Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЫКЫЛАС, КОРЛАР ЕСЕБI.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36.23 Кб
Скачать

Материалдық қорлар есебі бойынша шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы

№  Шаруашылық операция мазмұны   Дебет Кредит  1.Жабдықтаушылардан шикізат пен материалдар түсті. 1310,1350  3310  2.Қосылған құнға салық сомасы  1420  3310  3.Материалдық қорлар жеке тұлғалардан түсті  1310,1350  3390

4.Материалдық қорлар жеке тұлғалардан және ұйымдардан тегін түсті 1310,1350  6220  5.Жабдықтаушыларға материалдардың құны есеп айырысу шотынан төленді.  3310  1030  6.Материалдық қорлар есеп беруге тиісті адамдардан кірістелді.  1310,1350  1250  7.Өндіріске материалдар жіберілді.  8110,8210,8310, 1350  8.Материалдық қорлар жалпы шаруашылық мақсаттарға жұмсалды.  7210 1350 

1.2Қорлар есебінің жүйелері

Қорлардың түсуі мен шығыны тұрақты негізде есептеліп отырады, яғни қорлардың қозғалысын бақылап отыру үшін әр күн сайын орындалады. Қорлардың әрбір атауына жеке шот жүргізіледі. Сатып алу осы шоттардың дебетінде көрсетіледі. Қорлардың кез келген түрі өндіріске берілетін болса, соған сәйкес қор шоты аударылған қорлар сомасына кредиттеледі. Дәл осы сома өткізілген өнімнің өзіндік құны шотында дебеттеледі.

Салыстыру мақсатында қолданылмаған қорларды есептеу (инвентаризациялау) жүзеге асырылуы мүмкін. Егер инвентаризациялау мен үздіксіз есеп мәліметтерінің арасында ауытқулар пайда болса, онда кезең соңында үздіксіз есеп жүйесінде инвентаризациялау сомасы көлеміне дейін түзетулер енгізіледі. Осылайша, үздіксіз есеп жүйесі арқылы қолданылатын және кезең соңында қалған қалдықтардың санын қадағалап отыруға болады. Үздіксіз есеп жүйесі бухгалтерлік есептің ішкі бақылауының жоғарғы деңгейін қамтамасы етеді, сонымен қатар ол есепте көрсетілген сомалар мен тауарлардың фактілік саны арасындағы айырмашылықты тұтынушыға анықтап көрсетіп отырады. Барлық есептік кезең бойынша қорлардың өткізу өзіндік құны және қорлардың нақты түрлерінің қоймада болуы мәлімденеді.

Есептік кезең соңында үздіксіз есеп жүйесін қолдану барысында табыстың өзіндік құнына қатар қою жолымен өнімді өткізуден түскен табыс балансы жасалады. Өнімді өткізуден түскен табыс көрсеткіштері Шығыстар мен Кірістер Есебіне аударылады, аралық қорытынды негізінде өткізуден түскен жалпы табыс есептеліп шығарылады.

Қоймадан тізілім бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала жинақталғаннан кейін таксалауға беріледі. Одан кейін құжат деректері кәсіпорында белгіленген есептік топтар бойынша топтастырылады. 1300 және 1330 «Тауарлар» - бөлімшелерінің шоттары бойынша қорлардың кірісі мен шығысы бойынша жүретін, материалдардың талдамалы есебінің жинақтаушы ведомоста әрбір топ бойынша сомалық өлшеммен көрсетіледі:

А) өткен айдағы ведомоста алынған ай басындағы қалдық;

Ә) құжаттарды өткізу тізімінен ай ішіндегі топ бойынша қорлардың кірісі;

Б) құжаттарды өткізу тізімінен ай ішіндегі топ бойынша қорлардың шығысы;

В) есептеу жолымен анықталған ай соңындағы қалдық [1]

Жинақтау ведомосы бухгалтерия мен қойма есебінің деректерін салыстыру үшін пайдаланылды. Қойма есебі материалдардың талдамалы есебі және карточкалары және қалдықтар есебінде жүргізіледі. Қалдықтар туралы деректер сәйкес келу керек, өйткені қоймадағы жазулар бір ғана құжаттардың негізінде жүргізілген. Бухгалтерияда жинақтау ведомостының немесе қорлардың қалдығы мен қозғалысы туралы есептеменің негізінде «Қорлардың ақшалай өлшемдегі қозғалысы» деген ведомосы жасалады. Жүкті қабылдаған кезде жетіспеушілік анықталатын болса, онда шығын сомасы акт негізінде Дт 1280 Кт 3310 болып жазылады. Егер қорлардың жетіспеушілігі шотты төлеуге келіскенге дейін анықталса, онда шығын сомасын шотты төлеуге келіскен сомадан төмендетеді. Есепті айда келіп түскен қорлар әрбір жеткізілім бойынша жекелей көрсетіледі. Дебеттелетін шоттарының бағандарында нақты құнның орнына есептік бағасы бойынша келіп түскен қорлардың құнын жазады. Төлем мен есептен шығарудфы қорлардың келіп түсуі, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы туралы деректер жазылатын жолдар бойынша, яғни жеткізушілер мен мердігерлерге тиісті сомалар көрсетілетін жерлерде көрініс табады. Шоттар қорлардың келіп түскенге дейін төленетін жағдайда шоттар бойынша сома тиісті тіркелімдердің Дт 1610 немесе 2180 бойынша көрсетіледі. Егер бұрын жолдағы қорлар деп есептелген қорлар шоттар төленген айда келіп түссе, олардың құгы жай тәртіппен көрсетіледі. Ай соңында Кт бойынша 3310 бойынша жиыны корреспонденцияланатын шоттар бойынша есептеліп шығарылады және бас кітапқа көшіріледі [18]

Қорлардың өндірістегі жұмсалуына алдын ала және кезекті бақылаулар жүзеге асырылады. Алдын ала бақылау кезінде материалдарды өндіріске босату әзірленген лимиттер бойынша жүзеге асырылады. Есепті айға материалдар шығысының лимитті материалдардың жекелеген түрлері бойынша белгіленген шығыс нормасын орындалған жұмыстардың жоспарлы көлеміне көбейту жолымен анықталады. Бұл орайда лимиттік шектеу картасы толтырылады. Материалдарды шектен тыс босату немесе материалдардың бір түрін басқасына алмастыру жеке құжатпен рәсімделеді.

Қорлардың өндірісте пайдаланылуын одан әрі бақылау үшін мынадай әдістер қолданылады:

  1. Нормадан ауытқуды рәсімдеу құжаты

  2. Топтамалар бойынша қаптау есебі

  3. Инвентарлық әдіс

1 – әдіс. Бұл әдіс кезінде, яғни материалдардың бір түрін басқасына алмастыру және материалдарды нормадан тыс босату нәтижесінде туындаған норма ауытқулары дабылдама құжатпен рәсімделуі тиіс.

2 – әдіс. Қапталатын материалдардың әрбір топтама бойынша ауытқуын анықтау үшін қаптама картасы ашылады. Онда жұмыс орындарына берілген материалдардың саны, дайын бұйымдардың норма бойынша және нақты шығуы көрсетіледі. Бұл есепті өндірістік шебер нұсқаушылар немесе жоспарлы диспетчерлік бюро жүзеге асырады.

3 – әдіс. Бұл әдістің мәні мынада: өндіріске босатылған материалдардың саны мен құны бастапқы құжаттардың негізінде 1310 шоттарының кредиттерінен 8110, 8310, 8410, 7210, 7110 шоттарының дебетіне есептен шығарылады. Ай соңында түгендеу жүргізу жолымен өндірісте қолданылмаған материалдардың саны анықталады.

Есептегі кезеңдік жүйенің ыңғайлылығының мәні оның канцелярлық жұмыс көлемін азайтуында. Кезеңдік жүйені шағын кәсіпкерлікте қолданған жөн, бірақ ұлттық бухгалтерлік есеп шегіндегі кезеңдік жүйе үшін арнайы қосымша синтетикалқ шоттарды енгізуге тура келеді [3].

Есептік кезең соңында үздіксіз есеп жүйесін қолдану барысында табыстың өзіндік құнына қатар қою жолымен өнімді өткізуден түскен табыс балансы жасалады. Өнімді өткізуден түскен табыс көрсеткіштері Шығыстар мен Кірістер Есебіне аударылады, аралық қорытынды негізінде өткізуден түскен жалпы табыс есептеліп шығарылады.

Шығындарды көшірудің тұрақты немесе кезеңдік жүйесін, сонымен қатар қорларды бағалау әдістерінің бірін таңдау және оны есептік саясатта жариялау көптеген факторларға байланысты болады: ұйымдастыру формалары, ұсыныс пен сұраныс динамикасы, баға конъюнктурасы, қаржылық және дивидендтік саясаты. Осылайша, үздіксіз есеп жүйесі арқылы қолданылатын және кезең соңында қалған қалдықтардың санын қадағалап отыруға болады.

Сатудың таза ықтимал құны – әдеттегі қызмет барысында өндірісті аяқтауға есептелген шығындаарды шегергендегі есептелген сату бағасы. Сатудың таза ықтимал құнын есептегенде келесілер есепке алынады:

  • Қорлардың сатылуы мүмкін, есептеу мерзіміндегі нарықтық бағалар, егер қорлар тұрақты бағалар бойынша сату келісім-шартты орындауға арналған болса, онда есепке келісім-шартындағы тұрақты бағалар алынады;

  • Жайшылықтағы іс барысында қалыптасқан немесе материалдар мен дайын өнімді сату шығындарының болжамды сомасы (есептеу кезеңінде әкімшілік шығындар есепке алынбайды).

Қорлардың қолда бар мөлшерінен асатын көлемде тұрақты бағамен сатып алуға жасалған келісім-шарт жасау немесе тауарды тұрақты бағамен сатып алуға жасалған келісім-шарт нәтижесінде бағаланған міндеттемелер пайда болуы мүмкін, олардың құрылу тәртібін ХҚЕС (IAS) 37 реттейді.

Кейбір ұйымдар пайдалар мен залалдар туралы есеп үшін кезең ішінде шығын ретінде танылған қорлардың өзіндік құнының орнына басқа көлемдердің ашылуына әкелетін форматты пайдаланады [5]

Қорлар есебінің жүйелері бөлімшесін қарастыра отырып мынадай қорытындыларға келуге болады: қорлардың қозғалысын бақылап отыру үшін әр күн сайын өткізіледі, салыстыру мақсатында қолданылмаған қорларды есептеу жүзеге асырылуы мүмкін. Егер инвентаризациялау мен үздіксіз есеп мәліметтерінің арасында ауытқулар пайда болса, онда кезең соңында үздіксіз есеп жүйесінде инвентаризациялау сомасы көлеміне дейін түзетулер енгізіледі, қорлардың өндірісте пайдаланылуын одан әрі бақылау үшін мынадай әдістер қолданылады:

  1. Нормадан ауытқуды рәсімдеу құжаты

  2. Топтамалар бойынша қаптау есебі

  3. Инвентарлық әдіс

Осы операциялар арқылы өндірістік кәсіпорындарда қорлардың есептеу жүйелерінің дұрыс қолдануын, олардың реті бойынша қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүргізілуін қадағалап отыру үшін өте маңызды. Курстық жұмыстың осы бөлімшесін қорытындылай отырып қорларды бағалау әдістерін толықтай қарастыруға көшеміз.