- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі
- •Еңбекті қорғау
- •0901000 – «Электр станциялары мен тораптардың электржабдығы» (түрлері бойынша)
- •0901043 – Техник-электрик
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы
- •«Еңбекті қорғау» пәні бойынша түсініктеме
- •Еңбекті қорғаудың басқару жүйесі (ссбт).
- •1 Тақырып. Кіріспе. Еңбек қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері.
- •Еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар
- •Еңбек қорғау жөнінде нүсқау беру
- •Өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар
- •Сәтсіз оқиғалардың классификациясы
- •Өндірістік травматизм мен кәсіби аурулардың басты себептері
- •1. Техникалық себептер
- •2. Ұйымдастыру себептері.
- •Сәтсіз оқиғаяарды тексеру тәртібі
- •Стандарт
- •Байланыс мекемелер мен кәсіпорындарда еңбекті қорғау жұмысын ұйымдастыру.
- •Өндірістік зақымдану себептерін білу әдістері
- •2 Бөлім Қауіпсіздік техникасы негіздері. 2.1 тақырып Электрлік қауіпсіздік.
- •Электрқондырғылардың тоқ өткізбейтін жүйелерінен қорғану.
- •Электрқондырғылардың тоқ өткізбейтін жүйелерінен қорғану.
- •Қорғаушы ажыратқыш қондырғысы
- •Электр тоғынан қорғану үшін пайдалынылатын қорғаушы құралдар .
- •1000В жоғары электр қондырғыларда негізгі қорғаушы құралдарға:
- •1000 В дейінгі электр қондырғыларда негізгі қорғаушы құралға:
- •Қондырғының тоқ өткізгіш бөліктерінен қорғану шаралары
- •Нольдену төрт сымды үш фазалы кернеуі 1000в дейінгі жүйеде қорғаушы құрал ретінде қолданылады.
- •Жабдықты қорғау кезіндегі ағыту.
- •Жоғарға кернеуден төменгі кернеуге өту кезіндегі қорғану. Желілердің электрлік бөлінуі.
- •Электр қондырғылармен жұмыс істеуде қауіпсіздікті қамтамассыз ететін шараларды ұйымдастыру.
- •Техника қауіпсіздігінің сипаттамасы.
- •Көлік және тиеу –тасымалдау жұмыстарындағы техника қауіпсіздігі
- •Жүкті тасымалдау ережелері:
- •Жүкті кранмен тасымалдау кезінде қолданылатын белгілер
- •Жүктерді тиеу және түсіру ережелері
- •3 Бөлім Өндірістік санитария.
- •Өндірістегі жарықтандыру
- •Өндірістегі шу және онымен күресу жолдары
- •Өндірістегі діріл және оның зиянды әсерлерімен күресу шаралары
- •Өндіріс орнын жарықтандыру.
- •Шу мен вибрация (діріл) ықпалынан қорғану.
- •4 Бөлім Өрт қауіпсіздігі негіздері
- •Жану процестері
- •Өрт шығу себептері және өрт қауіпсіздігі
- •Өрттен қорғану шаралары Өртке қарсы кедергілер
- •Өрттенген үйден адамдарды көшіру (эвакуациялау)
- •Белсенділік әдіспен өрт сөндіру құралдары.
- •Бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдары
- •Әрекеттегі электр қондырғыларда және электрмен жабдықтау жүйесінде қауіпсіз жұмыс жасаудың негіздері
- •Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары
- •1. Жалпы ережелер
- •Еңбек қорғау пәнінің бақылау сұрақтары
- •Еңбекті қорғау пәні бойынша тест сұрақтары
- •6. Емтихан-тест сұрақтары
Сәтсіз оқиғаяарды тексеру тәртібі
Сәтсіз оқиға туралы жарақаттаңған адам өзі немесе оны көрген адам бөлімше (жұмыс) бастығына дереу хабарлау керек. Бөлімше бастығының міндеті:
а) жарақаттанған адамға дереу бірінші медициналық көмек ұйымдастырып оны емдеу мекемесіне жеткізу;
б) тексеру басталғанша оқиға болған жұмыс орнының жағдайын және жабдыктардың күйін бұзбай сақтау;
в) сәтсіз оқиға туралы кәсіпорын бастығына және кәсіподақ комитетіне хабар беру.
Кәсіпорын бастығы сәтсіз оқиға туралы дереу хабарлайды:
ә) мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясына;
б) еңбек қорғау жөніндегі мемлекеттік және ведомстволық қадағалау және бақылау органдарына (егер обьектілер олардын бақылауында болса) ;
з) жоғарғы шаруашылық органына;
г) мемлекеттік санитария қадағалау органына ( кәсіби ауру нeмece улану болса ) .
Бip кісілік, ауыр емес сәтсіз оқиғаны тексеруді кәсіпорны бастығы немесе оның тапсырмасы бойынша жөн білетін адам, енбек қорғау кызметінің мамандары және басқа қызмет адамдары жүргізеді, әрине кәсіподақ комитетінің өкілінің қатысуымен.
Басқа кәсіпорнынан келген жұмыскерлерлен болған сәтсіз оқиғаны оларды жіберген кәсіпорынның өкілдерінің қатысуымен оқиға болған кәсіпорынның бастығы тексереді.
Дер кезінде хабарланбаған немесе еңбекке жарамсыздықты бірден туғызбаған сәтсіз оқиға ол туралы арыз берген күннен бастап 1 айдын ішінде тексерілу керек.
Тексеріс нәтижесі бойынша керекті мөлшерде (4 данадан кем емес) акті (форма Н-І) жасалынады. Оны кәсіпорын бастығы бекітіп, мөр басып растайды.
Арнайы төксеріске жатады:
а) тобымен (көп кісілік) болған сәтсіз оқиға (бір мезгілде жарақаттанған адамдардың саны 2 не одан apтық;
б) ауыр нәтижелі сәтсіз оқиға (мүгедектік жағдай сөзсіз);
в) өлімді (қазалы) сәтсіз оқиға;
г) ауыр кәсіби ауру (улану).
Осы сәтсіз оқиғалар туралы кәсіпорын бастығы дереу хабар береді:
а) мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясына;
б) жоғарғы шаруашылық органға;
в) прокуратурага;
г) жергілікті мемлекеттік және ведомстволық қадағалау және бақылау сргандарына ( егер обьектілер олардың бақылауында болса);
д) кәсіподақ комитетіне;
э) мемлекеттік санитария қадаралау органдарына (ауыр кәсіби ауру немесе улану болса).
Бұл сәтсіз оқиғалардың арнайы тексеуін комиссия жүргізеді оның құрамы мынадай:
а) төрағасы - мемлекеттік еңбек қорғау инспекторы;
б) мүшелері - жоғарғы шаруашылық органының бастығы (оның орынбасарлары) , кәсіпорын бастығы, кәсіподақ органдарының өкілі.
Көп кісілік сәтсіз оқиғаны, егер 2 одам өлсе, арнайы тексеруді құрамы мыдандай комиссия күргізеді:
а) төрағасы - облыстық еңбек қорғау басқарма бастығыньң орынбасары;
б) мүшелері - жоғарғы шаруашылық органының бастығы, кәсіпорын бастығы, кәсіподақ органының өкілі.
Көп кісілік сетсіз оқираны, егер 3-5 адам өлсе, арнайы тексеруді еңбек қорғау Департаменті сайлаған комиссия жүргізеді ал егер өлген адамдардың саны 5-артың болса, тексеруді Қазақст Реслубликасының үкіметі сайлаған комиссия жүргізеді.
Госгортехнадзор және басқа мемлекеттік қадағалауындағы обьектілерде болған сәтсіз оқиғаларды тексеру олардың өкілдері қатысу арқылы, ал кәсіби ауру (улану) жағдайында – Госсаннадзор органдарының өкілдері қатысу арқылы, жүргізіледі.
Сәтсіз оңиғаларды арнайы тексеру нәтижесі бойынша ерекше формада акті жасалынады. Бұл актіден басқа әр жараңаттанған адамға Н-І формасы бойынша акті жасалыну керек.
Егер кәсіпорын бастығы Н-І форма бойынша акті жасаудан бас тартса немесе жарақаттанған адам тексеріс материалдарымен келіспесе, оның кәсіподақ органдарына шағым жасауға хақысы бар.
Керек жағдайда ол адам сотқа арыз бере алады.
Тексеріс аякталғаннан кейін 10 күннің ішінде мемлекеттік еңбек қорғау инспекторы арнайы тексеру материалдарын прокуратураға жібереді, ал тобымен өлімді болған сәтсіз оқиғалардың материалдары еңбек қорғау Департаментіне де жіберіледі.
Сәтсіз оқиғалардын тексеру материалдары кәстпсрынында 45 жыл бойы сақталынады.
Әр болған сәтсіз оқиғаны тексерілу нәтижесін кәсіпорын бастығы мен кәсіподак, комитеті барлық кәсіпорын ұжымына хабарлайтын болу керек.
1-дәріс
Еңбекті қорғау заң мен актілерді орындау үшін ҚР еңбек туралы заңын жақсы біліп, сонымен тығыз байланыста ғана жұмыс істеу керек. ҚР еңбек туралы заңы 1999 жылы желтоқсан айында қабылданды. Бұл заң біздің конституциямыздың әр адам еңбек етуге құқы бар деген бабымен ұштастырылады. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасында жеке және коллективтік шарттар еңбек туралы заң арқылы реттеледі.
Жұмысшының негізгі құқығы:
Еңбек ақы ешқандай дискриминациясыз төленеді;
Еңбек ету жағдайы қауыпсіздендірілген және гигиена жағынан жағдай жасалған;
Профсоюз немесе басқада бірлестіктерге әркім тек өз еркімен ғана кіруге;
Демалысқа бөлінген уақытын өз еркімен қолдануға;
Жұмыс істеу мерзімінде болған зиянды, не денсаулығына келген зиянның өтелуіне;
Келіспеушілік жағдайларда сот арқылы шешуге;
Жұмыс берушінің шартактілерімен танысуға, оған қосымшалар қосуға, енгізуге;
Өзінің кәсіби шеберлігін көтеруге – оқуға;
Жұмысшы жеке еңбек шартын қысқартып, жұмысты тоқтатуға. Ол үшін жазбаша түрде бір ай бұрын жұмыс берушіні ескертеді.
ҚР еңбек заңы бойынша жұмысшының міндеті.
Өз міндетін адал атқаруға, актідегі барлық міндеттерді бұлжытпай орындауға
Еңбек тәртібін орындауға;
Жұмыс орнына зиян келтірмеуге, қауіпсіз еңбек ережелерін, өрт қауіпсіздігін өндірістік тазалық нормаларын сақтауға;
ҚР еңбек заңы бойынша жұмыс берушінің міндеті мен құқығы.
Жұмысшы мен жеке немесе коллективтік шарт жасауға, еңбек етуге заң бойынша жағдай туғызуға;
Жұмысшының атқаратын қызметіне байланысты оның құжаттарын талап етуге;
Жұмысшыны марапаттауға;
Өндіріске келген шығынды (егер сол қызметкердің кесірінен болса) төлетуге;
Жеке ие коллективтік шарттарда көрсетілген барлық пунктерін орындауға;
Егер заңсыз түрде жұмысшы забастовкаға (ереуілге) қатысса, оны жұмыстан шығаруға не кәсіпорынның жұмысын жабуға.
Мемлекеттік архивке жұмыскердің жұмыс істегені туралы құжаттарды тапсыруға, пенсия фондына ақшасын аударып тұруға.
Егер жұмысшының өміріне не денсаулығына зиян келіп тұрса, жұмысты тоқтатуға;
Жұмысшыға, қандай кәсіби ауруға ұшырауы мүмкін екенін ескертуге;
Нормативтік актілерді көрсетілген жеке еңбек шарттарына отыруға болады;
Белгісіз мерзімге
Белгілі-бір мерзімге
Егерде шартта мерзімі көрсетілмесе,жұмыс істеу мерзімі белгісіз болып есептеледі.
Жас аралығына байланысты жұмысқа қабылдау.
Ауыр және түнгі жұмыстарға жасы 18 келмеген адамды алуға болмайды.
Жұмысқа алу құжаттары: еңбек туралы кітапша (труд. книжка), еңбек шарты, бұйрықтың көшірмесі.
Сынақтан өткізіліп жұмысқа алатын қызметкердің шартында қанша уақытқа сынаққа алынғаны жөнінде аталып көрсетілуі керек. Егер уақыты көрсетілмесе, сынақсыз жұмысқа қабылданған болып есептеледі;
Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс;
Жұмысшы мен жұмыс беруші еңбек шартында қандай түрде және қандай мақсатта сынақ жүргізілетіні жөнінде келісу;
Заңсыз жұмыстан шығарылып жеке еңбек шарты бұзылған, қайта өз жұмысына қайтып орналасқан жұмысшыға орташа еңбек ақысы жұмыс істелмеген үш айға ғана төленеді.
Жеке еңбек шарты өз күшін келесі жағдайларда жояды.
Жұмысшы әскерге шақырылап, ол жөнінде үш күн ішінде құжат болып келсе.
Жұмысшы бас бостандығынан айрылып, әрі қарай жұмыс істеуге жағдайы болмаса;
Қайтыс болса.
