Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЫКЫЛАС, КОРЛАР ЕСЕБI.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36.23 Кб
Скачать

Мазмұны:

Кіріспе

1. Қорлар есебінің теориялық аспектілері

1.1. Қорлардың мәні және олардың классификациясы

1.2. Қорлар есебінің жүйелері

1.3. Қорларды бағалау әдістері

2. «Қазақмыс» корпорациясы мысалында қорлар есебінің қазіргі қолданыстағы практикасы

2.1. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық мінездемесі

2.2. Қорлардың шығысы мен кірісін құжаттық рәсімдеу

2.3. Қорларды түгендеу есебі

Қорытынды

Қолданылған әдебиет тізімі

Кіріспе

Қорлар – бұл әдеттегі қызмет барысында сатуға арналған, осындай сату үшін өндіріс үрдісіндегілер немесе қызмет көрсетудегі қолданылатын шикізат пен материалдар түріндегі активтер.

Қор – бұл:

1) шикізат қорлары, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар.

2) аяқталмаған өндіріс.

3) субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі активтер.

ХҚЕС 2 анықтайтын тәртібі:

  • Бухгалтерлік есептілікте қорларды актив ретінде бейнелеу;

  • Қорлардың өзіндік құнын есептеу.

Осы стандарт келесі операциялардың есептелуін реттейді:

  • Әрі қарай өңдеу үшін материалдар мен шикізатты алу;

  • Дайын өнім мен жартылай фабрикаттардың өзіндік құнын бағалау;

  • Жұмсалған материалдар және шикізаттармен қоса, аяқталмаған өндірістің өзіндік құнын бағалау.;

  • Тауарларды сатып алу және сату кезіндегі олардың өзіндік құнын анықтау (соның ішінде автокөліктер, үйлер және учаскелері сияқты арнайы тауарларды қоса алғанда).

ХҚЕС 2 келесі жағдайлармен байланысты операцияларды реттемейді:

  • Құрылыс келісім-шарты бойынша аяқталмаған өндірістің шығындарын есептеумен

  • Қаржылық активтерді сатып алумен (акциялар, облигациялар, вексельдер және өзге де қаржылық құралдар)

  • Ауыл-шаруашылық қызметінде пайда болатын қорларды есептеумен

  • Алыпсатарлық мақсатта сатып алған қорлар есебі, яғни нарықта бағалардың өзгеруіне байланысты қысқамерзімде пайда табу.

Берілген курстық жұмыста қарастырылатын мәселелер ХҚЕС 2 стандартына сәйкес қорларды есептеу және бағалауды жүргізу, оларды құжаттық рәсімдеу және есебін жүргізу болып табылады.

Курстық жұмыс мақсаты - ХҚЕС 2 стандартына сәйкес қорларды есептеу және бағалауды , оларды құжаттық рәсімдеу және есебін жүргізуді үйрену, зертеу арқылы алынған білімдерді тәжіриибеде қолдану болып табылады. Стандарт қорлардың өзіндік құнын анықтауда әр түрлі әдістерді қолдану, оларды, қолдану нәтижелерін өзіндік құнның мәнін жуықтап көрсету.

зертеу арқылы алынған білімдерді тәжіриибеде қолдану болып табылады. Стандарт қорлардың өзіндік құнын анықтауда әр түрлі әдістерді қолдану, оларды, қолдану нәтижелерін өзіндік құнның мәнін жуықтап көрсету. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қорлар қозғалысы үрдістерінің басқару стратегиясын ғылыми – теориялық негіздерін жан-жақты зерттеу негізінде құру.

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі – өндірістік қорлар бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары. Сондықтан да өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік қорлардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есбін жүргізіп, оларды түгендеуді қазіргі заманға сай орындай білу. Экономика тұрғысында зерттеу кәзіргі уақытта өзінің даму қадамының бастапқы сатысында тұр және көбінесе өзекті проблемаларды анықтауға бағытталған, сонымен қатар и оларды шешудің нұсқалары, әдістері және жолдары ғылыми жұмыстарда әзірге көп орын ала қойған жоқ. Қазақстанның одан әрі даму перспективалары және экономикалық дамуының тұрақтылығы мемлекеттің даму жолына түсуімен анықталады. Бұл курстық жұмыста арастырылатын тақырыптың өзектілігі барлық өндірістік кәсіпорындардағы қаржылық есептіліктің дұрыс рәсімделуі, оның ішінде қорлардың бағалау және бірнеше әдіс бойынша дұрыс есебін жүргізу болып табылады. Кәсіпорындағы үрдістердің басқару стратегиясына белсенділікті, факторларды және кәсіпорындар жағынан қозғалыс күштерін зерттеу негізінде құру және нәтижелеу арқылы жетуге болады.

Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізіне өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік қорлардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есбін жүргізіп, оларды түгендеуді қазіргі заманға сай орындай білуболғандықтан үрдістерді басқару стратегиясын қалыптастыру, болжау және экономиканы мемлекеттік реттеу, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын белсендіру саласындағы қазіргі заманғы отандық және шетел ғалым – экономистерінің еңбектері алынды. Зерттеудің стратегиялық мақсатын нәтижелеу үшін бірін – бірі толықтыратын әр – түрлі методологиялық әдістер қолданылды. Жұмыста логикалық, статистикалық талдау, экономико – математикалық моделдеу, кестелік және графикалық интерпретациялау әдістері қолданылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп, отандық және шетел ғалым ғалымдарының зерттеулерінің материалдары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңнамалары мен бағдарламалық материалдары және экономикалық зерттеулерді жүргізудің жалпы экономикалық ұстанымдары, ғылыми – практикалық конференциялар материалдары, интернет – қор және Халықаралық қаржылық есеп стандарты (IAS) 2 Қорлар, Типтік бухгалтерлік есеп шоттар жоспары Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері, қосымша анықтамалық оқу құралдары, зерттеу материалдары пайдаланылды.

1.Қорлар есебінің теориялық аспектілері

1.1 Қорлардың мәні және олардың классификациясы

Болашақ экономикалық пайда – бұл кәсіпорынның ақша құралдарының тікелей және жанама салымы мен ағымы. Бұл салым өндіріс үрдісіндегі активтерді тұтыну мен сатып алу түріндегі кәсіпорынның негізгі қызметінің бөлігі ретінде туындауы мүмкін (сауда саласындағы сату және сатып алу). Сонымен қатар, ол ақша құралдарына немесе өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін ақша құралдарының ағымын қысқартатын конветтелу формасын қабылдай алады.

Бұл олардың көмегі арқылы көрсетілетін қызметтердің потенциалы немесе пайдалылығы қорлардың кәсіпорындағы бақыланатын актив ретіндегі классификациясын ақтайды. Әдетте, қорлар кәсіпорынның өндірістік циклында қолма-қол ақша құралдарына немесе басқа да активтерге айналады.

Кәсіпорынның өндірістік циклы – бұл өндірістік үрдіске кіретін уақыттың орташа кезеңі арасындағы қорларды алу және оларды жылдам айналысқа түсетін ақша құралдарына өткізу.

Бухгалтерлік балансты дайындау барысында қорларды әдетте ағымдағы активтер ретінде келесі түрде классификациялайды:

А) олар кәсіпорын қызметінің операциялық бөлігі болып табылады және кәсіпорынның өндірістік циклында олардың тұтынылуы және өткізілуі күтіледі;

Б) қысқа мерзімде саудалық мақсатта сақталады және олардың есептік күннен 12 ай бойы өткізілуі күтіледі.

Кәсіпорындардың көбісі қорлардың тұрақты және сатып алынған түрлерін ұстайды. Қор деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Ол өндірістің түрі мен сипатына байланысты болады. Нақты бір тұтынушыға жұмыс атқаратын кәсіпорындар қорлардың төменгі деңгейін сақтайды, олар тұтынушыларға өнімді дайын болған кезде жеткізіп қамтамасыз етеді. Егер тауар тез бүлінетін болса, онда кәсіпорындар өз қорларын азайтуға тырысады. Үлкен өндірістік циклы бар кәсіпорындар аяқталмаған өндіріске үлкен көлемдегі сомаларды инвестициялай алады. Кәсіпорын қандай болмасын қор деңгейін сақтаса да, бұл қымбат болуы мүмкін. Себебі, ол өзіне қорларды сақтау, сақтандыру, кәсіпорынның құлдырауы немесе ұрлануы, сонымен қатар құралдардың әрекетін тоқтату бойынша қаржылық шығындарды қосады.

Өндірістік қорлар – бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.

Қорлар – бұл:

1) шикізат қорлары, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар.

2) Аяқталмаған өндіріс.

3) Субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі активтер [1]

Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:

- материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу

- құжат айналымының айқын жүйесі және қорларды кірістеу және шығару жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау

- бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру

- қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу

- бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компъютерлендіру

Өндірістік қорлар функционалдық бағыты бойынша былайша бөлінеді:

Шикізаттар мен материалдар – бұл өнім әзірленетін еңбек заттары.Олар өнімнің материалдық негізін қалайды. Ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптің өнімдері.

Негізгі материалдар – бұл ұсатушы өнеркәсіптің өнімдері.

Көмекші материалдар – бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі – өнімнің заттық негізін қаламайды.

Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар – бұл белгілі бір өңдеу сатыларынан өткен, бірақ әлі дайын өнім болып табылмайтын шикізат пен материалдар.

Отын – бұл мұнай өнімдері, қуатты отын және газ. Олар:

-технологиялық;

-қозғалтқыш;

-шаруашылық болып бөлінеді.

Ыдыс және ыдыс материалдары – бұл әртүрлі материалдарды буып-түюге, тасымалдауға, сақтауға пайдаланатын заттар.

Өзге материалдар – бұл өндіріс қалдықтары, түзілмейтін ақаудан қайтарылатын қалдықтар, негізгі құралдар шығарылуынан алынған материалдық құндылықтар.

Қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 – «Қорлар» бөлімшесіні негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.

1310 – «Шикізаттар мен материалдар»

1320 – «Дайын өнім»

1330 – «Тауарлар»

1340 – «Аяқталмаған құрылыс»

002 - «Жауапты сақтауға қабылданған қорлар»

003 – «Қайта өңдеуге қабылданған материалдар»

005 – «Монтаждауға қабылданған жабдықтар [18]

Қорлардың түсуі мен шығыны тұрақты негізде есептеліп отырады, яғни қорлардың қозғалысын бақылап отыру үшін әр күн сайын орындалады. Қорлардың әрбір атауына жеке шот жүргізіледі. Сатып алу осы шоттардың дебетінде көрсетіледі. Қорлардың кез келген түрі өндіріске берілетін болса, соған сәйкес қор шоты аударылған қорлар сомасына кредиттеледі. Дәл осы сома өткізілген өнімнің өзіндік құны шотында дебеттеледі.

Салыстыру мақсатында қолданылмаған қорларды есептеу (инвентаризациялау) жүзеге асырылуы мүмкін. Егер инвентаризациялау мен үздіксіз есеп мәліметтерінің арасында ауытқулар пайда болса, онда кезең соңында үздіксіз есеп жүйесінде инвентаризациялау сомасы көлеміне дейін түзетулер енгізіледі. Осылайша, үздіксіз есеп жүйесі арқылы қолданылатын және кезең соңында қалған қалдықтардың санын қадағалап отыруға болады. Үздіксіз есеп жүйесі бухгалтерлік есептің ішкі бақылауының жоғарғы деңгейін қамтамасы етеді, сонымен қатар ол есепте көрсетілген сомалар мен тауарлардың фактілік саны арасындағы айырмашылықты тұтынушыға анықтап көрсетіп отырады. Барлық есептік кезең бойынша қорлардың өткізу өзіндік құны және қорлардың нақты түрлерінің қоймада болуы мәлімденеді.

Қорлардың кезеңдік есебі. Қорлар есебі біркелкі жүргізілмейді, олар физикалық қайта санау (дана, лтр, тонна, т.б.) әдісі бойынша кезең соңында есептеледі. Қорларды сатып алу «Сатып алулар» синтетикалық шотының дебеті бойынша көрсетіледі, ол біруақыттық шоттарға (ауыстырылған) кредиттеледі. Келесі формула арқылы есептеледі:

Қорлардың есептік кезең басына қалдығы + сатып алынған қорлар = өткізуге дайын қорлардың өзіндік құны – қорлардың есептік кезең соңына қалдығы = өткізілген қорлардың өзіндік құны

Есептегі кезеңдік жүйенің ыңғайлылығының мәні оның канцелярлық жұмыс көлемін азайтуында. Кезеңдік жүйені шағын кәсіпкерлікте қолданған жөн, бірақ ұлттық бухгалтерлік есеп шегіндегі кезеңдік жүйе үшін арнайы қосымша синтетикалқ шоттарды енгізуге тура келеді.

Есептік кезең соңында үздіксіз есеп жүйесін қолдану барысында табыстың өзіндік құнына қатар қою жолымен өнімді өткізуден түскен табыс балансы жасалады. Өнімді өткізуден түскен табыс көрсеткіштері Шығыстар мен Кірістер Есебіне аударылады, аралық қорытынды негізінде өткізуден түскен жалпы табыс есептеліп шығарылады.

Шығындарды көшірудің тұрақты немесе кезеңдік жүйесін, сонымен қатар қорларды бағалау әдістерінің бірін таңдау және оны есептік саясатта жариялау көптеген факторларға байланысты болады: ұйымдастыру формалары, ұсыныс пен сұраныс динамикасы, баға конъюнктурасы, қаржылық және дивидендтік саясаты. Осылайша, үздіксіз есеп жүйесі арқылы қолданылатын және кезең соңында қалған қалдықтардың санын қадағалап отыруға болады [1].

Қорлардың мәнін және олардың классификациясы бөлімшесінде біз қорлар дың халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес анықтамасы мен классификациялануын, олардың кәсіпорындағы маңызын толықтай ашып, қорытындылай келе қорлар есебінің жүйелері деп аталатын келесі бөлімшеге назар аударайық.