Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Ебекті орау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
826.88 Кб
Скачать

1 Тақырып. Кіріспе. Еңбек қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері.

 

Еңбек қорғау- өмір қауіпсіздік және жұмыскердің жұмыс уақытындағы денсаулығын қамыту жүйес және оған кіреді құқықтық, социалды-экономикалық, ұйымды-техникалық, санитарлы-гигиеналық, емдеу-сақтандырылатын, ақтау және басқа шаралар мен әдістер.

Еңбек қоғауға ішіне кіреді:

-   өндірістегі еңбек қорғау және қауіпсіздік заңы;

-   қауіпсіздік техникасы;

-   өндірістік санитария және еңбек гигиенасы;

-   өрт қауіпсіздігі.

Еңбек жағдайын қауіпсіз өнімді көтеру үшін ұйымдастырушылық, техникалық және санитарлы-гигиеналық шаралар еңбек қорғау туралы заңының құқықтық негізі болып табылады.

Еңбек қорғау саласында және бақылау қадағалау.

Өндірісте еңбек қорғау саласында қадағалау мен бақылаудың мынандай тұрлері қолданылады: мемлекеттік қадағалау, ведомстволық бақылау және қоғамдық бақылау. Бұл қадағалау мен бақылаудың мақсаты - ендірісте енбек қорғау заңдарының барлық талаптарын бұлжытпай орындау болады.

1.     Мемлекеттік қадағалау

Еңбек қорғау заңдарын орындау жөнінде мемлекеттік қадағалауді;  мынандай ұйымдар  (органдар) жүзеге асырады:

А. Еңбек қорғау Департаменті, (еңбек министрлігінің құрамында) , жергілікті жерде еңбек қорғау басқармасы - мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясы бар. Бұл органның басты функциясы - еңбек қорғау мәселелерін жан-жақты басқару және еңбек жағдайларын жақсарту жұмыстарын үйлестіру болып табылада.

Б. Мемлекеттік кентехника қадағалауы (Госгортехнадзор) өндірісте жұмыстарды қауіпсіз жүргізу және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитеті. Бұл орган Министрлер Кабинетінің құрамына кіреді. Ол мынандай қадағалауды жүргізеді: кентехникалық қадағалау, газ жөнінде кадағалау, котлонадзор қадағалауы.

Кентехникалың -қадағалаудык обьектілері: тау-кен, химия, металлургия тағы басқа өнеркәсіп өндірістері.

Газ кенінде қадағалаудың обьектілері: газдарды және мұнай заттарын шығару, өндеу және пайдаланумен байланысты өндірістер.

Котлонадзор қадағалауының обьектілері: қысыммен жұмыс істейтін және жүк көтергіш қондырғыларды пайдаланумен байланысты өндірістер.

В. Мемлекеттік энергетика кадағалауы (Госэнергонадзор). Бұл қадағалау органы энергетика жәнө отын ресурсы министрлігіне кіреді. Ол электр қондырғыларынжасау және злектр мен жылу қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды қадағалайды.

Г.Мемлекеттік санитария қадағалауы (Госсаннадзор). Бұл қадағалау органы денсаулық сақтау министрлігіне кіреді. Санитариялық қадағалау органы өндірісте еңбек жағдайларын жақсарту және айналадағы табиғи-ортаны ластанудан сақтау шараларын жүргізуді қадағалайды.

Д. Мемлекеттік өрт қадағалауы (Госпожнадзор). Бұл орган Ішкі Істер Министрлігіне кіреді. Өрт қадағалау органы кәсіпорындар мен мекемелерде өрт шығуына жол бермеу және ерт сөндіргіш құралдардың күй-жағдайын байқап отырада.

Е. Мемлекеттік автоинспекция (ЛАИ). Бұл орган Ішкі істер министрлігінін құрамына кіреді; Ол жылжымалы  автокөлік составтардың техникалық күйін, олардың қауіпсіз пайдалану жағдайларын және жолда жүру ережелерін бұзбауды қадағалайды.

Ж. Бас прокурор және прокуратураның  жергілікті органдары енбек қорғау заңдарын өндірісте бұлжытпай орындауға жалпы қадағалау жүргізіп отырады.

2. Ведомстволық бақылау

Бұл бақылау жоғарғы шаруашылық орындарында, кәсіпорындарында және мекемелерде арнайы құрылған еңбек қорғау қызыметіне  және кәсіпорындардың  басшыларына жүктеледі.

Салалық министрліктер мен ведомстволарда еңбек қорғау басқармасы немесе бөлімдері құрылған, ал өндіріс бірлестіктерде, басқармаларда - еңбек қорғау бөлімдері бар. Олар шаруалылық салаларда және кәсіпорындарында еңбек қорғау жұмыстарьна тікелей басшылық етеді.

Әр кәсіпорында оның ірілігіне қарай еңбек қорғау жұмысын жүргізу үшін бөлім (топ, аға инженер, инженер) тағайындалады. Олар бас инженерге тікелей бағынады.

Барлық кәсіпорындарда еңбек қорғау мәселелерін шешу жауапкершілігі жалпы алғанда олардың бірінші басшыларына жүктеледі. Ал мекеменің әр бөлімшелерінде еңбек қорғау мәселесіне оның бастығы мен инженер техникалық қызыметкерлер жауап береді.

3. Қоғамдық бақылау

Мемлекеттік және ведомстволық бақылаудан басқа әр кәсіп-орында қоғамдык, бақылау да жүргізіледі.

Оны еңбек қорғау комисиясы мен қоғамдық инспекторлар арқылы кәсіподақ комитеті атқарады.

Кәсіподақ комитетінде құрамы 3-21 адамнан тұратын еңбек қорғау комиссиясы құрылады. Бұл комиссияның төрағасы болып комитеттің бір мүшесі тағайындалады. Ол бір жағынан аға қоғамдық инспектор деп аталады.

Еңбек қорғау комиссиясы барлық кәсіпорын көлемінде еңбек қорғау жағдайын күнделікті бақылап отырады. Әр өндірістік бөлімшеде ИТҚ арасынан бір кісі қоғамдық инспектор болып тағайындалады. Ол өз бөлімшесінің көлемінде еңбек қорғау жұмысына күнделікті бақылау жүргізеді. Қоғамдық инспектор өз жұмысын еңбек қорғау комиссияның жұмыстарымен сәйкестіріп отырады.