Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
peshten_tys2018_laboratorn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437.25 Кб
Скачать

Зерттеу бөлімі

Зерттеу жұмысы домна пеші үлгісінде жүргізіледі. Домна пешінің кез келгенүлгісі көптеген факторлармен пеш жағдайында болатын күрделі процесті қабылдай алмайды. Берілген жұмыс газ ағыны жүрмейтін қыздырылмаған үлгіде жүргізіледі. Бұл процесте шихтаның механикалық таралу процесі орындалады. Бұл процестің ерекшелігі оңашаланған түрде келтірілген, пеште бақылау үшін қиын болғандықтан қозғалмайтын етіп бекітілген.

Қондырғыны сипаттау

Масштабы 1:25, көлемі 1719 м3дөңгелек үлгідегі домна пеші екі конусты жүктеу аппаратымен жабдықталған (сурет 1.1). Пештің төменгі бөлігінде фурмалы аймаққа ұқсайтын шығару саңылауы бар. Бастапқыда колошниктің цилиндрлік бөлігіне дейін пешке материал тиеледі. Содан кейін пештің жүрісіне сәйкес келетін, төгу рельефі дайындалады: перифериялы (шеткері аймақты) немесе орталық.Пештің перифериялы жүрісі кезінде үш перифериялы себу деңгейі орындалады–еңіс бұрышының төмендеуі, орталықпен периферий деңгейінің теңесуі және периферийде алу. Пештің орталық жүрісі кезінде де рельефтің үш түрі орындалады –еңіс бұрышы тиеу кезінде еңіс бұрышына тең болады және еңіс бұрышы 5-тен 10 градусқа артады.

Берілген рельеф үшін тиеу жүйесіне сәйкес төгу таңдап алынады. Егер периферилы жүрісі күшті болса, онда кенмен тиеу жүйесінің үлесі артады, егер орталық жүріс болса, онда тиеу жүйесімен өңдеу үлесі артады.

Зерттеу мәліметтерін талдау

Оқытушының нұсқауы бойынша колошниктің цилиндрлік бөлігінде себу рельефін жасау қажет. Ол үшін себу қабатынан материалды «жіберуді» бөлек орналастырып, боялған материалдың жіңішке қабатымен жауып қою қажет.

Елеуіш арқылы фракциясы 12-8 мм кокс және фракциясы 6-4; 4-2,5;2-1мм агломерат дайындау қажет. Әртүрлі фракциялы агломераттан келесідей түйіршікті құрамына сәйкес қоспа жасау (1.1 кестені қараңыз).

Кесте 3 – Домна пешіне тиелетін агломераттың түйіршікті құрамы

Материал

Түйіршікті құрамы, %

+5,6мм

5,5-3,5

3,5-2,5

2,5-1,5

1,5-0,5мм

1

Агломерат

20

40

40

-

-

2

Агломерат

20

50

30

-

-

3

Агломерат

20

50

20

-

-

4

Агломерат

20

40

20

-

-

5

Агломерат

20

50

-

-

-

6

Агломерат

20

40

30

10

-

7

Агломерат

20

40

20

20

-

8

Агломерат

20

30

30

20

-

9

Агломерат

20

50

10

20

-

10

Агломерат

20

50

10

10

10

11

Агломерат

20

40

20

10

10

12

Агломерат

20

40

10

20

10

13

Агломерат

20

40

10

10

20

V = 0,20; 0,22; 0,25; 0,30домна пешіндегі колошниктің цилиндрлік көлемі теңдігінен шихта колошын анықтайды. Мұндай жағдайда теңдеуден кокс пен темір кенді материалдардың қатынасын анықтауға мүмкіндік беретін Pн = 3,2; 3,3; 3,6; 3,8; қатарынан кеннің салмағын анықтауға болады:

мұнда

– колошниктің цилиндрлік бөлігінің көлемі, м3,

– кокс пен агломераттың мөлшерлі салмағы, кг/м3,

–жіберу кезіндегі кокстың салмағы.

Пешке жіберу кезіндегі агломераттың салмағын келесідей теңдеумен анықтаймыз:

= -

мұнда – тиелетін шихтаның салмағына тәуелді колошникті тозаңның салмақтық үлесі. Тиеу жүйесін арттыру үшін төрт скипті жіберу арқылы тиеуді анықтау қажет. Мұндай жағдайда кокс пен агломератты теңдей бөліп, ААКК, АККА, КААК, АКАК, КАКА жүйесіне бір-бірлеп тиеу қажет немесе екі тиеу жүйесінің анықталған сандық қатынасынан тұратын циклді тиеуді қабылдау қажет.

Таңдалған тиеу жүйесін үлкен конуста жинақтау қажет. Содан кейін конусты белгілі жылдамдықпен түсіру керек. Бұл кезде материал колошникте таралады. Әрі қарай материалдардың таралуын зерттеу үшін колошниктің цилиндрлік бөлігінен төгушіаппаратты алып тастау қажет. Содан кейін екі центрлес қаңылтыр сақинаны қабаты – перифериялы, (екі сақина аралығындағы) аралық және (кішкентай сақина ішіндегі) орталық болып үш бөліктерге бөлінетін шихта қабатының ішіне қарай басып енгізіледі. Әрі қарай әрбір бөліктенбоялған қабат бетіне дейін мұқият совка көмегімен материалды таңдап алады. Әрбір бөліктен таңдап алынған материалдардың жеке-жеке жалпы салмағын, түйіршікті құрамын есептеуге мүмкіндік беретін фракция бойынша салмағын анықтайды. Үш қабаттағы әрбір фракцияның берілген мөлшері бойынша белгіленген қабатты қабылдау арқылы колошник радиусы бойыншаолардың концентрациясының өзгеру графигін тұрғызады.

Тәжірибені басқа тиеу жүйесінде қайталауға және пеш радиусы арқылы материалдардың таралуына тиеу жүйесінің әсерін анықтау қажет. Екі тиеу жүйесі кезінде колошник радиусына байланысты кенді жүктеменің өзгеру диаграммасын сызу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]