- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі
- •Еңбекті қорғау
- •0901000 – «Электр станциялары мен тораптардың электржабдығы» (түрлері бойынша)
- •0901043 – Техник-электрик
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы
- •«Еңбекті қорғау» пәні бойынша түсініктеме
- •Еңбекті қорғаудың басқару жүйесі (ссбт).
- •1 Тақырып. Кіріспе. Еңбек қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері.
- •Еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар
- •Еңбек қорғау жөнінде нүсқау беру
- •Өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар
- •Сәтсіз оқиғалардың классификациясы
- •Өндірістік травматизм мен кәсіби аурулардың басты себептері
- •1. Техникалық себептер
- •2. Ұйымдастыру себептері.
- •Сәтсіз оқиғаяарды тексеру тәртібі
- •Стандарт
- •Байланыс мекемелер мен кәсіпорындарда еңбекті қорғау жұмысын ұйымдастыру.
- •Өндірістік зақымдану себептерін білу әдістері
- •2 Бөлім Қауіпсіздік техникасы негіздері. 2.1 тақырып Электрлік қауіпсіздік.
- •Электрқондырғылардың тоқ өткізбейтін жүйелерінен қорғану.
- •Электрқондырғылардың тоқ өткізбейтін жүйелерінен қорғану.
- •Қорғаушы ажыратқыш қондырғысы
- •Электр тоғынан қорғану үшін пайдалынылатын қорғаушы құралдар .
- •1000В жоғары электр қондырғыларда негізгі қорғаушы құралдарға:
- •1000 В дейінгі электр қондырғыларда негізгі қорғаушы құралға:
- •Қондырғының тоқ өткізгіш бөліктерінен қорғану шаралары
- •Нольдену төрт сымды үш фазалы кернеуі 1000в дейінгі жүйеде қорғаушы құрал ретінде қолданылады.
- •Жабдықты қорғау кезіндегі ағыту.
- •Жоғарға кернеуден төменгі кернеуге өту кезіндегі қорғану. Желілердің электрлік бөлінуі.
- •Электр қондырғылармен жұмыс істеуде қауіпсіздікті қамтамассыз ететін шараларды ұйымдастыру.
- •Техника қауіпсіздігінің сипаттамасы.
- •Көлік және тиеу –тасымалдау жұмыстарындағы техника қауіпсіздігі
- •Жүкті тасымалдау ережелері:
- •Жүкті кранмен тасымалдау кезінде қолданылатын белгілер
- •Жүктерді тиеу және түсіру ережелері
- •3 Бөлім Өндірістік санитария.
- •Өндірістегі жарықтандыру
- •Өндірістегі шу және онымен күресу жолдары
- •Өндірістегі діріл және оның зиянды әсерлерімен күресу шаралары
- •Өндіріс орнын жарықтандыру.
- •Шу мен вибрация (діріл) ықпалынан қорғану.
- •4 Бөлім Өрт қауіпсіздігі негіздері
- •Жану процестері
- •Өрт шығу себептері және өрт қауіпсіздігі
- •Өрттен қорғану шаралары Өртке қарсы кедергілер
- •Өрттенген үйден адамдарды көшіру (эвакуациялау)
- •Белсенділік әдіспен өрт сөндіру құралдары.
- •Бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдары
- •Әрекеттегі электр қондырғыларда және электрмен жабдықтау жүйесінде қауіпсіз жұмыс жасаудың негіздері
- •Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары
- •1. Жалпы ережелер
- •Еңбек қорғау пәнінің бақылау сұрақтары
- •Еңбекті қорғау пәні бойынша тест сұрақтары
- •6. Емтихан-тест сұрақтары
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі
Еңбекті қорғау
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
0901000 – «Электр станциялары мен тораптардың электржабдығы» (түрлері бойынша)
0901043 – Техник-электрик
Ақтөбе 2018 ж
ҚҰРАСТЫРУШЫ: Г.М. Каржауова. Еңбекті қорғау. Пәннің оқу-әдістемелік кешені (0901000 – «Электр станциялары мен тораптардың электржабдығы» (түрлері бойынша) мамандықтары үшін) – Ақтөбе: Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі
1 Пәннің оқу бағдарламасы
1.1 Әзірлеуші-оқытушылар туралы мәліметтер:
Арнайы пән оқытушысы Каржауова Гульнар Муратбаевна
Сабақ жүргізетін оқытушы Каржауова Гульнар Муратбаевна
Байланыс түрі
1.2 Пән туралы мәліметтер:
Пән атауы Еңбекті қорғау
Сағат саны – 30
Өткізу мерзімі - I-семестр
1-кесте
Жұмыс оқу бағдарламасының жоспарынан көшірме
Курс |
Семестр |
Теория |
Зертханалық сабақтар |
Тәжірибелік сабақтар |
Бақылау жұмысы |
Сынақ |
Емтихан |
Барлығы |
1 |
1 |
22 |
8 |
- |
1 |
1 |
- |
30 сағ
|
Алғы сөз
«Еңбекті қорғау» пәні бойынша түсініктеме
Пәннің негізгі мақсаты: адамды өдірістегі еңбек ету жолындағы пайда болатын негізгі қауіпті және зиянды факторлармен таныстыру, қызметкерлердің денсаулығын және қауіпсіздігін сақтауға бағытталған негізгі шаралар және амалдарды зерттеу, неғұрлым қолайлы жұмыс жағдайын туғызу, жұмыс өнімділігін көтеру.
Пәннің міндеті: Конституция талаптарын, еңбекті қорғау саласына арналған өкімет қаулыларын және ҚР заңдарын оқып білу. Құқық нормаларын, заңдық актілерді, еңбек қорғау стандарттарын, ғылыми ұйымдастыру жұмыстарының принциптерін, адамның жұмыс өнімділігін көтеруге және жұмыс жасау қабілеттілігіне әсер ететін факторлады білу қажет. Мекемеде жұмыс жағдайының шарттарын бағалау үшін практикалық есеп бағдарламаларына сүйеніп, адамға жұмыс жасау үрдістеріне әсер ететін зиянды және қауіпті факторлады анықтау жолын табу және олардың әсер етуін төмендету шараларын жоспарлау.
Еңбекті қорғау бойынша мемлекеттік саясат бағдарламасының негізі жұмысшы денсаулығымен оның өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Адамның қауіпсіздігінен, ешқандай да өндіріс көрсеткіштер жоғары қойылмау керек. Байланыс жұмыс аймағына адам түсе сала, ол механикалық зақымға, электр жүйесінен жарақат алуына, шудың зиянды әсеріне, дірілге, электр-магнитті өрісінің аймағына, мөлтекклиматтың жағымсыз факторларына, ауа атмосферасының ластануымен кездесуі мүмкін.
Еңбекті қорғау – еңбек етуде жұмысшының денсаулығымен оның өмірінің қауіпсіздігіне бағытталған заңдық, қоғамдық-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлы- гигиенатық, емдеу-профилактикалық, өнімді ақшаға айналдыру (реабилитациялық) және басқа да іс-шаралар мен амалдар жүйесі.
Еңбекті қорғаудың мақсаты: қауіпсіз және зиянсыз еңбек ету жағдайын жасау.
Еңбекті қорғаудың міндеті: қауіпті және зиянды өндірістік факторлармен танысып, олардың жұмысшылардың дансаулығына әсерін және олардан қорғану үшін іс-шараларды қарастыру.
Еңбек қауіпсіздігі деп – еңбек ету процессіндегі жұмысшының қауіпсіздігін, жұмыс орнындағы еңбекті қорғау бойынша комплексті іс-шаралардың өткізілуін, жұмысшылардың қауіпті және зиянды әсерлерден қорғаныс жағдайын қамтамасыз ету;
Қауіпсіз еңбек шарты деп - өндірістік қауіпті және зиянды факторладың жұмысшыға әсерінің мүлдем болмауы немесе олардың қауіпсіздік нормасынан аспауына жағдай жасайтын жұмыс берушінің еңбек шарты;
Өндірістік құрылғылардың қауіпсіздігі деп- өндірістік құрылғылардың берілген функцияны орындау барысындағы, еңбек қауіпсіздігі талаптарының шарттарына техникалық норма және жоба құжаттарындағы бекітілген сәйкестілігі;
Өндіріс процессінің қауіпсіздігі - өндіріс процессінің қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі талаптарының шарттарына техникалық норма жэне жоба құжаттарындағы бекітілген сәйкестілігі;
Қауіпті өндірістік фактор деп - әсер ету барысындағы жұмысшының еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе мүлдем жоғалуына (кәсіби ауруға немесе еңбек етуде зақым алуына) немесе өлімге әкелетін өндірістік фактор;
Зиянды өндірістік фактор деп- әсер ету барысында жұмысшының еңбек ету қабілеттілігінің төмендеуіне немесе ауруға шалдығуына әкелетін өндірістік факторды атаймыз;
Зиянды (өте зиянды) еңбек шарты деп- кейбір өндірістік факторлардың әсер ету барысында жұмысшының еңбек ету қабілеттілігінің төмендеуіне немесе ауруына әкелетін еңбек шартын айтамыз;
Еңбек гигиенасы – еңбек ету барысындағы санитарлық-гигиеналық шаралар және жұмысшының денсаулығын сақтауға, өндіріс ортасының кері әсерінен сақтандыруға арналған амалдар кешені;
Өндірістегі жазатайым жағдай деп- жұмыс берушінің тапсырмасымен немесе еңбек міндеттерін орындау барысында өндірістік факторлардың әсерінен жұмысшының кәсіби ауруға немесе өлімге ұшырауы, уақытша немесе тұрақты еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі, кенеттен денсаулығының нашарлауы немесе улануы, жарақат алуын айтамыз;
Қауіпті (өте кауіпті) еңбек шарты - белгілі бір өндірістік факторлардың әсерінен, жұмысшының еңбекті қорғау ережелерін сақтамау салдарынан өлімге ұшырауы, жарақат алуы немесе оның денсаулығының күрт төмендеуі;
Еңбекті қорғау деп- жұмысшының еңбек ету барысында құқықтық, қоғамдық-экономикалық, техникалық-ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық, профилактикалық-емдеу, реабилитациялық және басқа да іс-шаралар мен амалдарды қоса ескергендегі денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Өндірістік құрылғылар – машиналар, механизмдер, аппараттар және басқа техника құралдары;
Өндірістік санитария – жұмысшыларға зиянды өндірістік факторлардың әсер етуін барынша азайтатын немесе болдырмайтын, санитарлы-гигиеналық, техникалық құралдар мен іс шараларды ұйымдастыру жүйелері;
Мамандық ауруы- жұмысшыда өзінің еңбек ету міндеттерін орындау барысында зиянды өндірістіқ факторлардың әсерінен пайда болған созылмалы немесе өткір аурулар;
Жұмыс аймағы – жұмысшының қызмет ету барысындағы уақытша немесе тұрақты еден үстінен 2 метрлік биіктіктегі жұмыс істейтін кеңістігі немесе ауданы;
Жұмыс орны – жұмысшының қызмет ету ббарысындағы өзінің еңбек ету міндеттерін орындайтын уақытша немесе тұрақты орны;
Тұрақты жұмыс орны – жұмысшының қызмет ету барысындағы өзінің еңбек ету міндеттерінің көп уақытын (мөлшерін ) үздіксіз өткізетін орны;
Арнайы киім – жұмысшының қауіпті және зиянды факторлардан қорғау үшін дайындалған киімдер, аяқ киімдер, бас киімдер, қолғаптар;
Жеке қорғану амалдары- жұмысшыны қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғауға бағытталған амалдары;
Ауыр физикалық жұмыс- энергия шығыны 300 ккал/сағ артық, колмен тасымалданатын немесе көтерілетін ауыр жұмыс түрлері;
