- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі
- •Еңбекті қорғау
- •0901000 – «Электр станциялары мен тораптардың электржабдығы» (түрлері бойынша)
- •0901043 – Техник-электрик
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы
- •«Еңбекті қорғау» пәні бойынша түсініктеме
- •Еңбекті қорғаудың басқару жүйесі (ссбт).
- •1 Тақырып. Кіріспе. Еңбек қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері.
- •Еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар
- •Еңбек қорғау жөнінде нүсқау беру
- •Өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар
- •Сәтсіз оқиғалардың классификациясы
- •Өндірістік травматизм мен кәсіби аурулардың басты себептері
- •1. Техникалық себептер
- •2. Ұйымдастыру себептері.
- •Сәтсіз оқиғаяарды тексеру тәртібі
- •Стандарт
- •Байланыс мекемелер мен кәсіпорындарда еңбекті қорғау жұмысын ұйымдастыру.
- •Өндірістік зақымдану себептерін білу әдістері
- •2 Бөлім Қауіпсіздік техникасы негіздері. 2.1 тақырып Электрлік қауіпсіздік.
- •Электрқондырғылардың тоқ өткізбейтін жүйелерінен қорғану.
- •Электрқондырғылардың тоқ өткізбейтін жүйелерінен қорғану.
- •Қорғаушы ажыратқыш қондырғысы
- •Электр тоғынан қорғану үшін пайдалынылатын қорғаушы құралдар .
- •1000В жоғары электр қондырғыларда негізгі қорғаушы құралдарға:
- •1000 В дейінгі электр қондырғыларда негізгі қорғаушы құралға:
- •Қондырғының тоқ өткізгіш бөліктерінен қорғану шаралары
- •Нольдену төрт сымды үш фазалы кернеуі 1000в дейінгі жүйеде қорғаушы құрал ретінде қолданылады.
- •Жабдықты қорғау кезіндегі ағыту.
- •Жоғарға кернеуден төменгі кернеуге өту кезіндегі қорғану. Желілердің электрлік бөлінуі.
- •Электр қондырғылармен жұмыс істеуде қауіпсіздікті қамтамассыз ететін шараларды ұйымдастыру.
- •Техника қауіпсіздігінің сипаттамасы.
- •Көлік және тиеу –тасымалдау жұмыстарындағы техника қауіпсіздігі
- •Жүкті тасымалдау ережелері:
- •Жүкті кранмен тасымалдау кезінде қолданылатын белгілер
- •Жүктерді тиеу және түсіру ережелері
- •3 Бөлім Өндірістік санитария.
- •Өндірістегі жарықтандыру
- •Өндірістегі шу және онымен күресу жолдары
- •Өндірістегі діріл және оның зиянды әсерлерімен күресу шаралары
- •Өндіріс орнын жарықтандыру.
- •Шу мен вибрация (діріл) ықпалынан қорғану.
- •4 Бөлім Өрт қауіпсіздігі негіздері
- •Жану процестері
- •Өрт шығу себептері және өрт қауіпсіздігі
- •Өрттен қорғану шаралары Өртке қарсы кедергілер
- •Өрттенген үйден адамдарды көшіру (эвакуациялау)
- •Белсенділік әдіспен өрт сөндіру құралдары.
- •Бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдары
- •Әрекеттегі электр қондырғыларда және электрмен жабдықтау жүйесінде қауіпсіз жұмыс жасаудың негіздері
- •Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары
- •1. Жалпы ережелер
- •Еңбек қорғау пәнінің бақылау сұрақтары
- •Еңбекті қорғау пәні бойынша тест сұрақтары
- •6. Емтихан-тест сұрақтары
Электрқондырғылардың тоқ өткізбейтін жүйелерінен қорғану.
Электр қондырғыларында қызмет ететін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жерлендіргіш құрылғыларын қолданады. Оның негізгі элементтері – жерлендіргіштер және өткізгіш сымдар.
Жерлендіргіштер дегеніміз – тікелей жермен жанасатын металл өткізгіштер.
Өткізгіш сымдар деп - электр қондырғыларының жерге қосылатын бөліктерін жерлендіргіштермен қосатын металл өткізгіштерді айтамыз. Олар қорғағыш жерлендіру және нөлдену деп екі түрге бөлінеді.
Қорғағыш жерлендіру дегеніміз – кернеу болуы мүмкін, бірақ тоқ өткізуге арналмаған металл бөлшектерді жермен электрлік түрде арнайы қосу.
Қорғағыш жерлендірудің мақсаты –корпус пен жердің арасындағы кернеудің мәнін қауіпсіз мәнге дейін төмендету. Яғни жанасу кернеуі төмендесе адам организмі арқылы өтетін тоқ мәні төмендейді. Егер электр қондырғысында қорғағыш жерлендіру жоқ болса фаза корпусқа қосылғанда адам денесі арқылы қауіпті тоқ мәні ағып өтеді. Электр қондырғыларын адамның денесі арқылы өтетін тоқ күшін қауіпсіз деңгейге дейін төмендету үшін жерлендіреді. 1000 В дейінгі электр қондырғыларында жерлендіру кедергісі 4 Ом-н аспауы керек.
Жерлендіргіштер табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
Табиғи жерлендіргіштер ретінде жер астымен өткізілген өзге міндеттер атқаратын металдан жасалған заттар жатады.
Жасанды жерлендіргіштер тек қана жерлендіру үшін қолданылады.
Нөлдену – бұл кернеуі болуы мүмкін, тоқ өткізуге арналмаған металл бөлшектерді нөлдік өткізгіш сыммен арнайы түрде электрлік қосу болып табылады.
Нолденудің мақсаты- бір фазалық қысқаша тұйықталу кезінде корпустің тесілуінен сақтау, қорғанудың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қысқа мерзімде электрқондырғыны қорек көзінен ажыратады.
Егер фаза корпусқа косылғанда фаза мен нөлдік сымның арасында үлкен тоқ пайда болады. Ал қондырғының корпусына нөлдену құрылғысының қосылысы тізбек аймағының ажыратылуын қамтамасыз етеді. Ол сақтандырғыштардың күйіп кетуіне немесе автоматты ажыратқыштардың ажырауына сонымен қатар кернеудің корпустан алынып қалуына себепкер болады.
Осы кезде қорғағыш жұмыс істейді және қондырғының бұзылған фазасы автоматты түрде істен шығады.
Қорғағыш ретінде ерігіш сақтандырғыштар немесе автоматты ажыратқыштар қолданылады. Оларды қысқаша тұйықтау тоғынан қорғау үшін қондырғының алдына орналастырады.
Қорғаушы ажыратқыш қондырғысы
Егер тоққа түсу қауіп пайда болғанда электр қондырғының автоматты түрде ағытылуы қорғанудың жедел түріне жатады.
Бұндай қауіп:
электр қондырғысының корпусінде кернеу болса;
фаза жерге тұйықталса;
сымдардың изоляция кедергісі төмендегенде болады.
Одан қорғану үшін қорғаныс ажырату қондырғысын қолданады. Ол дербес қорғау қондырғысы
болып есептеледі, қорғау жерлендірі немесе нолдендіру орнына қолданылады.
УЗО жұмыс
Корпус пен қосымша жерлендіру арасында (РН) кернеу релесі қосылған. Егер 1 фаза үзілсе корпуста кернеу пайда болады. Егер кернеу шектелген кернеуден асып кетсе (РН) кернеу релесі іске қосылады. (АВ) автоматты ажыратқыш тізбегіндегі (ОК) ажыратқыш катушка іске қосылады. Электр қондырғы тоқтан ажырату УЗО жерлендіру мен нолдендірудің тиімділігі аз желіде қолданылады.
Артықшылығы:
Қарапайымдылығы
Кемшілігі
өзін өзі бақылау мүмкіншілігі жоқ
сараптау орындалмайды
қосымша жерлендіру қолданылады.
