шекаралық карантиндік фитосанитарлық қадағалауды ұйымдастырудың негізі.Республикаға өзге елдерден карантиндік организмдер енуінің алдын алу үшін басқа мемлекеттердің бақылау органдарымен (шекаралық, кедендік т.б.)бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өткізу бекеттерінде, әкелінген өнімдерді алғашқы карантиндік тексеруден өткізетін өсімдік карантині жөніндегі шекаралық бекеттер өз қызметін жүзеге асырады. Өсімдік карантині жөніндегі шекаралық бекеттер теңіз, өзен кемежайларында, автожол, шекаралық өтпе жолдарда, әуежайларда құрылған. Осы саладағы, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар саны шет елдерден келген көлікқұралдары санының көп-аздығына, сыртқа шығарылатын, сырттан әкелінетін және транзиттік карантиндік тексеруге жат қызылған өнімдерді тексеру және сараптау жұмыстарының көлеміне байланысты келеді.
Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орманжәнежеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттерімен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты – республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті “Өсімдіктер карантині туралы” заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.
