- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі
- •Электротехниканың теориялық негіздері
- •0901000 – «Электр станциялары мен тораптардың электржабдығы» (түрлері бойынша)
- •0901043 – Техник-электрик
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы
- •Түсініктемелер
- •Бөлiктi жəне еселi бiрлiктеріне қосымшалар
- •1 Бөлім тұрақты токтың электрлік тізбектері Электр өрісі туралы бастапқы мәліметтер
- •Физикалық диктант.
- •Vіі. Бекіту кезеңінде: Тәжірибие көрсету.
- •VI. Оқушылар білімдерін бағалау
- •Осы өрнек дифференциал түріндегі Ом заңы деп аталады.
- •Осы алынған өрнекті толық тізбек үшін Ом заңы деп атайды.
- •Бақылау сұрақтары
- •Сұрақ-жауап (жаңа сабақты бекіту)
- •Есеп шығару үлгілері
- •Өзіндік тапсырмалар
- •«Ұлы ғалымдар» туралы
- •Өзіндік тапсырмалар
- •Жұмбақ шешу
- •Сұрақ –жауап
- •Тұрақты электр тогы Тұрақты ток тақырыбына тест сұрақтары
- •Жауаптары:
- •2 Бөлім Электромагниттік өріс және магниттік өріс
- •Бақылау сұрақтары
- •Есеп шығарудың үлгiлерi
- •Ампер күшi – магнетизмнiң негiзгi заңы
- •Лоренц күшi
- •Заттың магниттiк қасиеттерi. Ферромагнетиктер
- •Есептердi шешудiң мысалдары
- •Түсiнiктеме сөздiк
- •Электростатика бойынша тест сұрақтары
- •Жауаптары:
- •Электр және магнетизм Магнит өрісі тақырыбына тест сұрақтары
- •Жауаптары:
- •Электромагниттік индукция. Электромагниттік индукция тақырыбына тест сұрақтары
- •Жауаптары:
- •3 Бөлім айнымалы токтың электр тізбектері
- •Есеп шығару мысалдары
- •Өзіндік тапсырмалар
- •Жауаптары
- •Айнымалы электр тогы. (тест сұрақтары.)
- •Тербелмелі контур. Резонанс тақырыбына арналған тест сұрақтары
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі
Электротехниканың теориялық негіздері
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
0901000 – «Электр станциялары мен тораптардың электржабдығы» (түрлері бойынша)
0901043 – Техник-электрик
Ақтөбе 2018 ж
ҚҰРАСТЫРУШЫ: А.С. Ибраева. Электротехниканың теориялық негіздері. Пәннің оқу-әдістемелік кешені (0901000 – «Электр станциялары мен тораптардың электржабдығы» (түрлері бойынша) мамандықтары үшін) – Ақтөбе: Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі
Аңдатпа: Электротехниканың теориялық негіздерінде электромагниттік құбылыстар, электротехникалық құрылымдардың жəне жүйелердің үдерістері қаралған. Электротехниканың теориялық негіздері сабағы электро- энергетика, электротехника, механика жəне электротехнология мамандықтарының студенттерінің инженерлік білім алу жолындағы арнаулы сабақтарын іргелі біліммен жəне əдістемелікпен қамтамасыз етеді.
1 Пәннің оқу бағдарламасы
1.1 Әзірлеуші-оқытушылар туралы мәліметтер:
Арнайы пән оқытушысы Ибраева Айгерим Сапаргалиевна.
Сабақ жүргізетін оқытушы Ибраева Айгерим Сапаргалиевна
Байланыс түрі 8-701-9591954, E-mail: Ibraeva-aigerim@mail.ru
1.2 Пән туралы мәліметтер:
Пән атауы Электр тізбектерінің теориясы
Сағат саны – 56
Өткізу мерзімі - I-II семестр
1-кесте
Жұмыс оқу бағдарламасының жоспарынан көшірме
Курс |
Семестр |
Теория |
Зертханалық сабақтар |
Тәжірибелік сабақтар |
Бақылау жұмысы |
Сынақ |
Емтихан |
Барлығы |
1 |
1-2 |
36 |
20 |
- |
2 |
2 |
- |
56 сағ
|
Алғы сөз
Электротехниканың теориялық негіздері көптеген техникалық мамандарды дайындайтын оқу орындарының негізгі пəндерінің бірі болып саналады. Электротехниканың теориялық негіздері екі семестр бойы оқылады. Осыған байланысты оқулықтың материалдары үш бөлімге бөлінген: 1-2 бөлімдері электртізбегіне арналған, ал 3 бөлімі электромагнит өрісінің теориясына арналған.
Оқулықтың мазмұны Білім жəне ғылым министрлігінің осы мамандықты оқытатын барлық оқу орындарына арналып бекітілген бағдарламаға сəйкес келеді.
Электротехниканың теориялық негіздерінде электромагниттік құбылыстар, электротехникалық құрылымдардың жəне жүйелердің үдерістері қаралған.
Электротехниканың теориялық негіздері сабағы электроэнер- гетика, электротехника, механика жəне электротехнология мамандықтары студенттерінің инженерлік білім алу жолындағы арнаулы сабақтарын іргелі біліммен жəне əдістемелікпен қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркəсіп салаларында, көлікте, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында жəне халықтың басқа да тұрмыс қажетіне кеңінен пайда- ланылады.
Электр техникасы деп электр магниті құбылыстарын практика жүзінде кең қолданылуын айтамыз. Барлық электр техникасы салалары бір-бірімен байланысты болғандықтан техникалық жоғары оқу орындарында "Электр техникасының теориялық негіздері" курсын ашуға тура келді. Бұл курс əртүрлі электр техникасы пəндерінің негізгі базасы болып есептелінеді.
Осы курстың негізгі міндеті – құбылыстарды токтар, кернеулер, қуаттар, магнит ағындары, т.б. түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Сондай-ақ құбылыстарды электр кернеулігі, магнит өрісінің индукциясы, қуат ағындары, т.б. түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Осы міндеттердің біріншісі, тізбектерді, ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге, зерттеуге арналған.
Электр техникасының өсіп-дамуы электр магниті құбылыстарын жете зерттеуді, оқып білуді, практика жүзінде пайдалануды керек етеді.
Оқулықтың құндылығы – физика, математика, механика ғылымдарымен байланысты ғылымдардың түрлі салалары бойынша қазақ тілінде жарық көрген төлтума жəне аударма окулықтарды пайдалануы, материалды баяндау кезінде физика, математика ғылымдарының терминологиясының қол жеткен табыстарын кең қолдануы жəне кейбір терминдерді ғылыми қағидаларға сай келеді деп кітапқа енгізуі жəне күндізгі бөлімдердегі студенттермен бірге сырттай оқитын студенттердің де пайдаланатындығы ескеріліп, теориялық мəселелер мүмкіндігінше карапайым тілмен түсіндірілген. Теориялық тұжырымдардың инженерлік тəжірибеде қолдану амалдары көрсетілген.
Бұл оқулық – автордың бірнеше жылдар бойы жоғары оқу орындарының студенттерімен жүргізген еңбектерінің жəне Ресей энергетикалық, электротехникалық университеттерінде өткен стажировкаларының нəтижесі.
Техникалық оқу орындарында осы оқулықтар кеңінен пайдаланылады.
